Қазақстан
экономикасындағы мынадай жағдайлар
Ұлттық Банктің ішкі валюта рыногындағы
саясатының міндеттерін айқындайды:
экономиканың
әлемдік тауарлар рыногындағы ахуалға
едәуір тәуелділігі,
экономиканың
қаржы және нақты секторларын
долларландырудың біршама жоғары деңгейі,
ішкі
валюта рыногының біршама жоғары
дәрежеде шоғырлануы,
мерзімді
қаржы құралдарының дамыған рыногының
болмауы,
валюта
бағамының күрт өзгеруіне халық
күтулерінің сезімталдығы.
Осы
факторлар негізгі мақсаты алыпсатарлық
күрт ауытқуларды жұмсарту болатын
Ұлттық Банктің ішкі валюта рыногына
шектеулі қатысуының қажеттігін айқындайды.
Мұндай саясаттың дұрыс екендігі объективті
түрде дәлелденді және оны Ұлттық Банк
жалғастыратын болады. Сонымен қатар,
айырбас бағамына қатысты Ұлттық Банк
жүзеге асыратын саясат жоғарыда келтірілген
модельмен және мынадай себептерге байланысты
капиталды жұмылдыру жағдайларында инфляцияны
таргеттеуді таңдап алған елдердің халықаралық
тәжірибесімен толық келісіледі:
айырбас
бағамының алыпсатарлық ауытқуларын
жұмсартудың қысқа мерзімді әсері
болса және айырбас бағамын
өзгертудің мақсатты бағытын белгілеуге
жол берілмесе, не оның ұзақ мерзімді трендін
түзетпесе, инфляциялық таргеттеу баға
өзгерісінің ұзақ мерзімді мақсатты өлшемдеріне
қол жеткізуге бағытталатын болады. Осылайша
ұзақ мерзімді қайшылықтар орын алмайды;
жоғарыда
келтірілген талдау капитал ағындары
құрылымының барынша тұрақты
екендігін және капиталдың қысқа
мерзімді ағындары қысқа мерзімді перспективада
ақша-кредит саясатының дербестігіне
айтарлықтай қауіп тудырмайтынын
көрсетеді.
Сонымен
бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы
28 шілдедегі № 753 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың тұжырымдамасына сәйкес трансмиссиялық
тетікті әзірлеу және мақсатты деңгейлерге
қол жеткізу рәсімдерін айқындау көзделіп
отыр. Шығыс Еуропа, Латын Америкасы мен
басқа елдердің операциялық және мақсатты
көрсеткіштерді таңдау жөніндегі тәжірибесі,
әсіресе операциялық индикатор ретінде
проценттік ставка мен айырбас бағамның
комбинацияларын көрсететін Монетарлық
Шарттар Индексін белгілеу практикасы
зерделенетін болады.
Қазақстан
Республикасының қаржы секторын
дамытудың тұжырымдамасы Ұлттық
Банктің реттеуші мүмкіндіктерін ұлғайтатын
жаңа қаржы құралдарын дамытуды және
ақша-кредит саясатының қолда бар
құралдарын дамытуды болжайды, бұл
қаржы рыногының икемділігін арттырады
әрі оған тән бірқатар тәуекелдерді азайтуға
мүмкіндік береді. Валюталық режимді кезең-кезеңімен
ырықтандыру осы іс-шараларды жүзеге асыруға
негіз жасайды, бұл кейіннен Ұлттық Банктің,
тіпті қысқа мерзімге болса да, валюта
рыногына қатысу дәрежесін азайтуға ықпал
ететін болады.
Қорытынды:
Қазақстанның экономикалық дамуын талдау
валюталық режимді неғұрлым белсенді
ырықтандыру мен ұлттық валютаны
ағымдағы және күрделі операциялар
бойынша 2007 жылы толық айырбастауға
көшіру үшін қажетті жағдайлар жасалғанын
көрсетеді. Өнімділіктің артуы және әлемдік
тауар рыноктарындағы тұрақты жоғары
бағалар, экономиканың долларсыздануы,
жауапты бюджет саясаты және халықаралық
резервтердің жеткілікті деңгейі, сондай-ақ
қаржы секторының тұрақтылығын арттыру
үшін жүргізілетін саясат жағдайларында
нақты айырбас бағамының тұрақты серпіні
Қазақстан экономикасы ұшырайтын ықтимал
сыртқы күйзелісті тиімді жұмсартуға
мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар индустриалдық-инновациялық
дамыту саясатын іске асыру, экономиканы,
әсіресе қызмет көрсету секторын монополиясыздандыру,
қаржы секторын реттеудің халықаралық
стандарттарына өту және әкімшілік режимді
одан әрі жеңілдету капитал қозғалысына
қойылатын шектеулерді жоюдан болатын
оң әсерді тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік
береді.
- Бағдарламаның
мақсаты мен міндеттері
Осы
Бағдарламаның негізгі мақсаты
валюталық операцияларды жүргізуге
шектеулерді кейіннен жою және 2007
жылдан бастап ұлттық валютаның толық
айырбасталуына көшу үшін жағдайлар
жасау болып табылады.
Осы
мақсатты негізге ала отырып, Бағдарлама
мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1.
Валюталық реттеу мен бақылау
режимін оңтайландыру:
1)
валюталық заңнаманың қайталанатын
талаптарын жою – егер бастапқы
мәміле валюталық заңнаманың
талаптарына сәйкес жүзеге асырылса,
кейінгі валюталық операцияларды
жүргізуге қойылатын шектеулерді бар
мүмкіндігінше жою. Мысалы, егер резидент
резидент еместен белгіленген тәртіппен
тіркелген тартылған кредит бойынша міндеттемелерді
қамтамасыз ету ретінде қаражат есептеу
үшін шет елде шетелдік банкте шот ашатын
болса, онда мұндай жағдайда шотты ашуға
лицензия алу талап етілмейді;
2)
егер операциялармен қоса жүретін
тәуекелдер және оларды жүргізу
тәртібі пруденциалдық қадағалаумен
және құқықтың басқа салаларының,
атап айтқанда банк, сақтандыру
заңнамасының және бағалы қағаздар
рыногы және зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы заңнаманың нормаларымен тиімді
реттелетін болса, валюталық заңнаманың
қаржылық ұйымдардың валюталық операцияларды
жүргізу тәртібін реттейтін нормаларын
алып тастау.
2.
Ырықтандырудың екінші кезеңі
шеңберінде ұзақ мерзімді тұрақты
сипаты бар капиталдың, ең алдымен тікелей
инвестициялар мен заемдардың әкелінуі
мен әкетілуіне қатысты валюталық реттеудің
режимін теңестіру.
3.
Валюталық операцияларды жүргізген
кезде тәуекелдерді хеджирлеу
құралдарын неғұрлым белсенді
пайдалану үшін жағдайлар жасау. Валюталық
реттеу жүйесі сыртқы экономикалық операцияларға
қатысушылардың хеджирлеу стратегиясын
іске асыруына кедергі жасамауға тиіс.
4.
Ақша-кредит саясатының мақсаттарына
және Қазақстан экономикасы ұшырайтын
сыртқы күйзелістерді реттеуге байланысты
шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты
реттеу құралдарын одан әрі жетілдіру
үшін жағдайлар жасау.
5.
Қаржылық ұйымдардың валюталық
операцияларын реттеу мен қадағалаудың
халықаралық қағидаттарына толық
өтуді қамтамасыз ету. Осы
міндетті жүзеге асыру валюталық операцияларды
жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді
реттейтін қаржылық қадағалау стандарттарын
жетілдіру үшін жағдайлар жасауды
болжайды.
- Бағдарламаны
іске асырудың негізгі бағыттары
мен тетігі
Бағдарламаның
мақсаттары мен міндеттерін негізге ала
отырып, Бағдарламаны іске асырудың мынадай
бағыттары ерекшеленеді:
1.
Ішкі және сыртқы тәуекелдерді
сандық және сапалық бағалау.
Орталық банкке тәуекелдер, ағымдағы
экономикалық жағдай және оны
дамыту перспективалары мен ақша-кредит
саясаты бойынша дер кезінде бірдей шешімдер
қабылдау туралы объективті мәлімет алуға
мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін
құру.
2.
Қазіргі кезде қолданылатын валюталық
шектеулер мен тәуекелдерді реттеу
тетіктерінің тиімділігін бағалау
негізінде валюталық операциялар жүргізуге
қойылған шектеулерді біртіндеп жою. Пруденциалдық
және қаржылық қадағалау шараларын, ақша-кредиттік
және валюталық реттеу шараларын, валюталық
операциялардың жекелеген субъектісі
деңгейінде тәуекелдерді, қаржы секторының
және тұтастай алғанда экономиканың тәуекелдерін
тиімді басқаруды іске асыру тұрғысынан
алғанда жетілдірілуі қажет қаржы рыногы
құралдарын талдау және валюталық режимді
толық ырықтандыруға бағыттау.
3.
Валюталық заңнаманың нормаларын
және Қазақстан үшін неғұрлым
мақсатқа сай болып табылатын халықаралық
практикаға сәйкес 2007 жылдан кейін сақталуға
тиісті валюталық операцияларды жүргізу
тәртібіне қойылатын талаптарды айқындау.
- Тәуекелдерді
сандық және сапалық бағалау
1.
Халықаралық Валюта Қорының валюталық
режимді ырықтандыру мәселелері бойынша
техникалық көмек миссиясы сыртқы күйзеліс
индикаторларын ішкі қаржылық сектордың
жай-күйі және оның сыртқы конъюнктураның
жағымсыз дамуына әсер ету қабілеті туралы
бірдей мәлімет алуға мүмкіндік беретін
көрсеткіштерді; капитал ағыны және оны
пайдалану, валюталық активтер мен пассивтердің
құрылымы жөніндегі жан-жақты ақпаратты
қамтитын ерте хабардар ету индикаторлары
жүйесін құру қажеттігін бірнеше рет атап
көрсетті. Бұл жүйе капитал қозғалысына
әкімшілік шектеулерді жою жағдайында
ақша-кредит саясатын неғұрлым тиімді
жүргізуге мүмкіндік береді және Ұлттық
Банктің инфляциялық таргеттеудің
классикалық жүйесіне көшуін қамтамасыз
етеді.
2.
Дамыған және дамушы елдердің
тәжірибесі экономикалық даму, қаржылық
тұрақтылық және қаржы рыногының
субъектілері мен олардың клиенттеріне
кәсіби талдау ақпараттарын беру тұрғысынан
алғанда қаржы жүйесінің тәуекелдерін
бағалау мәселелерін кеңінен жария ету
мен үрдістерін талдау қажет екендігін
көрсетеді. Осы мақсатта бірқатар орталық
банктер пруденциалдық реттеу, сол сияқты
макроэкономикалық факторлар, ішкі және
сыртқы тәуекелдер тұрғысынан қарағанда
қаржылық сектордың барлық аспектілері
жан-жақты талданатын қаржылық тұрақтылық
жөніндегі есепті тұрақты жариялап отырады.
Осы практиканы сондай-ақ Қазақстанда
да іске асырған жөн.
- Валюталық
операциялар жүргізуге қойылатын
шектеулер жүйесін жетілдіру
- Валюталық
операциялар жүргізуге қойылатын
шектеулердің нысандары (әлемдік практика)
Валюталық
реттеудің әлемдік практикасы валюталық
шектеулердің екі негізгі нысанын бөліп
көрсетеді:
1.
Лимиттеу арқылы тікелей әкімшілік
бақылау, тікелей әкімшілік тыйым
салу мен валюталық операциялар
жүргізуге жеке рұқсаттар (лицензиялар)
беру. Рұқсат беру рәсімі нысандандырылған
(барлық қажетті құжаттары болған
кезде нысандық белгілері бойынша лицензия
беру) не дискретті (рұқсат нақты жүргізілетін
операцияның экономикалық тиімділігін,
мәміленің айқындылығын, өтініш берушінің
адал ниетін бағалау негізінде беріледі)
сипатта болуы мүмкін.
2.
Сыртқы экономикалық операцияларға
қатысушылардың шешім қабылдауына ықпал
ететін жанама құралдарды қолдану. Жанама
құралдар мәміле сомасының белгілі бір
бөлігін белгілі мерзімге резервтеу режимін
орнату не егер операция белгіленген
мерзімнен бұрын аяқталса, мәміленің белгілі
бір пайызын алуға негізделеді (валюталық
операцияларға салық). "Чили салығы"
ретінде белгілі валюталық операцияларға
салынатын салық автономды ақша-кредит
саясатын қолдау және алыпсатарлық қысымды
тоқтату мақсатында қысқа мерзімді капиталдың
әкелінуіне қатысты жиі қолданылды. Резервтеу
режимі мен валюталық операцияларға салық
мәні жағынан бірдей, себебі олар операцияның
экономикалық құнын өзгертеді. Сонымен
қатар бұл капиталды әкелудің/әкетудің
барлық ықтимал арналарына қолданылуға
тиісті болғандықтан, жеткілікті дәрежеде
шығын жұмсау тетігі және оның ішінде
нақты өндірістік және қаржылық мақсаттарға
байланысты адал ниетті мәмілелерді шектей
алады.
- Қазақстанның
қолданылып жүрген валюталық заңнамаға
сәйкес валюталық реттеу органы белгілейтін
валюталық операцияларға қойылатын
шектеулер.
1.Ұлттық Банктің резиденттердің
экспорттық операцияларының төлем
валютасына шектеу енгізу құқығы.
Қазіргі кезде еркін айналыста
жүрмейтін валюталармен экспорт
операцияларының үлесі 20% шамасында
және негізінен ресей рубліне сәйкес
келеді. Сонымен қатар, валюталық заңдарда
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың
резидент еместермен жасалатын келісім-шарттарында
тараптардың қалауы бойынша кез келген
есеп айырысу валютасын белгілеу құқығы
бекітілген, бұл көрсетілген нормаға қайшы
келеді. Осыған сәйкес, бастапқыда
еркін айналыстағы шетел валютасымен
валюталық түсімнің түсуін қамтамасыз
етуді нысанаға алған осы құқықты сақтау,
не қандай да болмасын белгілі бір
шетел валютасымен есеп айырысуды шектеу
дұрыс емес.
2. Ұлттық Банктің
экспорттық валюта түсімін міндетті
сату режимін белгілеу құқығы.
Стратегиялық маңызы бар инвестициялық
жобаларды іске асырумен айқындалатын
айрықша құқықтық мәртебеге сәйкес
болашақта қажеттілігі нақты
емес міндетті сату режимін
енгізген жағдайда мұнай-газ саласындағы
ірі экспорттаушы кәсіпорындар тарапынан
биржаға валюталық түсімнің айтарлықтай
қосымша көлемінің түсуі, сөз жоқ, күмәнды.
Сонымен бірге, капиталды әкетуге қатысты
валюталық режимді ырықтандыру және заңды
тұлғалардың шет елдерде шоттар ашуы жөніндегі
талаптарды жұмсарту жағдайында мұндай
шектеу тиімсіз әрі мақсатқа сай емес.