Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:13, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы – құжатсыз формада.

Содержание

1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі
3. Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы

Работа содержит 1 файл

Мелекттік бағалы қағаз нарығы.doc

— 136.00 Кб (Скачать)

      Қорытындылай келгенде, бағалы қағаздар  нарығының кәсіби мамандары көбеюде.  Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемелекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

      Бағалы қағаздар нарығында қызмет  атқаратын қаржы институттарының  ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген Республика ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұллтық комиссия, Қаржы министрлігі,Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жеке меншіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың  ең негізгісі – Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21- дегі Республика Президентінің “Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы” жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.   

     Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық  комиссия оның төрағасы және  төрт комиссия мүшелеріне құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президентті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы ақпараты құрылған.

      Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар.Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт, сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын да бағалауға болмайды. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, джобберлер.

       Брокерлер- делдал ретінде келісімге  қатынасатын адамдар.Брокер келісім  жасасатын әрбір табыстыруды  көздейді. Брокер өкіл емес,ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттілік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

      Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

     Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

     Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-нормалар шығаратын мемелекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

     Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кесдесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті норматифтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құрладары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінгені дұрыс.

      Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

      Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

  • бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
  • осы мәселелері бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
  • бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл - бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және сол сияқты жұмыстар. 

       Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

  • несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
  • мемлекеттің салық саясаты;
  • депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімт кепілдігі;
  • қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта мен ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
  • мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыруды реттеу);

мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу);

       Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не бағалы қағаз жөніндегі комиссияға, не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік банкке жүк- телді. Мысалға келтіретін болсақ АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған. Бағалы қағаздар және қор биржа лары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министр- лігінде қаралады.

        Бағалы қағаздар нарығы механизмі барлық экономикалық субъектілерге қажетті инвестициялық ресурстарды тартуды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсына-ды. Акцияларды шығару кәсіпорынның тіршілік етуінің барлық мерзімінде ресурстарды шектеусіз, мәңгі пайдалануына мүмкіндік береді.Облигацияларды шығару арқылы инвестициялық ресурстарды алуды тиімді түрде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекет бюджеттік тапшылықты жою үшін ақша белгілерін эмиссиялау емес, бағалы қағаздарды шығаруды қалайды.

      Бағалы қағаздар нарығы көптеген  елдер үшін әр түрлі қатынастарда қаржы-лық экономикалық өсуі мен ұлттық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуда маңызды механизм болып табылады.

      Қазігі таңда бағалы қағаздар  нарығы ұлттық шаруашылықтың  жоғары дең-гейде дамуы мен халықаралық экономиканың негізі болып табылады. Оның да-му деңгейі кәсіпкерліліктің мәдениеті мен экономикасының дамуынан байқала-ды. Бағалы қағаздар нарығы « экономикалық жағдайдың» барометрі болып табылады. Бұл нарық еркін ақша қатынастарынан және оған қажеттілігі бар капитал қоғалысына байланысты туындады.

    Соңғы жылдар бойы Қазақстанда  қаржылық сектордың сандық және  сапа-лық дамуының позитивті қағидалары қарастырылуда. Қаржылық ұйымдардың активі мен капиталы жоғарғы қарқында дамуда және олар мемлекет экономи- касын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарығындағы  бірінші реттілік нарығы қанша  қарқынды даму үстінде болса  да, екінші реттілік нарық механизмі  артта қалуда. Соның салда-рынан қор нарығының бірінші реттілік нарығы бәсеңдейді. Ресей ғалымдары-ның айтуынша бағалы қағаздар нарығы бағалы қағазға деген қатынасқа байла нысты өседі, алайда соңғы уақыттары осы нарықтың екінші реттілігінің артта   

қалуынан  бағалы қағаздар нарығы толығымен әлсірейді  деген сөз.

     Қазақстан Республикасы өз егемендігін  жариялау уақытында басқа барлық  қаржылық секторларға қарағанда бағалы қағаздар нарығы артта қалды. Қор на-рығындағы көптеген мәселелердің шешілмеуінен нарық мүлдем жойылды деп айту қате тұжырым. Себебі, қор нарығы позитивті процесс негізінде дамып отыратын жас, орнықты және перспективалық нарық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы мемлекетте қаржылық ресурстарды қайта бөлу жүйесінде маңызды роль атқарады, сонымен қатар нарықтық экономиканың қалыпты қалыптасуында маңызы зор. Сондықтан Республика Үкіметі мен басқару органдарына қойылатын талап қор нарығының дамуын белгілі бір ретпен реттеу қарастырылады.

       Бағалы қағаздар нарығының тұрақты  дамуын келесі жолдармен шешуге  болады: 

  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылар санын көбейту;
  • Бағалы қағаздарды иемденушілердің құқығын тұрақтандыру;
  • Қатысушылар үшін бағалы қағаздар нарығының «мөлдірлілік» ақпаратын енгізу, яғни бұл арқылы инвесторлар үшін тәуекелділікті төмендетіп, нарыққа жаңа бастау алады;
  • Еркін ақша қатынастарының эффективті мобилизациясын иемденетін инфрақұрылымдық нарықты жетілдіру, бағалы қағаздар үшін сатушы мен сатып алушыларға арналған нарықтың нақты құнын белгілеу, сонымен қатар операция бойынша нарық қатысушыларының шығыстыран дамыту.

       Әлемнің барлық мемлекеттері  мемлекеттік бағалы қағаздар  арқылы ішкі мемлекеттік қарыздарды және құнды ұстап тұруды реттейді. Қазақстанда бұл нарық заңды түрде ірі институттық инвестор болып табылады.

       Қазіргі таңда Қазақстанның бағалы  қағаздар нарығы көптеген инвесторлар  үшін қаржы қажеттілігін қамтамасыз  етуде толыққанды механизм болып табылады. 1991 жылдан бастап Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыпта-суына және экономикада нарықтық қатынастардың құрылуына экономикалық қайта құру әсер етті. Қазақстан Республикасында қр нарығы құрылып қана қой-

май, сол саланың дамуында белгілі бір жетістіктерге жеткендігі көрінеді. Со-ның негізгілерінің бірі:

    ─ Бағалы қағаздар нарығында тұрақты жетілген және  дамыған  техникалық ин- 

       фрақұрылымның құрылуы;

    ─ Бағалы қағаздар нарығының заң  шығару   базасының  прогрессивтілігі  және

       ТМД мемлекеттер ішінде оның  жоғарғы деңгейде корпоративті  басқарылуы;

    ─ Ірі  ішкі институттық нвесторлардың  құрылуы және бағалы қағаз портфелін 

       басқару; 

    ─ Корпоративті облигация нарығының потенциялды  дамуы.

   Бағалы қағадар нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары болып келесілер саналады:

  • Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу;
  • Ішкі институттық инвесторлардың дамуына қажетті мүмкіншілікті құру;
  • Техникалық инфрақұрылымның дамуы;
  • Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының екі деңгейлі жүйесін жетілдіру болып табылады.

     Қаржы нарығының, атап айтсақ, бағалы қағаздар нарығын дамытуға  арналған Қазақстан Республикасының  қаржылық сектор тарапынан 2003-2010 жылдарға арналған дамыту концепциясы белгіленді және ол Еуропалық Одақпен стандартты түрде анықталған.

    Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу. Тартымды құралдар көзіндегі тапшылық мәселелері бағалы қағаздар нарығының бастысы болып табылады. Бұл салада басты институттық инвесторлар зейнетақы актитерін қадағалау. Берілген мәселелер бойынша басты бағыт болып, институт тық тартымды бағалы қағаздарды жоғарлату. Бұл мақсатқа жету болып корпоративті басқарудың тұрақтылығын қарастыру, құқық қорғау принципте-рін нығайту, акционерлік қоғам саласындағы мәселелердің шешілуі. Қазақстанның қор нарығында ақпаратты жоғарлату мәселелерін шешуде қаржының орталықтанған жүйесі енгізілді. Жақын арада Қазақстандық өндірісте мемлекеттік акциялар пакетін іске асыру бағдарламалары қолдануда.

      Бағалы қағаздар нарығын реттеудің екі деңгейлі жүйесін дамыту. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзіндік реттеушілік ұйымын дамыту шебінде осы нарықтағы кәсіби қатысушыларының қызметін бақылауды оларға жеке функция ретінде бөлу мүмкіндігі қарастырылады.        Сонымен қорытындылай келгенде бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін:

 1) бағалы қағаздар нарығының жіктелуін ұлғайту;

2)  бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын ролін көбейту;

 3)  барлық техникалық функцияларды атқаруда бағалы қағаз нарығында транс-

     фер-агенттік желілерді жетілдіру;

4)  инвестициялық қорды жетілдіру;

5)  «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы инсайдерлік

       келісімшарт » туралы заң жобасын  қайта өңдеу;

  1. бағалы қағаздардың шығарылуына байланысты транзакциондық шығындарды төмендету.

     Аталған үлгімен бағалы қағаздар  нарығының дамуы оның сапалы  жақсаруына жекелеген инвесторлардың  құқықтарымен қызығушылықтарының  тұрақ тылығы мен бірқалыптылығын  қамтамасыз етуде бағытталған  және болашақ та да бағытталмақ.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы