Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 14:45, реферат
Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.
- банк орындайтын
операциялар мен қызмет
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Банктің кірістері
мен шығыстарына қатысты
2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының, көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.
3. Көрсетілетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы және
сапасы бойынша
клиенттер тілегін
көрсеткіштері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын,
ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.
Банк менеджментінің
өзге ерекшелігі мынаған байланысты:
мемлекет банк қызметін ақшалай слымдар
мен депозит иелерінің
2.2 Банктерді басқару принциптері
Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
1. Бірінші топ
банк құзыреттілігіндегі
2. Екінші топ
банк ұжымын ұйымдастырумен
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.
1) Банк тұрғысынан
басқарудың ең жауапты
Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
3. Пассивтерді
басқару менеджменттің дербес
бағытын бідіреді. Бұл процесте
мынадай міндеттер шешімін
• міндетті резервтерді
қалыптастыратын бөлігін
• банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
• банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді. /1. 144-147б/
Менеджмент міндеттері:
1. Өзіндік банк
қаражатын басқару оның
төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын
алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі
пайда болады.
Өзіндік банк капиталын
басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ
осы жеткіліктілікті бағалауға
мүмкіндік беретін
2. Банк жұмысының
пайдалылығын басқару оның
мен шығыстарын,
тартылған қаражат бойынша
және несиелеу
мен инвестициядан түсетін
3. Банк қызметіндегі
тәуекелдіктерді басқаруға
Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.
Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
• қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
• болжалды зиянның ауқымын бағалау;
• ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.
Қауіп-қатерді (тәуекелдікті)
басқару өткен шақта зиянның
қалай пайда болғандығын
Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін үйымдастыру-№ең, жауапкершілік жүйесімен жэне банк жүмыскерін еңбекке экономикалық түрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.
Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.
4. Менеджмент
мазмұны сонымен қатар еңбек
ұжымы әзірлейтін басқару
Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:
• жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
• американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.
Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.
Ұжымды басқарудағы басты міндет - менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.
Шетелдерде жүргізілген
әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп
берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің
85%-і менеджердің
¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:
• ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
• әр қызметкермен тіл табыса білу;
• ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Менеджердің ұжым
еңбегін ұйымдастыра білуі
Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.
Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-кұлқын білген дұрыс.
Бағыныштыға қатысты
басшыға тән мінез-құлық
1) түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
2) шешім қабылдауда,
бастама көтеруде құқықтар
Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-кұлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:
1) еңбек нәтижесіне
құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың
директивалық-ықыластандырғыш
2) еңбек нәтижесіне
құзыретті болмаса да
3) құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);
4) құзыретті
және мүдделі (бастама
Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың әэне қайта дайыидаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.