Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:36, курсовая работа
Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.
Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне
қарап төлемдерді:
1. табиғат ресурстарын пайдалану қүқығы;
2. табиғат ресурстарын пайдалану;
3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;
4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені
үшін;
5. табиғи ортаны қорғау;
6. табиғат қорғау заңдарын бүзғаны үшін төлем-дер деп сүрыптауға болады,
Табиғат ресурстарын пайдалану қүқығы ушін төлемнің негізі табиғат ресурстарына меншік, иелік қүқығы болып табылады. Меншік қүқығы осы төлем арқылы көрініс табады. Меншік иесі өзінің қүқығын басқа табиғат пайдаланушыларға жалға немесе иелікке беру арқылы олардан төлем ақы алады. Табиғат ресурстары жалпы халықтық иелікте болғанда, иелік қүқығын, олардың атынан мемлекет атқарады. Табиғат пайдалану қүкығын алушылар мем-лекеттік бюджетке ақы төлейді. Төлемдердің бұл түрінің мөлшері шығындарға немесе табысқа онша байланысты емес, негізінен екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Теориялық тұрғыдан меншік иелері төлемдер арқылы өздерінің (жалпыхалықтық меншік болғанда халықтың) әлеуметтік жағдайларын қаржыландыруға тырысады. Сондықтан төлем негізі әлеуметтік шығындар деп алуға болады. Екінші жағынан төлем шамасы табиғат ресурстарын пайдалану құқығын алушылар өздерінің табыстарының қаншасымен бөлісуге келісетінін көрсетеді. Олар үшін таби-ғат ресурсын пайдалану құқығы үшін төлем алғашқы ендіріс шығындары болып табылады. Сондықтан алынатын өнімнің өзіндік қүнына қосылады. Сөйтіп, ең негізгі төлем телеуші өнімді түтынушылар болады. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат пайдалану қүқығы үшін төлемнің ең басты қызметі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам табиғат ресурстарынан алынатын енімдердің бағасын біраз қымбаттатуға мәжбүр болады және ол табиғат ресурстарын тегін пайдаланудан әлдеқайда тиімді болады. Мәселен, қосымша шығындар түрғысынан қарайтын болсақ, төлем мөлшерін алмастыру шығындарымен анықтауға болады. Егер табиғат пай-даланушылар табиғат ресурсының нақты түріне пайдалану қүқығы үшін төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура көледі. Осы жаңа ресурсқа жүмсайтын шығын телемнің баламасы (бола алады. Төлем шамасы балама шығыннан аз болғанда табиғат пайдаланушы, әрине төлем төлеуге келіседі. Төлемнің шамасына сонымен қатар, елдегі банк процесінің өсімі, монополиялық рента, т.б. эсер етеді.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның қүндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз, Дифференциалдық рента өз кезегінде габиғат ресурстарының табмғи "өнімділігін", пайдалану тиімділігінен туындайды.
Табиғат пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымш табысының есебінен төле
Неді. Сондықтан төлемнің бүл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурсын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады. Төлемнің қүрамына дифференциалдық рентамен қатар табиғат ресурсын пайдалану төлемі кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның әрбір өлшеміне белгіленеді.
Табиғат ресурстарын қорғау, калпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсатгарға жүмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өн-дірістік шығындардың қүрамды бөлігі болып табылады. Сондьіқтан олар өнімнің өзіндік қүнына және бағасына қосылады.
Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру қызметін атқарады. Табиғатқа зиян келтірушілер: жеке азаматтар немесе заңды түлғалар зиянның орнын толтыруға, зардабын жоюға міндетті. Осы төлемдер арқылы “ластаушы – төлейді" принципі жүзеге асырылады. Бүл телемдерді кейде экологиялық төлемдер деп те атайды. Зиянның шамасы нормалы шамадан аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды болдырмау үшін жүмсалатын шығындарды қайтарады. Нормадан (шектен) артық шамада айып төлемдері алынады. Нормадағы шамадағы телемдер өнімдердің өзіндік қүнына қосылады, ал одан артық шамада таза табыстан алынады.
Төлемдер атмосфераға ластаушы заттар шығарғаны, суға ластаушы заттар төккені және жерге қалдықтарды орналастырғаны үшін алынады. Телем нормативің ластауды болдырмау және ластану зардаптарын жою шығындары бойынша ластаушы заттардың әрбір шартты өлшеміне белгіленеді.
Төлемнің келесі түрі табиғат ресурстарын пайдалану (тиімді пайдалану) шектелген жағдайда алынбаған (жоғалтқан) табыстың орнын толтыру қызметін атқарады. Төлем табиғат ресурстарын шектеуші заңды түлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан алынады. Шектеудің сипатына карай төлемдөр бір мерзімдік немесе ағымдағы болуы мүмкін. Телемдердің бүл түрін қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) үшін аса маңызды. Ресурстардың шектеулілігі оларды бір мақсатқа пайдалану екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, ауыл шаруашылық жерге қүрылыс салынғанда, ауыл шаруашылық өнімдер өндіру мүмкіндігі шектеледі.
Табиғат қорғау заңдары, ережелері, тәртіптері бұзылғанда алынатын төлемдер айып салу сипатында болады және келтірілген зияннан артық мөлшерде белгіленеді.
Аталған телемдерден басқа жер қойнауын кен ондіруден басқа мақсатқа пайдалану, техногендік минералдық ресурстарды пайдалану, т.б. төлемдер алынады.
Экономикалық бағытына қарап табиғат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық төлемдөрі деп (білуге болады.
№9. Табиғи ресурстарға және олардан алынатын өнімдерге баға беру.
Жалпы онімге және табиғат ресурстарына, оның ішіндс табиғат байлығын өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық ғылымдар мен шаруашылық тәжірибенің негізгі мәселесі болып табылады. Бүл мәселе бірлеше ғасырлар бойы талқыланып келеді және оны қазіргі уақытта, бағаға бас июден бастап шектік пайдалылық пен қүнның еңбск теориясына дейін көптегсн ғылыми түжырымдамалары бар. Бұл түжырымдамаларды және баға мен құн теориясын қарастыру осы жүмыстың максаты емес. Сондықтан, біздің ойымызша, тек мыналарды ғана ерекше атап өткен дұрыс. Капиталист шаруашылықтағы нарық экономикасын зерттеу нәтижесіндс жасалған К.Маркстің еңбек қүны теориясын осы уақытқа дейін ғылыми көзқарас түрғысынан ешкім жоққа шығара алған жоқ. Керісінше, оның негізгі ережелері нарық экономикасы дамыған елдрдің ғалымдарының зсрттеулерінде дәлелденген және бағамы реттеу іс жүзінде түрақтандыру кезіндс, аталғап елдерде бағаны түрақтандыру саясатын жасау кезінде оған назар аударылады. Сондықтан табиғи ресурстарға және табиғат игеруіші салалардың өнімдеріне баға белгіленген кезде, біздін ойымызша, К.Маркстің жоғарыда аталған еңбек қүны теориясын қолданған жөн. Осы теорияға сәйкес қандай да бір товарды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығыны оның бағасының негізі болып табылады. Төлемге қабілетгі сұранысты қанағаттандырғанда және салыстырмалы түрде экономикалық дамудың тұрақтылығы жағдайында өндіругс кететін шығынның қоғамдық қажетті деңгейі өнімнің бір данасьн өндіруге кететін орташасалалық шығынның мөлшерімен анықталады. Қарастырылатын өнім түріне және өнімнің баска түрлсріне деген сұраныс өндіріс (үсыныс) арқылы камтамасыз етілгенде олар экомикалық тепе-теңдік жағдайын білдіреді. Сүраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, бағалар қоғамдық кажетті шығындардан өсу жағына қарай ауытқиды, ал сүраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар төмендеу жағына қарай ауыткиды. Сөйтіп, ұзақ уақыт мерзімінде берілген өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіругс кететін қоғамдық қажетті шығынға теңеседі және сонымен анықталады, яғни бағаның негізінде еңбекшығыны жатады, ал сүраныс пен ұсыныстың ара салмағысалыстырмалы түрде қысқы мерзімде тауардың күнделікті
бағасының шамасын реттейді және бағаны тауар қүнынан не ары, не бері жағына карай ауытқытатын уақытша өтпелі фактор болып табылады.
Табиғат пайдаланушы салаларрдың өпіміне қалыптасатын бағаға К. Маркстің еңбек құны теориясын қолдану, аталған өнімге оның ішінде табиғат ресурстардың өзінс баға, сүраныс пен ұсынысты ескерс отырып, өнімнің бір данасын үдайы өндіруге қажетті коғамдық шығынның орташа деңгейі негізінде, басқа да өнім түрлеріне белгіленстін сияқты белгіленуі тиіс
Екендігіне әкеп саяды. Осыдан келіп, баға табиғат ресурстарына,оларды игеруге кететін шығынның деңгейінде койылады. Бұл өнімнің алуан түрінің, олардын қүны (айырбастау құны) бойынша тұтыну құнын айырбастау баламалылығы мен жалпы баға қалыптасу мәселесін шешуде монизм принципін қамтамасыз етеді.
Социалистік шаруашылық жағдайында, академик С.Г.Струмлиннің анықтамасы бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріскс дайындауға жүмсалған шығынымен анықталады.Табиғат ресурстарын ашуға ондіріскс дайындауға келтіруге адам еңбегі жүмсалған жағдайда, олардың құны бағасы жоқ, бірақ тұтыну құны болуы мүмкін,экономикалык түрғыдан бағаланады. Осыған байланысты табиғат, минералдық шикізат ресурстарының бағасын экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.
Нарық шаруашылығы жагдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды пайдаланудан түсетін тиім адынады, өйткені сатылатын және сатып алынатын ресурстардың өзі емес дифференциалдық жер рентасы, яғни В.И.Лениннің сөзімен айтқанда, "Жерді сатып алу дегеннін, өзі жер беретін табысты сатып алу, рентаны сатып алу деген соз..."''.
К.Маркс көрсеткендей, капиталистік шаруашылық жағдайында монополизацияланатын табиғат ресурстары алып-сату объектісі бола отырып, қүнның "иррационалдық" түріне ие болады және "... бүл жердің сатьп алу бағасы емес, процснттік, ставкаға есептелінгеи — сол жер беретін, жер рентасы".
Нарықтық шаруашылық жағдайында уақыт факторын ескере отыра анықталатын жер рентасы (рента) жерді және жалпы табиғат ресурстарын экономикалық түрғыдан бағалаудың мазмүнын құрайды. Осыдан келіп капиталистік шаруашылық жағдайында табиғи ресустардың "иррационалды" бағасы олардын экономикалық бағалауына тең болады. Капиталистік шаруашылык, жағдайында табиғат ресурстарынъң бағасы мен "иррационалалдық" бағалаудың осындай сәйкестігі ең алдымен өндіруші салалардың өніміне баға белгілеудің ерекше түрінің нәтижссі болъш табылады. Капиталистік өндіріс тәсілі жағдайында реттелмейтін монополиялык жср иелігінде шектеулігіне байланысты — Жер, жер қойнауының байлығы және тағы басқа табиғат ресурстары өндірістің нашар табиғи жағдайында осы өнімге жұмсалатын шығынмен ауыл шаруашылығы және өндіруші салалардың өнімнің нарықтық бағасын анықталатынын марксизм-ленинизм классиктері дәлелдеді. Сондықтан капиталистік шаруашылық жағдайында өндіруші салалар өнімнің бағасы өнімді өндіруге жұмсалатын қоғамдык қажетті шығын шегінің нормасы болады. Сонымсн қатар, бүл бағалар өнім түрінде заттанған, қоғамдық қажстті еңбектің өлшегіш қызметін дәйексіз түрде атқарады, бірақ, шындығына келгснде олар өнімнің құнын анықтайтын өнімнің сол түріне қоғамдық қажетті шығынның орташа деңгейін білдірмейді.
Өнімнің қүнына бағасыньң сәйкес келмеуі, яғни тау-кен өндірісі салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық құны сомасының олардың жеке қүнының сомасынан көп мөлшсрде асып түсуі "жалған әлеуметтік қүнның" пайда болуьша әкеп соғады. Осыған байланысты К.Маркс "Біздің алдымызда (нарық бағасын) нарықтық қүнның капиталистік өндіріс тәсілі базисіндс бәсексге түскенде ол сол күйінде өзін қалай көрсете алатындығының анықтамасы; бүл жалған экономикалық құнды тудырады" деп жазды.
№10. Табиғат ресурстарын бағалаудың ортақ көрсеткіштерін табу.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау мен оның өндірістегі тауар айналасындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез келген тауардың құны оған жұмсалған еңбекпен өлшенеді және ол жеке тауар өндірушілердің жұмсаған еңбегімен емес, қоғамдық қажетті еңбекпен өлшенеді. Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сураныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.
Осы күнгі баға анықтау тәсілі бойынша табиғаттан алынатын шикізаттың бағасы сала бойынша өнімділігі орташа еңбек шамасының, орташа қажетті шығындар негізінде анықталады. Табиғи қалпында тұрған, игеруге ешқандай еңбек жұмсалмаған табиғи заттардың бағасы теориялық тұрғыдан жоқ, ол практикалық тұрғыдан алмастыратын ресурстардың бағасымен анықталады. Шикізаттың бағасы оны игеруге мөлшерлі пайдасымен қоса қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Экономикалық бағалау табиғат байлығының нақты түрін пайдаланғанда оның тұтыну құндылығын көрсетеді.
Баға бойынша әр түрлі өнімдерді салыстыруға болады. Экономикалық бағалау шамасымен тек қана өзара салыстыруға болатын тұтыну қажетінің бір түрін өтейтін табиғат ресурстарының тұтыну құндылығы салыстырылады. Экономикалық бағалау әрқашан салыстырмалы иррационалды шама. Тек қана бір қажетті өтейтін заттар (күштер) бір-бірімен салыстырылады. Маркстік теория бойынша тауардың қүны және бағасы әр түрлі қажеттілікті өтейтін тауарларды айырбастағанда айқындалады. Осы айтқандарға қарап экономикалық бағалау мен бағаның атқаратын қызметтері де әр түрлі деп қорытындылаймыз.
К. Маркс зерттеген капиталист қоғамда табиғат байлығын бағалау шамасы ретінде сол табиғат байлығын пайдаланғанда түсетін қосымша рента алынды. Анығырақ айтсақ, жердің бағасы жер рентасымен өлшенді, өйткені жерді сату, сатып алу оның физикалық шамасын емес, одан түсетін пайданы (рентаны) сатып алу болып табылады. В.И. Лениннің айтуы бойынша, жер сату дегеніміз сол жерден алынатын табысты сату, жер рентасын сату. Жер рентасы жердің бағасының негізі болады. Сондай-ақ табиғат байлығының басқа түрлерін де экономикалық бағалау негізі рента болады.