Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 12:08, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу - өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығаруды және қызмет көрсетуді ұлғайту. Экономикалық өсудің екі түрі бар: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің көрсеткішіне ұлттық табыстың өсу қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестін, деңгейі мен қарқыны, өндіріс тиімділігінің өрісі жатады. Экономикалық өсу-ағымдағы және болашақтағы, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешудің материалдық базасы. Экономикалық өсудің экстенсивті түрде даму дегеніміз – сандық жаңа өндіріс қуаттарын жасаумен, жұмысшы санын көбейтумен өсу жолы.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЫ............................................................................................................5
1.1. Экономикалық өсудің маңыздылығы мен факторлары.......................5
1.2. Экономика өсуінің үлгілері.........................................................................7
2.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОҒАН ЫҚПАЛЫ.......................................................17
2.1. Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары................................................................................................................17
2.2. Өнеркәсіптің инвестиция негізіндегі экономикалық өсуі Қазақстанның индустриялы-технологиялық стратегиясының маңызды факторы................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................32

Работа содержит 1 файл

экономикалық өсу.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасы халқының кедейлік көрсеткіштерінің өзгеруі 2005 жылы байқалған кедейліктің тұрақты төмендеуі 2006 жылдың І тоқсанында да жалғасты. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі бұл кезеңде 20,4%-ды, ал табысы азық-түлік қоржыны шамасынан төмен халық үлесі - 3,1%-ды құрады. 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кедейлік индексі ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатысты 2,8 пайыздық пунктке және азық-түлік қоржынына қатысты 1,3 пайыздық пунктке төмен. Халықтың нақты ақшалай табыстары 7,6 пайыздық пунктке өсті.

     2-кесте

Қазақстан Республикасының 2007-2008 жылдардың І тоқсанындағы кедейлік көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2007 2008 2008 жыл % -бен 2007 жылға
1 Ең төменгі  күнкөріс деңгейінің шамасы (айына  орта есеппен жан басына шаққанда), теңге 8050 12041 113,3
2 Тұтынуға жұмсаған табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі, % 23,2 20,4 -2,8
3 Азық-түлік қоржынының құны (айына орта есеппен жан басына шаққанда), теңге 4264 4830 113,3
4 Тұтынуға жұмсаған табысы азық-түлік қоржыны құнынан  төмен халық үлесі, % 4,4 3,1 -1,3
5 Халықтың нақты  ақшалай табыстары, % 107,9 115,5 +7,6
 

     3 - кесте

Қазақстан Республикасында 2002-2007 жылдардағы орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі шамасы.

теңге, жылына орташа

  Күнкөрістің ең төменгі  
шамасы
оның  құрамында өткен жылға  пайызбен Анықтама  үшін:

өткен жылға  пайызбен

азық-түлік  
тауарлары
азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер тұтыну бағаларының  индексі  тамақ өнімдері бағаларының индексі 
2002 4761 2805 1202 118,1 113,2 116,4
2003 5128 3217 1379 114,7 108,4 112,7
2004 5427 3333 1428 103,6 105,9 107,7
2005 7107 3590 1538 107,7 106,4 107,9
2006 8050 3799 1628 105,8 106,9 108,8
2007 9145 4210 1804 110,8 107,6 108,1
 

     Ауылдық жерде қалалық жерге қарағанда кедейліктің жоғары және терең екендігін атап өту керек: қаладағы тұрмысы нашар тұрғындар кедейлік сызығынан 30 % кем тұтынады, 2002 жылы олар ауыл тұрғындарының 49,6 % құрады.

     Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі жөніндегі  көзқарастар әртүрлі.

     Айтылған  көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда болады, бұған экономикасы артта қалған елдер кезігеді.

     1) Заңдылық пен тәртіп.

     Кейбір  кедей мемлекеттерде табыс тауып, өндірісті дамыта алатын және оған ниеті бар қуатты кәсіпкерлер аз деуге болады.

     Сондықтан меншік кәсіпкерлігі экономиканың өсуінің  басты күші бола алмайды.

     2) Инфрақұрылым.

     Әлеуметтік  тауар мен қызметтің тапшылығы  салдарынан экономиканың өсуінде инфрақұрылымның жеткілікті дамуынан көптеген қиындықтар пайда болады. Санитарлық-гигиеналық және медициналық программалар, білім, жерді өңдеу мен оны қорғау, жолды жөндеу және басқа да көліктік-байланыстық жүйелер-осының барлығы нарықтық емес тауарлар мен қызметтер болып табылады, бірақ халыққа үлкен жанама пайда әкеледі. Тек мемлекет қана осындай тауар мен қызмет өндірісін қамтамасыз ете алады.

     3) Міндетті жинақ пен капиталдық  салымдар.

     Кей кезде жинақ пен инвестицияпроблемалары мемлекеттің тарапынан реттеуді қажет етеді. Капиталды жинауды ынталандыру мемлекеттің қазыналық саясаты арқылы шешіледі. Бұл жерде екі баламалы жолдың болуы мүмкін. Біріншіден, жинақ деңгейін көтеру үшін салықты көбейтуге болады. Көтерілген салықтан түскен түсім ең керекті капиталдың тиімді жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Екінші әдіс инфляция арқылы қорды міндетті ынталандыру. Мемлекет капитал жинағын айналымға жібере отырып және қосымша ақша жиынын жұмсай отырып қаржыландыра алады.

     4) Әлеуметтік орналасуы.

     Экономиканың  өсуін болжауға мемлекеттің барлық жағдайы бар. Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау – басты міндет болып табылады, әл-ауқатты жоғарылату үшін мемлекеттің кірісуі керек. Тек мемлекет қана дамуға жол ашады.

     Дамыған елдердің рөлі. 

     Индустриясы дамыған елдер экономикасы артта қалған елдерге қалайша көмектесе алады? Осындай көмек арналары қандай деңгейде? Экономикасы артта қалған мемлекеттер өзінің жағдайын келесі факторлар арқылы жақсарта алады:

     - дамыған мемлекетпен сауда-саттық  жүргізу;

     - дамыған мемлекеттер үкіметінен  қайтарылмайтын жәрдемақы мен қарыз алу;

     - жағдайы бар мемлекеттерден меншік  капитал тарту.

     Экономикасы артта қалған мемлекеттердің қарыз  дағдарысы.

     Қарыз дағдарысын қарастырайық. Нашар дамыған  мемлекеттер қарызының көлемі қанша? Оның себептері қандай? Ол қандай салдарға әкеледі? Егер оны шешуге болатын болса, қарыз ахуалын шешу үшін не істеуге болады?

     Қарыздың  көлемі мен динамикасы.

     Соңғы 20 жылда экономикасы артта қалған мемлекеттерге дамыған елдердің коммерциялық банк меншік капиталының келіп түсуі едәуір көбейді.

     Экономикасы артта қалған мемлекеттердің қарыз  көлемінің көбеюі тағы бір себепке  байланысты. 1981-1984 ж. дүниежүзілік валюта нарығында доллар курсының өсуі байқалды. Осыған байланысты қарыздар елдер Американың дайын өнімін импорттау үшін бұрынғыдан да көп төлеуіне тура келеді. Қарызының маңызды бөлігі доллар болғандықтан, осы мемлекеттерге өзінің тауарын әр долларға көбірек экспорттауы керек.

     Сонымен, мұнайды импорттау үшін бағаның  тез өсуі, экспортталған заттардың  азаюы, пайыз мөлшерінің өсуі, доллар бағысының өсуі мен меншік қарыздың азаюы осының бәрі қарыз дағдарысын туғызады. 

     Дағдарыстың зардаптары.

     Осылардан кейін «тәртіпсіз тырысу» кезеңі келеді. Несие беретін мемлекеттер  мен халықаралық валюта қоры бірлесіп экономикасы артта қалған мемлекеттерге көмек көрсету жөнінде әр мемлекетпен ерекше келіссөз жүргізеді. Содан көптеген мемлекеттер қарызды төлеу жөнінде мәулет (отсрочка) алады. Осы шартқа сай экономикасы артта қалған мемлекеттер ішкі үнемді күшейту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс, бұл өз несиелерін төлей алу үшін жасалған.

     Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі  даму моделі.

     Бастапқы  шарттар:

     Қазақстан дамуының осы заманға барабар  стратегиясын түзу үшін ағымдағы геосаяси және геоэкономикалық процестерді, жаңа басталған ХХІ ғасыр әкелер мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді түсіну қажет. Социалистік жүйе күйрегеннен кейін әлем жаңа әлемдік қауымдастық серпінді дамуын жалғастырып келеді. Әлемдік экономиканың ғаламдануы дамудың аса маңызды факторы болып табылады.

     Шығыс Азия аймағының соңғы 30 жылдардағы күрт дамуы күштердің жаңа жағдайында ілгері елдер стратегиялық тұрғыдан маңызды ішкізатқа бақылау орнатуға тырысуда. Едәуір энергетикалық ресурстарға ие Қазақстанға тиісінше қатер тонуі ықтимал.

     Әлемдік экономикада шын мәнісінде дамыған елдердің ұлттық компаниялары әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысына дерлігін бақылайды. Транс-ұлттық компанияларының ерекше белгілері:

     - нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз жіберу және бәсекені әлемдік ауқымды жүзеге асыру, әлемдік нарықтарды бөлісу;

     - өз елдердің мемлекеттік апаратын  компаниялардың мүдделерін ілгерлету үшін пайдалану

     Транс-ұлттық компаниялар жұмыс жүргізіп отырған  мемлекеттерге экономикалық және саяси  ықпалды жүзеге асыру болып табылады.

     Ірі мемлекеттер өздерінің транс-ұлттық компанияларын белсене қолдайды, ал олар өз кезегінде халықаралық салық қаражатының түсуін, олардың экономикалық және саяси ықпалының таралуын қамтамасыз етеді.

     Қазіргі кезде транс-ұлттық компаниялар  әлемдік экономиканың негізін түзеді.

     Қазақстан экономикасы ішкі нарық ауқымы жөнінен шағын болып табылады. Мұның өзі ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуге қол жеткізу үшін біздің экономикамыз экспорттық бағдарлы болуға тиіс, демек импортты алмастыруға ғана бағытталған стратегия қате болар еді.

     Экономиканы жаңарту үшін ірі ауқымды ұзақ мерзімді инвестициялар талап етеледі. Қазіргі кезеңде мұнай жаңғартуға мемлекет қана локомотив бола алады, өйткені жеке сектордың өнеркәсіптің технологиялық тұрғыдан күрделі жаңа салаларына ұзақ мерзімді ірі инвестиция тартуды жүзеге асыруға әлі ұзақ уақыты бойы қабілеті жетпейді.

     Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтің айтуынша экономикалық өсу бағыттағы ұзақ мерзімді басымдылықтарды іске асыру мақсатында келесі жылдары ішінде мына шаралар жүргізіледі:

     - монетарлық саясат қатаң бұлжытпай  жүргізіледі;

     - жекешелендіру аяқталатын болады;

     -заң шығару жетілдіріп, жақсартыла түседі, мұның өзі еліміздегі инвестициялық ахуанды барлық жерде бірдей жақсарта түседі;

     - шетел инвестицияларын тарату  бұрынғыдан да белсемді жүргізілетін  болады, олардың көлемі мен нәтижелері жайында халыққа егжей-тегжейлі ақпарат беріліп тұруға тиіс.

     Энергетикалық ресурстарға келетін болсақ:

     - Қазақстан құбыр арнасы құрылысын  аяқтау және оны іске асыру;

     - Жерорта теңізіне, Парсы шығанағына, Араб теңізіне балама арналарын таратуда қаржыландыру мен салу мәселелерін пысықтайтын боламыз;

     - Инфрақұрылымды дамыту жоспарлары  жүргізіледі.

     Осы стратегиялық даму жоспарының мақсаты: ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қарау. 2010 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің көлемін екі есеге ұлғайту.

     Экономика саласындағы даму моделінің мақсаты:

     - мемлекетті экономикалық өрлеу локомотивіне айналдыру;

     - мемлекеттің қатысуымен жүйе  түзетін ірі компанияларды құру  және оларды аймақтық және  мүмкіндігінше әлемдік деңгейге  шығару;

     - ТМД аймағындағы экономикалық өкілдік. 
 

     2.2. Өнеркәсіптің инвестиция негізіндегі экономикалық өсуі Қазақстанның индустриялы-технологиялық стратегиясының маңызды факторы. 

     Инвестиция  мәселесіне Жолдауда Президент көп  көңіл бөлген. Ол үшін алдымен ыңғайлы  инвестициялық климат жасау керек. Бұл үшін Президент жарлығымен тікелей инвестицияларды қолдайтын біздің саясатымызды іске асыру құқығына ие Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік орган мәртебесі бар инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.

     Инвестиция  клмитеті халықаралық ұйымдарға кіре бастады. Инвестицияны тартуды көтермелеу жөніндегі Халықаралық агенттікке мүше болды. 1997 жылдың 28 ақпанында тікелей инвестицияларды ынталандыру мақсатында, инвестициялар тартуға жеңілдіктер жасалған «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды.

     Бұл құжаттың басты мақсаты - өндіріс  пен шаруашылықтың аса маңызды  салаларын қамтамасыз ету, экономикадағы шикізаттық бағытты жою және оның мынадай салаларын құру: өндірістік инфрақұрылым, мемлекеттік сыртқы заемдар, несиелер және республика бюджеті есебінен қаражаттандырылған объектілер. Бұл қаржылардың түрі мұнай өнеркәсібінің шикізат базасын дамытуға, транспорт, энергетика, металлургия және машина жасау мәселелерін шешуге жұмсалады.

     Бөлінген қаржыларды мақсатты игеру, ел экономикасын қалпына келтіру қарқынын өсіруге жағдай жасайды. Осының нәтижесінде, 1998 жылы жекелеген кәсіпорындарда өнім өндіру артады. Экономикалық талдаулар 1997 жылы және түсті металлургия салаларындағы көтерілудің тұрақтылығын байқатты. Ал бұл жұмыс істеп тұрған және жаңа қуаттарды пайдалану, несие құйылымдарын дұрыс пайдаланудан туған көрсеткіш.

Информация о работе Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары