Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан - 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Республиканың ең жоғарғы өкілдік органы - Парламент. Ол республиканың заң шығарушылық қызметін жүзеге асырады.
ҚР басқару жүйесі үш сатыдан тұрады: 1.Заң шығарушы орган (Парламент ). 2. Атқарушы орган (Үкімет). 3. Сот билігі.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейін 10 күн ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы республиканың Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайыңдайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, кайта құрады.

Содержание

Кіріспе

I-бөлім. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
1.2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымы

II-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары
2.1. Министрлiктiң негізгі функциялары (міндеттері)
2.2. Министрлiктiң құқықтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

экономика және бюджеттік жоспарлау.doc

— 959.12 Кб (Скачать)

Министрліктің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері:

    • тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
    • өз құзыреті шегінде дербес шешімдер кабылдайды;
    • ҚР Премьер-Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді;
    • ҚР зандарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

 Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармак) өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді. Үкімет құрамына кіретін орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазіргі кезде мына салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органдары жұмыс істейді:

Экономика салалары бойынша: Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Энергетика және минералдық қорлар министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Акпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік.

Әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет министрліг, Ақпарат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көшіқон және демография жөніндегі агенттік.

Әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Әділет министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі.

  Орталық атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекітілген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитеттеті) туралы үлгі ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет туралы ережелермен реттеледі. ҚР-да ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар:

    • ҚР-ның министрліктері;
    • ҚР-ның агенттіктері;
    • ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

 ҚР-ның М и н и с т р л і г і мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрліктің басшысы болып табылатын министрді де Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Министр министрліктің жұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жауап береді. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамына кіреді.

Министрліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вице-министрлері), сондай-ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа - кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын министр бекітеді. Министр өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бүйрықгар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және бір-біріне әкімшілік бағынышты емес, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің бірлескен іс-қимылдарын қажет ететін (мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөніндегі мәселелерді шешу туралы) шарттар мен келісімдер жасаса алады.

 

1.2. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметін ұйымдастыру және оның құрылымы

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган болып табылады.

Ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, саларалық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттіе қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық ббюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасауды өз мойнына алады.

Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №970 қаулысымен құрылған.

Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
  • мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
  • экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.

Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы Ереже сәйкес жүзеге acырады. 
 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ереженің жалпы ережелер бөлімінде көрсетілгендей Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
 Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй. 
 Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" мемлекеттік мекемесi. 
 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
 Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізді.

Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады. 
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның ішінде бір бiрiншi орынбасары болады. Министрлік құрамында министр орынбасарларына қарасты келесі департаменттер қызмет атқарады :

  1. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті.
  2. Мемаппараттағы қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті.
  3. Әлеуметік сала шығындарын жоспарлау департаменті.
  4. Салалық органдар шығыстарын жоспарлау департаменті.
  5. Мемлекеттік қарыз алу мен несиелендіруді жоспарлау департаменті.
  6. Халықаралық экономикалық және қаржылық қарым-қатынастар департаменті.
  7. Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті.
  8. Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті.
  9. Салық саясаты және болжамдар департаменті.
  10. Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаменті.
  11. Аймақтық саясат және бюджетаралық қарым-қатынастар департаменті.
  12. Салалық саясат және бағдарламалар департаменті.
  13. Ақпараттандыру саясаты департаменті.

Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауаптылықта болады. Осы мақсатта Министр:

- өзінің орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

- заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;

- Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;

- өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

- барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдіреді;

- Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi.

Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен рәсiмделедi.

Сондай-ақ, Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.

Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң құрылымы келесідей қарапайым байланыс арқылы көрсетуге болады. 1-қосымша.



 

 

 

  Министрліктің қарамағында "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы", "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы жұмыс істейді.

II-бөлім. Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары

2.1. Министрлiктiң негізгі функциялары (міндеттері)

 

Министрлікке жүктелген міндеттерді келесідей бірнеше топтарға бөліп қарастыру дұрыс.

 1. Мемлекеттiк саясатты қалыптастыру саласындағы міндеттері. Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:

    • мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеудiң салааралық және өңiраралық үйлестiруiн жүзеге асырады;
    • Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн стратегиялық, орта мерзiмдi экономикалық, бюджеттiк жоспарлау және рұқсат беру жүйесiн жетілдiру;
    • бюджет процесiне әдiснамалық жетекшiлiк ету;
    • орталық және жергілiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қалыптастыру, олардың орындалу мониторингiн жүзеге асыру;
    • басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру;
    • гранттарды тартуға басымды өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
    • мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты, бюджеттiк кредит берудi жоспарлауды және талдауды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасының ёлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлетті органның қатысуымен алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемi мен құрылымы негізiнде мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн және болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындау;
    • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеу;
    • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясаттың жобасын әзiрлеу;
    • тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобасын әзiрлеу;
    • тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу;
    • төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу;
    • республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемi туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу;
    • бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлеу;
    • қаржыландырудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту;
    • әлеуметтiк-экономикалық дамудың, бюджеттiк жоспарлау және бағдарламалаудың, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалардың орта мерзiмдi жоспарларының әзiрленуiн және iске асырылуын әдiснамалық қамтамасыз ету;
    • бюджеттiк инвестициялардың жүзеге асырылуын әдістемелік қамтамасыз ету, әзiрленуiн ұйымдастыру мен оның мониторингi;
    • инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу, мемлекеттiк бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ету;
    • жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында негiзгі бағыттарды әзiрлеу және бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржы мен мемлекеттiк меншiгiн басқару және жекешелендiру саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;
    • республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
    • мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды қалыптастыру;
    • әкiмшiлiк реформаларды әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
    • мемлекеттік кәсiпкерлік саласындағы саясатты қалыптастыру және экономиканың жеке секторларындағы мемлекеттiң қатысуын кеңейту немесе қысқарту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау;
    • орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың функцияларына талдауды жүзеге асыру;
    • ел дамуының орта мерзiмдi басымдарын есепке ала, ұлттық компаниялар даму жоспарын қарау және келiсу;
    • оған тиесiлі ұйымдардағы акциялар мен қатысу үлесi бойынша мемлекеттiң кiрiстерiн қалыптастыру саласында дивидендтiк саясатты тұжырымдау;
    • басым бағыттарды айқындау және халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар мен донор елдерден қаржылық және техникалық көмектердi тартуды және пайдалануды үйлестіру;
    • мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын жұмыскерлердiң еңбегіне төлеу жүйесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
    • Қазақстан Республикасында және шетелдiк мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану практикасын талдау;
    • Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
    • Министрлiктің құзыретіне енетiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
    • өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргізу және шарттар жасасу;
    • нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын сараптауды жүзеге асыру.

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің негізгі міндеттері мен құқықтары