Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары

Автор: j*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 17:15, реферат

Описание работы

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.

Содержание

Кіріспе
I-тарау.Халықаралық экономикалық қатынастар – экономикалық
теорияның бір бөлігі ретінде.
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы және принциптері
1.2. Халықаралық экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі
II. Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары.
2.1. Халықаралық сауда
2.2. Халықаралық капитал миграциясы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі :

Работа содержит 1 файл

Халықаралық экономикалық қатынастар.doc

— 101.50 Кб (Скачать)

                                                    Жоспар: 
 

Кіріспе  

I-тарау.Халықаралық  экономикалық қатынастар – экономикалық      

            теорияның  бір бөлігі ретінде.

1.1. Халықаралық  экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы және принциптері

1.2. Халықаралық  экономикалық қатынастың мәні мен ерекшелігі 

II. Халықаралық  экономикалық қатынастың негізгі  формалары.

2.1. Халықаралық  сауда

2.2. Халықаралық  капитал миграциясы

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі : 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Кіріспе

                               

    XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

    Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

    Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

    Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

    Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

    Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

    Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.

        Нарықтық эконмикаға көшуге орай  шаруашылық практикада, яғни экономика негізінде халықаралық экономикалық қатынастарды тиімді жүзеге асыру, экономикалық байланысты ұстап тұру негізінде қажеттілік туады. Сондықтан, экономика саласында қатынастарды шынайы болдыру мақсатында халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі факторлары мен нақты білуі өте зор маңызды.

Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз  – жекелеген аймақтар шеңберіндегі жекеленген еуропалық мемлекеттер  арасындағы қатынастар.

Берілген  курстық жұмыстың мақсаты – халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы теориялық көрінісімен танысу, оны оқып-үйрену, оның нарық кезіндегі қажеттілігімен даму қарқынын анықтау, маңызын түсіну.

Курстық жұмыстың негізгі мәселесі – нарық талабына сай халықаралық экономикалық қатынастардың іс-жүзіндегі формаларының даму жолдарын қарастыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        

      I.Халықаралық  экономикалық қатынас

      экономикалық  теорияның бір  бөлігі ретінде.

1.1. Халықаралық  экономикалық қатынастың пайда болуы, дамуы және принциптері

      Халықаралық экономикалық қатынастар шет мемлекеттермен экономикалық әрекеттердің пайда болуынан туындайды, сондықтан осы қатынастардың негізі ретінде сыртқы экономикалық қатынастар қарастырылады.Сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз – мемлекеттің шекарасынан тыс атқарылатын қызмет түрі.Кез-келген өндіріс немесе қайта өңдеу процессі халықаралық экономикалық қызметтің объектісі бола алады.

      Халықаралық экономикалық қызметтің дамуы оның субъектінің түр өзгерісімен қатар жүреді.Алғашында ол халықаралық саудамен айналысатын көпес-делдал болып табылады.Ал экономикалық қатынастардың келесі даму кезендерінде оның субъектісінің даму эволюциясы былайша өзгереді:өндірістік капитал, өндірістік және банктік монополиялар,қаржы аннархиясы,министірліктер,  сыртқы нарыққа шығу құқығы бар кәсіпорындар,біріккен кәсіпорындар.

      Қазіргі кездегі көптеген қарама-қайшылықлықтарға қарамастан,елдер арасында өзара түсіну мен ынтымақтастықтың бағыты өсіп келеді.Дүние- жүзілік шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты,бағынышты әлеуметтік-әділетті әлемге ұмтылу.Осыған байланысты ұлттық экономиканың үлесін жасау барысында экономикалық және әлеументтік-әділетті қатынастарды бағалау сөз болып отыр.Әр түрлі елдер арасында «көзге көрінбейтін»экономикалық даму деңгейі басталды.Әрине,бұл өзгеріс өздігінен ешқашан себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын;ол қарама-қайшылығы мол күр-   делі құбылыс.

      Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:     

      -индустриалды  қоғамнан постиндустриалдыға  аусуы;

      -технологиалық  революция;

      -энергиалық  шикізаттардың және азық-түлік   проблемасы;

      -экологиялық  проблема;

      Ең  негізгі қауіп –экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни фанатизм.бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей,бір нәсілдің екінші нәсілден,бір әлеументтік-экономикалық жүйеден   артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр.Жалпы айтқанда,ХЭҚ-тың даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екендігі дәлелі.

      ХХ  ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басы дүниежүзілік шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы,халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономиканың дамуы мен халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға көтереді. 
 

1.2.Халықаралық экономикалық қатынастың

      мәні  мен ерекшелігі. 

      Кез-келген елдің әлемдік қауымдастыққа  кіру бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет.Бұл белгілерге жататындар:

      1.Дамыған  ғылыми-техникалық базасының болуы;

      2.Шикізатпен  және энергия ресурстарымен қамтамасыз  етілуі,оның салыстырмалы арзандау  болуы;

      Ескеретін нәрсе,табиғи ресурсқа бай елдер  сөзсіз бай болып кетеді деген  ұғымға алданып қалу,оның экономикасына кері әсерін тигізеді.Бұл жерде мәселе тек байлыққа емес,қалыптасқан психология мен қауіпті түсінікке де байланысты жағы бар.Егер табиғи ресурстарға шынында да бай ел болса,ол автоматты түрде байып кетуі мүмкін.Сол себепті Жапон ғалымдарының табиғи ресурстарды өңдеуде шетел компанияларын өте сақтықпен кіргізуі ойластырылған саясат болса керек.

      3.Білікті  маманның болуы.

      Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары,  басқару,сондай-ақ,білікті маман  кадрлары дамып келуде. Айта кететін  жағдай,әлемдік шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан факторларға байланысты емес,оны қолдану тиімділігінің болуында.Жоғарыда айтылғандарға қарап,ХЭҚ-ң болашағына және оның дамуына ықпал ететін факторларға қортынды жасауға болады:

      -ғылыми-техникалық ппрогрестің жылдамдауы  жаңа технологияның тарауы.Ғылыми-техникалық процестің дамуының ықпалы мен экономикалық     қызметтің компьютерленуінің глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды талап етеді;

      -қоршаған  ортаның проблемаларындағы глобалдық өзгерістер.Экологиялық базалардың сарқылуы,үнемі өсіп отырған өндірістің кеңеюін   қаржыландыру мәселесі туындайды.

      -халықаралық өсу мен қоныстанудың қозғалысы.Халықтың қоныстануы экологиялық, экономикалық, саяси жағдайға байланысты. 

      Дүниежүзілік  шаруашылықтың қызмет атқаруының негізгі  ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың интенсивті дамуы  боп табылады.Мемлекеттер, мемлекеттік топтар, экономикалық қауымдастықтар,жекелеген фирма-  лар мен ұйымдар арасында экономикалық қатынастар тереңдеу,кеңейе түсуде.Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуінде  шаруашылық өмірдің пектериационалуында,ұлт-      тық экономикалардың ашықтығында,олардың бір-  бірін толықтыруында және аймақтық халықаралық жүйелердің өзара жақындасуында,дамуы мен күшеюінде айқын көрінеді.

      Және  де қазіргі кезде байланыстардың ерекшелігі:

      -халықаралық  ұйымдардың рөлінің күшеюі;

      -мемлекеттік  емес құрылымның рөлінің өсуі;

      Халықаралық мәселелерді шешүде халықаралық  қауымдастыққа кіретіндердің құра-   мын өзгерту мәселесінің шешілуі.

      Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының  мәні-бұл жекелнген елдердің экономикалық тәуелсіздікке ұмтылуына,олдардың дүниежүзілік интеграционалдануының  одан әрі күшеюіне,ұлттық экономикалародың ашықтығына  және халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі. 

      II-Тарау.ХЭҚ-ң негізгі формалары. 

                  ХЭҚ-ң негізгі формалары:

      1.Халықаралық  сауда.

      2.Капитал  қозғалысы.

      3.Жұмысшы  күші миграциясы.

      4.Валюта-несие  айырбасы.

      5.Ғылыми-техникалық  айырбас.

      6.Халықаралық  өндірісті кооперациялау. 

      Ал,енді осының ішінен ең негізгі факторлары:

      -Халықаралық  сауда

      -Капитал  қозғалысы

      -Ғылыми-техникалық  айырбас

Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі формалары