Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 22:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері
1.2 Кеден саясатының құралдары
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

keden sayasaty.doc

— 224.00 Кб (Скачать)

     Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен алынады. Тауар  салмағына қарай баждарды есептеу  «брутто» және «нетто» арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ» тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.

     Ең  көп тараған баждар – адвалорлы  баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы»  валюта курстары кезінде ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы  баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.

     Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі кедендік алым-салым қатысты түрде төмен  деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ  кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.

     Ең  жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті  көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші  орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.

     Отандық өңдеу өнеркәсібін қорғау мақсатында дамыған елдерде баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.

     Батыс елдерінің кеден тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.

     Өнеркәсібі  дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.

     Үйлесімділік  жүйені пайдалана алу тек отандық  тауарлар экспорты кезінде дамыған  елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін  білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың  барлығына қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.

     2 Ал дамушы елдердің кедендік тарифтеріне келер болсақ, дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.

     Ұлттық  нарықты тарифтік кедергілермен  қорғау дәрежесіне қарай дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50 %-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері – Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.

     Екінші  топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады. Мөлшерлеме 50-100 % мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.

     Дамушы  елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100 %-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.

     Дамушы  елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық кеңесі Брюссель тауарлы  номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).

     Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).

     Аргентина мысалында дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда реттеуін қарастырып өту  дұрыс көрінеді. Бұл Латын америкасында импорттық бақылау тарифтік және тарифтік емес шаралар мен шектеулер  арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық  жүйе дамыған кезде ғана кедендік тариф, негізінен, тек фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы баждар 0-ден 22 %-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде анықталады.

     3 Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, мысалы Венгрияда – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді.

     Шығыс Еуропа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін  арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі  туады. Импорттық баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің шаруашылық жағдайларына әсер етті.

     Кедендік  тарифтерді пайдалану, әсіресе ТСБА шеңберіндегі келісімдер барысында  өзінің сауда әріптестерінен саяси  жеңілдіктер (соның ішінде тарифтік) алуына байланысты. Сонымен қатар, кедендік тарифтер халықаралық одақ шешімдеріне сәйкес дамушы елдерге кедендік жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік беретін болды.

     Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік кеден номенклатурасы негізінде ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты қажеттіліктерін көрсетіп отыр. Тарифтегі бағаналар саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі.

     Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмін қолдануға бағытталған, бірақ олардың халықаралық экономикалық қатынасқа белсенді араласуы қашаннан белгілі ережелер мен шарттарын қолданатын ұлттық кеден тарифтерінің қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы Болгарияның мысалы куә бола алады. Олардың қазіргі кездегі кедендік тарифі 1992 жылдың 1 маусымынан бастап қолданылады. Ол үйлестірумен, бейнелеу жүйесі және тауарларды кодпен жазу кезінде құрылған.

     Болгария  ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша  және тауар Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша анықталады.

     Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер  қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді.

     Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтық-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы  ҚР «Кедендік тариф пен баж  салығы туралы» заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі (ҚР кедендік іс туралы» заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «ҚР-ғы демпингке қарсы шаралар туралы» заңы; 1994 жылдың 14 сәуіріндегі «Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісім»; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы» заңы.

     Кедендік  баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты  жүйесіне қатысты кедендік істің  нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.

     Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет болғандықтан сыртқы сауда саясатын  тарифтік реттеу тиімді. Бізде бұл мәселені зерттеуші экономистер екі арнаға бөлінген. Бірі тарифтік реттеуді қолдаса, екіншісі бұған қарсы. Ал менің ойымша кедендік-тарифтік реттеу біздің еліміз үшін тиімді. Себебі тариф жас салаларды қорғайды, бюджет түсімдерінің маңызды көзі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 
 

     Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

     1) Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

     2) Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

     3) Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

     Кеден саясаты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары арқылы жүзеге асырылады.

     Тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар

     Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;

     Бізде бұрынғы КСРО елдермен сауда, негізінен, екі жақты үкіметаралық келісімдермен реттеліп, клиринг негізінде жүхзеге асырылды. Қазақстанның сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен экономикалық реформаларды жүзеге асырылуы барысында қалыптасты. Тәуелсіз сыртқы сауда саясаты немесе кеден саясаты – Республиканың әлемдік қауымдастыққа кіруінің қажетті шарты болып табылады. 

     Бүгінгі күні Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар. Оның негізгі партнерлеріне Ресей, ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Түркия, Корея және т.б. елдер кіреді.

     Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда  оның дәстүрлі болып қала беретінін  байқаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы рынокқа әлі де шикізат өнімімен шығады. Өңдеуші өнеркәсіптің бүгінгі күні, өкінішке орай, бәсекелестігі төмен, оны қайта жарақтандыру үшін көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдік қауымдастықта  лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндірісін ұлғайтуымыз қажет. ҚР импорттық құрылымның басым бөлігі дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.

     Қазіргі уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:

        • импорт құрылымын рационализациялау;
        • жергілікті өндірушілерді ынталандыру үшін протекционистік саясат жүргізу;
        • өндірісті жаңарту үшін қазіргі заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру.

           Кедендік саясаттың  тиімді жүргізілуі кеден органымен  тығыз байланысты. Сол себептіде  кедендік органның қызметін жақсартып, мамандару қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Әрине бұл қазір іске асуда. Сонда да толықтырулар қажет.

Информация о работе Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы