Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 22:11, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.
Кіріспе
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері
1.2 Кеден саясатының құралдары
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық келісімдер қабылданды.
Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
2004
жылдың басынан бастап
Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.
2003 жылдың соңында елдің кеден қызметінің Ақпараттық бекеті ашылды.
Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек деген Елбасымыздың сөздері іс жүзінде қолға алынуда және кеден органының қызметкерлері көп істер атқаруда.
Бірқатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінде «КTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.
Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені ("TC-SCAN"), автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден дүңгіршегі), "Янтарь" радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, "Web-декларант" электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Шекарадағы бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бірыңғай бақылау-өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асыру тәртібі айқындалған.
Бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ. Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында "Шарбақты", Шығыс Қазақстан облысында "Ауыл", Солтүстік Қазақстан облысында "Қарақоға" және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.
Ресей және қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулыларымен ақпараттың ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін негізгі тауарларға бағалық каталогтар бекітілді, бұл кедендік құнды төмендету фактілерін болдырмауға ықпал етеді, құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.
Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану, шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында Комитеттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурыздағы № 217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы № 430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары он есе, ал жеміс-жидек өнімінің бес есе жоғарылады. Бұдан басқа, тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкілері қабылданды.
Экономикалық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, тауарлар мен көлік құралдарының, есірткі заттар мен прекурсорлар контрабандасының жолын кесу мақсатты түрде жүгізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кеден органдарына жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру өкілеттіктері берілген, бұл кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін едәуір өсірді. 2002 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін қылмыстық істер бойынша 2,2 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар тәркіленді, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша мемлекеттің кірісіне 3,7 млрд. теңгеден астам сомаға тауарлар тәркіленді. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қосымша есептеулер нәтижесінде мемлекетке 6 млрд. теңгеден астам сомасына зиян өтелді. Кеден органдары, оның ішінде басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымының 1562 фактісі анықталды, 6,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттар, оның ішінде 799 кг героин алынды.
Кеден органдары қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады. Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыстың басымды бағыттары айқындалған, оларға біліктілік талаптар белгіленген, Ар-ождан кодексі, Кеден органдарының декларациясы және басқалар бекітілді.
Кеден органдары «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 28 мамыр–28 маусым кезеңінде, негізгі мақсаты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, «жасыл өнімді» жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді.
Акция
барысында Қазақстан
Акцияның
қорытындысында ҚР ҚМ КБК мен «Атамекен»
Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс
берушілерінің жалпыұлттық
Халықаралық ынтымақтастық саласында да белсеңді жұмыс жүргізілуде.
Ресей, Қытай, Түрік, Қырғызстан, Германия, Нидерланд кеден қызметтерімен кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық деректерін алмасу және салыстыру мәселелері бойынша шарттар мен келісімдерге қол қойылды.
Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) іскерлік серіктестік қатынастарды орнату едәуір жылжыды. 2004 жылы оның бастамасымен Алматы қаласында Жібек жолы өңірінде есірткі трафигінің мәселелері кеден әкімшіліктері басшыларының кеңесі өткізілді. Елдің Кинологиялық орталығының базасында ДКҰ халықаралық Өңірлік кинологиялық орталығы бекітілді.
2005 жылдың қаңтарында Алматы қаласында ДКҰ Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бельгиядағы ДКҰ-ның 105 және 106-сессияларында Қазақстан Достастық елдерінен ДКҰ Кедендік ынтымақтастық кеңесінің Саяси комиссиясының құрамына бірінші болып сайланды және Шығыс Еуропа және ТМД 24 елдерінің мүддесін білдіретін болады.
Ел кеден қызметінің материалдық-техникалық базасы одан әрі жаңаруда және дамуда.
Кеден органдарының фискалды функцияларын іске асырудағы оң үрдістердің сақталуыжоспарланады. Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері жақсаруда. Тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылуда, кедендік бағалаудың халықаралық қағидаттарына сәйкес кедендік құнды айқындауға бақылау жүзеге асырылады. Осы шаралардың барлығы 2004 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін 244 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 45 млрд. теңгеге немесе 22,7 пайызға көп. Соңғы жылдардың оң динамикасына қарамастан фискалды функцияларды іске асыруда да жетіспеушіліктер бар. Республикалық бюджеттің және мемлекеттік бюджеттің түсімдерінде кедендік төлемдер мен салықтардың үлесі төмендеп кетті. Жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тыйым салынған тауарларды рәсімдеу фактілері де кездеседі. Кедендік төлемдер мен салықтарды толықтыру үшін қосымша резервтерді іздестіру нашар жүргізілуде, кедендік құнды айқындау және тарифтік реттеу бойынша жұмыстар жетілдіруді талап етеді.
Елбасының
жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға
бөлінетін бюджеттің шығыс
2005
жылғы қаңтар-сәуір айлары
Кедендік
тарифтер қазіргі кездегі сыртқы
сауданы реттеудің негізгі
Кедендік тарифтер көп түрлілігі және орындайтын мәселелері бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:
1 Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік тарифтері, әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тариф мөлшерлемесінің бағанасы қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы жағдай режимі деп – халықаралық сауда келісімдерінде үшінші мемлекет пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ басқа елдің тауарларымен салыстырғанда тиімсіз жағдайға әкелді.
Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.
Информация о работе Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы