Еңбек ресурстарын басқару механизмін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Июня 2013 в 19:32, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.

Работа содержит 1 файл

Жузбаева айгуль турсыналыевна е-бек ресурстарын бас-ару механизм.doc

— 340.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның шешімін орындау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен облыс аумағындағы барлық меншік иесіндегі ұйымдардың кадрларға деген қажеттілігіне сараптама жасалды. 

Облыстың 15 аудандық әкімдіктерінің басшыларынан алынған мәліметтердің  негізінде, 2010 жылға арналған түрлі  ұйымдардың жұмысша кадрларына деген болжамды қажеттілігі анықталды.

Сараптама облыстың кадрларды дайындауға арналған перспективалы қажеттілігі  орташа есеппен 80-нен аса мамандық бойынша 7566 адамды құрайды. Облыстың еңбек  нарқында сұранысқа ие болған жұмысшылардың саны болжам жасалған кезеңнің жылдары бойынша аз ғана өзгеріске ұшыраған: 2009 жылы ол 5616 маман қажет болса, 2010 жылы 6312 маман қажеттігін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан  облысында 2009 жылы «Жол картасы» шеңберінде инвестициялық жобалардың  саны 754, ал ашылатын жұмыс орны 37971. Бұл жұмыс орнының қаржысы 25,7 млрд теңгені құрайды. ашылған жұмыс орнына арналғандардың саны 99,2 пайызды құрайды. Ол әсіресе Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан, Шымкент қалаларында. Сонымен қысқарта айтсақ, аймақта жұмыссыздықтың санын төмендетуге, жол картасы бойынша инвестиция тарту арқылы жүргізілуде. Әсіресе, ол өңдеу өндірісінде, газды өндіру бөлу өндірісінде, ауыл шаруашылығында т.б өндірістерде.

2005-2009 жылдары  облыс  өндірістің дамуына 130,0 млрд. теңгеге  жуық инвестиция тартылды. Оның көбеюі мұнай өңдейтін өндіріске,  көксарай реттеуші су қоймасына, құрылыс жұмысын, жол салу, Шымкент қаласын-облыс орталығы, жаңалауға т.б. басқа қалалардағы, зауттарда іске қосуға жұмылдырылды. Мысалы, Кентау қаласында – экскаватор зауытын, Мақтарал ауданында – мақта өңдейтін зауытын, т.б. әлеуметтік инфрақұрылымдарда, бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру бағдарламаларға байланысты өндірістерді индустриялаумен  инновация жолымен даму бағыттарын көрсетеді.

Аз уақыт мерзімінде  жаңа жұмыс орындарын іске қосу үшін, айтарлықтай мүмкіншілігі бар жобаларды жұмысқа қосу жағдайында  бизнестің  ролі үлкен. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттің негізгі приоритеті, жұмысшыларды жұмысқа орналастырудан басқа, шағын бизнеске тұрғындарды тарту, оларға сол арқылы, қосымша еңбек ақыны алуға ықпал жасау.

2000-2009 жылдары кезеңінде шағын кәсіпкерлік жұмыспен айналысқандардың саны 1,7 пайызға (116,6 мың-2009 ж) өсті, онда 200 мыңға жуық жұмысшы-қызметкерлер айналысуда. Кіші және орта кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы бойынша, оны іске асыруға  нарық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор, рыногты тұтынатын товарлармен бәсекеге қабілеттері жергілікті отандық  товарлармен толығымен қамтамасыз ету керек. Сол үшін  бюджетте қаржы бөлудің маңызы зор; несие берудің ставкасын азайту, ұзақ мерзімге несие беру  бұның барлығы бизнесті жандандыруға  мүмкіндік жасайтын негізгі мәселелердің бәрі және жұмыссыздықты  төмендетін фактор. Осыны ескере отырып, облыс көлемінде 8 бизнес инкубатор, 12 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс  істеуде. Аудандарда, қалаларда бизнес орталығының кіші ұйымдары құрылған. Олардың мақсаты, аудан қала орталықтарында  кіші кәсіпкерліктің өңдеу  фермерлік шаруашылықтарын, тігін цехтарын орналастырып, тағы басқа қызмет көрсетеді. Жұмыс орындарын ашу болып отыр. Кейінгі жылдардағы талдау мен сараптаудың нәтижесінде, облыс көлемінде қазіргі кезеңде 10 мыңнан асатын, кіші кәсіпкерлік жұмыс істеуде, онда 12 мыңнан асатын жұмыс орны бар. Жалдамалы жұмысшылардың саны облыстағы әр түрлі салаларда экономикалық республикалық көрсеткіштерге қарағанда, өңірде өзгеше ерекшеліктері бар.

Сурет 4- 2004-2009 ж.ж. негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің индекс динамикасы, пайыз есебімен.

 

Ескерту -  Статистикалық деректер негізінде автордың өңдеуі

Еңбек нарығында жеке дербес жұмыспен қамтылған халық санының қысқару және жалдамалы қызметкерлер санының тұрақты өсу үрдісі бақылануда. Жұмыспен қамтылғандар арасында, арасында сыйақысы алынған пайдадан тікелей байланысты болатындар 2009 жылы 2657,0 мың адамды құрады немесе жұмыспен қамтылғандардың 34,6 %. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 41,2 мың адамға кем. Олардың айтарлықтай бөлігі ауыл шаруашылығында, сонымен қатар жеке сауда мен халыққа көлік және басқа да қызметтерді көрсету жөніндегі жеке дара іс-әрекеттермен айналысты. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылы жеке дара жұмыстармен айналысқандардың үлесі қалалық жерде жұмыспен қамтылған халықтың 30,0 %, ал ауылдық жерде – 70,0 % құрады, яғни 2,4 есе жоғары. Жеке дара жұмыспен қамтылудың статистикалық зерттеулері жеке дара жұмыстармен қамтылғандардың 70 % жоғары бөлігі ауыл тұрғындары болып табылатынын көрсетуде. Оның ішінде жоғары және аяқталмаған жоғары білімі барлар – 5,9 % ғана, бастауыш, жалпы немесе орта білімі барлар 68 %. Келтірілген мәліметтердің негізінде республиканың ауылдық жерлеріндегі жеке дара жұмыспен қамтылғандардың негізгі контингентін, кездейсоқ табыспен күн көретін, ең төменгі біліктілігі бар адамдар құрайтыны жөнінде анық айтуға болады.

         Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің мәлімттері бойынша  нақты жалақы айлық облыстар бойынша балық аулау және орман шарушылық салаларында ең төменгі 2008 жылғы Жамбыл облысында  (18920 теңге) ең жоғарғы Қостанай облысында (35750 теңге), ал біздің зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан облысында орта жалақы нақты 25 мың теңгенің шамасында болып отыр. Ол Республикалық жалақы мен салыстырсақ – 28,2 пайызға төмен, ал Қостанай облысымен салыстырсақ – 46 % төмен.

Жүргізілген зерттеулер экономиканың бюджеттік салаларындағы  орташа жалақының көлемі, агроөндіріс кешенінің саларына қарағанда, өндірістік салалардан айтарлықтай артта қалып келе жатқанын көрсетуде. Сараптама жасалған кездегі республика бойынша орташа жалақының 37,2 % өсуі кезінде, білім берудегі орташа айлық жалақы 17,6 % артқан, ал денсаулық сақтауда – 27,2 % артқан. Бұл көрсеткіштің ең көп жоғарылауы «Өндіріс» (43,2 %) және «Қаржы әрекеттері» (83,4 %) салаларында қол жеткізілген. Экономиканың аграрлық саласындағы жағдайды ерекше атап өту қажет. 2009 жылы экономиканың бұл саласында орташа жалақы қаржы саласымен салыстырғанда 6,6 есе аз, ал тау-кен өндірісіна қарағанда 2,9 есе кем болған.

Қазақстан Республиасындағы еңбек нарығының және «Халықтың көшіп қонуы туралы» статистикалық мәліметтердің сараптамасы еңбек ресурстарын қалыптастырудың ең маңызды факторларының бірі еңбек көшіп қонуы болып табылатынын дәлелдеуде. 1-ші кестеде келтірілген ресми мәліметтер Қазақстаннан кету немесе көшіп-қону (оның ішінде жұмыс іздеушілердің де) үрдісінің төмендеуі туралы дәлелдеуде.

 

 

 

 

 

Кесте 1-  2000, 2004-2009 жылдардағы  халықаралық көшіп қонудың өзгеру серпіні (динамикасы).

мың адам

Көрсеткіштер

Жылдар

2000

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Қазақстанға келгендер 

46378

68319

74807

66731

53397

40668

33730

Оның ішінде ТМД елдерінен

43460

61831

65829

56635

42613

37252

30576

ТМД елдерінен басқа 

3962

6488

8978

10096

10784

3416

3154

Қазақстаннан кеткендер

155749

65530

52139

33690

42435

35826

29874

Оның ішінде ТМД елдеріне

116707

46929

40698

30271

39767

33192

27650

ТМД елдерінен басқа елге

39042

18601

11441

3419

2668

2634

2224

Көшіп қону сальдосы

-109371

+ 2789

+22668

+33041

+10962

+4842

+3856

     Ескерту - ҚР-дағы еңбек нарығының және «Халықтың көшіп қонуы туралы» сатистикалық  деректер  негізінде өңдеп, дайындаған.




 

2000 жылы Қазақстаннан  кеткен тұлғалардың саны Қазақстанға келгендердің санынан 3,4 есе артып кетті. 2009 жылы Қазақстанға келгендердің саны Қазақстаннан кеткен тұлғалардың санына қарағанда 1,1 есе артық болды, 2009 жылы көшіп қонудың сальдосы (айырмашылығы) +3856 мың адамды құрады.

Бұл, біздің ойымызша, бір жағынан, республикадағы экономикалық жағдайдың біршама жақсаруымен, екінші жағынан – шетелдік жұмыс күшінің кіруіне рұқсат беретін қатаң квотаны белгілейтін көптеген әлеуетті елдер-реципиенттердің айтарлықтай әкімшілік-заңнамалық жағынан енгізілген шектеулерімен түсіндіріледі (шындығында, көп жағдайда бұл жоғары білікті мамандарға қатысты емес).

Оңтүстік Қазақстан  облысы, республика көлемінде топ  жағдайға, еңбек ресурсының мол мөлшердегі кейбір аймақтардың барлығы жатады, экономика және жұмысбастылық, табиғи демографиялық: әлеуметтңк факторларға байланысты. Облыстағы барлық халықтың саны 1.01.2010 жылдың басында 2,4 млн жетті, әр бір шаршы км халықтың тығыздығы 23 адамға жетті, басқа облыстарға қарағанда 4-5 есеге артық. Облыстың орталық қаласы шымкент аталған. Халықтың саны -800 мыңға жуық адамды құрайды, былайша айтқанда  облыстағы барлық  халықтың  34 пайызы жүрді. Облыс көлемін облыс орталығы шымкент қаласынан басқа, үш қала бар (Арыс, Кентау, Түркістан), 12- аудан 174 ауылдық- әкімшілктерді, 868 ауылдық- мекендері бар халықтардың саны 40 пайызға, ауылдық халықтың саны 61 пайызға жуық. Жер көлемі 117,3 мың шаршы км. Республика халқының 15 пайызын құрайды. 5-ші  суретте Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы халықтың саны, оның ішінде қала, ауылдық халықтың динамикалық көрсеткіштері көрсетілген.

 

Сурет 5 - Оңтүстік Қазақсатан облысындағы жалпы халықтың оның ішінде қала, ауылдық халықтың динамикалық  көрсеткіштері 2000, 2005-2009 ж.ж.

(саны, мың адам)

 

Ескерту -Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша статистикалық деректер негізінде автордың өндеуімен

 

         Облыстағы халықтың өсуі бір қалыпта болуда. 2000 жылда  барлық халықтың саны  2, 005 мыңды құрады, 2010 жылдың басында  2 млн 380 мыңнан асты, ал 2015 жылдың басында  3 млнға жетеді деген болжам бар немесе  2000 жылмен салыстырғанда  1 млн-ға жуық өседі. Енді халықтың жалғасу жағдайын облыстағы аудан, қалалар бойынша талдау жасайтын болсақ, онда  мына жағдайда көруге болады ( 2- кесте).

 

Кесте 2 - Халықтың аудандар, қалалар бойынша көрсеткіштерінің динамикасы

мың адам жыл басында

 

Қалалар мен ауылдар

Жылдар

2009 ж

%, %

2000ж

2000

2005

2006

2007

2008

2009

1.Шымкент 

2. Арыс 

3.Кентау 

4.Түркістан

5.Бәйдібек ауданы

6.Қазығұрт ауданы

7.Мақтарал 

8.Ордабасы 

9.Отрар 

10. Сайрам 

11. Сарыағаш 

12. Созақ

13. Төлеби 

14. Түлкібас

15.Шардара

Облыс бойынша   

482,9

60,5

80,0

174,1

 

50,6

 

81,2

241,3

81,2

54,3

218,4

214,0

47,4

105,2

86,6

65,6

 

2051,4

526,1

63,8

83,7

188,5

 

53,9

 

98,8

263,5

89,2

56,0

243,2

236,7

51,2

110,6

93,3

73,1

 

2233,5

535,1

64,8

84,6

193,5

 

54,7

 

100,8

268,7

97,8

56,4

248,9

246,7

52,1

112,8

95,4

74,6

 

2282,5

554,5

65,0

85,8

197,7

 

85,1

 

102,5

272,4

96,6

56,6

249,1

254,1

53,2

114,9

97,5

76,2

 

2331,5

566,7

65,9

87,2

202,2

 

55,5

 

104,7

276,4

96,8

57,3

256,5

261,1

54,5

117,2

99,6

77,3

 

2381,3

581,4

67,1

89,4

208,1

 

56,8

 

105,5

278,6

97,7

58,9

258,1

263,3

55,9

118,6

101,2

79,5

 

2429,6

122,7

116,5

111,8

118,3

 

112,3

 

118,3

115,5

114,2

108,5

118,2

179,0

117,2

112,7

119,9

121,2

 

118,4

Ескерту - Автордың статистикалық агенттің  мәліметтеріне негізделген өңдеуі.


 

Кестенің көрсеткіштері  әрбір мемлекеттің өзінің экономикалық өсу дәуіріне қарай немесе сол аймақтың  талабына сәйкес, еңбекке жарамды халықтың өсуіне керекті көрсеткіштерінің бәрі, ол табиғи халықтың көбейуін керек етеді. Өңірдегі болып жатқан экономикалық өзгерістерді, стратегиялық мәселелерді іске асыру үшін, әсіресе 2020 стратегиялық жоспарлауға қысылған, бағдарламалардағы өндірістерін индустрия –инновациялық процестерді дамыту жөніндегі, тиімді агробизнесті жандандыру еңбек ресурсын тиімді пайдалану, халықтың жұмыс бастылығын, жол картасы арқылы орындау өте өзекті мәселе болып отыр. ОҚО-ның еңбек қорғау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының мәліметтеріне сүйенсек  2004-2005 жылдары, аймақта жұмысқа қамтылмаған халықтың саны 8,0-8,5 % шамасында болса, ал қазіргі 2008-2009 жылдары 6,0% - 6,5 % дейін төмендеді.

Халықтың жұмысбастылығы проблемасын талдаудың арқасында 2004-2009 жылдардағы мәліметтерге қарағанда  Оңтүстік Қазақстан облысында, жұмыссыздық басым көпшілігі әйел адамдар. Әйел адамдардың жалпы санының өңірдегі 60-тан аса % 2009 жылдың басында жұмыспен қамтылмағанын көрсетеді. Ал, ер адамдардың жұмыспен қамтылмағандары осы талдау жүргізген кезеңде 25-27 % шамасын құрайды.

Жалпы  тіркелген жұмыссыздардың саны аймақ бойынша 9560 шамасында, бұл экономикалқы белсенді халықтың 8,4 % құрайды, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш - 5,5 %; Түркістанда - 5,9, Мақтарал ауданында -5,5, Төлебиде -4,8 % құрайды т.б.

Зерттеулерге қарағанда 2001-2009 жылдардағы негізгі жұмыссыздықты Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адамдар құрайды. Әйел адамдар үлесі 60% жоғары. Бұл кезеңде еркектердің саны 42 - 27 % деңгейінде ауытқылауда.

Облыстағы «2010-2014 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірыңғай кадр саясатын ұйымдастырудың негізгі бағыттары туралы» қаулысы бағдарламалық болды. Әр түрлі меншік иесіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың кадр қызметтерімен өзара әрекеттесу жұмыстарын қарастырып отырған бұл құжат, айтарлықтай салмақты сараптамалық, ғылыми-социологиялық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың нәтижелі қорытындысы болмақ . Оны орындау барысында өңірдегі біріңғай кадр саясатын жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қарым-қатынастарды заң жүзінде реттеу қажеттілігі де дәл осы кезде пайда болады. Кадр саясатының ағымдағы түзетілімінен байланысты емес түрде, оның басты мақсатын өңірдің жоғары білікті кадр әлеуетін қалыптастырудың стратегиясын анықтау, онан ары қарайғы дамуы мен тиімді пайдаланылуы сияқты деп тұжырымдауға болады. Бұл мақсатқа жету үшін әр түрлі категориядағы және әлеуметтік топтардағы кадрлармен жұмыс істеудің артықшылықты бағыттарын анықтау қажет, бұл кейінге қалдыруға болмайтын шаралардың бағдарламасын анықтауға, ағымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Еңбек ресурстарын басқару механизмін жетілдіру жолдары