Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:13, реферат

Описание работы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы – құжатсыз формада.

Содержание

1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі
3. Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы

Работа содержит 1 файл

Мелекттік бағалы қағаз нарығы.doc

— 136.00 Кб (Скачать)

Жоспар: 

1 Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығының пайда  болуы және оның құрылымы

2. Бағалы қағаздарды шығару механизмі

3. Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.

   Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы – құжатсыз формада.

   Мемлекеттік бағалы қағаздар әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)

   Мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.

   Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде  қаржыландыру (қолданысқа  қосымша ақша шығармай-ақ).

   Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру  және т.б).

   Экономикалық  белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)

   Бағалы  қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша  кіріс инфляция деңгейінен артады).

   Қазақстан Республикасындағы МБҚ-ның негізгі  түрлері:

   Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ)

   ҚР  Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық міндеттер.

     Міндеттеменің номиналды бағасы  – 100 теңге

     Міндеттеме құжатсыз формада  шығарылады және ҚР Орталық  депозиттарийінде  есептеледі.

     Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы  төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.

   Орта  мерзімді ГСКО (МЕОКАМ),

   Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ)

     ҚР Қаржы министрлігі шығаратын  3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа  мерзімді қазыналық валюталық  міндеттер.

     Міндеттеменің номиналды бағасы  – 100 АҚШ доллары.

     Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады  және ҚР Орталық депозитарийінде   есептеледі.

     МЕКАВМ орналастыру және қолдану  шарттары МЕККАМ-дың орналастыру  және қолдану шарттарына сәйкес.

     Инвестор төлем жасалған күнгі  Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді.

     Эмитент төлем жасалған күнгі  Ұлттық банктiң курс бағамына  сәйкес төлейді. .

   Индекстелген ГКО (МЕЙКАМ)

   Индекстелген  қазыналық міндеттемелер қазына иесіне оның өтем барысында оған номиналды  құнын алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған ақшаның индексациясы индекстелген қазыналық міндеттемелерді ұсынудың үш айлық кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны белгіленген  ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге.

     Индекстелген қазыналық міндеттемелер  оның ұстаушылары арасында номиналды  құнымен орналастырылады. Индекстелген  қазыналық міндеттемелердің алғашқы  шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес  кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын  қосатын сыйақы мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің қанағаттандырылуы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге асырылады. Қазыналық  міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына бір рет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.

   ҚР  Ұлттық банкінің ноталары

     ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді  ноталары 7 күннен 91 күнге дейінгі  ұсынысымен ҚР Ұлттық Банкімен  белігеленеді. ҚР ҰБ қысқа мерзімді  ноталардың орналасуы мен ұсынылу тізбегі МЕККАмдардың орналасуы мен ұсынылуы шарттарымен бірдей. Аукционнның өткізілу мерзімі және эмиссиялардың көлемі ҚР-ның Ұлттық Банкісімен реттеледі және аукцион шарттарында хабарланады.

   Ұлттық  жинақ облигациялары (ҰЖО)

     Ұлттық жинақ облигациялары – 1 жылдық мерзіммен МЕККАМдардың 3 жылдық ұсыну мерзімінің кірісіне байланысты тоқсан сайынғы купондық мөлшерлеменің өзгерілуімен  ҚР қаржы министрлігімен белгіленеді. Облигацияның номиналды құны -1000 теңге. Облигациялар құжатсыз формада  шығарылады. ҰЖО Меккамға және НОТқа қарағанда номиналды бағамда тоқсанына бір рет енгізіліп, купонмен төленеді. Барлық иневесторлар облигацияларды сатып алуға өтініш ұсыну арқылы Қаржы агенттіктері арқылы қол жеткізеді. Қаржы агенттіктері (ҰЖО-ны тарату бойынша эмитентпен басты келісім-шартқа қол қойған алғашқы дилерлер) субдепозитариялардың қызметін орындайды. Эмиссия көлемі және жазылу мерзімі ҚР Қаржы министрлігімен реттеледі және жазылу шарттарында хабарланады. Қазіргі таңда ҰЖО-ға жазылу тоқсанына бір рет өткізіледі.

   Мемлекеттік бағалы қағаздар –ның өзге де қаржы құралдарынан ерекшелігі:

   Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы және МБҚ-дың кірісі салықпен белгіленбейді. Сенімділіктің жоғары деңгейі және капитал және оның кірісін жоғалтудың төменгі қаупі.

   Қазкоммерцбанк бағалы қағаздар нарығында алғашқы дилер бола отырып, бағалы қағаздар операциясы бойынша қызметтің барлық түрін көрсетеді:

   Мемлекеттік бағалы қағаздар аукциондарды екінші деңгейлі нарықта сатып алу;

   Мемлекеттік бағалы қағаздар екінші деңгейлі нарықта сату;

   Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу мен сатудан түскен ақшаны жаңа МБҚ реинвестициялау;

   Бағалы  қағаздар мен ақшаны сақтау бойынша  кастодиалды қызмет;

   Кеңес, нұсқау, қоржынды сенімді басқару.

   «Қазкоммерцбанк»  АҚ-да бағалы қағаздар нарығында операция жүргізудің шарттары

   «Қазкоммерцбанк»  АҚ-та депо-шотын ашу үшін инвестор брокерлік қызмет үшін банкпен келісім-шартқа отырады және нотариалды бекітілген қолтаңба үлгілері мен мөр таңбасы  белгіленген карточканы ұсынады. ҚР резиденттері еместер инвесторды ҚР заңнамасына және халықаралық құжаттар заңнамасына сәйкес идентификациялауға мүмкіндік беретін дәл осындай жұмыс істеуге құқық беретін мағлұматтар мен құжаттар тізбегін ұсынады.

   Қазкоммерцбанктің, басқа да банктің клиенттері инвестор бола алады.

   Бағалы  қағаздармен операция өткізгені үшін банкке ұсынылатын комиссиялық сыйақы көлемі инвестор портфелінің көлеміне байланысты.

   Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы – бұл еркін ақшаны салудың сенімді және ликвидті әдісі, қауіпсіз қосымша кіріс көзі. «Қазкоммерцбанк» АҚ сізді екі жаққа пайдалы шарттар негізінде әріптестік құруға шақырады.

     Қазақстанның орталықтанған –  жоспарлы экономикадан нарықтық  экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің  сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығын құру  және оны одан әрі дамыту  мақсаттары қазіргі заман талабына  сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.

     Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің  қатынастары экономикалық – құқықтық  механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.

     Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.

   Халықаралық практикаға сәйкес, бағалы қағаздар нарығын  дамыту халық өз қаражатын бағалы қағаздарға белсенді түрде инвестицияламаған жағдайда бағалы қағаздар нарығы дамымайды. Сол үшін мемлекеттік аппарат өкілдерінің жеке инвесторлар тобын, оның «экономикалық» менталитеті мен көзқарасын құруын қамтамасыз ету қажет. Мұнымен қоса, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің қаражатты қаржы құралдарына инвестициялауға қатысты білімі мен жұмыс тәжірибесінің болуы маңызды.

   Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Еуропа Одағы  мен ЭЫДҰ сияқты елдерде мүдделер қақтығысын болдыртпау шарттарын сақтаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге қор нарығының құралдарына инвестициялауға рұқсат беріледі. Активтердің барлығы қажетті түрде декларацияланып, мүдделердің әлеуеттік қақтығысы болмаған кезде БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына кері әсер етпейді.

   Жалпы инвестициялау үшін адамның үлкен  қаражаты болуы тиіс, ал инвестиция деген қиын да шиеленіскен процесс деген қате ой бар халық арасында. Сондықтан олардың көпшілігі бағалы қағаздарды алуға қорқады. Шын мәнінде бағалы қағаздарға инвестициялау деген ұзақ уақыт бойы, немесе дивидент арқылы пайда түсіру мақсатында қаражатты белгілі бір қаржы құралдарының түріне инвестициялау дегенді білдіреді. Бұл орайда тұрақты әрі орташа жалақысы бар адамдар қатарына жататын мемлекеттік қызметкерлер де өз қаражаттарын бағалы қағаздарға сала алады.

   Бағалы  қағаздарды сенім басқармасына тапсыру талаптары тек акцияларға ғана қатысты, яғни бұл талаптардың облигациялар мен пайлық инвестициялық қорлардағы ашық және интервалдық пайларға қатысы жоқ. Себебі, аталған қаржы құралдарына инвестициялаушы тұлға коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспайды. Сондықтан, аталған жағдай мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді белгілейтін мемлекеттік қызметтер мен нормалардың негізгі принциптеріне еш кедергі келтірмейді.

   Заңнамаға енгізілген түзетулер қор нарығына жеке инвесторларды тарту мен халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудағы қосымша стимул болып қана қоймай, сондай ақ, азаматтық-құқықтық мәмілелерді өз атынан емес, жалған атпен жасасу секілді коррупциялық заң бұзушылық фактілерінің азаюына мүмкіндік береді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы