Бюджет

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстык жумыс Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда көрсететін бірінші басылым болып табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………
3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................

4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау....
4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..

8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары...............................
13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері.....
20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы...............................................
20
2.2 Республикалық бюджет.........................................................................
23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................

25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................

27
Корытынды..................................................................................................
29

Пайдаланылган эдебиеттер........................................................................... 30

Работа содержит 1 файл

бюджет курсовая.doc

— 335.50 Кб (Скачать)

2009 жыл «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын іске асырудың бірінші онжылдығын аяқтаушы жыл болады. Тұтастай алғанда, 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын орындаған уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінде Үкімет Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының  10 жылға арналған, яғни 2020 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуге кірісті. Осыған байланысты  қазіргі заманғы экономикалық және саяси шындықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа тәсілдері мен бағыттары әзірленетін болады.

1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда,  салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.

Салық-бюджет саясаты  қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың  ортасында болады.

Салықтар – бұл  заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін  заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс  алатын заңды және жеке тұлғалардың  мемлекеттің қаржы ресурстарын  қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.

Салықтар – мемлекеттік  бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

Қазақстанда салықтар республикалық  және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік  табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.

Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар  кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

Диаграммадан көрініп  тұрғанындай (3-сурет), Қазақстан Республикасының  бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін  корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың  өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне  түсетін салық түсімдерінің құрылымы

 

Экономиканың циклдық  өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:

- тұрақты экономикалық өсуді;

- ресурстардың толық бос болмауын;

- бағаның тұрақты деңгейін ұстау  болып табылады.

Фискальдық саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары жиынтық сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.

Бюджеттік саясаттың құралдары  болып мемлекеттік бюджеттің  шығыстары мен кірістері, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу, салықтар, трансферттер әрекет етеді.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін шешу мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:

1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті  арттыру, мемлекеттік шығыстардың  қалыпты қатаң саясатын жүргізу  және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2. Экономикаға салық жүктемесін  оңтайландыруға, салық рәсімдерін  оңайлату мен олардың ашықтығын  арттыруға бағытталған салық  саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру.

3. Бюджет қаражатын мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық саясаттың  негізгі міндеттерін шешуге жұмсауды  қамтамасыз ету.

Қойылған міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.

Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуді, үш жылдық бюджетке көшуді көздейді. Стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлесімдендіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттейді.

Мемлекеттік органдардың  қызметін мемлекеттік саясаттың  басымдықтарына сәйкес бюджет қаражатын  формальды түрде игеруден нақты  нәтижелер алуға қайта бағдарлау жаңа Бюджет кодексінің орталық идеясы болып табылады. Ол бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджетті орындау кезінде үлкен дербестікті, атап айтқанда, шығыстардың экономикалық жіктелуі бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау мен өзгерту құқығын береді. Бюджеттің орындалуы бөлігінде сондай-ақ жекелеген рәсімдерді оңайлату көзделеді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі «салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын басты тиімділік – бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.

Ел экономикасындағы бәсекелік  ортаны дамыту мақсатында жаңа Салық кодексі Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері  пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың ауқымды бөлігінің күшін жоюды көздейді.

Жаңа Салық кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) – 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, шағын және орта бизнес үшін аванстық төлемдер төлеудің күшін жою, шығындарды ауыстыру мерзімдерін 3-тен 10 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы прогрессивтік шаралар бизнес жүргізудің жағдайларын жақсартуға және өндіріске инвестициялардың ұлғаюына өз үлесін енгізуге тиіс.

Сонымен бірге салық ауыртпалығын осылай елеулі түрде төмендету мемлекеттің  әлеуметтік міндеттемелерін орындауға  теріс әсер етпеуге тиіс. Сондықтан Үкімет бюджетінің шығындарын өтеу өндіруші секторға салық жүктемесін ұлғайту есебінен болады.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес барлық салықтық құқық қатынастары тек заңмен реттелуге тиіс, бұл атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттары салықтық бөлігінің тұрақтылығына қатысты. Жер қойынауын пайдаланушылардың арнайы салықтарының жүйесін өзгерту де көзделеді. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстырылатын болады. ПҚӨС-ті есептеу, өте маңыздысы, әлемдік бағалар бойынша есептелген өндірілетін пайдалы қазбалар көлемінің құнынан жүргізіледі. Бұдан басқа, мұнай компаниялары шамадан тыс пайда салығы деп аталатын салықты төлейтін болады.

Патенттің негізінде  және оңайлатылған декларацияның негізіндегі  шағын бизнес үшін арнайы салық режимдері  бұрынғы күйінде сақталатын болады. Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталатын болады. Салық есептілігін оңтайландыру, оны ұсыну жиілігін қысқарту, салықтық бақылаудың тиімді құралы ретіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі тұтас бірқатар бастамалар көзделеді.

Бюджеттік-салықтық реттеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу мәселелері іс жүзінде кез келген ел үшін өткір пікірталастардың дәстүрлі нысанасы болып табылады. Салық салудың жалпы деңгейін төмендету мен салық базасын кеңейтуді ынталандыру барынша тиімді және перспективалық шара деп саналады. Алайда халық арасында танымал осы шара үкімет тарапынан әрқашан түсіністік пен қолдау таба бермейді. Оны қабылдау, әдетте, мемлекеттік шығыстарды кейбір қысқартуларды білдіреді, оны қазіргі жағдайларда жүзеге асыру қиын, өйткені үкіметтерде әлеуметтік міндеттемелер жүгі жатады.

Баламалы жол –  экономикаға өсімнің жаңа импульстерін беруге қабілетті жоғары технологиялы серпінді инвестициялық  жобаларды  қаржыландыруға бағыттау қажет болатын  бақылаудағы ақша эмиссиясының есебінен мемлекеттік шығыстарды ұлғайту. Ең ақырында, мемлекеттік шығыстардың өзгеріссіз деңгейі жағдайында салықтық ауыртпалықтың өсуі теория жүзінде тағы бір тәсіл бола алады, алайда бұл жағдайда экономиканың нығыздаудан жалтарып кететін бөлігі ғана тіршілік етуге қабілетті болып қалады. Бюджет болса салық салудың неғұрлым төменгі және қолайлы деңгейі кезінде жиналатындарға қарағанда салық түрінде аздау шаманы алады.

Табысты бюджет саясатының іргетасы бюджет тапшылығын жай ғана формальды түрде жою емес, сонымен  бірге қолайлы инвестициялық және бәсекелік ортаны қалыптастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық белсенділігін арттыруға арналған кедергілерін алу жолымен оны тудыратын проблемаларды шешу болуға тиіс. Бір жағынан мемлекеттік бюджетке ақша ресурстарының құйылуын ынталандыратын, ал екінші жағынан – мемлекеттің араласуынсыз неғұрлым тиімдірек жұмыс істей алатын ұлттық шаруашылықтың сол салаларын нарыққа беру жолымен мемлекеттік шығыстарды біртіндеп қысқарту үшін алғышарттар жасайтын іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.

Фискальдық саясат саласындағы  экономиканың теңгермелі және сапалы өсуі мақсаттарын қол жеткізу  үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі мыналарды көздейді:

- елдің берілген даму  параметрлеріне қол жеткізу, сондай-ақ  жағдайдың өзгеруіне жедел ден  қою мақсатында фискальдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджеттің шығыстары, салық жүктемесін, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттің мөлшерін және бюджеттің тапшылығын және т.б. реттеу);

- салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының айқын басымдықтарын белгілеу;

- орта мерзімді кезеңге  арналған даму басымдықтарымен  өзара байланысты мемлекеттік  органдарда стратегиялық жоспарлауды  дамыту.

Экономикалық өсуді  басқаруға көшу жағдайларында экономиканың өсуі бойынша мақсатты қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін  салаларды дамытудың болжанатын параметрлерімен бюджет шығыстарының тығыз байланысы қамтамасыз етілетін болады.

Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатының 2009 – 2103 жылдарға арналған негізгі бағыттары «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы» деп аталатын ерекше құжатта ұсынылған. Ондағы арнайы бөлім салық-бюджет саясаты мәселелеріне арналған. Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал жергілікті деңгейде – бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, Бюджет және Салық кодекстерінің, Үкімет бағдарламасының және елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде әзірлейді.

Тұрақты экономикалық өсуді  қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, бизнестің «көлеңкеден» шығуы және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 – 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады:

- елдің бәсекеге қабілеттілігін  күшейтуге мүмкіндік беретін  бәсекелі салық жүйесін құру;

- салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру, бұл экономиканы жаңғыртуға және оны әртараптандыруға ықпал етуге тиіс;

- жеңілдіктерді оңтайландыру  және тиісінше экономиканың шикізаттық  емес секторына  салық жүктемесін  азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;

- қосылған құн салығын  алдыңғы қатарлы әлемдік практикаға  сәйкес келтіру;

- импортқа және ішкі  өндіріске арналған акциздердің  ставкаларын бір ізге түсіру;

- жер қойнауын пайдаланушыларға  салық салу жүйесін реформалау;

- әкімшілдендіру рәсімдерін  оңайлату, салық қызметтерінің сапасын  және салық рәсімдерінің ашықтығын  арттыру, салық есептілігінің  мөлшерін қысқарту, салық тексерулерін  тәртіпке келтіру.

Информация о работе Бюджет