Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 12:08, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық өсу - өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығаруды және қызмет көрсетуді ұлғайту. Экономикалық өсудің екі түрі бар: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің көрсеткішіне ұлттық табыстың өсу қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестін, деңгейі мен қарқыны, өндіріс тиімділігінің өрісі жатады. Экономикалық өсу-ағымдағы және болашақтағы, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешудің материалдық базасы. Экономикалық өсудің экстенсивті түрде даму дегеніміз – сандық жаңа өндіріс қуаттарын жасаумен, жұмысшы санын көбейтумен өсу жолы.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЫ............................................................................................................5
1.1. Экономикалық өсудің маңыздылығы мен факторлары.......................5
1.2. Экономика өсуінің үлгілері.........................................................................7
2.БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОҒАН ЫҚПАЛЫ.......................................................17
2.1. Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары................................................................................................................17
2.2. Өнеркәсіптің инвестиция негізіндегі экономикалық өсуі Қазақстанның индустриялы-технологиялық стратегиясының маңызды факторы................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................32

Работа содержит 1 файл

экономикалық өсу.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3 

1.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ  ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ  МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЫ............................................................................................................5 

1.1. Экономикалық өсудің  маңыздылығы мен факторлары.......................5

1.2. Экономика өсуінің  үлгілері.........................................................................7               

2.БӨЛІМ.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМЫҒАН  МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОҒАН  ЫҚПАЛЫ.......................................................17 

2.1. Қазақстанның 2010 жылға  дейінгі стратегиялық  даму жоспары................................................................................................................17

2.2. Өнеркәсіптің инвестиция  негізіндегі экономикалық  өсуі Қазақстанның  индустриялы-технологиялық  стратегиясының маңызды  факторы................................................................................................................24 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................32 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Экономикалық  өсу - өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығаруды және қызмет көрсетуді  ұлғайту. Экономикалық өсудің екі түрі бар: экстенсивті және интенсивті. Экономикалық өсудің көрсеткішіне ұлттық табыстың өсу қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестін, деңгейі мен қарқыны, өндіріс тиімділігінің өрісі жатады. Экономикалық өсу-ағымдағы және болашақтағы, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешудің материалдық базасы. Экономикалық өсудің экстенсивті түрде даму дегеніміз – сандық жаңа өндіріс қуаттарын жасаумен, жұмысшы санын көбейтумен өсу жолы. Ал, интенсивті түрде даму дегеніміз – жинақталған экономикалық және ғылыми-техникалық қуаттарды тиімді пайдалану, оларды одан әрі жетілдіре түсу; жұмыс сапасы мен өндірілген өнім сапасын арттыру арқылы өсу.

     «Экстенсивті  өсу» және «интенсивті өсу» абстрактылы  ұғым. Өйткені қоғам экономикасының дамуында олар таза түрінде кездеспейді.

     Өндіріс дамуының осы екі типінің арасында объективті ішкі байланыс бар. Экономикалық дамудың әрбір кезеңінде бірде экстенсивті, енді бірде интенсивті жолмен даму басым түсіп жатады, ол ұлғаймалы, ұдайы өндірістің нақты жағдайына байланысты.

Экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Инвенсивті өсу технологиямен эәне өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байтанысты болады.

     Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп  мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім және жиынтық жалпы ұлттық өнім тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауланды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі – бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.

     Экономиканың  өсуін өлшеудің екі жолы бар:

     1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің  мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ,  ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).

     2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

     - неокейнстік;

     - неоклассикалық;

     - тарихи-әлеуметтік.

     Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы экономикалық өсу мәселелеріне терең тоқтала отырып, оның қазіргі кездегі өзектілігіне көз жеткізу.

     Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімінде экономикалық өсудің мәні және қозғаушыкүштері, соның ішінде экономикалық өсудің маңыздылығы мен  факторлары жайлы айтылған. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспары, Қазақстан Республикасының өсуі мен 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары қарастырылады. 
 
 
 

     1. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЫ 

     1.1. Экономикалық өсудің маңыздылығы мен факторлары. 

     Неге  экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан  басына шаққандағы жалпы өнімнің  өсуі халық жағдайының көтерілуіне  әкеледі. Қойылған сұраққа жауап  басқа түрде және басқа әдіспен  құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектеліуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.

     Экономиканың  өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторлардан тәуелді. Олар:

     1) Табиғи ресурстардың сапасы мен  көлемі.

     2) Еңбек ресурстарының сапасы мен  саны.

     3) Негізгі капитал қорының көлемі.

     4) Технология.

     Экономиканың  өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

     Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және техноголиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

     1) Сұраныс факторы.

     2) Бөлу, тарату факторы.

     Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сатуда маңызды.

     Экономиканың  өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.

     Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгерумен түсіндіріледі (Кейнс  кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтанды руға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді маңыздылығы ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның акторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

     Экономикада нақты пайданың өсуі «экономикалық  өсу» деп түсіндіріледі және әрбір  адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

     

Y = Yt-Yt-1 немесе Yt =
 

     t – уақыт индексі. 

     Егер  экономикалық өсу сырттан әкелінген  қосымша ресурстардан жасалынса  және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін  өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Инвенсивті өсу технологиямен эәне өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байтанысты болады.

     Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті  факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтік-технологиялық  прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

     Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтк шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. 
 

     1.2. Экономика өсуінің үлгілері. 

     Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

     Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің  көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалы мен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

     Кейнстік  өсу үлгісі негізінде логикалық  құрал қолданылады, бізге белгілісі  кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

     Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс  пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

     Кейнстік  өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл  үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Е. Домар үлгісі еңбек нарығында  ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) У-ке қатынасы ( ) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол – капитал.

     Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерінен жиынтық сұраныс келесіге өседі. 

     

YAD =
I * m =
I(
) =
I
 

     m – шығын мультипликаторы

     в – тұтынуға шекті бейімділік

     S – қор жинағына шекті бейімділік

      YAS = a * K – жиындық ұсыныстың өсуі

     а – капиталдың шекті өнімділігі.

     Капиталдың  К өсімшесі инвестицияның І көлемінен қамтамасыз етіледі, осыдан YAS = a * I.

     Экономиканың  өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады. 

      = a * I немесе = a * S, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың  

шекті өнімділігі мен қор жинағының  шекті бейімділігіне тең болуы  керек.

     Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы  нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе - капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

     Экономиканың  өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың  теңдігінен шығады. 

Информация о работе Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары