Банк і және ақша, несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:11, реферат

Описание работы

Орталық бактің негізгі фунциясы несие беру және салымды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде комерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

Работа содержит 1 файл

Банк және ақша-несие саясаты.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

кономиканы реттеудің  қаржылық механизмдері және мемлекеттің  фискалдық саясатын жүзеге асыру  шарттары. 

Қаржы саясаты  нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі  арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады. 

        Қаржы механизмі мемлекет белгілеген  қаржы шараларын атаулы, нақты  нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық  өмірдің барлық деңгейлері мен  сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. 

         Қаржы механизмі- экономикалық  және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. 

        Қоғамдық шаруашылықтың жеке  бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай  және қаржы қатынастарының сфералары  мен буындары бөлінуінің негізінде  қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы механизмі,  сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады. 

        Қаржы механизмінің элементі- бұл  қарапайым шаруашылық нысан, ол  арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың  мүдделері айрықша түрде білінеді. 

       Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді. 

Қаржы құқығы қаржы  саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді. 

Қаржы механизмдерін  қалыптастыра отырып, мемлекет сол  бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына  оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың  мақсаттары мен міндеттерін толық  жүзеге асырудың кепілі болып табылады. 

      Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінн демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді. 

Экономиканы реттеудің  басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді  қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Информация о работе Банк і және ақша, несие саясаты