Германия экономикасының моделі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 04:41, реферат

Описание работы

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып.doc

— 101.00 Кб (Скачать)


Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

1.       Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;

2.       Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;

3.       Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;

4.       Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;

5.       Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы. [1]

Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде  ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау  ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның»  22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын.

Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік – экономикалыќ мазмұны бойынша бір-біріне жаќын. Әлеуметтік нарыќтыќ экономиканың басты идеологы болып Людвиг Эрхард табылады, өзінің кітабында жаңа неміс экономикасының негізгі принциптерін ќызмет етуін жазды. Бұл жерде негізгі мінез болып табылады:
эконмикаға күшті мемлекеттік әсері, әлеуметтік
мәселелерде шығады;
банктердің шешуші ролі;
басшымен ќызметкердің айырмашылығы;

Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

        экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.

        XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;

        Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;

        Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

        географиялық орналасу;

        табиғи ресурстардың бар болуы;

        тарихи даму жағдайлары;

        халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;

        өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

        қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

        меншіктің әр алуан формаларының болуы;

        тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;

        еркін бәсекенің дамыған жүйесі;

        кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;

        экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.

НЕМІС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕРЕМЕТТЕРІ

Герман мемлекеті мен неміс халқына таңылар теңеулер өте көп. Бұл теңеулер немістердің ұқыптылығы мен жинақылығына қатысты айтылумен қатар саясатта, экономикада, мәдениетінде, тіпті спортта да (Герман футболын неміс машинасына теңейді) қолданылады. Неміс экономикасы мен мәдениеті қай заманда болса да кейіндеп қалған емес, тіпті ортанқол жағдайды да бастан кешірген жоқ. Алғашқы герман мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ олар Еуропада алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылды.

Алғашқы герман мемлекеттілігін (Герман корольдігін) І Генрих құрса, оның мұрагері І Оттон алғашқы Герман империясын құрды. 1618-1648 жылдардағы отыз жылдық соғыстан кейін герман мемлекеті 300-дей ұсақ князьдіктерге бөлініп кетті. Бұл князьдіктердің ішіндегі ең ірісі және қуаттысы - Пруссия елді біріктіруге ұмтылды. 1870-1871 жылдардағы француз-пруссия соғысынан кейін Бисмарктың басшылығымен бытыраңқы герман мемле­кеттері қайта біріктіріліп Герман империясы қайта құрылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін (1919 ж) Веймар Республикасы жарияланды. 1933 жылы фашистердің билік басына келуінен кейін Үшінші Рейх құрылып, Германия екінші дүниежүзілік соғысты тұтандырды. Жаһан­дық бұл соғыста жеңіліске ұшыраған Германия төрт оккупациялық аймаққа бөлінді.

Соғыстан кейінгі Германияның экономикалық және әлеуметтік жағдайы өте аянышты болатын. Жер көлемінің 24 пайызынан айрылған, жеңуші елдерге орасан зор көлемде соғыс шығынын төлеуге мәжбүр болған неміс экономикасының жуық арада аяққа тұрып кетуіне күмән келтіргендер көп болды. Бірақ ұлы француз ағартушысы Вольтердің: «мемлекетті құтқару үшін бір ұлы адамның болуы да жеткілікті» деп айтқанындай, неміс ұлтын құтқаратын адам өздерінің арасынан табылды.

Бисмарктан кейінгі ұлы герман саясаткері атанған Конрад Аденауэр мен «неміс эконо­микасы кереметінің» авторы атағына ие болған Людвиг Эрхард неміс мемлекетін құтқарды. Әлемдік тарихта Аденауэр - саясатта, Эрхард - экономикада өздерінің қарым-қабілеті және дарындылықтарымен танылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытын­дысы Германияны қиранды елге айналдырды. Тұрғын үйлердің жиырма пайызы қираса, тағы жиырма бес пайызы тұруға жарамсыз болып қалды, өнеркәсіп күл-қоқысқа айналды. 1946 жылғы әлеуметтік зерттеу бойынша әрбір неміс бір аяқ киімге он екі жыл, киімге 15 жыл ғана үміттене алды. Елді аштық қана емес, ауыр психологиялық жағдай да жаулап алды. Көптеген немістер өздерін өткен соғыс үшін адамзат алдында айыпты санады. Германияның, оның ішінде оның Батыс бөлігінің қалпына келуі үшін кем дегенде ширек ғасыр қажет болды.

Соғыстан кейінгі Шығыс пен Батыстың қарым-қатынасы «қырғи қабақ» соғысты бастап берді. КСРО мен Батыс елдерінің Германияға қатысты ұстанымы оккупациялық төрт аймаққа бөлінген Германияның одан кейінгі тағдырын шешіп берді. 1949 жылы 20 қыркүйекте американ, ағылшын және француз оккупациялық аймақтары біріктіріліп Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған қарсылық ретінде кеңес әскерлерінің окку­пациялық бөлігінде Германия Демократиялық Республикасы жарияланды. Берлин қаласы да екі бөлікке бөлінді. Шығыс Берлин ГДР-дің астанасы болса, Батыс Берлин ерекше мәртебе иеленген батыс державаларының қолдауындағы қалаға айналды. Германияның екі лагерьге бөлінуі әлемнің идеологиялық Шығыс пен Батысқа бөлінуін одан әрі тереңдете түсті. Мұның өзі Батыс Германияның одан кейінгі тағдырына ықпал етті. Батыс елдерінің КСРО-мен қарым-қатынасы шиеле­ніскен сайын АҚШ-тың Батыс Германияға көмегі ұлғая түсті.

Жаңадан құрылған ГФР-дің алғашқы канцлері болып 1949 жылы 15 қыркүйекте Конрад Аденауэр сайланды. Ол басқарған Христиан - демократиялық партиясы парла­мент сайлауында жеңіске жетті. Бундестаг бір дауыс артықшылықпен К. Аденауэрді ГФР-дің алғашқы канцлері, Теодор Хейсті алғашқы президенті етіп сайлады.

Неміс жеріндегі экономикалық реформа ГФР құрылмай тұрып-ақ басталған еді. Бұл реформаның жетекшісі және авторы Людвиг Эрхард болды. Бірақ бұл кездегі рефор­малық іс-шаралар американдық әкімшіліктің араласуынан үлкен қиыншылықтармен және неміс экономистерінің табандылығымен жүрген еді. Германиядағы американ әкімшілігінің жетекшісі генерал Люциус Клей Эрхардты Экономикалық кеңес жанындағы ақша және несие мәселелері жөніндегі ерекше бөлімнің басшылығына ұсынады. Бұл бөлім америкалықтардың жетекшілігімен ақша реформасын жүргізуді дайындайды.

Ақша реформасы қаншалықты құпия жүргізілгенімен Эрхард одан хабардар болады. Сонымен бірге неміс экономисі дайындалып жатқан іс-шаралармен келісе­тіндігін білдіргенімен, ақша реформасының экономикадағы құрылымдық өзгерістермен қатар жүруі керектігін және қажетті тауар өнімдерінің мөлшерімен қамтамасыз етілуін талап етеді. Эрхардтың ұсынысы бойынша сонымен қатар жалпы экономикалық параметрлер мен еңбек нарығын ғана емес, жергілікті халықтың психологиясын да ескеру және реформаның ауыртпалығы мен көтерер жүгі барлық әлеуметтік топтар арасында бірдей бөлінуі тиіс болды. Осы жағдайларды ескерген Л. Эрхардтың басқаруындағы бөлім ақша реформасының немісше нұсқасын дайындады.

1948 жылы 2 наурызда Эрхардтың қызметі жоғарылап, экономика басқарма­сының директоры болып тағайындалды. Бұл сол кездегі министрлік лауазыммен бірдей еді. Бұл жағдай ақша реформасының немісше нұсқасын енгізуге, өздерінің ойлаған идеяларын көбірек тықпалауға мүмкіндік бергендей еді. Дегенмен де, американдықтар еуропалық қоғамдастық алдында өздерінің жоспарын немістермен келісімге келіп жасаған кейіп танытып, американдық нұсқаны іске асыруға әрекет жасайды. Американ әскери әкімшілігі 1948 жылы 20 сәуірде ақша және несие мәселелері жөніндегі ерекше бөлімнің 25 қызметкерін іріктеп алып, оларды американ әскери базасы орналасқан бұрынғы әскери аэродромға орналастырады. Оларға базадан шығуға тыйым салынады және туған-туысқандарына бұл туралы еш нәрсе айтпау қажеттігі ескертіледі.

Неміс экономистерін қамауда ұстауы американдық әкімшіліктің олармен «бірлескен жұмыс» жасауын білдірмейтін еді. Американдықтардың көздеген мақсаты өздерінің дайындаған жобаға неміс экономистерінің келісімін алу ғана болды. Барлық жұмыс американдық экономист Эдвард Тененбаумның басшылығымен және бақылауымен жүргізілді. Неміс сарапшылары американдықтар жасаған жобаға ұсақ-түйек ұсыныстар мен өзгерістер ғана жасай алды, американдық әкімшілік неміс экономистерін солай етуге мәжбүрледі.

Оқиғаның басқаша сипат алып бара жатқандығын қырағы аңғара білген Эрхард Герман делегациясы жұмысын аяқтап әскери базадан кетер алдында, олардың біріне өзі дайындаған жобаның нобайын американ­дықтарға байқатпай беріп жібереді. Тәртіпшіл немістер өздерінің басшыларының нұсқау­ларын мүлтіксіз орындағанымен американ­дықтар олардың барлық ұсыныстарына тойтарыс беріп, қабылдамай тастайды. Әскери базада өткен 49 күннен кейін ғана 22 компромисті құжат дайын болады. Дайындалған құжаттар мұнымен бітпейді, оны экономикалық кеңестегі депутаттар бекітуге тиіс болатын. Дайындалған құжаттарға қоса Эрхард та тәуекел етіп «Ақша реформасынан кейінгі баға саясаты және шаруашылық құрылымының принциптері туралы заң» деп аталатын өзінің жобасын да қосады. Эрхард өзі ұсынған заң жобасын үшінші рет дауыс беруден кейін ғана үлкен қиыншылықпен экономикалық кеңестен өткізуге қол жеткізеді. Бірақ бұл заңды Жер (аймақ) кеңесі мен әскери әкімшілік бекітуі керек болатын, ал оған уақыт та қалмаған еді.

1948 жылы 18 маусымда генерал Л. Клей Эрхардты кенеттен өзіне шақырып алып ақша реформасы туралы мәлімдеменің ертеңгі күні таңғы сағат сегізде жария етілетінін жеткізеді. Американдықтардың неміс жағының ұсыныстарына мұрындарын шүйіріп қарауы Эрхардтың ашуы мен намысына тиеді. Сол күні кешке қарай ол американдық әкімшіліктің тәртібін бұза отырып, Гессен радиосына барып өз атынан ақша реформасының басталғаны туралы хабарлайды. Генерал Клей неміс экономисінің батыл шешіміне қарсылық білдіре қоймайды.

1948 жылғы 20 маусымнан бастап барлық үш оккупациялық аймақта ескі рейхмаркалар жарамсыз деп танылды, оның орнына барлық тұрғындарға 40 жаңа дойчемарка, біршама уақыттан кейін тағы да 20 дойчемарка берілді. Осылайша бір күнде ғана неміс тұрғындары ақша қаражаты бойынша теңесіп шыға келді. Олардың бұрынғы қаражаты есепке алынбады, яғни, ақша айырбасы жүрген жоқ. Көк тиыны жоқ неміс те, миллиондаған ақшасы бар ауқаттылар да 60 дойчемаркаға ие болды.

Эрхард экономикалық реформа жүргіз­бейінше және жаңа марканы ырықтан­дырмайынша ақша реформасының іске аспайтынын, жаңа марканың да бұрынғы валюталардың күйін кешетінін жақсы түсінді. Сондықтан да ол басқа да қадамдарға барды.

Келесі күні, 21 маусымда Эрхард өз бастамасы бойынша бағаның жоғары шегі мен оны бөлу, үлестіру механизмін алып тастау туралы хабарлайды және олар бірден күшіне енгізіледі. Сол күні кешке үш әскери әкім­шіліктің Кеңесі Эрхардты жауапқа алады және жариялаған құжаттарынан бас тартуын талап етеді. Бірақ Эрхард айтқанынан қайтпайды, өзінің ісін батыл қорғайды, тіпті отставкаға кететінін де мәлімдейді. Эрхардтың табан­дылығы мен батылдығына тәнті болған АҚШ генералы Л. Клей оған өз бастамасын одан әрі жалғастыра беруге мұрсат береді. АҚШ генералының қолдауы Людвиг Эрхардтың өміріндегі сын сағаты болатын. Бұл қолдау Германияның одан кейінгі тағдырына да ықпал еткен оқиға болды. Генерал Клейдің қолдауына ризашылық білдірген Эрхард кейіннен экономика министрі болған кезде өз кабинетіне оның портретін көрнекі жерге іліп қояды. Бұл нағыз жігіттік еді.

Информация о работе Германия экономикасының моделі