Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары...........................4
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..........................4
1.2. Кәсіпкерлік қызметінің белгілері мен принциптері.........................5
1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары............................................... 7
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары.................................................................................................9
2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері.............................9
2.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары....................12
2.3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»......................... .....................15
2.4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы................................22

Работа содержит 1 файл

курсовая работа Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.docx

— 67.48 Кб (Скачать)

Бағдарламаға қатысушылар

  • Кәсіпкерлер.  Бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген және ел экономикасында басымдық берілген секторлард а  жұмыс істейтін компаниялар. Олардың ішінде тұрақтандыру және антикризистік  бағдарламалар аясында банктер арқылы мемлекеттен қаржы алып отырған кәсікерлер де.
  • Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушілері – әкімдіктер. Жобалар бойынша  мемлекеттік органдармен келісу  жөніндегі барлық процедуралар кәсіпкерлер үшін әкімдіктер арқылы «бір терезе» принципі негізінде  жүргізіледі. Бағдарламаның өзге де мемлекеттік қатысушыларымен  арадағы қарым – қатынасты реттеуді әкімдіктер өз мойнына жүктейді.
  • ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі Мемлекеттік комиссия –Қазақстан Республикасының Прези денті жанындағы кеңес беруші, жиын құрушы орган. Мемлекеттік комиссияның міндеттері – Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілеті мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешім шығару.
  • Аймақтық үйлестіруші кеңестер – кеңес беруші, жиын құрушы органдар. Оларды облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдері құрып, басқарады. Аймақтық үйлестіруші кеңестердің әрқайсысына, сондай-ақ,  жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, банктер мен кәсіпкерлік  бірлестіктердің, салалық ассоциациялардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіреді.
  • ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі (Министрлік) – өкілетті орган. Ол жаңа жобаларды қолдау бағдарламалары мен экспорттаушыларды  қолдауды қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерге ақша аударатын болады. Министрлік, сондай-ақ, әрбір облыс үшін және де Алматы мен Астана қалалары үшін қаржы лимитін белгілейді. Бұл лимиттер сол өңірдегі халық санына тура пропорционалды түрде есептелетін  болады.
  • «Даму» Қоры – қаржылық агент, субсидиялау үшін банктерге ақша аударады, кредиттер бойынша кепілдік береді. Бағдарламанң орындалуына мониторинг  жүргізеді.
  • Банктер – олар жобаларды өздері таңдап (Бағдарлама талаптарына сәйкес), оларды қаржыландыру жөнінде  шешім қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Əрбір адамның   бақытты  жəне   табысты  болғысы  келеді.  Əрекетшіл,  осы   өмірде  əлдебір  нəрсеге  қол  жеткізуді   қалайтын    адамдар  үшін   бұл  ұғымдар  бір-ақ  нəрсені  білдіреді.   Себебі  алға  қойылған  мақсаттарға   қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде, өз-өзіңді қанағаттанған, өз-өзіңе сенімді,    қанаттанған   күйде    сезінесің .

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы  жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын  арттыру – мемлекеттік саясаттың  басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан  экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең  ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту  қажеттігін атап өтті.

Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік  түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік  нысандары тұрғындарды жұмыс  орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен  қатар, нарықтағы қажеттіліктің  қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады.

Қазақстанның қазіргі   даму кезеңі   кез келген ықылас   білдірушілерге   өз  кəсіпкерлік  қабілеттерін   қолдануына  көп  мүмкіндіктер береді. 

Біздің  еліміз үшін шағын бизнесті дамыту – ең бір басты міндеттердің бірі. Шағын бизнес жұмыссыздықтың азаюына, нарықты отандық тауарлармен жəне қызметтермен толықтыруға мүмкіндік тұғызады, бəсекелестік ортаны қалыптастырады, ЖІӨ-ге жəне ел бюджетіне əсер етеді. Ең бастысы, шағын бизнес қоғамның тұрақтылық негізі ретінде ортаншы класты құрудың платформасы болып табылады.

 

 

      

 

 

   Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.    

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жалпы экономикалық теория. Оқулық.
  2. Экономикалық теория негіздері. Алматы:  экономика 2008ж.
  3. Менеджмент. Оқулық . К.Бердалиев Алматы,  экономиа 2005ж.
  4. АльПари – экономикалық журнал 2009-1-2
  5. ҚР Президентінің халыққа Жолдауы
  6. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
  7. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  сайты
  8. Бизнесті қалай ұйымдастыруға болады. Оқу әдістемелік құралы. Астана 2005ж.
  9. ҚР Конституциясы
  10. ҚР Азаматтық кодексі
  11. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Жедел ақпарат. 2011ж.

 


Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы