Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:36, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен формалары...........................4
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны..........................4
1.2. Кәсіпкерлік қызметінің белгілері мен принциптері.........................5
1.3. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары............................................... 7
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламалары.................................................................................................9
2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері.............................9
2.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары....................12
2.3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»......................... .....................15
2.4. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы................................22

Работа содержит 1 файл

курсовая работа Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.docx

— 67.48 Кб (Скачать)

1992ж. ҚР «Жекеше кәсіпкерлікті  қорғау мен қолдау мәселелері  туралы» заңына өзгертулер мен  толықтырулар енгізілді. Бұрын  Заңда кәсіпкерліктің нысаны  – жеке және жекеше нысандары  жайлы айтылса, қазір көрсетілген  заңның  жаңа  редакцияда баяндалған  бабы жекеше әсіпкерліктің барлық  субьектілеріне – жеке кәсіпкерліктің  субьектілеріне, микробизнес субьектілеріне, шғын, орта кәсіпкерліктің  және  ірі бизнестің субьектілеріне  бөлінеді.

 

    1. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықытық формалары:

  1. Жеке иелік ету – бұл бір адамның иелігіндегі іс, бұл оған мынадай белгілі артықшылықтарды береді:

а)  әр меншік иесі кәсіпорынның барлық табысына иелік етеді;

ә) меншік иелері өз-өзіне  билік етеді және кез келген өзгерістер енгізуге құқылы;

б) заңдар жеке иелерге  ең төменгі шектеулер қояды.

Жеке иеліктің кемшіліктері:

а) толық меншікті жауапкершілік;

ә) капитал көлемінің шектілігі.

 

2) Серіктестік  дегеніміз  – кәсіпорынның екі немесе  бірнеше иеленушілерінің болуы.  Оның артықшылықтары:

а) серіктестердің бірігуі  қосымша қаржыны тартуға мүмкіндік  береді;

ә) әр серіктес бұл іске өзінің жаңа шығармашылық идеяларын немесе       талантын ендіреді;

б) серіктестік салыстырмалы түрде оңай ұйымдастырылады және оған ерекше салық салынбайды.

Кемшіліктері:

а) көп жағдайда серіктестіктің барлығы шектелмеген мүліктік жауапкершілікке  ие болады;

ә) егер серіктестердің біреуі істен шығатын болса, онда серіктестік  өзінің жұмысын тоқтатады. өз қызметін әрі қарай жалғастыру үшін серіктестік  жаңа келісім  жасауы керек;

б) серіктестіктің өзіне  тартатын капитал көлемінің шектілігі;

в) серіктестердің фирманы  басқарудағы көзқарастарының сәйкес келмеуінің салдарынан фирманың өміріне  қауіп төнуі мүмкін.

Серіктестіктің түрлері:

  • Толық серіктестік – ол барлық мүшелерінің толық мүліктік жауапкершілігімен ерекшеленеді;
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • Аралас (командиттік) серіктестік;

3)  Акционерлік қоғам  немесе корпорация бұл - өзінің  әр түрлі тауарларды өндіру  мен қызмет көрсетулерді жүзеге  асыру және сатудағы өз қызметін  атқаруға қажетті жеке және  заңды тұлғалардың қаражаттарын  тарту үшін акцияларды шығаруға  негізделген кәсіпорын.

     АҚ артықшылықтары:

а) мүшелерді біріктірудің ұйымдық-корпоративтік сипаты;

ә) шектеулі жауапкершілік;

б) операцияларды жүзеге асырудың қарапайымдылығы;

в) өмір сүруінің шексіздігі.

     АҚ кемшіліктері:

а) құрудың күрделілігі  және қымбаттылығы;

ә) ерекше салықтарды төлеу  қажеттілігі;

б)  акцияларды ашық сатылуда орналасқан корпорациялардың коммерциялық құпияға деген құқықтарынан бас  тартуы.

Акционерлік қоғамдар ашық және жабық АҚ деп бөлінеді. Ашық түрдегі АҚ жарғылық қоры акциялардың  ашық нарықта сатылуының нәтижесінде  қалыптасады. Жабық түрдегі АҚ жарғылық қорын өзінің құрылтайшыларының  акциялары негізінде қалыптастырады[2,50].

Бірдей бөліктерден тұратын  жарғылық қор көлеміне сәйкес келетін  АҚ шығарған құнды қағаз акция  деп аталады және бұл акциялар әр акционерге олардың қосқан үлесіне  сәйкес бөлінеді. Акцияға келетін  табыс дивиденд деп аталады.  Дивиденд көлемі АҚ шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді.

Акциялардың сатылу бағасы оның бағамы деп аталады. Акциялардың  бақылау пакеті – АҚ шығарған акциялар санындағы белгілі бір акционерден  басқа акционерлердің акциялар санымен  салыстырғандағы үлкен үлесі (50%-тен көп). Акциялардың бақылау пакеті оның иесіне АҚ қабылдайтын шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі  салық комитеттерінде тіркеледі.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің  жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын заңды  тұлғалар микробизнес субьектілері болып табылады. Микробизнес субьектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субьектілері үшін көзделген жеңілдіктерді  пайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заіды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің  субьектілеріне заңды  тұлғасы құрылмаған жеке  тұлғалар және жұмыскерлердің  жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы  құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен  аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Ірі кәсіпкерліктің субьектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің    жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен  асатын заңды тұлғалар жатады[8, 16].

 

 

2.  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау  бағдарламалары

 

2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының үрдістері

 

Белгілі бір себептерден  бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер  болады, басқалары оларға жұмысқа  жеке еңбек шартын жасау кезінде  дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың  бәріне өз қызметінде басшылыққа алатын білім керек.  

Соңғы он төрт жыл бойы республиканың  әлеуметтік  экономикалық  саясатының маңызды басымдылықтарының бірі ағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту болып табылатынын атап кету керек.

Неге? Жай жауап беруге болады: нарықтық шаруашылықтың қазіргі  заманғы жүйесі ірі, орта және шағын  кәсіпкерліктің  тиімді үйлесімді  болуын  талап етеді. Бұл –  ХХ ғасырдың екінші жартысындағы  дамыған  елдердің экономикасының маңызды ерекшелігі шағын кәсіпорындардың пайдасына  ірі құрылымдық алға жылжу, бұл бәсекеге қабілеттілік пен, сұранысқа жылдам үн қатумен және ғылыми техникалық алға басуды тездетумен, кадрларды  орынды қолданумен, ақша қаражатының  аз жұмсалуымен    және т.б. байланысты. АҚШ та,   мысалы, тіркелген 18,1млн фирманың  97%-ы қызметкерлерінің  саны кемінде 500 адам шағын кәсіпкерлік  санатына жатады, фирмалардың 90%- да 15 тен аз адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ 38%- ы  және жұмыс күшінің  47%- ы келеді.  АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолданудың мемлекеттік құрылымдары  кадрларды дайындау, маркетинг, сыртқы рыноктарға шығу және т.б. бағдарламалардың бір қатарын  іске асырды. Жетпіс  мыңға жуық шағын кәсіпорындарға  мемлекеттік бюджет есебінен 2 млрд. доллардан аса  инвестиция  жаңа және  жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру мен дамытуға  бөлінген. Тек соңғы  он жылдықта ғана шағын кәсіпорындарға 31 млрд.доллар  несиеге  180 мың мемлекеттік кепілдіктер берілген. Мұнда «Шағын бизнес туралы» заң тағы 1953 жылы қабылданған болатын. Демек АҚШ та: «Шағын бизнес күллі экономикасының жотасы»  деп тегін айтылмайды[8, 4].

Әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен сарапшылары шағын  және орта кәсіпкерліктің жұмыссыздықпен күрестегі  мағынасы өте зор деген  қорытындыға келді. Ол дамыған елдерде  азаматтардың 70-80% на жұмыс  және мемлекеттік  бюджетке түсімдердің басым  үлесін береді.

ҚР статистика жөніндегі  агенттігінің деректері бойынша  елімізде 2011 жылдың 1 қазанына  тіркелген  шағын кәсіпкерлік субьектілерінің  саны (бұдан әрі ШКС) 1 229 568, жұмыс істеп тұрғандарының саны 687 508 немесе жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілерінің жалпы санының 56%, олардың ішінде заңды тұлғалар 64 594  (9,3%), жеке кәсіпкерлер 451 594 (78,7%) және шаруа қожалықтарының 171 320 (24,9%) санын құрайды[11].

Алматы облысында 133 640 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелді.  Солардың ішінде заңды тұлғалардың саны 10 119, жеке кәсіпкерлер 73 138, шаруа қожалықтары 50 383 тіркелді.

ШКС де жұмыс істейтіндердің саны 266 911мың адам құрап, 2011 жылы  қаңтар-қазан  айларына  ШКС 489 586млн. теңгеге өнім шығарды.

Сондықтан экономиканың одан арғы даму кезеңі шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдауға  қажетті (құқықтық, салықтық) талаптардың жасалуымен байланысты болады.

Мәлімет үшін, 1987 жылдың 1 мамырында  Қазақстанда 1986 жылдың 19 қарашасында  «Жеке еңбек қызметі туралы»  КСРО заңы күшіне  енгізілгенде жеке кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. 1990 жылдың 11 желтоқсанында «Қазақ КСРО дағы шаруашылық қызметінің еркіндігі  және кәсіпкерлікті дамыту туралы»  заң қабылданды, бұл  шын мәнінде  кәсіпкерліктің  дамуының негізіне айналды, ал 1992 жылдың 4 шілдесінде  Қазақстан Республикасының «Жекеше  кәсіпкерлікті қорғау туралы» өте  маңызды заңы  қабылданды.  1992-1994 және 1995-1996 жылдардағы кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші  екі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан  экономикасы  үшін  күрделі кезеңде  іске асырылды, соған қарамастан республикада жеке кәсіпкерліктің  құрылу мен  қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекетік мүлікті мерзімінен ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға  несиелік көмек  көрсету, мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің  меншігіне акциялар түрінде өтуі үшін, соның ішінде  жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік талаптарын жасау енгізілді. Сол кезеңде тауарлық  биржалар, бағалы қағаздардың биржалары, валюталық биржалар коммерциялық банктер, тұтас делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады.

Қазіргі таңда 2010 жылдан бастапотандық  бизнесті қолдау бағдарламасы Қазақстан  Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010жылғы №958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында  жүзеге асатын болады.

Оның негізгі міндеті  – жоғары технологиялы өндірістерді құруға бағдар алған шағын кәсіпкерлікті  дамыту жолымен орта тапты қалыптастыруға  бағытталған институттық жағдайларды  жетілдіру.

ҚР Президентінің 2005 жылдың 18 ақпандағы халыққа Жолдауына  сәйкес 12 мамырда үкімет 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген  шаралар  бағдарламасын бекіткенін атап кету керек.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қарқынын арттыру үшін 1997 жылдың  маусымында: «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы» заңдар қабылданды; қолданыстағы заңнамалық актілерге  бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.  Сонымен қатар шағын  кәсіпкерлік  субьектілерін тіркеудің, оларды жабудың, лицензиялау мен  патенттердің тәртібі оңайлатылды; оңайлатылған есептілік құрылымы жасалды, оның өсуін көтермелеу мақсатында қолданылмайтын мемлекеттік мүліктің бөлігі  шағын  кәсіпкерлікке берілді, мемлекеттік  қолдау, соның ішінде қаражаттық қолдау жүйесі ұйымдастырылды.

Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының жоғарылығына қарамастан, экономиканың осы секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған  біраз проблемалар орын алуда. Атап айтқанда:

  • заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кəсіпкерлік туралы заңнама нормалары ескірген. ШОБ дамыту мəселелері бойынша нақты норма жоқ, бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;
  • кəсіпкерлік субъектілерін анықтау проблемалары – кəсіпкерлік субъектілерін шағын жəне орта бизнес санатына жатқызу өлшемдері əлемдік іс-тəжірибеге сай емес. Төмендетілген құндық өлшемдер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай келмейді. Олар бизнестің табиғи «ұсақталуына» жол береді, отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;
  • сындарлығы жеткіліксіз салық жүйесі –Қазақстанның салық жүйесі шағын бизнес ауқымының өсуіне жəне оның біртіндеп орта бизнеске айналуына ынталандыратын қозғаушы күштерді қарастырмайды;
  • əкімшілік тосқауылдар – əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын жəне орта бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алайда оларды кешенді түрде талдау аталған проблеманы барынша тиімді шешудің жолы болып табылады;
  • кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай дамуы – Қазақстанда орын алған ШОБ қолдау инфрақұрылымы шағын жəне орта бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;
  • шағын жəне орта бизнес өнімінің бəсеке-қабілеттілігінің төмендігі – тұтастай алғанда ШОБ секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай- ақ технологиялылығының төмендігі шағын жəне орта бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу қабілетін төмендетеді;
  • қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы – əлемдік қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың тапшылық проблемасын тереңдетіп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын дер кезінде іске асыру - дағдарыс құбылыстарының ШОБ секторына жағымсыз əсерін ішінара бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы