Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 22:11, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

Содержание

Кіріспе
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері
1.2 Кеден саясатының құралдары
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі
3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

keden sayasaty.doc

— 224.00 Кб (Скачать)

     Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына  көмектеседі. Аграрлы елдерде протекционизм  көбінесе индустриализацияның қажетті  шарты болып табылады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына  әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатуға ынтасы төмендейді.

     Өзінің  төтенше формасында протекционизм  экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

     Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен  бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

     Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағытында  еркін сауда байланыстарының, еркін  айырбастың маңызы зор.

     Д.Рикардоның «Салыстырмалы артықшылықтар» ілімі  еркін сауданың тиімділігін дәлелдейді. Ал қазіргі нақты жағдайларда «еркін сауда»  идеясын толығымен тек халықаралық ұйымдардың жарғылары мен халықаралық экономикалық қатынастарға арналған оқу құралдары ғана бір ауыздан қолдайды. Ал, күнделікті тіршілікте бұл мәселе сан қилы. Дүниежүзілік шаруашылық халықаралық еңбек бөлінісі және халықаралық байланыстар арқылы тек пайда табуды көздеген алыпсатарлардан тұрмайды. Саяси және экономикалық қайшылықтағы мемлекеттер бар, олардың көздеген ұлттық мүдделері бар.

     ХХ  ғасырдың басында «еркін сауда» қағидасы көптеген Еуропалық елдердің қолдауы арқасында протекционизмнің алғашқы «көріністерімен» қатар өмір сүрді. Протекционизм нашар дамыған елдердің экономикалық саясатында тез көктеп, жедел жетіле бастады. Мұның себебі, бұл елдердің өз экономикасы үшін немесе экономикадағы белгілі бір салалары үшін ерекше қолайлы жағдайларды жасауға ұмтылыстарынан туған еді.

     Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттердің протекционистік  саясатының бағыттары көп түрлі, көздеген мақсаттары бүркемелі.

     Мемлекеттік протекционизмнің жалпыға белгілі  және жиі кездесетін түрлерін атап өтейік:

    - өсуі енді ғана басталған ұлттық өнеркәсіпті қолдау;

      - нақты тауарды өндірудегі елдің салыстырмалы артықшылығын баянды ету;

    - өндірістің қалыптасып келе жатқан жаңа салаларын қорғау;

    - өнідірістің құлдырауын болдырмау;

    - жаңа жұмыс орындарын ашу және оларды қорғау;

    - егемен экономиканың дамуын қамтамасыз ету;

    - әскери-саяси тәуелсіздікті орнықтыру;

    - ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

    - төлем балансының тепе-теңдігін реттеу және т.с.с.

     Протекционистік саясатты қолдану қажеттігін көрсету үшін мынадай екі тезисті дәлелдеу керек:

    1. халық шаруашылығы немесе нақты өнеркәсіп саласының дамуын жүзеге асыру үшін протекционистік саясаттың зиянынан пайдасы көп.
    2. көздеген мақсатқа жетудің ең тиімді құралы – протекционизм. Әрбір тезисті дәлелдеу үшін ұқсас немесе альтернативтік әдістерді мұқият талдау қажет.

       Жоғарыда жазылғанның бәріне  қатысты, шектеулерді жою пайдасына  айтылатын негізгі бір аргумент  бар, ол – елдің халықтың  әл-ауқаты сыртқы экономикалық  байланыстарды шектеу арқылы емес, еркін сауда жағдайында едәуір өседі.

       Мемлекеттік протекционизмнің жүргізілуі  тиімді, егер шегімен болса. Себебі  протекционизмнің соңы инфляция  мен жұмыссыздыққа әкеліп соғады  және нарықтық экономиканыің  тоқырауына әкеп соғады.

     1.2 Кеден саясатының құралдары

 

     Мемлекет  шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі  және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

     Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары  әр түрлі тыйым салу, мысалға бір  өнімнің экспорты мен импортына  және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

     Кеден саясатының құралдарына екі жақты  немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.

     Сыртқы  сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

     Кедендік  тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

     Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына  іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. Сурет 1-де S түзуі мақтаның ұсынысын, D түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.

                    

               P S

                                                   

             P0

                          

              Pt             

                     

              Pw               

     D

                                                                      

                          Q1  Q3  Q0    Q4  Q2            Q           

     Сурет 1 – Импорттық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі 

      Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Q2 – Q1) тең болады.

     Ұлттық  мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттық  баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан  әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T = Pt – Pw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

     Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда  тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

     Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс  пен әлемдік ұсыныс көлемінің  арақатынасына байланысты болады. Әлемдік  ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар  Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

     Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы  елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттауышы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады.

       Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары – Өндірушілер пайдасы – Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса: 

           (a + b + c + d) – a – (c + e) = b + d – e

      

     Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі  үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені, баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі эскпорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс «Мецлер парадоксы» деп аталады.

     Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері  арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады: 

       

     Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

     a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының көлемі;

     t1 –  импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі. 

     Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа салынатын  баж салықтар көлемі ұлғайғаннан  ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

     Кедендік  баж салықты төмендегідей критерийлер  бойынша бөлінеді:

  1. тауар қозғалысының бағыты бойынша.

     Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық  баж салықтары кездеседі. Өйткені  олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар  деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

  1. баж салығын орнату әдісі бойынша.

     Орнату  әдісіне сәйкес баж салықтары  адвалорлы, спецификалық және құрама болып  бөлінеді. Әлемдік саудада кең  тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

     Осыған  байланысты импорттық тауарларды бағалау  әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі  кезде ол көптеген елдерде тариф  пен сауда жөніндегі Генералды  келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (алты пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

     Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.

     Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары  жоғарыда көрсетілген екі әдіспен  орнатылады.

  1. баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.

     Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

     Ал  тарифтік емес кедергілер үш топқа  бөлінеді:

  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру алымдары, импорттық депозиттер және демпингке қарсы және орнын толтыру баж салықтары;
  2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б. сияқты.
  3. сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар: квоталар, лицензиялар және басқа да тарифтік емес шектеулер.

Информация о работе Қазақтан Республикасындағы кеден саясаты туралы