Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан - 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы - Парламент. Ол республиканың заң шығарушылық қызметін жүзеге асырады.
ҚР басқару жүйесі үш сатыдан тұрады: 1.Заң шығарушы орган (Парламент ). 2. Атқарушы орган (Үкімет). 3. Сот билігі.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейін 10 күн ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы республиканың Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады.

Содержание

Кіріспе

I-бөлім. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1.2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымы

II-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары
2.1. Министрлiктiң негізгі функциялары (міндеттері)
2.2. Министрлiктiң құқықтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

экономика және бюджеттік жоспарлау.doc

— 959.12 Кб (Скачать)

 2. Мемлекеттік саясатты iске асыру саласында келесідей бірнеше функцияларды жүзеге асырады:

    • мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды iске асыру жөнiндегi қызметiн талдауды және үйлестірудi жүзеге асыру;
    • елдiң, Қазақстан Республикасының өңiрлерi мен салаларының әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін, әлемдiк экономиканың жай-күйін және дамуын талдауды жүргiзу;
    • экономикалық талдауды және макроэкономикалық болжауды жүргiзу;
    • экономикалық қауiпсiздiк мәселелерінің мониторингі;
    • республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi болжау;
    • мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттiк инвестициялар мен гранттарды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелілігiн) бағалауды жүргiзу;
    • ұлттық компаниялар қызметiнiң тиiмдiлігін талдауды және бағалауды жүзеге асыру;
    • мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқаруды талдауды және бағалауды жүргiзу;
    • орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру;
    • республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың штаттық кестелерiн талдауды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiн қалыптастыру және одан әрі жүргiзу;
    • мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
    • мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн рұқсат беру жүйесi, оның iшiнде лицензиялау мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
    • мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi жұмысын үйлестiру, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара iс-қимыл жасау;
    • өз қызметi саласындағы заңнаманың қолданылуын талдауды жүзеге асыру.

3. Экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    • республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргiзу;
    • өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру және оларға салықтық сараптаманың қорытынды кезеңiн жүргiзу.

 

2.2. Министрлiктiң құқықтары

 

 Өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлiк заңнамада белгiленген тәртіппен келесілерді орындауға құқылы:

    • Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
    • орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орта мерзiмдi жоспарларды, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарларын iске асыруының мониторингiн жүзеге асыруға;
    • Қазақстан Республикасының Үкiметіне Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
    • Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әрі iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгiзуге;
    • өз құзыретi шегiнде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды мемлекеттік органдарға ұсынуға;
    • өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге және шығаруға;
    • өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалармен келiсiмдер жасасуға;
    • өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
    • өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
    • консалтингтік қызметтердi жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
    • шетелдiк мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
    • мониторинг объектілерiн тiкелей зерттеуге, меншіктiң мемлекеттiк мониторингі нысанасына жататын ақпаратты талдауға орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн тартуға;
    • сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
    • Министрлiктің қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың мемлекеттiк басқару органы ретiнде түсуге;
    • Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражат шегiнде аса маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн айқындауға,   Министрлiктiң құзыретіне енетін мәселелердi әзiрлеу үшiн белгіленген тәртiппен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыс, аудан және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орталық аткарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі - алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері - республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді.

Министрліктің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері:

    • тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
    • өз құзыреті шегінде дербес шешімдер кабылдайды;
    • ҚР Премьер-Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді;
    • ҚР зандарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

ҚР-да ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар:

    • ҚР-ның министрліктері;
    • ҚР-ның агенттіктері;
    • ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

 ҚР-ның М и н и с т р л і г і мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган болып табылады.

Ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, саларалық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттіе қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық ббюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасауды өз мойнына алады.

Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады. 
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның ішінде бір бiрiншi орынбасары болады. Министрлік құрамында министр орынбасарларына қарасты департаменттер қызмет атқарады.

Олардың барлығының мақсаты - еліміздің экономикасын тұрақтандыруға және нығайуына өз үлестерін қосу.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 5-том. Алматы, 2002ж.
    2. Қазақстан Республикасының анықтамалық энциклопедиясы. Алматы, 2002ж.
    3. «Түркістан». Энциклопедия. Алматы,2000ж.
    4. Үкімет жаршысы. Қаулылар мен нормативтік құқықтық актілер. 2006ж.
    5. www.government.kz
    6. www.minplan.kz
    7. www.google.kz
    8. www.prezident.kz
    9. www.pravitelsva.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары