Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:12, курсовая работа
Бұл курстык жумыс Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.
Кіріспе………………………………………………………………………
3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау....
4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары...............................
13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері.....
20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы...............................................
20
2.2 Республикалық бюджет.........................................................................
23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
Корытынды..................................................................................................
29
Пайдаланылган эдебиеттер........................................................................... 30
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.
2.3
Жергілікті бюджеттер және
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке
- республикалық бюджеттен
трансферттер жергілікті
Республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджетіне
Мыналардың:
- облыстың;
- республикалық маңызы бар қаланың;
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық)
округтің бюджеттік
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.
2.4
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің жобаларын қарау ж
Республикалық бюджет туралы
заңның жобасын Қазақстан Республикасы
Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының
бірінші тоқсанына арналған республикалық
қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25
желтоқсанынан кешіктірілмей
Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджетін
тиісті мәслихаттар Президент
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
Қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімімен бірге жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
КОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы
бюджетінің кірістері әр түрлі құрауыштардан
қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық
және салықтық емес түсімдер, трансферттер,
негізгі капиталды сатудан
Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.
Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008
3. Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақстанның
4. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194 Заңы
5. С.М. Өмірбаев. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Астана: «Сарыарқа» ЖҚ, 2007.-488с.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты //www.minzdrav.kz