Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:13, реферат
Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы – құжатсыз формада.
1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі
3. Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы
Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының маңызды бір бөлігі ақша нарығы болып табылады,онда қысқа мерзімді қарыз міндетемелері бар казначейлік вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшалары табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды.Онсыз толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестері реттеп,олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және де өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың
барлық субьектілерінің
Бағалы қағаздардың айналымға
түсу уақыты мен әдісіне қарай
олардың рыногы бастапқы және
қайталама болып бөлінеді. Бастапқы
нарықта бағалы қағаздардың
Ұйымдастырылған бағалы
Эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді,орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық,форвардтық және тағы басқа сол сияқты салалық критерийі бойынша.
Бағалы қағаздар нарығының
Бағалы қағаздар негізі
Бағалы қағаз немесе қор
Бағалы қағаздардың тууына
Жоғарыда баяндалғандардан
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың на- рығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы бо- лады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қа- ғаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатта-рына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым ры-ногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бағалы қағаздар нарығының
Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор
биржасы және биржадан тыс
бағалы қағаздар нарығының
Өзін-өзі реттейтін ұйым
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкімдеріне – брокерлер ,дилерлер, ,касто- диан, депозитарийлер, джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар жатады.
Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
Құрылымы жөнінен брокерлік
1.Клиент брокерлік фирмамен
2.Брокерлер клиенттің
3.Брокер тапсырманы
4.Брокер мәмілені ерекше
5.Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.
Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы- сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралда рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:
1.Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3.Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-ғаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.
4.Сатып алушы мен сатушыларды
бір-біріне кездестіріп,
Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.
Орталық депозиторий– бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Орталық депозиторийдың
Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді, бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.
Джобберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бақылайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғандықтан оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады.