Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа
Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастауға жәрдем етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда, капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық күштің ара қатынасы мен ынтымақтастығының дәрежелеріне байланысты.
КІРІСПЕ 3
І бөлім. Валюталық нарық және валюта жүйесі 4-8
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4-5
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5-8
ІІ бөлім. Халықаралық валюталық қатынастар 9-16
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 9-12
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 12-16
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі 17-24
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі......................................17-18
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 19-24
Қорытынды 25-26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27
Қосымшалар............................................
•
валюта бағамының тәртібі (белгіленген,
белгілі бір аралықта өзгермелі),
Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі
орталық бағамында он бес валюта
бағамының өзара ауытқу шегі ± 15%
шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші
жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына
шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж.
5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының
жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді.
Валюта-қаржы дағдарысы
•
валюталық шектеудің болуы
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік
шаруашылық қатынастарының дамуына
байланысты әр елдің ұлттық валюта
жүйелерінің негізінде
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау/4,-247б./.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда
әлемдік ақшаның бірден-бір
Ұзақ
тарихи дамудың нәтижесінде
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
• мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді/5,-136б./.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• нарықтық реттеу;
• мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық
нарықта валюталарға деген
Бірақта,
мемлекет ертеден бері валюталық
қатынастарға араласып келген, бастапқысында
ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік
шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырьш,
тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы
XX ғ. алтын стандарты алынып тасталуына
байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі
Нарықтық
және мемлекеттік валюталық реттеу
бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге
негізделген, яғни дамуды ынталандыра
түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды
нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш
арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шегуге байланысты анықталады.
Сондықтан да, олар арасындағы шекті
қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс,
соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда
қатаң мемлекеттік валюталық
реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ
валюталық-экономикалық жағдайдың
жақсаруы барысында валюталық
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқадай экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығын білдіреді/9,-22б./.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық
саясаттың басты бағыттары мен
формалары елдердің валюталық-экономикалық
жағдайына, әлемдік шаруашылықтың
эволюцияларына, әлемдік аренадағы
күштердің орналасуына
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы мен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасындағы жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы -валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу - нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді./9,-221б./.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы - Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:
1.) Құрылымдық валюталық саясат;
2.) Ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат — дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығын білдіреді. Ол, валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат - валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар жиынтығы.
Валюталық саясаттың келесідей формалары қолданылады:
1.) Дисконттық валюталық саясат.
2. ) Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың келесідей жүзеге асырылу формалары болады:
а) валюталық интервенция;
ә)
валюталық резервтерді
б) валюталық шектеу;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
г) валюталық бағам режимі;
д) девальвация;
з) ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты - бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуін білдіреді. Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шет елдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды жөне валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік
саясат - мемлекеттік ұйымдардың немесе
орталық банктің шетел
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.