Енбек ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 17:36, курсовая работа

Описание работы

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.

Работа содержит 1 файл

Лекции по экон.природ.польз.(биолог).doc

— 250.50 Кб (Скачать)

Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су қоры 48 текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.

Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа жылдық шамасы 662 км3.

Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану түрінде болуы мүмкін. Су пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, сауықтыру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта, ауыз суға су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы ерекшеліктеріне қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла береді. Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа жол берілген. Арнайы бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.

Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83 мпрд. м3-ге жетті, оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті су тұтынуды қамтамасыз етуге жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.

 

 

6.1. ОРМАН ҚОРЫ

 

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер, т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.

Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.

Орман халық шаруашылығына қажетті құнды ма­териал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.

Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.

Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қүнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын үқыпты жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда қүнды ағаштардың сақталуы, қүнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.

Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз қүндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.

Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (маку­латура есебінен) қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даяр­лау шығындары үнемделеді.

 

№5. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет нәтижесігің әлеуметтік – экономикалық салдары, қооршаған ортаны қорғау.

 

Баршамызға   белгілі,   бізді   қоршаған   табиғи   орта,   жер қыртысы   (жер   шарының   кабығы)   жекелеген   қүрылымдық элементтерден — табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы  өкілдерінің  жүргізген  зерттеулері  негізінде  анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің аумағын  физико-географтардың  аудандастыруларымен  қорытындыланады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы біртектестігімен сипатгалады.

Табиғи   кешендердің  жеке  элементтері   немесе   олардың жиынтығы оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес және уақыт ағымына орай ерекшеленеді.  Өндіргіш  күштердің даму  деңгейі  мен  зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне   байланысты  табиғат  кешендерінің   элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс техноло-гиясы мсн техникасының жетілген шағында оған қоғатмдық қажеттілік   пайда   болған   кезде   ресурсқа   айналуы   мүмкін. Қүрамында орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай қорғасын, мырыш кені осы гасырдың басында бос жыныс деп есептелді. Қүрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі кезеңге дейін Чили силитрасы, Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық сияқты жаңа салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.

Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша,  "...табиғатга пайдалы және пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне айналдырады. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зертгелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз. Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну өнімдері, еңбек қүрал-

жабдықтары.

Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының жетілдірілуіне қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер, яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір бөлігі, екіншіден — табиғат ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейінде қалыптасады, үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен, "табиғат ресурсы" түсінігінің озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен, қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді пайдаланумен байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды.

Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен философтар мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер, мысалы, адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың" өкілдері адамзат қоғамының дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл алатынын баса жазып отырды. Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат түріндегі байлыққа негіз болатындығын көрсетті, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола алады. Бұл жағдайда табиғат ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер коғамның дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады деп ойлады.

Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.

Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады. Екіншіден, барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз

етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Мысалы, казіргі заманғы радиоэлектроника, термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы, ракета жасау, ғарыштық техника, тусті металлургияның,  сирек  металлды  өнеркәсіптің  өнімін  кең көлемде тұтынады.  Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы болады. Үшіншіден,бәрімізге   белгілі,   табиғат   ресурстарын   пайдалану   жағдайы, сапасы,   коғамдық   өндірістің,   еңбектің   өнімділік   деңгейін анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері — еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.

Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай, табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің объектісі ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.

Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет. Сондықтан табиғат ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс. Қазіргі кезде   табиғи   ресурстардың   алуан   түрлерін   пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау   мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді    пайдалану   мәселесіне   айналады.    Табиғат    қорғау тұргысынан алғанда, табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді. Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық   сыйымдылықты ескеруді талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз етілстін экологиялық тепе - тендік сақталуы қажет.

Информация о работе Енбек ресурстары