Қазақстан Республикасының валюта жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастауға жәрдем етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда, капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық күштің ара қатынасы мен ынтымақтастығының дәрежелеріне байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І бөлім. Валюталық нарық және валюта жүйесі 4-8
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4-5
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5-8
ІІ бөлім. Халықаралық валюталық қатынастар 9-16
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 9-12
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 12-16
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі 17-24
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі......................................17-18
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 19-24
Қорытынды 25-26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27
Қосымшалар............................................

Работа содержит 1 файл

халыкаралык валюта курсовая.docx

— 70.28 Кб (Скачать)

     Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін, жана құбылыс  ретінде мемлекет аралық валюталық  реттеу ұйымдары - ХВҚ, сондай-ақ аймақтық - Еуропалық валюталық институт құрылды (1994ж.)

     Валюталық резервтерді диверсификациялау  — бул халықаралық есепайырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция  жүргізу және валюталық шығындардан  сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды  қосу жолымен, валюталық резервтердің құрылымын реттеуге бағытталған, мемлекеттің  және банктердің саясаты болып табылады/8,-436б./.

     Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық  есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты  валюталарды сатып алу жолымен  жүзеге асырылады.

     Валюталық паритет жөне валюталық бағам  режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

     Девальвация мен ревальвация — валюталық  саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

     Девальвация - Ұлттық валютаның бағамын, шетел  валюталарына қатысы төмендетуді білдіреді/6,-435б./.

     Ревальвация - Ұлттық валютаның бағытын көтеруге бағытталған әрекет/6,-436б./.

     Валюталық саясаттың келесі бір формасы  ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

     Валюталық шектеу - резиденттер мен резидент валюталар және басқадай валюталық, құндылықтармен жасалатын операцияларын  заңды түрде немесе әкімшілік  түрде тыйым салуын, шектеуін білдіреді. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық  шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

     Валюталық шектеудің мақсаттары келесідей:

     - төлем балансын теңестіру;

     - валюталық бағамды қолдау;

     - ағымдағы және стратегиялық міндеттерді  шешу үшін мемлекеттің қолында  валюталық құндылықтардың шоғырлануы. Валюталық шектеу келесідей қағидаларға  сүйенеді:

     - Валюталық операцияларды орталық  және өкілетті (девиздік) банктерде  орталықтандырылуы;

     - Валюталық операция жасау үшін  рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

     - Валюталық шоттарды толық немесе  жартылай жабу;

     - Валюталардың қайтарымдылығын шектеу/kk.wikipedia.org./.

2.2 Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері

 

     Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы батыс елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

     Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық  экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда  келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға  емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез  келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және т.б.). Екі  дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттон-Вудс конференциясына дейін  резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір  валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын  фунт стерлингі мен американдық  доллар осы статусты (атақты) бірінші  болып алуға өзара шиеленіскен  бәсекелесте таласып жатты.

     Үшінші  дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік  валюта статусы бекітілді. Онда алтын  девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен  бірге алғашқы рет резервтік  валюта статусы заңды түрде осы  валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ  пен Ұлыбританияның халықаралық  қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне  капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми  алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы  және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың  үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс  Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық аштықта" көрініс  тапты.

     Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері  төмендегідей:

     • доллар мен фунт стерлингтің резервтік  валюта ретіндегі статусы бекітілді;

     • ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын  баска валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын  паритеті және валюта бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ± 1%-ке, Еуропа елдерінде  ± 0,75% ауытқуы мүмкін;

     • шетел орталық банктерінің долларлық  резервтері (қорлары) алтынға американдық  қазынашылық мекемесі (казначейство) арқылы ресми бағамен айырбасталады;

     • алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына  теңгерілді);

     • мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін  орган - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды./13,- 412б./.

     ХВҚ-ның  негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға  еркін айырбасталуын бақылауды  қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек  ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің  тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.

     Дегенмен  бұл жүйе оган мүше елдердің барлығына  бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық  стандартты бекіткен принциптерді АҚШ  басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен  доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем  құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп  жүйені әлсірете бастады. Осы кезде  Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы  күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы  Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде  күйреуін жеделдетті.

     Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен  дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір  ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек  заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы  стандарт болып табылады.

     Ямайка  валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден  айырмашылығы:

     • алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның  құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге  де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел  орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық  резервтерді алтынға айырбастауы  жойылғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды  валюта соғылатын металл ретінде  заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс жүзінде оның ақша ретінде қолдану  мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық  ақша және аса сенімді резервтік  актив ретінде саналады. Қазіргі  кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын  бар).

     • алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы - СДР енгізілді. Ол валюталық паритет  пен валюта бағамының негізі деп  жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн эталонына (үлгі өлшем), не басты халықаралық  төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын  валюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДР  стандартының болашағы жоқ, оның қолдану  аясы негізінен ХВҚ-ның операцияларымен  шектелуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік  валюта статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнын aнықтайтын  СДР-дың валюталық қоржынының 39%-і  доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ  қазір олардың саны азаюда. Әйтседе  доллар бұрынғыдай халықаралық төлем  және резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы  АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына  негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінінің  әсерінен олардың әлемдік экономикадағы  монополды жағдайы жойылуда. СДР  стандартында шын мәнінде көп  валюталы стандартқа ауысты. Ол үш әлемдік  валюталық орталықтың валюталарына, яғни американдық долларға, неміс  маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген./14,-354б./.

     ХВҚ-ның  мүшелері валюталық паритетті қолданбай  кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануга құқық алды. Сөйтіп өзгермелі  валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағасына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының  арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық  интервенциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді.

     Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті - мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше-елдердің өзара тығыз  қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол  жеткізу үшін әр түрлі валюталық  шектеулерді жою.

     Қорыта  айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы  жүйемен салыстырғанда өзінің икемділігімен  төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің  жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стандартының тиімсіздігіне  байланысты; алтынды заңды түрде  демонетизациялаумен оның іс-жүзінде  әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы  арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі  валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды. Қазіргі  кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар іздестірілуде.

     1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың  (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің  интеграциялық процестерін дамытуға  көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.

     ЕВЖ -нің құрылымдық ерекшеліктеріне  төмендегілер жатады:

     • СДР-дың орнына еуропалық валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-дің валюталық қоржыны батыс  еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс маркасы (30%-тен астамы) үстем  болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДР-ды қолдану  аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес, сонымен қатар жеке секторлар, оның ішінде банктердің депозиттік-ссудалық операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бастағанымен, әзірше әлемдік  деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық  еуропалық валюта - еуро ауыстырды.

     Ямайка  жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға қарама-қарсы   ЕВЖ-де осы валюталық  металмен жүргізілетін операциялар  жаңғыртылды.  Алтын мен доллар ЕВЖ-ге мүше-елдердің ресми алтын-долларлық  резервтерінің 20%-ін біріктіру жолымен  ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердің орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың  т. алтын аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық  банктердің шотына ауыстырды. Мемлекеттердің алтынмен төлеген жарнасы қайта  жаңартылатын үш айлық "своп" келісімімен  рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды  ЭКЮ-ге сатып, үш айдан кейін оны  кері сатып алу үшін қарсы келісім  жүргізумен үйлестіріледі. ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының "бірге өзгеру" ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол қазір орталық  бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның бұндай ұжымдық өзгеру тәртібі "еуропалық  валюта жыланы" деп аталады, себебі бұл ауытқудың графикалык өрнегі жыланның жорғалауына тым ұқсас. Егер валюталардың бағамы рұқсат етілген  шектен асып кетсе, онда орталық банк неміс маркасымен валюталық интервенция  жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның  бағамын түсірмеу мақсатында марканы  сол валютаға сату керек. ЕО валюта бағамының ұжымдық өзгеруі олардың  тұрақтылығын қамтамасыз етті, әйтсе  де әлсін-әлі ресми девальвация (бағамды  төмендету) және ревальвация (бағамды  жоғарылату) жүргізіліп тұрды (1979-1993 жж. аралығында 16 рет). Тұрақсыз валюталардың (Ирландия, Италия, Бельгия, Дания және т.б.) бағамы әдетте төмендетілсе, ал "тұрақты" валюталардың (ГФР, Нидерланды және т.б.) бағамы жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың қайшылықтарын өршіте түседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының валюта жүйесі