Енбек ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.

Работа содержит 1 файл

Лекции по экон.природ.польз.(биолог).doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн ескеру керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты жиынтық түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы, табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және табиғат жүйесі жан-жақты байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелсрін дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын талдау мен болжау бірінші ксзектегі мәселеге айналады.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның әр түрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зертгейді. Ол сан қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл сала табиғат пайдалану ғылымынын пәні болып табылады. Материалдық өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және техникалык ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін, ең әуелі, экономика ғылымының өкілдері қарастырады.

Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық  қатынастарға  көшуіне  байланысты   іс жүзіндс   бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы болып танылуы  жағына  біржақты  шешілді.   Бүл  мәселенің  анық-канығына жүгінбей-ақ еңбекке бағытталатын табиғат   ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек өнімділігінің тәуелділігі анық   екендігін   айтсақ  та  жеткілікті.   Қоғамның  өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халық-шаруашылықтық   нәтижеге   жету   үшін   табиғат   ресурстарының сапасы   қоғамдық   еңбектің   өнімділігін   арттырушы   фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды. Осыдан келіп елдің үлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде болмасьн табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің козқарасымыз бойынша, бүл жағынан академик Н.П.Феодоренконың айтқанында негіз  бар.  Ол  "Өндірістік ресурстардың негізгі түрі — табиғат байлықтарына экономикалық баға берілмеуі және социалистік басқару механизміне тән шаруашылықты тиімді жүргізуді экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда,    қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды" — деп жазды. Бірақ та, біздіңше, табиғат ресурстары механикалық түрде еңбек және жинақталған материалдық ресурсқа теңгеріле алмайтындықтан және олар тұтыну құнына арнайы бағытталған адам әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет. Табиғат ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның бар байлығы деп қарауды туғызады. Осыған сәйкес, отандық әдебиеттерде "табиғи өндірістік күштер" деген үғым кездеседі.

Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әсері қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып, тиімділігі бағаланады. Халык шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ шаруашылығының дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына тәуелді болып табылады. Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке түрлерін ғана емес, аймақтағы табиғи ресурстардың жиынтығын экономикалық бағалаудың қажеттілігі туындайды. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалауға келетін болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана емес, табиғи ресурстардың территориялық үйлесімділігін өндірістік түрғыдан пайдалану бойынша қалыптасқан "еңбектің табиғи өнімділігін" анықтау мен өлшеу болып табылады. Біздің ойымызша, бүл мәселе де эконо-мистердің шешетін міндеті.

Қоғамның "табиғи өндірістік күші" мәселесі қоғамдық өндірістік күшпен салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең зерттелмеген. Социализмнің саяси экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс тәсілін басты факторлар санайтын, сондықтан басты назар қоғамнцың өндірістік күштерін дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасыньщ озіндік ерекшелігі мен оның экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты табиғи өндірістік күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші кезектегі мәселеге айналды.

Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам еңбегі жұмсалған жоқ, сондықтан пайдаланушыға тегін берілуі керек деген маркстік-лениндік теория теоретикалық тұрғыдан теріске шығарылмаған күйінде қалды. Теоретикалык жағынан табиғатты төлемді пайдалануға көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын ғылыми түрғыдан дәлелдеу өмір талабы. Осыдан келіп теоретикалық көзқарас түрғысынан, табиғатты төлемді пайдаланудың принциптері мен жалпы теоретикалык-әдістемелік негізін жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі туындайды. Біздіңше, мұны дәледдеу қолданылып келген саяси экономияның шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің нәтижесін әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым - қатынасын зерттейді. Бүл жағынан, келтірілген қағиданың әділеттігі, біздіңше күмән келтірмейді. Өз қалпындағы ешкім тимеген табиғат ресурстарының, яғни оны зерттеугс және адамзаттың еңбегі жұмсалмаған жағдайда табиғи ресурстардың құны мен бағасы бола алмайды. Табиғи ресурстар бұл жағынан алғанда бүкіл адамзаттың жеке елдің халықтың игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің еңбексіз табыс  алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың неғүрлым тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи өнімділігі қоғамдық өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің қоғамдық   өнімділігінің   артуы   басқа   жағдайлармен   бірдей болғанда,   бағаның  жалпы  деңгейінің,   оның  ішінде  халық тұтынатын тауардар бағасының төмендеуін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи ресурстарын дәлірек айтқанда, табиғи өндіргіш  куштерді пайдаланудың нәтижесі  бүкіл  қоғамға  - өзінің шынайы қожасына — халыққа ешбір қайта болусіз, иемденусіз тиесілі. "Жалған әлеуметтік құндылықты" ескермегенде, тауар бағаларының мүндай төмсндеуі экономикадағы инфляциялық құбылыстардың негізгі себептерін жояды.  Бірақ,  әңгіме табиғатты төлемді пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс нәтижелерін әділетті болуге байланысты адамдардың өндірістік карым-қатынасы  жөнінде емес, өндірістің шешуші факторларының бірі ретіндс табиғат ресурстарын тиімді пайдалану туралы, елдің   табиғат   ресурстарын   пайдалану   кезінде   ең   жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін табиғат пайдалану параметрін оңтайландыру жайында болып отыр. Сондықтан табиғатты төлемді пайдалану принциптерін қолданудың маңыздылығы теориялық жағынан негіздеуге жөні оның жалпы  теориясын  қалыптастыруға,  дәлірек  айтқанда табиғат ресурстарын төлемді пайдалануды, маркстік-лениндік саясм экономияның ережелсрімен, яғни К.Маркстіі еңбек құны теориясымен емес, өндірістің үш факторы теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен, рента теориясымен, шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі заманғы өндірістік  ресурстарды  пайдаланудың тиімділік  теориясымен дәлелденуі   керек.   Тек  осы     жалпы  теориялардың  негізгі ережелерімен ғана табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын нсгіздеуге,   оның   тиімді   параметрін   айқындауға   мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын пайдаланудың нәтижесін әділетті  бөлу  принципі  өндірістің  әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана қаралады.

Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну, табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудін философиялық-теоретикалық фундаменті болып табылады.

 

№6. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі.

 

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдері қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізілөді.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын езгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспар­лау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарлау еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкінді береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспарлаудың басты мақсаты - табиғи ортаны қорғауды, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспарлаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пай­далану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ре­сурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зиянға ұшырағандардың шығынын қайтаруға міндетті және табиғи органы қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдапанушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталадыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалып-тасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.

 

Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сәйкес пайданың өзгеруі

 

Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Ал өнімді шығаруға жүмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі. А - орташа шамада, В - жоғары, С – төмен. Осыған сәйкес С кәсіпорынының пайдасы көп, ал А кәсіпорынының пайдасы аз.

Сонымен қатар, экологиялық таза өнімдер шығарылғанда, оларды қымбатырақ бағамен сатуға мүмкіндік туады. Мысалы, кәсіпорындар экологиялық шығындар жұмсап, өнімнің өзіндік қүнын және бағасын арттырды десек, олардың таза пайдасы да артады. Табиғат пайдалануда ҒТЖ қолдану, шикізатты, отын-энергия қорын үнемдеу, қалдықтарды пайдалану дәрежесі баға деңгейінде өзінің толық көрінісін табады. Қайтарымды қалдықтарды, қаптарды, жәшік, бөтелке, полиэтилен, металлды тиімді пайдалану мақсатында олардың қүны тауардың бағасына қосылып сатылады және олар қайтарылғанда тұтынушыларға ақшасы қайтарылады. Сөйтіп, әр түрлі табиғатта өздігінен жойылмайтын, оған зиян келтірілетін тауарлардың қаптарын (бөтелке, қалбыр, жәшік, полиэтилен пленкалары, т.б.) жинау, қайта пайдалану, өңдеу, бір орталықтан залапсыздандыру ісі ынталандырылады.

Табиғат қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында қаржыландыру және несие экономикалық тетіктері кеңінен қолданылады. Табиғат қорғау бағдарламалары, жоспарлары, шаралары республикалық, аймақтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан бірінші кезекте қаржыландырылуы тиіс. Халықаралық, қоғамдық гранттар көпшілігінде табиғат қорғау шараларына бағытталады.

Несиенің ынталандыру және жауапкершілікті арттыру қызметі әсіресе жоғары. Өйткені несие белгілі мерзімге, белгілі мақсатқа міндетті түрде қайтарылатын жағдайда беріледі. Несиенің пайдалану мерзіміне байланысты өсімі белгіленеді. Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын ынталандыру үшін басқа іс-әрекеттерге қарағанда, жеңілдетілген (өсімі аз) не­сие беріледі. Екінші жағынан несиенің ынталандыру қызметі қайтарымыдылығы. Несие неғүрлым тез қайтарылса, соғұрлым аз өсім төленеді. Сондықтан не­сие алушылар табиғат қорғау шараларын тезірек іске асыруға мүдделі болады. Кезекпен қайтарымды несиелеу арқасында аздаған қаржымен көптеген табиғат қорғау шараларын жүргізуге болады. Дамыған капиталист елдерде (әсіресе АҚШ-та) солай істейді. Несиенің белгілі мақсатқа берілуі табиғат қорғау ша­раларын ынталандыру қызметін арттыра түседі.

Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынандай жағдайдарда берілуі мумкін:

• ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтыл-ғанда;

• суды пайдалану (түтыну) шамасы нормадағы мөлшерден (шектен) кемігенде;

• кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда;

• табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанда, орманның қүндылығы арттырылғанда, т.б.

Бұл сыйлықтар табиғат қорғау қорларынан беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға тікелей тиім бермейтін, бірақ халық шаруашылығына, жалпы табиғатқа тиімді табиғат қорғау шараларын жүзеге асырған кәсіпорындар аймақтық және республикалық табиғат қорғау қорларынан сыйлық ала алады. Орталықтандырылған табиғат қорғау қорларынан материалдық сыйлық алудың басты шарты - табиғат қорғау шараларының халық шаруашылық тиімділігі болып табылады.

Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі - табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға жауапкершілігін арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды ақысыз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтыратынын тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пай­далануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды.

Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босату, азайту сияқты жеңілдіктер де қолданылады. Мысалы, жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурстарын пайдаланушыларға жеңілдіктер беріледі; төлем алынбайды немесе азайтылады. Табиғат қорғау мақсатында пайдаланған ресурстар үшін төлемдер алын­байды. Табиғат қорғау шараларын төлемдердің есебінен жүргізуге рұқсат етіледі. Төлемдер жеңілдіктерімен қоса, салық, қаржыландыру, несие жеңілдіктері де қолданылады. Мысалы, тау-кен кәсіпорындары ілеспе газдарды, кендегі емес жанама элементтерді, өндіріс қалдықтарын пайдаланғанда олар осы өнімдер бойынша ресурстарды қалпына келтіру, пайдалану төлемдерінен босатылады.

 

№7. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау әдістері.

 

Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Информация о работе Енбек ресурстары