Банк і және ақша, несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:11, реферат

Описание работы

Орталық бактің негізгі фунциясы несие беру және салымды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде комерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

Работа содержит 1 файл

Банк және ақша-несие саясаты.doc

— 184.50 Кб (Скачать)

Банк  і және ақша, несие  саясаты 

Орталық бактің негізгі фунциясы несие беру және салымды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде комерциялық банктер  ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

 Орталық банк  ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, комерциялық банктің міндетті резервтерін банктер арасындағы шот айырысу ретінде пайдалынады.орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттің банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекетте орталық банк ақша, несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, комерйиялық банктің іс-әрекеттерін қадағалайды және ұйымдастырады.

 Орталық банк  ақша ұсынысын ақша базасына  және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі комерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

 Қазақстан  Ұлттық банкі мемлекеттің ақша, несие саясатын анықтайтын және  жүзеге асыратын орган болып  табылады.

 Қазақстан  Ұлттық банкі ақша, несие саясатының  басты мақсаты ұлттық валютанының  тұрақтығын, яғни оның төлем қабілеттілігімен  басқа шетел валюталарына қатысты  тұрақтылығын қамтамассыз етуді  көздейді.

 Ақша, несие  – бұл айналыстағы ақша жиынын  немесе көлемін жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жыйынтығы. Ақша, несие саясатының макроэкономикалық субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша, несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объекттілеріне экономикада қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

2. Шаруашылық  жағдайына байланысты ақша, несие  саясатының екі (2) типі болады:

1. Рекстрициялық  – ақша, несие саясаты.

2. Экспонациялық  – ақша, несие саясаты.

 Рекстрициялық  ақша, несие саясаты – екінші  денгейлі банктің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлеме денгейін бағыттайтын шаралар жиынтығы.

 Экспонациялық  ақша, несие саясаты – несие  беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы  ақша жиынының өсуіне бақылаудың  әлсіздігінен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне бағытталады. Соңғы жылдары ақша, несие саясатының басты көздеген бағыты инфляция төмендету және тенгенің тұрақтылығын қамтамассыз ету.

 Ақша, несие  саясатының негізгі мақсаттары  және құралдары.

 Ақша, несие  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

1. Ақырғы мақсат:

 –– Экономиканың  өсуі.

 –– Толық  жұмыссыздықтың басты денгейі.

 –– Бағаны  тұрақтандыру.

 –– Төлем  баланысын тұрақтандыру.

2. Аралық мақсат.

 –– Ақша  жиыны. 

 –– Пайыз  мөлшерлемесі.

 –– Айырбас  курсы.

 Құралдары: 

 –– Несие  берудің лимиті, процент мөлшерлемесін  тікелей реттеу.

 –– Міндетті  резервтер формасының өзгеруі.

 –– Есептелу  мөлшерлемесінің өзгеруі.

 –– Ашық  нарықтық операциялары.

 Пайыз саясаты  – Қазақстан Ұлттық Банк ісі  жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржылайтын мөлшерлемесін белгілейді. Ресми қайта қаржылайтын мөлшерлемесінің ақша нарығының жалпы жағдайына байланысты несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция денгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банк ісінің процент саясатының негізгі мақсаты айналыстағы тенге денгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту. Соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамассыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі шын мәнісінде пайыз үшін төмендер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.

 Қазақстандағы  инфляциямен күресудің тағы бір  маңызды факторы шетел валютасына  деген артық сұранысты төмендету  болып табылады. 

Ақша-несие  саясаты  

Ақша-несие   саясаты    мемлекетті   реттеу    саясатының   бір    бағыты    болып    табылады.    Соның    ішінде   төлем   балансын    іске    асырудағы    маңыздылығын    баса   айтып    өткен   жөн.   Ақша – несие     саясаты    -    нарықтық     экономиканың    тірегі    ретінде    экономикалық    дамудың     ажырамас     элементін     білдіреді.          Ақша – несие   саясаты   Қазақстан   Республикасында    ҚР  Ұлттық    Банкімен    елдің     банктік    пайыздыі    ставкаларын,    валюта    курсын,    төлем    қабілеттілігін    анықтау    жолымен    іске    асады.   Сонымен    қатар    ақша    массасы   көлемінің    кеңеюіне    немесе    оның    қысқаруына    бағытталуы    мүмкін.           

Төлем   айналымы    және    оның    біздің    елдегі    қалыптасуы   мен   жұмыс    жасау    қарқыны   ақша-несие    саясатының    негізгі    мақсатының бірі,   мұнымен   қоса   инфляциялық    тежелуді    қамтамасыз    ету   және    қаржы    нарығының    тұрақтылығын    қадағалау   қызметтері   де   жүктеледі.   Айырбас    бағамының    икемділігін    сақтап   тұру   өз   алдына   үлен   жауаптылық.    Бұл   мақсаттарды    бір   мезгілде   шешу    қиындық    тудырады.  Себебі    экономикалық    өсу   үшін   несиелік   экспансия,    ал   инфляцияны    тежеу    үшін,    керісінше,    несиелік    рестрикция,   яғни    ақша    массасының    жалпы    шектеулілігі    қажет.   Сондықтан   да  ақша-несие     саясаты    тұрақты    бюджет,    төлем    балансы   және   салық    саясатымен     байланысты    келеді.   

            Ақша-несие    саясаты    бүгінгі    таңда    несиелеуге    болатын   экономика    секторын    дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік   маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне    негізделеді. 

«Кредит нарығының жағдайы  және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге  зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3-тоқсанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тоқсан сайынғы зерттеуінің қорытындылары бойынша мынадай үрдістер байқалды. Сыртқы арзан қорландыру көздерінің шектелмегенінен қарамастан, банк секторының кредиттік белсенділігі біртіндеп қалпына келуде. банктер арасында сапалы заемшылар үшін бәсекелестік күресі одан әрі күшейе түсуде, бұл ретте мұндай заемшылардың сапасы шектеулі. Клиенттік базаны кеңейту мақсатында банктер ұсынылатын өнімдердің құрылымын жетілдіріп, кеңейтуде, сондай-ақ бизнесінің ерекшелігін ескере отырып, клиенттерді бағалаудың жеке тәсілін қолдануда. Сонымен қатар жаңа кредиттерді беру кезінде консерватизмнің жоғары деңгейі сақталуда. Несие портфелін жұмыс істемейтін заемдардан тазарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Банк секторының белсенділігін одан әрі көтеруді және несие портфелінің сапасын қалпына келтіруді үдерісін жылдамдатуды банктер салық ауыртпалығын жұмсарту бөлігінде заңнамаға алдағы енгізілетін өзгерістермен және проблемалық кредиттер қорын іске қосумен байланыстырады.  

    1. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
 

     1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1).

      Талдау жасалып отырған кезеңде  кредиттерге сұраныстың ұлғайғанын атап өткен банктердің үлесі 2011 жылғы 2-тоқсандағы 79%-дан аздап төмендеп,  76% құрады. Бұл ретте мұқият жүргізілген қаржылық талдауды және корпоративтік клиенттердің әлеуетті тәуекелдерін бағалауды есептегенде, кредиттеу мерзімдерінің ұлғаюы динамикасы сақталды. Жалпы алғанда кредиттеу құрылымы көбіне айналым қаражатын қаржыландырумен, қолда бар берешекті қайта қаржыландырумен, сондай-ақ негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар берумен көрсетілген. Банктер заемшылардың қызметті қаржыландырудың басқа көздерін пайдалануының іс жүзінде өткен тоқсандағы деңгейде сақталғанын да атап өтіп отыр.

     Сұраныстың  өсуі негізінен пайыздық ставканың  өзгеруін туындатып отыр, ал мерзімдердің және басқа да талаптардың өзгеруі  сұраныста аз  дәрежеде көрінеді. Бұл ретте кредиттеудің бағаға қатысы жоқ талаптарының өзгеруі заемшылардың банктер кредиттеріне сұранысын төмендетуге әкеп соққанын бірде бір банк атап өткен жоқ.

     Банктердің  бағалауынша 2011 жылғы 4-тоқсанда кредиттік ресурстарға  заемшылар тарапынан  сұраныстың өсуі сақталады. Банктердің шамамен 62%-ы сұраныстың ұлғаятынын күтеді және респонденттердің бар болғаны 38%-ы оның бұрынғы деңгейде қалатынын болжайды. Сұраныс кіші және орта бизнес тарапынан, сондай-ақ овердрафт және халықаралық қаржы институттарын қаржыландыру сияқты бағыттар бойынша өседі деп күтіледі.

      2. Корпоративтік  заемшылар тарапынан  сұраныс қысқа  мерзімді, сол сияқты  ұзақ мерзімді  кредиттік ресурстарға  сұраныс байқалады. 

     Заңды тұлғалар тарапынан ұлттық валюта –  теңгемен кредиттерге деген сұраныстың басымдығы жалғасуда. Бұл ретте қысқа мерзімді кредиттерге деген сұраныстың өсу қарқыны 2011 жылғы 3-ші тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда үдеді, ал ұзақ мерзімді кредиттердікі баяулады (2-диаграмма).

     3. 2011 жылғы 3-тоқсанда банктер корпоративтік секторды кредиттеу кезінде консервативтік тәсілді ұстанды (3-диаграмма). Оң кредиттік тарих кредитті беру кезіндегі маңызды фактор болып табылады.

      Банктердің бизнестік кредиттеуге  ниеті талдау жүрігізіліп отырған  кезеңде өсуін жалғастырғанмен, өткен тоқсанмен салыстырғанда біршама қысқарды. Банктердің кредит саясаты корпоративтік заемшыларға қатысты 2011 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда жалпы алғанда өзгерген жоқ. Корпоративтік сектордың кредиттік ресурстарға деген сұранысының өсуіне қарамастан банктер, бұрынғысынша, клиентті таңдауға мұқият қарауда, себебі кредиттеу нарығында сапалы заемшылардың тапшылығы проблемасы әлі өткір күйінде қалып отыр. Заемшыларды таңдау кезінде кредиттік тарих пен клиенттің рентабельділігінің оң көрсеткіштері банк үшін маңызды аспект болып табылады. Несие портфеліндегі проблемалық кредиттердің үлесінің басымдығын және олардың сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді баяу шешілуін ескере отырып, банктер тексерілген және сенімді заемшылармен жұмыс істеуді таңдады, бизнестік бастапқы қалыптасу кезеңін (start-up жобалары) тәуекелі жоғары деп бағалай отырып, оны іс жүзінде кредиттеген жоқ.

     Қазақстандық  банктер кредиттеу сегментінде  шет елдің қатысуы бар орташа банктер бәсекелестігінің күшейгенін атап өтуде. Нарықтық үлесі ұлғайту  мақсатында жекелеген банктер кредиттік өнімдерін төмендетілген ставкалармен ұсына отырып, агрессивті саясат жүргізуде, бұл басқа банктерден жақсы заемшылардың кетуіне әкеп соғуда. Соған қарамастан бұл үрдіс нарықтағы кредит өнімдері құнының жалпы төмендеуіне ықпал етеді. 

     Салалар бойынша 3-тоқсанда сауда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары көбірек  кредиттелді. Әлемдік тауар нарықтарында астық бағасының төмендеуіне  байланысты ауыл шаруашылығындағы тәуекелдердің  аздап ұлғаюы байқалады, бұл банктерді  осы секторда қамтылған заемшыларды қаржыландыруға барынша мұқият қарауға итермеледі. 

     Жалпы алғанда банктер  корпоративтік секторға қатысты кредит саясатының 2011 жылғы 4-тоқсанда осы  үрдісін сақтайтындығын күтеді - банктердің 79%-ы кредит саясатының өзгеріссіз қалатынын, ал банктердің бар болғаны 15% аздап жұмсаратындығын болжайды. Банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін, бәсекелестіктің одан күшеюін, соның нәтижесінде клиенттік базаны кеңейту мақсатында кредиттік желінің дамитынын және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың өсетінін болжайды.

     Экономиканы кредиттеуге және экономикалық өсуді  ынталандыруға қолдау көрсетуге  бағытталған мемлекеттік бағдарламалар  кәсіпкерлер тарапынан кредиттік  ресурстарға сұраныстың ұлғаюына, бизнестік  іскерлік белсенділігінің қалпына келуіне, сондай-ақ банктердің кредит қызметінің жандануына ықпал етуін жалғастыруда.  
 
 
 
 
 
 

     II. Жеке тұлғаларды  кредиттеу нарығы 

     1. Банк секторындағы бәсекелестіктің күшеюі кредит ресурстарының қол жетімділігінің көтерілуінде оң көрініс табуды.

      2011 жылғы 3-тоқсанда ипотекалық өнімдерге деген сұраныстың ұлғайғанын банктердің 59% атап өтті. Кредиттеудің осы сегментінде сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталғанын бағалаған банктердің үлесі 41% құрады. Ал тұтыну заемдарына деген сұраныстың ұлғайғанын банктердің 70%-ы атап өтті, бұл өткен тоқсандағы 90%-бен салыстырғанда едәуір төмен (4 және 5-диаграммалар). Осылайша, банктердің тұтыну кредиттеріне деген сұраныстың өсуіне қатысты болжамдары 3-тоқсанда орындалған жоқ.

      Кредиттерге деген сұраныстың өсуі, банктердің пікірінше, заемшылар – жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік нарығының жақсы перспективаларды күтуімен, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуды қаржыландыруға сұраныспен, сондай-ақ борыштық ауыртпалықты қабылдаудың төмендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте Еуроаймақтың қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздығымен байланысты отандық қаржы нарығын одан әрі дамытудың перспективаларына қатысты халықтың теріс күтулері сұраныстың өсуін тоқтатын факторлар болды.    Банктерді сұрау нәтижелері бойынша бұл ахуал банктің кредиттік комитеті оң шешім қабылдаған кейбір жақсы заемшылардың кредиттерден бас тартуына әкеп соққан. 

Информация о работе Банк і және ақша, несие саясаты