Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары

Автор: j*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 17:15, реферат

Описание работы

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.

Содержание

Кіріспе
I-тарау.Халықаралық экономикалық қатынастар – экономикалық
теорияның бір бөлігі ретінде.
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы және принциптері
1.2. Халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі
II. Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары.
2.1. Халықаралық сауда
2.2. Халықаралық капитал миграциясы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі :

Работа содержит 1 файл

Халықаралық экономикалық қатынастар.doc

— 101.50 Кб (Скачать)

      Ал, экипажы жоқ транспорт құралдарын жалға алу «бербауд» деп аталады.

      Қарама-қарсы  сауда дегеніміз экспортталған  тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар  сатып алатындығы жөніндегі қарсы  міндеттемесі.

      Қарама  –қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:

      1.бартерлік  келісімдер.

      2.қарама-қарсы  сатып алу келісімдері

      3.кмерингтік  келісімдер.

      4.лицензиялық  келісімдер.

      5.компенциялық  келісімдер.

      Қарама-қарсы  сауданы тереңірек түсіну үшін олардың  түрлеріне сипаттама берейік.

      Бартерлік келісім-валютасыз,бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған тауар айырбасы.

      Қарама-қарсы  сатып алу келісімдері.

      Кмерингтік  келісімдер-саудада пайда болатын  талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық  баніктері арасындағы қолма-қол  ақшаның есеп айырысу түрі.

      Лицензиялық келісім-бөтен сауда маркасын пайдалану  келісімі.

      Компенсациялық  келісім-алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айрысудың орнына тауар  ұсыну келісімі.

      Шекаралық сауда –сауда,төлем және жыл сайынғы  қарар туралы келісімнің негізінде  көрші мемлекеттердің шекаралас саудаларының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.

      Дүниежүзілік  нарық субьектілері:

      1.Бас  жабдықтаушы - өнеркәсіптік,инфрақұ-

      рымдылық  және тағы басқа обьектілерді салу кезінде құрылыс ауданына технологиялық құрал-жабдықтың толық комплектісін жеткізіп беретін фирма.

      2.сауда  үйі - бұл тауарлар мен қызметтердің  кең номенклатурасы бойынша экспорт-импорт  операцияларын жүзеге асыратын  сыртқы экономикалық ұйымның  түрі.

      3.диллер - өз атынан,өз есебінен тауарларды қайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма.

      4.коммисионер  - сауда келісімдегі елдал, белгілі  мөлшердегі сыйлық үшінсату есебінен,бірақ  өз атынан делдалдық жасайтын  адам.

      5.брокер - сауда делдалы ол сату-сатып  алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды,бірақ қызығушы екі жақ- сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

      6.коммиваяжер  - сатушының тапсырысы бойынша,нарықта  жүріп тұру арқылы оның тауарларын  сатып алатын адамдарды іздестірумен  айналысатын өткізу делдалы.

      7.консорциум - бірнеше банк немесе өнеркәсіп  кәсіпорындарының арасындағы бірлесіп  заемді,орналастыру,кең ауқымдағы  қаржылық немесе коммерциялық  операцияларын жүргізудегі уақытша  келісім. 

      2.2Халықаралық  капитал миграциясы.

      Капитал миграциясының ең басты себебі-белгілі бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы,яғни оның шектен тыс көп жинақталуы.

      Капиталдың  сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шет елде жұмыс істеуі төмендегі  фирмалар бойынша іске асады.

      1.Жеке  меншік және мемлекеттік капитал формалары.

      Ол  көбінесе жекеленген елдегі мемлекеттік  ұйымдармен компаниялардың капиталды  тасмалдануына негізделеді.

      2.Ақша  және тауар формалары.Сыртқа шығарылатын  капитал ақша формасында шығарылмайды,сонымен  бірге,ол машина,құрал-жабдық,ноу-хау,патенттер және тауарлық несиелер формасында да шығарылады.

      3.қысқа  және ұзақ мерзімдік формада.

      Қысқа мерзімдік капитал:

      1.Басқа  қаржы институттары есеп шоттарындағы  депозиттер және қаржылар.

      2.Қысқа  мерзімдік делдалдар және несиелер

      Ұзақ  мерзімдік капитал:

      1.Тіке инвестициялар

      2.Портфелдік  инвестициялар

      3.Ұзақ  мерзімдік займдар мен несиелер

      4.Қарыз  және кәсіпкерлік формада.

      Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан,заемнан,несиеден түсетін процент көлемінде табыс  әкеледі.Ал,кәсіпкерлік формада  капитал көп жағдайда кіріс ретінде табыс әкеледі.

      Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару-бұл басқа  елдердің территориясында өзінің өндірісін  салу үшін қаржы жұмсау.Бұның негізгі  жолдары:

      1.Шетелде  жеке меншік кәсіпорынды салу,

      2.Шетелде  аралас кәсіпорын құру;

      3.Істеп  тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;

      4.Заңды  түрде тәуелсіз кәсіпорындардың  бөлімдерін ашү;

      5.Жергілікті  компаниялардың үстінен бақылау  жүргізу;

      Жоғарыда  айтылған барлық жағдайларда инвестицияланған капиталды қолдаушы және оны тікелей  бақылаушы шетелдік инвестор болып табылады.

      Кәсіпкерлік капитал тікелей және портфелдік инвестиция болып бөлінеді.

      Тікелей инвестициялар арқылы кәсіпорындар шетелдік инвесторлардың толық меншігінде болады немесе оның қолында кәсіпорының  акцияларының бақылау пакеті болады.

      Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша,тікелей инвестиция-инвестордың өз қаржысын жұмсаған обьектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болады.

      Портфелдік  инвестиция-шетел акцияларына,облигацияларына  құнды қағаздарға капиталдың жұмсауы.Осы енгізудегі мақсат жоғары дивидиент алу.

      Филиалдар:төл  компаниялары,ассоциацияланған компания,бөлімше  және тағы басқалары.

      Төл компания-шетелдегі дербес компания болып саналады.оның өзіндік баламасы бар.Осы бас компания бақылап  отырады.Соған сәйкес бас компания оның акцияларының көп бөлігінің немесе түгелдей осы компанияның иесі болып табылады.

      Ассоцияланған компания- кейде оны аралас компания деп атайды.Оның төл компаниядан  айырмашылығы:бас компания оның акция  пакеттерінің бір бөлігіне ғана иелік етеді.     
 
 
 
 
 
 

                                      

                                

       Қорытынды. 

      Бірінші бөлімде қортындылай келе,халықаралық  экономикалық қатынастың – экономикалық теорияның бір бөлігі болып,оның пайда болуы мен дамуы,мәні мен  ерекшелігі анықталады.Халықаралық экономикалық қатынас әр мемлекеттің экономикалық жағдайын,оның сыртқы елдермен қатынасын реттеу және ұстап тұру негізінде айқындалады.

      Екінші  бөлімді қортындылай келе халықаралық  экономикалық қатынастың іс-жүзінде, қазіргі  нарықтық экономика кезінде оның негізгі формалары бар.Олар:халықаралық сауда, халықаралық капитал қозғалысы, халықаралық ғылыми – техникалық айырбас, халықаралық валюта – несие айырбасы, халықаралық жұмысшы күші миграциясы.

      Үшіншіден,осы  халықаралық экономикалық қатынастың функциялары мен принціптерін қолдана отырып, Қазақстандағы сауданың дамуын қарастырылған.Қазақстандағы сауданың дамуын білу өте маңызды.Өйткені ол мемлекеттің дамуының, экономикалық дамуының үлкен үлесін қамтиды.Осы себеппен оны дамыту мен жетілдіру жолын білген жөн.

      Жалпы,осы  мәлеметтердің бәрін қамти келе,Қазақстанның халықаралық сауда нәтижесі қанағаттандырарлық.Және оның болашақта осындай қарқынмен  дами бермек деп сенеміз.

      Соңғы сөзімді айта келе,осы жылы біз  Қазақстан Республикасының жолдауында да осы мәселені қамтып кеткен.Яғни,экономикалық қатынастың, сауданың дамуына ат салысу.

      Сонда ғана біздің нарықтық экономикамыз өркендеп дами бастап, оны болашақта жетілдіруде  деп сенеміз.          

    Экономикалық кеңістіктің өтпелі кезеңі деп белгіленіп отырған алты жылдың алғашқы үш жылы дайындық кезеңі болмақшы. Онда келісімге сәйкес құжаттар дайындалады. Ал соңғы үш жыл ішінде барлығы сараптан өткізіліп, тиісті құжаттарға қол қойылып, заңдастырылуы керек. Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Н. Назарбаевтың ұсынған бұл шарт жобасы мемлекет басшылары тарапынан мақұлданып, оны елдің үкіметтеріне тапсыру туралы шешімге келді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

              

  1. Послание  Президента страны к  народу Казахстана. Стратегия "Казахстан-2030".
  2. Елемесов Р.Е. «Халықаралық қатынастар» Алматы 2000.
  3. Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық одақ туралы» Казахстанская Правда  20.10.1999.

4.Халықаралық экономикалық қатынас. Бұғыбайева Р.О. Қарағанды:2004.

5.Экономикалық теория.С.С.Мәулиенов. Алматы:Экономика.2004

6.Г.Н. Доғалова «Халықаралық экономика» - Алматы, 2000 жыл

7.Таналинов А. «Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі» Алматы 2002 

8.Вестник КазГУ. Серия экономическая /2002, №4(16) 
 

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары