Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 14:25, курсовая работа

Описание работы

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуның бүкіл тарихы бойынша салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттеліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
І Тарау. Салық жүйесі: негізгі қағидаттары, элементтері........................................6
ІІ Тарау. Салық- салық жүйесінің негізі..................................................................11
ІІІ ТарауҚР салық жүйесі: даму тенденциялары....................................................15
Қорытынды…………………………………………………...……………………..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі:...............................................................................28

Работа содержит 1 файл

Жадыра курс.doc

— 178.00 Кб (Скачать)
  • қызметкердің табысы;
  • біржолғы төлемдерден алынған табыс;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
  • дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
  • стипендиялар;
  • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

       Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады.оларға үстеме пайдаға салынатын  салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғанй үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

       Техногендік минералды  құралымдардан пайдалы қазбалар  алуды қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңи және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

       Жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгіленетін салық режімі тек қана Қазақстан  Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта  айқындалады.

       Келісімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:

  • бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінде көзделген

салықтар мен  басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

  • екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының  өнімді бөлу бойыншаа

Қазақстан Республикасының  үлесін төлеуін (біреуін),  сондай-ақ  салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің  барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық қосылмайды.

       Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды кіріктіреді:

    • Үстеме пайдаға салынатын салық:
    • Жер қойнауын пайдаланушылардың  арнаулы төлемдері:
  1. бонустар;

    а) қол қойылатын;

    ә) коммерциялық табу;

    2) роялти;

    3) өнімді бөлу  бойынша Қазақстан Республикасының  үлесі.

       Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салық –мемлкетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жанрлары  аударымдарының орнына енгізілген. Аударысдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28%  мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарнамалардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.

       Әлеуметтік салықтан түсімдер мемлкеттік бюджетке 15,7 % алады.

       Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғалары, шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын  бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық  төлеушілер болып табылады.

       Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мынадай мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді:

Қызметкердің  салық салатын  табысы Мөлшерлемесі
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 
Салық салынатын  табыс сомасынан 20 пайыз
15 еселенгеннен 40 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы +одан асатын сомадан  15 пайыз
40-тан  200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 
40 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы+одан асатын сомадан  12 пайыз
200-ден  600 еселенген жылдық көрсеткішке  дейін 200 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы+одан асатын сомадан  9 пайыз
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары 600 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы +одан асатын сомадан  7 пайыз
 

                                                       2-кесте. 

       Қазақстан Ресупбликасының резидент-заңи тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме  арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әкімшілік-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердің шетелдік мамандар үшін мынадай мөлшерлеме бойынша  әлеуметтік салық төлейді:

Қызметкердің  салық салатын  табысы Мөлшерлемесі
40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін 
Салық салынатын  табыс сомасынан 11 пайыз
40 еселенгеннен 200 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы +одан асатын сомадан  9 пайыз
200-ден  600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке  дейін 
200 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы+одан асатын сомадан  7 пайыз
200-ден  600 еселенген жылдық көрсеткішке  дейін 200 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы+одан асатын сомадан 9 пайыз
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен  бастап және одан жоғары 600 еселенген  жылдық есептік көрсеткіштен  салық сомасы +одан асатын сомадан  5 пайыз
 

       Алымдар , баждар, төлемдер. Салықтан басқа Қазақстан Республикасында Салық кодексінде  белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) іс-әрекет етеді.

       Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың  оларға көрсететін қызметтері үшін  төленетін міндетті  төлемдерін айтады. Бұл  төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу, қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың  қарамағына түседі.

       Алымдар мен төлемдерді төлеу көбінесе қаржы  аспектілерін де, сондай-ақ мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің, қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді, алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет  белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды  бергенге дейін төленеді.

       Міндетті төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж –бұған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды   адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін  алынатын міндетті тлем. Мемлекеттік баж төленетін қызметтердің тізбесі тым кең және ол мыналардан: сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апеляциялық шағымдардан, сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін; азаматтық хал  актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін; шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін; шетелдіктердің паспортына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу,  қалпына келтіру және оның азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін; азаматтық қаруды тіркегені  және қайта тіркегені үшін; бекітілген халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Үкімет  уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың  апостиль қойғаны үшін; жүргізуші куәлігін,  көлік құралдарын мемлекеттік  тіркеу туралы  куәлікті, мемлекеттік нөмер белгілерін бергені үшін және т.с.с. үшін алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық  мөлшерлемелері қолданылады, олар айлық есептік көрсеткіштерге қарай немесе қуыным  сомасына пайызбен есептеледі. Баж немесе өтініш бергенге дейін, іс-қимыл  жасалғанға дейін, немесе бажбен төленетін құжат берілген кезде төленеді.

       Мемлекеттік баж нақты ақшамен, сондай-ақ төлеушінің банктегі (оның  филиалындағы) шотынан аударым жасау арқылы  төленеді. Мемлекеттік бажды төлеу  тәртібін Қаржы министрлігі белгілейді.

Қазақстан Республикасының  шекарасынан тысқары жерде  және оның  аумағында атқарылған іс-әрекеттері үшін консулдық алымдар алынады.

       Кеден ісінен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген кедендік төлемдер алынады. Олар бойынша төлеушілер, есептеулердің, қайтарып берудің тәртібі, сондай-ақ  жеңілдіктер кеден  заңнамасымен анықталады. Кеден төлемдерінің мөлшерлемелерін Үкімет белгілейді. 
 
 
 

                          Қолданылған әдебиеттер  тізімі: 

Шеденов Ө.Қ. Байжомартов  Ү.С. Жүнісов Б.А. қомятин. Б.Н. Нысанбеков.М.Ә.

«Жалпы экономикалық теория»

МәуленоваС.С. Бекмолдин.С.Қ. Құдайбергенов Е.Қ. «экономикалық  теория».

Мамыров.Н.Қ. Есенғалиев. Қ.С. Тлеужанова. М.Ә. «Микроэкономика». 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі