Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2013 в 19:32, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.
Еңбек нарқында қалыптасқан жағдай жұмысшылар мен мамандарды оқыту және дайындаудың қазіргі тәжірибесін қағида түрде өзгертуді талап етуде. Мұндай жағдайларда осы маңызды мақсатты шешу ісінде барлық қызығушылығы бар жақтардың өзара ынтымақтасуы керек, оларды білікті мамандармен қамтамасыз етуде кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету жүйесін әзірлеу қажет. Қажетті саладағы және керекті көлемдегі білікті жұмысшыларды дайындауға қатысты мәселенің мамандарды дайындауға арналған өңірлік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру арқылы шешілуі қарастырылуда. Бұл жерде тапсырыс деп ұйымдардың барлық деңгейіндегі бюджеттер мен құралдарының есебінен білім беру мекемелерінде мамандарды дайындаудың кадр саясатының субъектілерімен келісілген көлемі мен саласын айтады.
Облыстық және аудандық әкімдіктер және ұйымдармен бірлесіп барлық әлеуметтік-экономикалық салалар үшін кадрларды дамыту және нығайтудың салалық мақсатты бағдарламаласын әзірлейді. Бағдарламаны қаржыландыру облыстық және жергілікті бюджеттердің, сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын ұйымдардың есебінен де жүзеге асыруға болады. Облыстық бюджеттің құралдарына қатысты бағдарламаны жүзеге асыру үшін арналған қаржылар облыстық бюджетті қабылдау кезінде бекітіледі.
Біздің пікірімізше, кадр саясаты туралы ұсынылған өңірлік бағдарламасының концепциясы, марғымсыз, өңірлік кадр саясатының ұйымдастыру құқықтық аспектілерін дамытудың бүкіл проблемасын жоққа шығара алмайды. Сонымен қатар, бұл проблема облыстың кадрлық жоспарлау, білім беру және басқа салаларындағы заң шығарушылардың, басқарушылардың, ғалымдардың және мамандардың қатысуымен әрі қарай өңдеуді және талқылауды талап етеді.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, бұл механизм жетілдіруді қажет етеді. Еңбек нарқын бағалау, жұмыс күшін салааралық, кәсіби аралық, аумақтық қайта бөлу, экономиканың құрылымын өзгерту, бірінші кезекте еңбек нарқына алғаш рет қамтылатын жастар арасындағы еңбек ету бағыттарының өзгеруін сөзсіз тудыратын өзгерістері, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру және нарықтық механизмдерді дамыту сияқты проблемалары білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындауды болжау ісіне жаңа әдістемелік тәсілдің анықталуын талап етеді. Бұл тәсілдер болжау сипатында және ғылыми-негізделген кәсіби бағдарлаумен, білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту перспективасымен, кадрлық, қаржылық, құқықтық қамтамасыз етілуімен баланысты болуы тиіс. Кадрларды дайындауды болжау көкейкесті болуда және үкіметтің түрлі деңгейдегі атқару ұйымдарының көзалдында болуы керек.
Облыстағы адам ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру үшін, оларды қалыптастыру, пайдалану, дамыту, жұмыспен қамту, көшіп қону тұрғысынан алғанда, еңбек ресурстарын басқару проблемаларына жанжақты сараптама жасау қажеттігі сияқты деректері де айқындала түседі. Қазіргі замандағы өндірістің қарқынды дамып және еңбек сипатының барынша күрделеніп келе жатқан жағдайларында, білім беру жүйесіне қойылған талаптар – кейбір мамандық кадрлары санының тым артық болу немесе жетіспеушілік факторларының әсерінен ғана қалыптастырылмайды. Болашақ мамандардың қажетті кәсіби, психологиялық сипаттамаларының жиынтығы мен дамуын ұғыну ісі ерекше мағынаға ие.
Осылайша, өңірлік еңбек нарқын болжау жөніндегі жұмыстардың процессінде келесі жағдайлар әсер етеді:
- аумақтық және салалық
ерекшеліктері ескерілген
- еңбек нарқындағы жұмыс күшінің сапалы құрамы;
- жаңа жұмыс күшін
дайындаудың, жұмыстан
Өңірдегі демографиялық жағдайға сараптама жасау ісін бастапқы кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін алуды жоспарлап жатқан, түрлі категориядағы халықтың саны мен сапалық құрамы туралы ақпараттарды алудан бастау керек. Барлығынан бұрын, бұл жалпы білім беру мекемелерінің бітірушілері, сонымен қатар еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі органдарда есепте тұрған жұмыссыз азаматтар, жастар мен ересек халықты қоса есептегендегі жұмыспен қамтылмаған халық болуы тиіс.
Еңбек ресурстарын және материалдық әлеуетті пайдаланудың тиімділігін сыртқы және ішкіге бөлу қажет. Сыртқы тиімділік бітірушілерді жұмысқа орналастырумен және бюджеттен тыс шығыстарды ұлғайтумен байланысты, ал ішкі тиімділік әр оқу орнының өндірістік әлеуетін пайдаланудың деңгейін тікелей бағалайды. Біздің жағдай үшін ішкі тиімділік қызығушылық танытады.
Кадрларды дайындауға арналған тапсырысты қалыптастырудың тиімділігі, өңірлік еңбек нарқында сұранысқа ие болған кадрларды дайындаудың көлемдері мен кәсіптік-біліктілік құрылымын болжау, кәсіптік білім беру мекемелерінің резервтерін анықтау мен пайдалану ісі біз ұсынған ұйымдастыру механизмдеріне сәйкес келеді, ал жүргізіп жатқан іс-шаралардың жетістігі осы жұмыстағы қатысушы серіктестердің бірлескен әрекеттерінен байланысты болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық реформалардың жетістікпен жүргізілуі өңірдің еңбек ресурстарының және еңбек әлеуетінің сапасына тәуелді болады. Осыған байланысты өңірлік деңгейде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында, қызметкерлердің кәсіптік-біліктілік құрылымының орташа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжамдарды әзірлеу бойынша іс-шараларды өзіне енгізетін, кешенді шаралар жүзеге асырылады.
Өкінішке орай, кәсіптік білім беру жүйесінің еңбек нарқымен тұрақты байланысы жоқ, бірақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігін жоғарылату білім беру саласының жаңғыртылуы есебінен де жүргізілуі тиіс. Бұл жерде негізгі әрекеттер білікті кадрларды, сонымен қатар мамандарды дайындауға арналған мемлекеттік тапсырманың конкурстық негізінде орналастырылатын механизмдерін пайдалана отырып, жұмысшы мамандықтарын дайындау ісін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екені анық.
Оңтүстік Қазақстан
облысының демографиялық
Информация о работе Еңбек ресурстарын басқару механизмін жетілдіру жолдары