Банк і және ақша, несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:11, реферат

Описание работы

Орталық бактің негізгі фунциясы несие беру және салымды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде комерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

Работа содержит 1 файл

Банк және ақша-несие саясаты.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

      2011 года жылғы  3-тоқсанда барлық  респондент банктердің  36% тұтынушылық кредиттер  бойынша және банктердің 29% ипотекалық кредиттер  бойынша кредиттік саясатты едәуір жұмсартты  (6 және 7-диаграммалар).

     Өз  кезегінде, банктер кредиттеудің қажетті  деңгейін қолдау мақсатында кредиттік  өнімдердің баға өлшемдерін төмендету  жағына қарай өтініштерді қарау  және клиенттерге қызмет көрсету  рәсімін жеделдету арқылы сапалы клиенттерді барынша көп тартуға тырысады.

     3-тоқсанда  ипотекалық кредиттеу деңгейі  банктердің тұрғын үй нарығында  жүргізген барынша икемді оң  экономикалық конъюнктура саясатын  ескере отырып,  төменгі деңгейде  қалып отыр, олар осы бөлікте  халық тарапынан белсенділіктің біртіндеп ұлғаюына ықпал етеді. Тұтастай алғанда ипотекаға арналған пайыздық ставкалардың барынша төмендеуі, бастапқы жарнаның төмендеуі, кейбір комиссияларды жою, кредиттеу мерзімін ұлғайту сияқты кейбір кредиттеу талаптарын ырықтандыру байқалады. Банктер жылжымайтын мүліктің қайталама нарығында жұмыс істеуге басымдық бере отырып, аяқталмаған құрылысты аса сақтықпен қаржыландырады.

     Қазақстанда ипотекалық кредиттеу мынадай негізгі  факторларды ұстанатындығын атап өткен: 1) қазіргі уақытта банктердің көпшілігінің балансы проблемалық кредиттердің стресінде болады; 2) банктерді ұзақ мерзімге қорландыру проблемасы бар,  ал ипотека – бұл кредиттеудің ұзақ мерзімді түрі, сондықтан банктер кредиттерді қорландырудың тиісті мерзімдері бойынша жабуға мәжбүр болады. Осыған байланысты, банктер ипотекалық кредиттеудің баяу қалпына келуін күтеді.

     Сонымен қатар, банктер клиенттердің төлем  қабілетін және кредиттік қабілетін  барынша мұқият тексереді. Бұл ретте  халықтың кредиттеу саласында барынша құзыреттілігі байқалып отыр, қаржы қызметін тұтынушылар түрлі банктер ұсынатын осындай қаржы өнімдері бойынша талаптарды барынша мұқият қарайды. 3-тоқсанда тұтынушылық кредиттеу шеңберінде оқуға, пәтерлерді жөндеуге ақы төлеу,  демалысқа, жиһаз, тұрмыстық және электрондық техниканы сатып алуға, салтанатты кештерді өткізуге  ақы төлеу анағұрлым кең тараған мақсаттар болып табылады.

     Күтулерге қатысты банктердің 67%-ы тұтынушылық  кредиттеу бойынша, респонденттердің 48%-ы ипотекалық кредиттеу бойынша  сұраныстың кейбір өсуін күтеді.

     Тұтастай  алғанда банктер 4-тоқсанда банктер  арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты бөлшек және ипотекалық кредиттеу  көлемінің ұлғаюын болжамдайды. Тұтынушылық және ипотекалық өнімдер  бойынша  кредиттеу талаптары  баға (банктің кредит бойынша пайыздық ставкасы және маржасы) және баға емес (пайыздық ставкамен байланысты емес кредитті өтеу мерзімі, кепіл талаптары, комиссиялар) талаптарын қоса алғанда одан әрі жетілдіруді жоспарлайды.  

     3. 2011 жылғы 4-тоқсанда  респонденттердің 64% жылжымайтын мүлік бағасының кейбір өсуін күтеді, осы уақытта банктердің 36% жылжымайтын мүлік бағасы өзгермей қалады деп жоспарлап отыр (8-диаграмма).  

8-диаграмма.  Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының өзгеруін күтулер 

     

     Банктер жылжымайтын мүлік нарығын қалпына келтіру динамикасын халықтың тарапынан сатып алу белсенділігінің төмен болуымен сипаттайды. Қысқа мерзімді перспективада айтарлықтай баға өсіміне  алғышарт күтілмейді.  
 
 

                                    III. Тәуекелдер картасы  

     1. Банктер 2011 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша кредиттік тәуекелді қабылдау дәрежесінің біртіндеп азаюын көрсетеді (9-диаграмма).

     2-тоқсанмен  салыстырғанда валюта тәуекелі (3-тоқсандағы  күтулер, банктер бұрын жасаған  тоқсанда барынша төмен болды)  бойынша сезімталдық біршама көтерілді, бұл осы тәуекелдің Еуроаймақта, АҚШ-та проблемалардың өсуіне қарай ауқымды көлемде өсуімен түсіндіріледі.

     Банктер ерекше көңіл бөлетін негізгі  тәуекелі кредиттік тәуекел болып  қалып отыр. Осы тәуекел түрінің  маңыздылығы банктердің несие портфелінің сақталып отырған төменгі сапасына байланысты. Бұл ретте 3-тоқсанда оның деңгейі мүлдем өзгерген жоқ – респондент банктердің 16% осы тәуекел азайған банктер саны 14% болған кезде кредиттік тәуекелді ұлғайту туралы мәлімдеді. 4-тоқсанда банктердің 22% кредиттік тәуекелдің өсуін, ал 14% – оның төмендеуін күтеді. 

     9-диаграмма.  Банктердің кредиттік  тәуекелді қабылдауы 2

       

     1. 3-тоқсанда банктер тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру және несие портфелінің сапасын жақсарту, оның ішінде проблемалық заемдарды тазалау жұмысын жүргізді.

     Банктердің  несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту үшін қабылдайтын  шараларына қарамастан төменгі деңгейде сақталып отыр. Таяудағы          3 айда респонденттердің 22%-ы несие  портфелі сапасының жақсаруын күтеді, банктердің 62%-ы көрсеткіш өзгермейді деп болжамдайды. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша респонденттердің тиісінше 18% және 26% несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 68% және 70% портфелдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді.

     Банктердің  көпшілігі  қайта құрылымдау процесінің және проблемалық кредиттер бойынша  кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша  операциялардың кейбір баяулауын атап өтті, бұл проблемалық кредиттер  бойынша мәселелердің негізгі бөлігін шешуге байланысты. Бұл ретте несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы  жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелерін жедел шешу болып табылады.

     Банктер тарапынан бизнесті барынша терең  түсіну, тәуекел-менеджментінің сапасын айтарлықтай жақсарту және кредиттік жобаларды барынша мұқият қарау байқалады, бұл шетелдік қатысумен банктер тарапынан бәсекелестік қысымның күшеюімен,  сондай-ақ қаржы ресурстарын барынша тиімді бөлуге және пайдалануға тырысуға байланысты.

     Еуропалық капитал нарықтарында ахуалдың тұрақсыз болуына байланысты банктердің бос  ақша қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздарға және  энергетикалық  компаниялардың өтімділігі жоғары бағалы қағаздарына инвестициялауы өсе  бастады, себебі бұл қаржы құралдары барынша аз болып табылады.

     3-тоқсанда  негізгі қорландыру көздері заңды  және жеке тұлғалардың депозиттері,  жұмыс істейтін акционерлер (бас  банктер) тарапынан капиталға  инвестициялар және алынған түсімді  қайта инвестициялау болып табылады.  

     2011 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелері орташа есеппен алғанда3 мынадай көздер есебінен өтелді:

     - ішкі міндеттемелер есебінен (58%);

     - сыртқы нарықтарды резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (24%);

     - резиденттерге активтер мен талаптарды қысқарту есебінен (18%).

     Кейінгі 12 айдың ішінде (2011 жылғы қазан - 2012 жылғы қазан бойынша) банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды жоспарлайды (47%); капиталдың сыртқы нарықтарында берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2011 жылы, банктердің бағалаулары бойынша, сыртқы міндеттемелердің жалпы жоспарланған өтеулерінен  27% деңгейде болады, бұл ретте банктер 12 айды (2011 жылғы қазан - 2012 жылғы қазан бойынша) болжамдау кезінде, резидент еместерден қаражатты тарту мүмкіндігіне жол беретіндігін атап өту қажет. Сонымен қатар, банктер капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру құны банктер үшін оңтайлы және тиімді мәндерге жеткен кезде осы қаржыландыруды қарайтын болады. Яғни осы тарту капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру бағасына тікелей байланысты. Сонымен қатар банктер қаржыландыру тапшылығын активтерді (резиденттерге және резидент еместерге талаптардың қысқаруы) сату,  тиісінше 19% және 7% жуығы сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулері есебінен белсенді түрде жабуды болжамдайды.    
 
 

2003 жылы Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі туралы  Заңға енгізілген соңғы өзгерістер  мен толықтырулардың нәтижесінде  2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр. 

Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді. 

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді  атқарады:

ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды  шығару;

мемлекеттің ақша-несие  саясатын әзірлеу және жүргізу;

несие беру;

депозит қабылдау;

төлем жүйесін  ұйымдастыру;

валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

төлем балансын құрастыру. 

Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге  қоса төмендегідей өзге қызметтерді  атқару жүктеледі:

Қаржы нарығының  барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:

Банктер;

Сақтандыру ұйымдары;

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;

Жинақтаушы зейнетақы  корлары.

Қаржы нарығының  барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту. 

Ұлттық Банктің  негізгі міндеті мен қызметтерін  осылайша түйіндеу инфляция бойынша  мақсаты көрсетіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді. 

Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

бірінші кластық  эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді  қайта есепке алады;

мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе  отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға  қабылдайды;

қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

қажет кезінде  банктерде және қаржы ұйымдарында  шоттар ашады;

чектерді жазып  вексельдерді береді;

жарғыға қайшы  келмейтін өз міндеттемелеріне сай  келетін басқа да банктік операцияларды  жүзеге асырады.[1] 
 

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

 Банк қызметін  – банктің клиент мүддесі үшін  белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын  сипаттауға болады. Кез келген  банк өнімінің негізінде қандай  да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

 Қазіргі кезде  негізгі дәстүрлі қызметтерге  бұрынғыша салымдар тарту мен  қарыздар беру жатады. Банктер  өз пайдаларының көп бөлігін  осы операциялар бойынша пайыздық  айырмадан алады. Бірақ осы  екі қызмет төңірегінде банктік  өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

 Қазіргі кезде  әмбебап банктер банк қызметтерінің  және қаржылық қызметтердің барлық  аспектілерін түгелдей қамтитын  өнімдердің кең қатарын ұсынады.  Осы кезде басқа банктер бәсекелестік  артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

 Коммерциялық  банктердің желісі ақша нарығының  қалыптасуына ықпал етеді, ал  заңды және жеке тұлғалардың  мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

 Коммерциялык  банктер негізінен өз клиенттерінің  шаруашылық қызметтеріне қызмет  көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

 Банктердің  экономикадағы маңызын олардың  атқаратын операциялары анықтайды.  Сол операциялар ішіндегі пассивті  операциялар – комерциялық банктің  ең маңызды операцияларының бірі болып келеді.

 Бұл курстық  жұмысты таңдаған мақсатым мынада  – бүкіл кәсіп орындар ішіндегі  ең бай кәсіп орынның бірі  – коммерциялық банк болғандықтан, олардың қаржы – қаражаттының  қалай, қандай жолдармен ұлғайып,  өсетіндігін білгім келді. Қаржы – қаражатсыз ешқандай жұмыс, операция өте алмайтындықтан, қор жинайтын операция немесе пассивтік операция ең басты және ең бірінші операция деп санаймын. Ақша ақшаны жасайды, қаражатың болмаса ісің де жүрмейді.

Информация о работе Банк і және ақша, несие саясаты