Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 21:16, реферат
Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым «Еңбек нарығы». Еңбек нарығының тек өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы - бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі - нарықта маңызды институттардың ( мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар) болуы. Осы институттарды ескермей еңбек нарығында ұсыныс пен сұранысқа анализ жасай алмаймыз. Еңбек - ресурс, өндіріс факторы. Еңбектің басқа факторлардан, яғни жер мен капиталдан айырмашылығы , еңбек - адамның қызмет, әрекет етуі. Сол себептен нарықта еңбек нарығының мәселелерін қарастырғанда ресурсқа сұрнысты білдіріп, шешім қабылдайтын тек фирма ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, ырқы бар экономикалық субъекттер. Субъекттер еңбек нарығында ұсынысты қалыптастырады.
Кіріспе.....................................................................................................................3
II а) Еңбек нарығы түсінігі......................................................................................4
ә) Қазақстан Республикасының еңбек нарығы......................................................7
б) Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мониторингі және жұмыс
бастылығының бағалау методологиясы............................................................12
в) Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары....13
III Қорытынды..........................................................................................................21
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................22
Алматы энергетика және байланыс университеті
Жылуэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Экономикалық теория негіздері
№1 семестірлік жұмыс
Тақырыбы: Еңбек нарығы: Қазақстанда қалыптасуы:
ерекшеліктері мен мәселелері
орындаған: БТЭк-09-01 тобының
студенті Алдияр А.Н.
тексерген: Бокашева А.К.
Алматы 2011
Жоспар
I Кіріспе.......................
II а) Еңбек нарығы түсінігі......................
б) Қазақстан Республикасының еңбек нарығының мониторингі және жұмыс
бастылығының бағалау методологиясы.................
в) Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары....13
III Қорытынды.....................
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Менің бүгінгі таңдаған тақырыбым
«Еңбек нарығы». Еңбек нарығының
тек өзіне тән қасиеттері, яғни
ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы
- бұл ресурстар нарығы, басқа
да өндіріс факторларының нарығы
сияқты жалпы ұқсастығы мен
Еңбек нарығының құрылуы, оның ерекшеліктерінің дәл өту кезеңіндегі маңызы зор, өйткені бұл кезеңге өндірістің кенет төмендеуі мен қарқынның тез өсуі, көп бос жұмыс орындары, жұмысшылардың өндіріс өрісінен қызмет ету өрісіне өтуі және жекешелендіру мен мемлекетті тарау басқаруына шығарумен байланысты мәселелері тән болады.
Осыған байланысты жаңа әдістермен жұмыс бастылықтың зерттеуін жақындатып өңдеу керек, сонымен қатар, Қазақстан еңбек нарығының даму мәселесін және негізгі тенденциясын табу керек.
Қазақстандағы еңбек нарығының
ерекшеліктері.
Қазіргі ұлттық нарықтық экономикалық
байланыс пен қатынастар ретінде сипаттауға
болады. Атап айтсақ,мұнда, біріншіден,
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
қатынастар өзара байланыстар анықталса,
ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті
объективті түрде алдын –ала анықтайды,
үшінші бұл байланыстарда өзара бәсекелестік
болады. Бұл аталғандар жалпы заңдылық.
Нарықтық шаруашылықтың бір артықшылығы
оның өзін-өзі реттеу механизмі бар. Нарықтың
барлық түрлеріне осы қасиеттер тән.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан-алуан,
оны: капитал, валюта, бағалы қағаздар,
еңбек, ғылыми -техника, туындыларының
ақпарат және т.б. нарық түрлеріне бөлуге
болады.Бұл аталғандардың ішіндегі негізгілердің
бірі-еңбек нарығының Қазақстандағы қазіргі
жағдайы және оның өзіндік еркшеліктері
жөнінде болмақ. Еңбек нарығының басты
тұлғасы жұмысшы күші болып табылады.
\
Еңбек нарығы
Еңбек нарығы дегеніміз не? Дұрыс атауы қандай, Еңбек нарығы, жұмыс күшінің нарығы, еңбек ресурстарының нарығы ма?
Осы сұрқтарға жауап беру үшін сатып алу-сату обьекті, мүлік құқықтары беру құқығы обьектісі бола алатын тауарды анықтап алу керек. Осындай тауар түрінде жұмыс күші екен. Осы тауарға бүгінгі күнде ғылым мен тәжірибенің жаңа мәліметтері есебімен айтылады. Жұмыс күшін алу жұмысшының өзінің еңбек қабілеттерін белгілі бір мерзімде оларды өндіріс процесінде қолдануға жұмысшының әділет бостандығын сақтау жұмыс берушіге тапсырылады. Жұмыс күшінің қолдану тауарлары ағымында жұмыс күшін қолдану тауарлар нарығында кіру рұқсатын беретін төлем арқылы өтеді. Жұмыс күшін қолдану марапаттау арқылы, ақша төлеу арқылы жүзеге асады, нарық тауарларына рұқсат берілетін келісім, яғни бұл жұмыс күшін сату немесе тұрмысқа қажетті қаражат.
Тауарлы-ақшалай қатынастардың жиынтығы, жұмыс күшіне ұсыныстар мен тапсырыстар, тұрмысқа қажетті қаражат (жұмысшыларды қызметі бойынша бөлу), жұмыс күшінің нарқы деп аталады.
Жұмыс күші еңбекте әр түрлі қабілеттілігін барлық жұмыс процесінде қолданады. Жұмыс беруші жұмысшының барлық қабілеттілігіне ақы төлеу қажет пе, әлде өндіріске жұмсаған күшіне төлеу керек пе? Бүгінгі күнде өткен тарихи жылдармен салыстырғанда өндіріске қажетті еңбек көп қырынан өсті, ал жұмыс күні біраз қысқартылды. Мұнда тек еңбек процесінде жұмсаған күшіне ғана төлеу әділеттілік. Басқа сөзбен айтқанда, мүмкіндігін, жұмыс күшін қалыптасуын барлық күштерінің жиынтығы емес, ғана марапаттамай жұмысшылардың нақты еңбегін бағалау қажет (тігіншінің, етікші, программистің еңбектері және т.б).
Осы проблемаға еңбекке жұмсаған қабілетіне ғана методологиялық (ғылыми-теориялық) әдіс жағынан бару қажет.
Мұндай жұмыс күшінің нарығын жұмыс күшінің қалыптасуы немесе еңбек нарығы деп атауға болады.
Еңбек нарығы-бұл тауарлы-ақшалай қарым-қатынас, бұл біріншіден жұмыс күшіне сұрныс, өз кезегінде қоғамдық азық-түлікке немесе тауарға деген сұраныс, үшіншіден уақытша жұмыс күшін пайдалану. (1) Осында алмастыру обьектілері негізінде еңбек қабілетінің қалыптасуын немесе істейтін жұмыс күші шығады. Еңбек нарығының осындай түсінігін қоғамда өндіріске жеткен кезде дәлелденген деуге болады. Ол қысқа жұмыс күні ішінде жұмысшының тіршілік күштерімен профессионалдық өсуді қалпына келтіруге жұмысшының отбасында дұрыс өмір сүруіне, сондай-ақ бос уақытында пайдалы жұмыспен айналысуын камтамасыз етеді.
(1)- .Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ. Сағындықов Е.Н. Алматы,2004
Еңбек нарығының ең негізгі айырмашылығы онда ұсынылған тауар қасиетіне байланысты. Сонда осы нарықта не сатылады, не сатып алынады? Бұл сұрақтың жауабы мынадай - әрине, еңбек. Бірақ еңбек дегеннің өзі жұмысшының қызметі, оның игіліктер өндіргенде дене және ой еңбегіне жұмсалған энергиясы. Еңбек адамнан бөлінбейді, ол - жеке тұлғаның өмір сүру формасы. Яғни осыдан еңбекті экономикалық, саяси тұрғыдан еркін қоғамда не сатуға, не сатып алуға болмайды. Ерікті адам сатылмайды (қүлиеленушілік мемлекеттер сияқты) және де адамға тиісті қызметтерді де сату, сатып алуға жатпайды, еңбекті де осы тұрғыдан қарастыруға болады.Еңбек нарығында еңбек емес, жұмыс күші сатылады. Жұмыс күшінің саны мен сапасы көптеген факторларға байланысты: жұмысшының кәсіби дайындылығы, квалификациясы, тәжірибесі, жауапкершілігі және де т.б. Жүмыс күшін сату - сатып алуы ерікті жұмысшының келісіліп алынған шарттар бойынша жұмысқа орналасуы ( алынуы ) арқылы жүзеге асады. Шарттар көбінесе жұмыс күнінің ұзақтығына, жалақының көлеміне, лауазымына және т.б. аспекттер бойынша жасалынады. Жұмысшыны жұмысқа алған уақытта - мемлекет немесе кәсіпкерлік қызмет көрсетуді қолдануды сатып алады, ал еңбектің иегері болып жұмысшының өзі қалады. Сол себептен « еңбек нарығы » дегенде біз еңбекті тікелей сату немесе сатып алу емес, жұмыс күшін сату немесе сатып алуды қарастырамыз.
Жұмыс күшіне баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Еңбек нарығында сұраныс субъектісінің ролін мемлекет немесе кәсіпкерлік, ал үй шаруашылығы - ұсыныс субъектісі болады.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпкерлердің жұмысқа жалдаған жұмысшылар саны мынадай екі көрсеткішпен анықталады: жалақының көлемі мен тауардың шекті қүндылығы ( ақшалай өлшемде ). Жалданған жұмыскерлердің саны көбейген сайын шекті өнімнің көлемі азаяды. Қосымша еңбек бірлігінің көбею шекті еңбек өнімінің ақшалай құны жалақы көлемімімен теңесетін болған жағдайда тоқтатылады.
Еңбекке сұраныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста. Жалақының өсуі кезінде басқа жағдайларды тұрақты деп алсақ, кәсіпкер тепе - теңдікті сақтау мақсатында еңбекті қолдануды азайту керек, ал жалақы көлемі төмендеген кезде еңбекке сұраныс көлемі көбейеді. Жалақының көлемі мен еңбекке сұраныс көлемінің арасындағы қатынасты еңбекке сұраныс қисығы арқылы көре аламыз.
Абцисса осінде қажет ететін жұмыс күшінің көлемі ( L), ал ординат осінде жалақының мөлшері (W ) көрсетілген.
W
DL қисығындағы әрбір нүкте жалақының әр мөлшеріндегі еңбекке сұраныс көлемін көрсетеді. Қисықтың кері бағыты жалақының өте аз мөлшерінде сұраныс көлемінің көп екендігін және керісінше, жалақының ең көп мөлшерінде еңбекке сұраныс мөлшерінің аздығын байқаймыз.Еңбекке сұраныс көлемінің функциясы басқаша. Абцисса осінде қажет ететін қызмет көрсетудің көлемі ( L ), ал ординат осінде жалақының мөлшері ( W ) көрсетілген.
W
Еңбек ұсыныс көлемі де жалақының мөлшеріне байланысты. Еңбек нарығында сатушылар жетілген бәсеке жағдайында жалақы мөлшерінің өскен кезінде қызмет көрсетуге ұсыныс көлемін ұлғайтуға тырысады. Сол себептен еңбек ұсыныс қисығы оң бағытта.
Еңбек ұсынысының SL қисығы жалақының мөлшері өскен жағдайда жұмыс күшіне ұсыныс көлемі өскенін, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке ұсыныс көлемі азайғанын көрсетеді. Қоғамдағы көптеген факторлар жалпы ұсыныс көлеміне, саны мен сапасына әсер етеді. Факторларға халықтың жалпы саны, экономикалық белсенді халықтың мөлшері, жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, кәсіби құрамы және т.б. жатады.
Ұсыныс және сұраныс қисықтарын біріктіре отырып өз зерттеуімізді әрі қарай жалғастырайық.
Сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу Е нүктесіне көңіл аударайық. Бұл нүктеге графиктеде көрсетілген жалақы мөлшері WE мен осы мөлшердегі LE ұсынысты көрсетеді. Е нүктесінде еңбекке сұрныс көлемі еңбекке ұсыныс көлеміне тепе тең жағдайда. Бұл дегеніміз осы мөлшерде жалақы төлейтін кәсіпкер өзіне қажетті жұмыс күшін ала алады, яғни жұмыс күшіне сұраныс толығымен қанағаттандырылады. Нарықтық тепе - тең жағдайында барлық жұмысшылар жұмыспен қамтамасыз етілген. Е нүктесі жұмысшылардың толығымен жұмыспен қамтылғанын көрсетеді.
Жалақының WE басқа мөлшерінде еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы бұзылады. Еңбекке сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келгенінде жалақы нарықта тепе - теңдік мөлшері ретінде анықталады.
Шындығында да, еңбекке
ұсыныс сұраныстан жалақы мөлшерінің
тепе - тең деңгейінен жоғары болған
жағдайында көп болғандықтан жұмыссыздар
төмен жалақы деңгейіне қарамастан
жұмыс істеуге дайын тұрады. Сондықтан
жұмысы барлар жұмысынан айырылып қалмау
үшін төмен жалақы мөлшеріне жұмыс
күшін ұсынуға мәжбүр болады. Кәсіпкерлер
төмен жалақы деңгейінде көбірек
жұмысшыларды алуға ынталанады. Осыдан
жалақының төмендеуіне тек
Сұраныс ұсыныстан асқан жағдайда жұмыс берушілер бос орындарды толтыру үшін жалақы деңгейін көбейту арқылы жұмысшыларды жұмыс орындарына шақырады.
Еңбек нарығын реттеу саясаты
экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде үш негізгі мақсатты көздейді:
құрылымдық қайта құруды ынталандыру
және босап қалған жүмыскерлерді қайта
бөлу процесін жеделдету; жұмыссыздарды
мүмкіндігінше тез жұмысқа тарту; әрбір
жұмыс іздеушіге жұмыс беру.
Шет ел тәжрибесіне жүгінсек, жұмысбастылық
саясатын қалыптастырудың тұрақты құралдарының
жоқтығы көрінеді. Ол әр елдің өзіндік
әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысына,
мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктеріне
қарай түрленеді де, экономика мен еңбек
нарығындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты
модификацияланады. Бірақ елдер арасындағы
айырмашылықтарга қарамастан дамыған
елдердің жұмысбастылық саясатының эволюциядағы
белгілі сатыларды ажыратуға болады.Соғыстан
кейінгі жылдарда экономиканы мемлекеттік
реттеудің кейнсиандық тұжырымдамасының
көрінісі болып табылатын реттеу моделі
кең өріс алды. Оған жұмыс орнын қорғау
және сақтау кепілдемесін беретін заң
щараларын жасау және жүзеге асыру, яғни
толық жұмысбастылықты қолдау жөніндегі
өкімет міндеттемелері арқылы, еңбек жағдайлары
қауіпсіздігі, еңбекші ұйымдарының қызметтерін
дамыту және белсендету мәселелерін тұратын
еңбек қатынастарын мемлекеттік бақылау,
жұмыс күшінің ұдайы өндірісі жөніндегі
әлеуметтік шығындар бөлігін мемлекеттің
өз мойнына алуы жатады. Бұл кезеңде жұмыссыздық
бойынша жәрдемақының жалпы ұлттық бағдарламалары
жасалды, олардың көпшілігі жалдамалы
жұмыскерлердің жұмыстан арылу жағдайда
міндетті сақтандыруға сүйенеді. Еңбек
нарығын реттеу моделі экономикалық өсу
қарқыны күшейтетін салықтық қарсы саясатының
қажеттілігі негізінде құрылды.
70-жылдардағы дағдарыс нәтижесінде инфляциялық
тенденциялар күшейді, табыстарды қайта
бөлу жүйесінің тиімділігі төмендеді,
жаппай және ұзақ жұмыссыздықтың өршуі
жұмысбастылықты қолдау жөніндегі шараларды
алдыңғы қатарға шығарады. Жұмысбастылықты
реттеуде жергілікті органдардың ролі
артты, мемлекет мамандарды даярлау және
даярлауды қамтамасыз етуге белсенді
қатысты. Бірқатар елдерде қысқартылған
жұмыс аптасына өту салдарынан еңбекшілердің
жоғалтқан табыстарын компенсациялаудың
өкіметтік бағдарламалары қабылданды.
Сонымен бірге жұмыс орындарын құру құралы
ретінде қоғамдық жұмыстар мәні жоғарылады.
80-жылдары мемлекеттің әлеуметтік саясаты
және де жұмысбастылықты реттеудің мемлекеттік
әдістері экономикалық өсуді
баяулататын кедергі ретінде, кәсіпкерлік
пен бастамаға қысым көрсету құралы ретінде,
қарастырыла бастаған. Бірақ сонымен қатар
экономикадағы құрылымдық қайта қүру,
өнеркәсіптегі жұмысбастылық үлес салмағының
қысқаруы және қызмет көрсету саласының
өсуі, өндірістің материалды базасының
үздіксіз жаңаруы, тауарлар мен қызметтерге
сұраныс көлемі мен құрылымның әрдайым
өзгеруі кәсіпорындардың жұмыс күшінің
саны мен сапасына деген қажеттіліктерін
өзгертті. Жұмысбастылықтың стандартты
режимдерінде жұмыскерлердің еңбек жағдайын
қатаң белгілеу өндіріс икемділігіне
тосқауыл болып, кәсіпорындардың бәсеке
қабілеттілігінің төмендеуіне әкелді.
Экономика дамудағы мүндай тенденциялар
еңбек рыногының қызметтестірілуінің
жаңа формаларының, атап айтқанда кәсіпорын
қызметінің жұмыскерлердің босатылуы
мен жұмысбастылықтың икемді формаларымен
байланысты болатын шаруашылықтың өзгермелі
жағдайларына қарай тез бейімделуі үшін
әлеуметтік-экономикалық, өндірістік
және заңды сипаттағы шаралар кешені ретінде
түсіндірілетін икемді еңбек рыногының
туындауына әкеп соқты. Икемді еңбек рыногының
моделіне өтудің негізгі мәні жұмыс күші
мобильділігінің барлық формаларын ынталандыру,
кәсіби даярлау және қайта даярлаудың
түрлі әдістерін дамыту арқылы оның ұсынысын
барынша ұлғайту еді.
Өндірістік процестердегі жаңа тенденцияларды,
яғни жаңа мамандық түрлерін қажет ететін
және жұмыскерлердің сапалық көрсеткіштеріне
жаңа талаптарын қоятын ҒТР дамуына байланысты
техника мен технологияның жаңа формаларының
пайда болуын ескере отырып, экономикалық
белсенділіктің жандануы сатысында мұндай
саясаттың жарамсыздығы және ақаулары
айқындалды.
Осылайша, 80- жылдардың соңында жаңа саты
орын алды, яғни жоғары деңгейдегі жұмыссыздық,
жаңа технологияларға көшу, маманданған
кадрлардың жетіспеушілігі жағдайында
көптеген өкіметтер еңбек нарығында белсенді
саясат жүргізетін органдарға назарын
аударды. Бұл стратегия жұмыс орындарының
ұлғаюын еңбекшілердің экономикалық және
қоғамдық қызметке қатысу және кәсіпкерлік
ортаға араласумен байланыстырады.Еңбек
нарығындағы белсенді саясат мәні жұмыс
күшіне деген сұранысты да, ұсынысты да
ынталандыру арқылы мүмкіндігінше жоғары
және тұрақты жұмысбастылық деңгейіне
қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
және негативті әлеуметтік құбылыстармен
күресіп қана қоймай, олардың пайда болуының
және жаппай тарауының алдын алу, адам
ресурстарына инвестицияларды тартуды
күшейту болып табылады.Еңбек нарығын
мемлекеттік реттеу шараларын қорытындылау
мақсатында және оларды Қазақстанда қолдануды
талдау, сол реттеуші құралдарын енгізуді
зерттеу түрғысынан қолданылатын шараларды
бірлік классификациялық схема шеңберінде
бейнелеу қажет.Еңбек нарығын мемлекеттік
реттеу шараларының классификациясы мен
сипаттамалары үшін белгілердің келесі
жүйесін ұсынуға болады:
Информация о работе Еңбек нарығы: Қазақстанда қалыптасуы: ерекшеліктері мен мәселелері