Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 14:28, реферат

Описание работы

Сыртқыэкономикалық операциялардың түрлері:
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Толлингтік операциялардың есебі
Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі.

Работа содержит 1 файл

2 тақырып,.doc

— 254.00 Кб (Скачать)

2-кесте

Операциялардың түрлері Лицензиялардың  саны
  2001 2002 2003
Инвестициялар, барлығы 59 47 24
   жеке тұлғалар 19 20 11
   банктік емес заңды тұлғалар 38 26 13
   банктер 2 1 0
Кредиттер, барлығы 20 17 26
   жеке тұлғалар 0 0 5
   банктік емес заңды тұлғалар 14 10 21
   банктер 6 7 0
Импорт  операциялары бойынша резидент еместерді  кредиттеу, барлығы 1056 1422 556
   жеке тұлғалар 2 0 0
   банктік емес заңды тұлғалар 1051 1416 556
   банктер 3 6 0
Тауарлар  экспортына ақы төлеуге валюталық  түсім алу мерзімінің асып кетуі, барлығы 366 501 258
   жеке тұлғалар 0 0 5
   банктік емес заңды тұлғалар 366 501 251
   банктер 0 0 2
Зейнетақы активтерін инвестициялау  (бас лицензия) 2 1 1
Жылжымайтын мүлік құқықтарына ақы төлеу, барлығы 17 26 22
   жеке тұлғалар 0 1 0
   банктік емес заңды тұлғалар 17 25 22
Шоттар  ашу, барлығы 57 65 58
   жеке тұлғалар 0 8 3
   банктік емес заңды тұлғалар 57 56 54
   банктер 0 1 1
Үшінші  тұлғалардың шоттарына есептеу, барлығы 0 0 0
Валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру     0
Қолма-қол  шетел валютасымен айырбастау операциялары   144 107
Қолма-қол  шетел валютасымен бөлшек сауда   4 5
Жиынтығы 1577 2227 1057
   жеке тұлғалар 21 29 24
   банктік емес заңды тұлғалар 1545 2183 1030
   банктер 11 15 3
 

      Берілетін лицензиялардың шамамен 85%-ы резидент еместердің экспорт-импорт мәмілелері бойынша міндеттемелерінің орындалуын кейінге шегеруге байланысты операцияларға тиесілі, олар бойынша жалпы сома лицензияланатын капиталды әкетудің жалпы сомасының 90%-ына жуығын құрайды. Сонымен бірге, бірқатар лицензиялауға жататын операциялар бойынша, атап айтқанда резидент еместерден алынған кредиттерді үшінші тұлғалардың шоттарына есептеуге және валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беруге лицензиялар берілген жоқ, бұл осы нормалардың тиімді болмауын, осы операцияларды жүргізудің басқа мүмкіндіктерінің болуын, не резиденттердің оған мүдделі болмауын білдіреді.

      Сонымен бірге, резиденттердің еншілес ұйымдар  құруына байланысты валюталық операцияларды  ырықтандыру шет елдегі рыноктарда тікелей инвестициялау операцияларын жандандырды. 2003 жылғы 2-жартыжылдықта жүзеге асырылған резиденттердің шетелдік компаниялардың акционерлік капиталына тікелей инвестицияларының жалпы сомасы жылдың бірінші жартысындағы деректерден 3 есе дерлік асты, оның ішінде тіркелген шарттар бойынша операциялар (еншілес ұйымдарға инвестициялар) 2003 жылғы           2-жартыжылдықтағы тікелей инвестициялардың жалпы сомасының 32%-ы болды.

    3.3.Банк  секторының тұрақтылығы

 

      Банк  секторының операциялық және рыноктық тәуекелдерге байланысты тұрақтылығын бағалау, тұтастай алғанда, қазақстандық банктердің сыртқы және ішкі конъюнктураның өзгерістеріне тиімді іс-әрекет жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Сыртқы қарыз алудың, оның ішінде қысқа мерзімді қарыздың  барынша ұлғая түсуіне қарамастан, 2003 жылы активтер мен міндеттемелердің (шартты міндеттемелерді қоса алғанда) арақатынасы шамалы ғана өзгерді (3-кесте). Сыйақы ставкаларының өзгерістеріне (ГЭП) ұшырайтын банктердің активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру банктің пайыздық тәуекелге ұшырауына өзінің бейімділігін біртіндеп азайтуын көрсетеді. Сыйақы алуға (төлеуге) байланысты активтер мен міндеттемелер арақатынасының өзгермегенін ескере отырып, банк жүйесі кірістілігінің спрэдін шамалы ғана азайту теңге нығаюының ықпалын, депозиттерге   қарастырғанда кредиттер үлесінің көбеюін, жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша ставкалармен салыстырғанда кредиттер бойынша ставкалардың барынша көп төмендеуін көрсетеді. Алайда, тұтастай алғанда негізгі банк операцияларынан түсетін кірістілік Шығыс Еуропа елдеріндегі кірістіліктен жоғары деңгейде сақталып отыр, ал сыйақы әкелетін активтердің өсуінің жалғасуы болашақта банктердің кірістілігін тұрақтандыруға тиіс. 
 
 

      3-кесте

Банк секторы  тұрақтылығының салыстырмалы көрсеткіштері

  кезеңнің  аяғында
  2000 2001 2002 2003
Пайыздық  ставкалар өзгерістерінің тәуекелге  ұшырауға бейімділігі        
  Активтер мен міндеттемелердің  мерзімдерін салыстыру (1жылға  дейін)1 0,49 0,47 0,63 0,57
  Қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ГЭП ( 90 күнге дейін)2 -14% -12% -9% -5%
    Сыйақы маржасы3   11% 11% 10%
    Спрэд4   7% 7% 6%
    Сыйақы есептелетін орташа активтер  мен міндеттемелердің қатынасы5   113% 109% 109%
Кредиттердің  депозиттерге қатынасы 0,90 0,97 0,98 1,02
Валюталық тәуекелге ұшырауға бейімділік        
    Шетел валютасындағы активтердің  үлесі 48% 65% 67% 57%
    Шетел валютасындағы міндеттемелердің  үлесі 59% 71% 69% 62%
    Шетел валютасындағы активтер  мен міндеттемелердің арақатынасы 0,99 1,09 1,09 1,02
    Резидент еместерге қатысты активтердің  үлесі 11% 10% 18% 17%
    Резидент еместер алдындағы міндеттемелердің  үлесі 14% 19% 29% 39%
Экономиканың  нақты секторына байланысты тәуекелге  ұшырауға бейімділік6        
   Активтердің шоғырлануы 908 924 1058 1081
        оның ішінде шетел валютасындағы 902 945 1050 1116
   Міндеттемелердің шоғырлануы 867 1123 1080 813
        оның ішінде шетел валютасындағы 1114 1673 1681 1337
 

     2003 жылы теңгенің нығаюы активтер  мен міндеттемелерді долларсыздандыруға  оң ықпал етті. Тұтастай алғанда, шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің арақатынасы жеткілікті түрде тұрақты, яғни валюталық міндеттемелер мен активтердің сәйкес келмеуіне байланысты валюталық тәуекелдің ұлғаюы болмайды. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты ішкі активтерге инвестициялау лимиті ішкі ресурстардың әкетілуін шектейді. Сонымен қатар, банктер ішкі активтермен, әсіресе әлемдік төмен пайыздық ставкалар және теңгені нығайту жағдайында – ішкі активтерге, тең бірлікте орналастырудың белгіленген лимиті кезінде жұмыс істеуді артық санауда, 01.01.2004 жылы нақты коэффициент 1,39 болды.  

     Херфиндаль-Хиршман  индексі тұтастай алғанда, экономикалық қызмет түрлері бойынша  шоғырланудың бірқалыпты екенін көрсетеді7, сонымен бірге міндеттемелерді шоғырландыру деңгейі активтерді, әсіресе шетел валютасымен көрсетілгендерін шоғырландыру ұлғайған кезде төмендейді. Сонымен қатар банк секторы экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың қаржылық жай-күйіне қарағанда, ауыл шаруашылығындағы, саудадағы, құрылыстағы және қаржы делдалдығы секторындағы жағдайларға көбірек тәуелді болады. Осылайша, ішкі факторлар, әлемдік пайыздық ставкалар әлемдік тауар рыноктарындағы ахуалға қарағанда банк секторының қаржылық жай-күйіне барынша ықпал етеді.

    3.4.Макроэкономикалық  ахуалдың сыртқы факторларға тұрақтылығы

 

     Валюталық режимді ырықтандыру макроэкономикалық  дамудың тұрақтылығы тұрғысынан қарағанда, егер ұлттық валютаның қалыптасқан  айырбас бағамы нақты ішкі және сыртқы тепе-теңдік жағдайларына сай келмесе, жағдайдың тұрақсыздығы тәуекелімен қоса жүреді. Атап айтқанда, капиталдың әкетілуін ырықтандыру жағдайында ұлттық валютаның нақты құнын, бірдей жағдайлар бойынша ішкі пайыздық ставкаларды және ақша-кредиттік реттеу органдарының валюталық рыноктағы алыпсатарлық көңіл-күйді  тепе-тең реттеу қабілетін бағалау, әсіресе жағымсыз  сыртқы күйзеліс жағдайында ерекше маңызды.    

Сыртқы  факторлардың макроэкономикалық ахуалға  ықпалын сипаттайтын индикативтік көрсеткіштер8

4-кесте

  2001 2002 2003
Теңгенің  долларға  орташа номиналдық айырбас  бағамының өзгеруі (теңге 1 доллар үшін) 3,2% 4,5% -2,6%
Теңгенің  нақты тиімді бағамы индексінің өзгеруі, кезең ішінде орташа алғанда9 -0,7% -5,0% -5,4%
Теңгенің  долларға нақты бағамы индексінің өзгеруі, кезең ішінде орташа алғанда10 2,1% 0,3% 7,1%
Өнім  бірлігіне еңбек шығыны көрсеткішінің өзгеруі, кезең ішінде орташа алғанда -16,3% -10,6% -11,6%
Экспорттың  орташа келісім-шарт бағасының өзгеруі, кезең ішінде орташа алғанда11 -9,0% -3,0% 19,0%
Импорттың орташа келісім-шарт бағасының өзгеруі, кезең ішінде орташа алғанда11 4,1% -4,6% 4,8%
АҚШ-тың  және Қазақстанның МБҚ-ның пайыздық ставкалары арасындағы спрэд, кезең ішінде орташа алғанда 1,7% 3,3% 4,4%
Кезең аяғындағы жалпы халықаралық  активтерге М2, % 89,30 101,80 96,70
Жиынтық халықаралық резервтер, кезең аяғында, млн. долл. 2508 3141 4962,1
      тауарлар мен қызмет көрсету  импорты, ай бойынша 2,9 3,3 4,5
      қысқа мерзімді сыртқы борыштың  орнын жабу 2,17 1,71 1,76
 

     Нақты айырбас бағамына байланысты жағдай резиденттер нақты айырбас бағамы өзгеруінің болжамдылығы мен тұрақтылығына қарағанда бағаның өсу қарқынының болжамдылығы мен тұрақтылығына көбірек сенімді болған кезде нақты болуы мүмкін экономиканың долларлануын төмендетудің негізін қалайтын тетікті тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. 

     Тәуекелсіз активтер бойынша пайыз бен Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша айырбас бағамының өзгеруіне түзетілген проценттік ставкалар арасындағы спрэд 1998-99 жылдардағы 10-11%-бен салыстырғанда кезең ішінде орташа алғанда 3%-ға дейін қысқарды. Осылайша, ұлттық валюта қымбаттаған жағдайда ел тәуекелінің төмендеуі Қазақстан Республикасына капиталдың тұрақты әкелінуіне жағдай жасайды.

     Тұтастай  алғанда, Ұлттық Банктің халықаралық  резервтерінің деңгейі белгіленген  айырбас бағамы режимі бар елдер  үшін де жеткілікті болып табылады, бұл алыпсатарлық көңіл-күйді тиімді басқаруға және сыртқы конъюнктураның өзгеруіне уақтылы көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 

    3.5.Валюталық  режимді ырықтандыру жағдайларындағы 

    ақша-кредит саясаты.

 

     Ақша-кредит саясатының тиімділігін бағалаудың жалпыға бірдей моделіне сәйкес («сыйыспаушылық үшбұрышы»)  мақсатты өлшемдерді таңдаудың үш балама нұсқасы бар:

     1) ақша-кредит саясатының негізгі  мақсатты көрсеткіші ретінде  айырбас бағамын таңдаған кезде  капиталды барынша жұмылдыру  (белгіленген айырбас бағамының  түрлі режимдері);

     2) инфляцияның төмендеуіне, не экономикалық  өсуге жағдай жасауға бағдарланған  дербес ақша-кредит саясатын сақтай отырып, капитал қозғалысына шектеулер қоймау (еркін өзгермелі айырбас бағамының режимі);

     3) ақша-кредит саясаты капитал қозғалысына  шектеулерді сақтай отырып, сонымен  қатар айырбас бағамының белгіленген  деңгейіне және инфляцияның төменгі қарқындарына қолдау жасауға бағдарланған (аралық режимдер).

     Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бағалардың мақсатты өсу қарқындарына қол жеткізуге  бағытталған дербес ақша-кредит саясатын жүргізуді болжайды. Қазақстан Республикасында  валюталық режимді ырықтандырудың тұжырымдамасында және осы Бағдарламада ақшаның толық айырбасталуын қамтамасыз ету бағыты айқындалған. Осылайша,  ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары айқын белгіленген.

Информация о работе Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру