Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстык жумыс Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................

4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау....
4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..

8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары...............................
13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері.....
20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы...............................................
20
2.2 Республикалық бюджет.........................................................................
23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................

25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................

27
Корытынды..................................................................................................
29

Пайдаланылган эдебиеттер........................................................................... 30

Работа содержит 1 файл

бюджет курсовая.doc

— 335.50 Кб (Скачать)

Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер ететін бюджет шығыстарын шектеуді емес, оларды өсіруді көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады.

2009-2013 жылдарға арналған шығыстар саясаты мынадай бірқатар шектеулер ескеріле отырып айқындалатын болады: бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету; ішкі нарықты борыштық құралдардың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ететін мөлшердегі бюджет тапшылығын өтеуге бағытталатын қарыз алуларды жоспарлау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірінші дәрежелі рөлі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталады.

Мемлекеттік және жалпы  сыртқы борышты басқару жөніндегі  тұжырымдамаға сәйкес  Үкімет  мемлекеттік сыртқы борышты басқару  деңгейін арттыруға бағытталған  шараларды қабылдайтын болады.

 

 

4-сурет. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес  тапшылықтың серпіні

 

Ал Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға  арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік  қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.

 

5-сурет. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын үкіметтік қарыздардың есебінен қаржыландыру, млрд теңге

 

Үкімет ішкі қарыздарды ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру  үшін тарту ниетінде.

Сыртқы үкіметтік қарыздарды өтеу халықаралық қаржы ұйымдары, шетелдік мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар  берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Орта мерзімді кезеңдегі  бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Қазіргі кезде «Жалпы сипаттағы трансферттердің 2008 – 2010 жылдарға арналған көлемдері туралы»  Заң әрекет етеді. 2011 жылдан бастап жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі есептеу әдістемесін жетілдірумен қайта есептелетін болады, сондай-ақ «Жалпы сипаттағы трансферттердің 2011 – 2013 жылдарға арналған көлемдері туралы» Заң қабылданатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Қазақстан  Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері

2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы

Бюджет – мемлекеттің  міндеттері мен функцияларын іске асыруды  қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

 


 

 

 

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.

Бюджеттік құрылыс деп  экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған  қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен  басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерді де алдын  ала айқындайды.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте  ұсынылған.

 


 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық  бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі  бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің  құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

– республикалық бюджет;

– облыстың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  аударымдары.

2.2 Республикалық бюджет

Республикалық бюджет салық  және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және республикалық бюджеттік бағдарламалар  мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.

Республикалық бюджеттің  қаражаты экономиканы құрылымдық қайта  құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы  перспективалық бағыттарды дамытудың  маңызды көзі болып табылады. Республикалық  бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.

Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан  түскен кірістер, берілген кредиттер  бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне сәйкес республикалық  бюджетке түсетін түсімдер мыналарды  қамтиды:

- республикалық бюджеттің  кірістері;

- алынған бюджеттік  алымдар;

- республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді қайтару.

Республикалық бюджеттің  кірістері салықтардан (корпоративтік  табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын  куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін  салықтық емес түсімдер мен  кірістердің есебінен толықтырылады.

Республикалық бюджеттің  салықтық емес түсімдері мыналар  болып табылады: республикалық меншіктен  түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)  сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.

Республикалық бюджеттен  берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің  республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.

Мемлекетте әр түрлі  уақытта қандай да бір қажеттіліктерге  арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне  әсер ететін иелігінде бар қаражатты  жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында  көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады).

Республикалық бюджеттің  шығыстары мынадай бағыттар бойынша  жүзеге асырылады:

- әлеуметтік сала (білім  беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  көмек және әлеуметтік қамтамасыз  ету);

- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару  қызметі;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

- өнеркәсіп, жер қойнауын  пайдалану, сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметі;

- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

- елдің инфрақұрылымы  (көлік және коммуникациялар);

- өзге де бағыттар.

Республикалық бюджеттен  сондай-ақ:

- кадрларды қайта даярлау  мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;

- Бюджет кодексінде  белгіленген бағыттар бойынша  бюджеттік инвестициялық жобалар  мен бағдарламаларға, халықаралық  ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.

Кез келген бюджеттің  тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.

Мемлекеттік бюджет:

1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.

2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

Информация о работе Бюджет