Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:12, курсовая работа
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шетелдік күрделі салымдардың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады.
Кіріспе
І тарау Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың экономикалық сипаты
1.1. Күрделі салымдар және олардың түсінігі
1.2.Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың ерекшеліктері
1.3. Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалану мәселелері
ІІ тарау Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау
2.1. Ұйымға сипаттама, оның қызмет объектілері мен функциялары
2.2. Күрделі салымдарды қалыптастыру көздері
2.3. Күрделі салымдарына баға беру
ІІІ Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды басқару жолдары мен қазіргі жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Дерек көзі: «ТенгизШевройл» компаниясы 2009жыл
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысын есептеу барысында «ТенгизШевройл» компаниясының 2007 жылғы инвестициясы -412346280 теңгені құраған. Бұл соңғы үш жылдық есептің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш екендігін айтып өткен жөн. 2008 жылы (-66901884 тг.) 16,2% төмендесе, 2009 жылы (-20070565 тг.) бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда оның 4,86% құрайды.
100%
16,2%
4,86%
2007 – 2008 - 2009 жылдар
1сурет. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
«ТенгизШевройл» компаниясының 2007 жылғы операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы 203 794 730 теңгені құрайды. Егер осы соманы шартты түрде 100% деп алып, өзге жылдардағы қаражат сомаларымен салыстырар болсақ, онда 2008 жылы (61 138 418 тг.) 30% төмендесе, 2009 жылы (131 042154 тг.) бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда оның 64,3% құрайды. Диаграмма түрінде мынадай көрініске ие болады (кесте-3):
3 кесте. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
Көрсеткіш атаулары |
Беттің коды |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
1. Ақша қаражатының түсімі, барлығы соның ішінде: |
010 |
992 983 845 |
297 895 153 |
200 277 171 |
тауарларды сату | 011 | 616 691 541 | 185 007 462 | 555 022 386 |
қызметтерді ұсыну | 012 | 185 419 504 | 556 258 512 | 166 877 554 |
алынған аванстар | 013 | 136 924 228 | 410 772 684 | 123 231 805 |
дивиденттер | 014 | 3 198 306 | 9 594 918 | 28 784 754 |
басқа түсімдер | 015 | 50 750 266 | 152 250 798 | 456 752 394 |
2. Ақша қаражатын қағу, барлығы, соның ішінде: |
020 |
789 189 115 |
236 756 735 |
692 350 173 |
тауарлар мен қызметті қоюшыларға жасалған төлемдер | 021 | 326 862 573 | 980 587 719 | 294 176 316 |
берілген аванстар | 022 | 66 486 016 | 199 458 045 | 598 374 144 |
еңбек ақы бойынша төлемдер | 023 | 54 823 410 | 16 447 023 | 49 341 069 |
несиелер бойынша сыйақы төлеу | 024 | 22 123 628 | 66 370 884 | 19 912 652 |
корпоративті табыс салығы | 025 | 101 238 929 | 303 716 787 | 911 150 361 |
бюджетке төленген басқа төлемдер | 026 | 111 576 279 | 334 728 837 | 100 418 651 |
басқа төлемдер | 027 | 106 078 280 | 31 823 484 | 95 470 452 |
3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы |
030 |
203 794 730 |
61 138 418 |
131 042 154 |
Дерек көзі: ««ТенгизШевройл»» компаниясы 2009жыл
100%
2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
2 сурет Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
4 кесте. Кәсіпорынның табыс қаражатының қозғалысы
Көрсеткіш атаулары |
Беттің коды |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
1) Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс |
10 |
906 918 306 |
272 075 492 |
816 226 476 |
2) Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны |
20 |
417 009 783 |
125 102 935 |
375 308 805 |
3) Жалқы пайда | 30 | 489 908 523 | 146 972 557 | 440 917 671 |
4) Жалпы пайда | 40 | 14 376 941 | 43 130 823 | 129 392 469 |
5) Басқа табыстар | 50 | 60 023 517 | 180 070 551 | 540 211 653 |
Түскен табыс |
| 1888237070 | 767352358 | 2302057074 |
Дерек көзі: ««ТенгизШевройл»» компаниясы 2009жыл
Жоғарыдағы мәліметтерді қорытындылай келе көретініміз: 2007 жылғы табыспен (1888237070 тг.) салыстырғанда 2008 жылы (767352358 тг.) кәсіпорынның табысы 4,06% төмендесе, 2009 жылы (2302057074 тг.) керісінше 12,1% артқан [19].
100%
4,06%
2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
3 сурет. Кәсіпорынның табыс қаражатының қозғалысының динамикасы
Екі ірі кәсіпорынды біріктірген ТенгизШевройл компаниясы былтыр 8892,8 мың тонна қара алтын мен 26,1 мың тонна газ конденсатын өндіріп, өнім көлемін бір жылда 1 миллион тоннаға ұлғайтты. Мұндай оңды нәтижеге өндірісте жаңа технологияларды кеңінен қолданудың септігі тиіп отыр. Соның ішінде жер астындағы мұнай қабаттарына электрмен әсер етудің тиімділігі дәлелденсе, “Темпоскрин” технологиясын енгізу де нәтиже бере бастаған. Сонымен қатар, ішкі нарықты шикі мұнаймен басты қамтушының бірі ретінде “АтМӨЗ”-дің тұрақты өнім өңдеу ырғағына дем берген бұл компания 60 жылдан бері үздіксіз қара алтын өңдейтін байырғы зауыттың 86,7% акциялар пакетін басқаруға алды. Ал мұның астарында өз нарығымызды арзан мұнай өнімдерімен қамтуды жолға қою мақсаты жатыр. Осы айтқанымызды дерек тілімен өрнектер болсақ, былтыр ішкі нарыққа 2944 мың тонна шикізат жеткізіліп, межеленген үде 22,7 пайызға артты.
2.3. Күрделі салымдарына баға беру
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады.
Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының негізгі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген [2, 36-38б].
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші каитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшелікке алу қажет.
Бұл қағидалар:
1) экономикалық мақсатқа сәйкестілік – ол сол немесе басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шктеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады;
2) әлеуметтік экономикалық тиімділік – ке келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида: шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды;
3) экономикалық-экологиялық қауіпсіздік – егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет;
4) экономикаға шетел инвестицияларына басымдылық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2000 жылға дейінгі кезеңде тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды өндірістердің тізімі бекітілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс;
5) Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады;
6) Ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды роль атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді [6, 99-101б].
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.
ІІІ Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды басқару жолдары мен қазіргі жетістіктері
Күрделі салымдар мен шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстанның өндірістік инфрақұрылымын жақсы қалыпқа келтіруге, жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті пайдалануға, негізгі қорды жаңалауға, көптеген кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтауға, квалификацияланған мамандардың және жұмысшылардың потенциалын тиімді пайдалануға, менеджмент, маркетинг, ноу-хау салаларындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді енгізуге, ішкі нақты отандық жоғары сапалы өнімдермен толтыруға, шетелге жіберілетін экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Республика саясаткерлері мен экономистерінің шетелдік капиталдың қалыптасуы мен төмендегідей мәселелерді шешуге болады:
экспорттық потенциалдың нәтижелілігін көтеру және оның шикізатқа байланысты сұрақтарын шешу;
- сыртқы нарықтағы экспорттық өнімдердің позициясын бекіту;
- импортты ауыстыратын өндірісті қалыпатстыру;
- жаңа техника мен технология, басқару және өнімді өткізу әдістері арқылы өндірістің ғылыми техникалық деңгейін көтеру.
- мемлекеттік бюджетке салықтың көптеп түсуін қамтамасыз ету;
- артта қалып келе жатқан дептессивтік аудандарды дамыту;
- ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын дайындау;
- кадрларды қайта дайындау және оқыту арқылы қазіргі заманғы өндірістік және басқару тәжірибесін пайдалану;
- Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына қол жеткізу.
Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны тікелей инвесторлардан алынған несиенің өтелуін есепке алмағанда, 13 млрд долларды құрады, олардың ішінде 10,2 млрд доллар кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қызметі үшін алған несие түріндегі инвестициялар (79,2%), 1,9 млрд доллар шетелдік акционерлік капитал (14,9 % ) және 0,7 млрд доллар шетелдік инвесторлардың бюджетке салған салымдары (5 %).
Соңғы жылдары Қазақстанда инвестиция және инвестициялық саясат көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының өзекті әдістеріне айналды.
Қазіргі таңда Қазақстан территориясында шетелдіктердің иелігіне берілгеннің бәрін инвестиция деп санауға болмайды, бұ лкерісінше де болуы мүмкін, өндірістік әсіресе шикізаттық обьектілердің сатылуы (жиі номиналды бағасынан төмен) мемлекет үшін дизинвестиция болып табылады. Ал «портфельдік инвестициялардан» түсетін ақша нарыққа келіп, жағымсыз коньютура жағдайында одан да тез арада шығып кетеді. Міне, сол үшін инвестициялық жобаларды таңда критерийлерін дайындау керек. Республика Үкімет соңғы кезде бұл бағытта көп жұмыстар атқаруда. Оған инвестиция бағытында қабылданған қаулылар мен бекітулер мысал бола алады.