Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.

Содержание

Кіріспе
3
1
Инфляцияға теориялық сипаттама
5
1.1
Инфляцияның жалпы түсінігі
5
1.2
Инфляцияның түрлері және даму механизмі
6
1.3
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
12
2
Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау

15
2.1
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар

15
2.2
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
17
2.3
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
20
3
Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
23
3.1
Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

23
3.2
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары.

25

Қорытынды
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30

Работа содержит 1 файл

Справедливое устройство общества.docx

— 448.17 Кб (Скачать)
text-align:justify">Қазақстан Үкіметі де бизнеске ғана емес, барша қоғамға ауыртпалық түсіп отырған кезеңде шағын кәсіпкерлікті қолдады. Салықтық жеңілдіктер қамтылды, тексерістерге мораторийлар сценарийі жүзеге асты. Екінші деңгейлі банктердің бұрынғы екпіні қайтып, олар бизнеске кредит ұсыну қауқарынан айырылғанда, билік қаржы құралдарының ғана емес, солар арқылы кәсіпкерліктің де жағдайын ойлады. Қолжетімді несие жолдарын ашты.

2008-2009 жылдары Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан 127 млрд. теңге бөлінді.  Былтырғы қазан айындағы жағдайға сәйкес, екінші деңгейлі банктер 2 мың 565 тапсырыс беруші арқылы 123 млрд. теңгеге қаржыландыру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде он мыңға жуық жұмыс орындары ашылыпты. Бизнес жүргізу үшін орын алып жүрген кедергілерді, әкімшілік, тексеруге қатысты тосқауылдарды жоюды қолға алды. Қазақстан Үкіметі жақын арада рұқсатнамалық рәсімдердің 35 пайызға жуық көлемін жоюды көздеп отыр. Бұл 340-тан астам әртүрлі рұқсатнама және 100-ден астам лицензия. Лицензиялық-рұқсатнамалық құжат айналымы жылына шамасы 880 бірлікке азаяды деп күтілуде. Аталмыш рәсімдерді қысқарту мен оңайлатуға бағытталған заң жобасы Үкіметке 2010 жылдың ақпан айында енгізілетін болады.

Осындай жүйелі шаралар  нәтижесінде  кәсіпкерлік секторында дағдарыс кезеңінде тиімді нәтижелерге қол жеткізілді, шағын бизнес саласында «қан жүгірді». Жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан бастап, отандық тауар өндірушілер арасында өзара бәсекелестік те жандана бастады. Шағын және орта бизнес саласында жайлы жағдай қалыптастыру, іскерлік ортаны жақсартау шаралары Қазақстанның түрлі халықаралық рейтингтегі позициясының да нығаюына септігін тигізіпті. Мәселен,  Дүниежүзілік банктің жүргізген  жыл сайынғы «Doing Business 2010» рейтингі нәтижесі  бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 70-тен 63-ші орынға көтерілген.  Ал Халықаралық менеджментті дамыту институтының Швейцарияда орналасқан Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингісінің 2009 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, 36-орынға жайғасыпты. Айта кетерлігі, Қазақстанның осы позициясы Ресейді (49 орын) 13 тармаққа, Украинаны (56 орын) 20 тармаққа артқа тастап, жетекші позицияға көтерген. Сондай-ақ  Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша, Қазақстан алдыңғы жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бар-жоғы бір позициясын жоғалтып, 67- орынға тұрақтаған. Дағдарыс кезеңіндегі жағдайдың салқыны болғандықтан бұндай рейтингте Ресей бірден 12 позицияға құлдырап, 51-ден 63 орынға төмендесе, Украина он позицияға сырғып, 72-ден 82-орынға дейін кеткен. Осындай халықаралық рейтинг көрсеткіштерінің өзі-ақ дағдарысқа қарсы шаралардың қаншалықты тиімді болғанын, кәсіпкерлік ортаны қолдаудың жемісті атқарылғанын білдірсе керек. Бұндай жүйелі шаралардың нәтижесінде Үкімет былтырғы жылды оң қорытындымен өткерді десе болады. Яғни, дағдарысқа қарсы шара аясында шағын және орта бизнесті қолдауда түпкілікті нәтижелер орын алды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

Экономиканың нақты  секторы. 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 4243,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-мамыр айларының аралығында көрсеткіштен 3,8 % артық. Өндіріс көлемі 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 6,7 %, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 7,9 % өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 0,7 % төмендеді.

2008 жылдың қаңтар мамыр-айларының аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 213,5 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,9 %-ға өсті. 2008 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 778,0 млн. тоннаны құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 %-ға өсті. Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 880,5 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,2% артты.

2008 жылдың қаңтар-мамыры  аралығында негізгі капиталға  инвестициялардың көлемі 1158,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 16,1% көп.

2008 жылғы 1 маусымындағы  жағдай бойынша республикада 275606 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 186471 жұмыс істеп тұр. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі кәсіпорындар – 260489. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 172331, олардан шағын бизнес кәсіпорындары − 126044.

Сыртқы сауда. 2008 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің деректері бойынша, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 31593,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 41,3 %-ға өсті, соның ішінде экспорт – 21515,6 млн. АҚШ доллары (60,3 %-ға өсті), импорт – 10077,4 млн. АҚШ доллары (12,7 %-ға өсті).

Бағалар. 2008 жылдың мамырында  тұтыну бағасының индексі 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5 %-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына – 6,2 %, азық-түлік емес тауарларға – 3,0 %, ақылы қызметтерге – 3,3 % өсті. 2008 жылдың мамырында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,8 % өсті.

Қаржы. 2008 жылдың 1 мамырында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік бюджетіне  түскен түсімдер көлемі 1008,5 млрд. теңгені  құрады, бұл 2007 жылғы 1 мамырдағыдан 25,5 % артық, шығыстар мен несие беру – 912,0 млрд. теңге (24,9 % артық). 2008 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 7259,0 млрд. теңгені құрады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 80,4 %, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 42,6 % құрады. 2008 жылдың 1 мамырында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 4133,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың 1 мамырына қарағанда 26,1 % көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше 1490,2 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылғы 1 мамырдағыға қарағанда 25,2 % көп.

Халықаралық резервтер  және ақша базасы. 2008 жылғы маусымның  бірінші жартысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резвервтері төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,5 %-ға (немесе 105,9 млн. долл.) төмендеді.

Тұтастай алғанда елдің  халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 25 168,7 млн. долл.) 46 538,2 млн. долл. құрады. Өткен айға қарағанда 2,2 % өсті. 2008 жылғы маусымның бірінші жартысында Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 8,1 %-ға (немесе 137,9 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.

Еңбек нарығы. 2008 жылдың мамырында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 568,9 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,7 %-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту органдарында мамырдың аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны − 69,6 мың адам, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі – 0,8%.

Халық табысы. 2008 жылдың сәуірінде, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 28552 теңгені  құрап, 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда – 22,3%-ға, ал нақты ақшалай табысы – 2,7 %-ға өсті. 2008 жылдың сәуірінде қызметкерлерге бөлінген орташа айлық атаулы жалақы 57897 теңгені құрап, 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда    17,2 %-ға өсті. Нақты жалақы 1,6 %-ға төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Инфляциямен  күресті жетілдіру бағыттары

 

 

3.1 Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

 

Әлем мемлекеттерінің  көбінде инфляция деңгейі – пайыздық мөлшерлеме, айырбас бағамы, тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, көптеген әлеуметтік аспектілер, сонымен қатар өмір сүру сапасы мен деңгейіне әсерін тигізетін маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Мемлекеттің инфляция деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұру әрекеті  экономикалық саясаттың тиімділігі бар екенін, сонымен қатар ақша-несие, өзіндік қалыпқа келтіру механизмдерінің даму деңгейін, тұтас экономикалық жүйенің тұрақтылығы мен динамикалығын көрсетеді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инфляция толығымен бақылауға және қалыпты жағдайда ұстап тұруға болатын процесс.

Экономикалық тәжірибе негізінде инфляция деңгейін бақылау бойынша қызметтік-экономикалық жүйенің келесі негізгі параметрлерін бөліп айтуға болады: қалыпты параметр – жылдық инфляция деңгейі 2-3 % шамасында, тұрақты экономикалық өсуге жол ашады; 5-10 % инфляция деңгейінде қатысты қалыпты экономикалық өсуді сақтауға болады; шекаралық параметр – инфляция деңгейі 20-30 %, бұл кезде экономикалық өсу жылдамдығы баяулауы мүмкін; егер баға индексінің жылдық өсімі 40 %-дан асса, экономикалық өсу тоқтайды; инфляцияның жылдық деңгейі 100 %-дан жоғары болса өндіріс кешені және ЖІӨ құны құлайды, жалпы экономикалық құлдырау орын алады.

Жаңа Ресей экономикасы  нағыз күрделі инфляциялық жағдайға экономикалық трансформация кезеңі 1990 жылдары ұшырады. Ойластырылмаған экономикалық реформалар бағаның либеризациялануынан басталды. Антиинфляциялық жобалардың болмауы, экономикалық процестерді тұрақтандыруды монетарлық әдістерге негіздеу қарқынды инфляцияға алып келді Ресейдегі 90-шы  жылдардан бері болған инфляция деңгейі берілген         ( Кесте 1).

Инфляция деңгейін тұрақтандыру бойынша функциялық экономиканың құрылымдық бөлшектері болып орталықтандырылған банктердің ақша-несие саясаты немесе осындай тұрақтандыру әдістерін ұстанған өзге ұқсас мекемелердің Орталық Банк пайыздық бағамының деңгейі, міндетті резервтер саясаты, ашық нарықтағы операциялар, коммерциялық банктердің қаржысыздандыру процестері болып табылады.

Әлем мемлекеттерінің көбінде ақша-несие және валюалық саясатты өткізудегі жауаптылар Орталық Банктер немесе оларға теңестірілген қаржы институттары. Мысалы, АҚШ-та ондай институт болып ФРЖ (Федералды Резервер жүйесі) табылады, ол тәуелсіз мемлекеттік агенттік статусына ие.

 

 

Кесте  1 – Ресейдегі орта жылдық инфляция деңгейінің динамикасы

 

Жыл

Инфляция, %

1995

131,0

1996

21,9

1997

11,0

1998

84,4

1999

36,5

2000

20,2

2001

18,6

2002

15,1

2003

12,0

2004

10,0

2005

10,9

2006

11,2

2007

12,0

2008

11,2


 

 

Нарықтағы инфляциялық  қысым пайда болған кезде қалыптасқан  жағдай Федералды комиссиямен талқыланады.

Ресейдегі базалық инфляция бір қалыпта болмаған , ол бір  көрсеткіштің айналасында тұрған еді ( айына 100,5-100,8 %). Алайда бұл көрсеткіш тек соңғы жылдары өткізілген монетарлық саясаттың нәтижесі. Бірақ қазіргі кезде бұл әдістер өзінің күшін жоғалтқан сияқты.

Ресей экспертерінің  айтуынша, сұраныс инфляциясы мен  ұсыныс инфляциясы – инфляцияның  екі бөлек түрі емес. Бұл бәсекелі нарық тепе-теңдігі жүйесінің өзіндік қалыптасу реакциясы.

Егер тұтынушы сұранысынан  антиинфляциялық шара қысымы күшейетін болса, онда бәсекелес тепе-теңдігі тауар ұсынысының төмендеуіне алып келеді, сұраныс инфляциясы ұсыныс инфляциясына ауысады. Осылайша, инфляциялық оралманың жаңа жолы пайда болады.

Сол себепті мемлекет инфляциямен күресте монетарлық немесе монетарлық емес факторларды таңдауда дау жүргізбеуі керек. Бұл жерде тұтынушылар жағынан және ұсыныс инфляциясына әсер ететін факторларды мемлекеттік реттеу жайлы сөз болу керек. Мысалы, егер бүкіл мемлекеттегі жалақының жоғарылауы қарсы факторлармен қамтылмаса, онда кейбір өнімге деген шығындар көбейеді. Бұрынғы бағаны сақтай отырып, өндірушілер нарыққа түсіретін тауарлар мен қызметтердің көлемін төмендетеді. Сұраныс өзгермеген жағдайда өндііріс көлемінің бұндай төмендеуі бағаның жоғарылауына әкеледі

Осылайша, инфляцияны тудыратын факторлардың құрылымдық, басқармалық және монетарлық болып бөліп қарастыру ақша айналысын тұрақтандыруда нәтижелі қорытынды бермейді. Себебі бұл факторлар бір-бірімен тығыз байланысты. Егер біз инфляциямен күресте белгілі бір нәтижеге жеткіміз келсе, бұл факторларды бір-біріне қарсы қойып, қайсы маңызды және тиімді екен деп дауласпай, сұраныс инфляциясына да әсер ететін, өндіріс көлемін де ұлғайта алатын экономикалық механизмдерді құрастыуымыз керек.

Сонымен, инфляциямен  күресте шетел мемлекеттерінің тәжірибесі аса маңызды фактор болуы керек. Себебі бізде инфляциямен күресті қалай жүргізу керек екенін эксперименттейтін уақыт жоқ. Елбасымыз айтқандай, бәсекеге қабілетті 50 алдыңғы елдің қатарына қосылу үшін, алдан-ала есептелген  нақты қадам басуымыз керек.

 

 

3.2 Ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары

 

Инфляция салдарын жою  мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы  саясат жүргізеді.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты – экономикадағы  сауықтырудың жалпы экономикалық баға мен жалақыны реттеудің әдістерін, қаржыны сауықтыру, несие экспансиясын баяулату, ақша эмиссиясын жоюды қарастырады. Асқынған жағдайда ақша реформасын жүргізеді. Ол бір уақыттың өзінде-ақ материалдық қаржының баланстанбауының себептері және салдары бола алады. Оның барлық шаруашылық механизмін жөндемей жеңу бола қоймас. Осы механизмді емдеу нәтижесіз болуы мүмкін, себебі ол инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясатты жасауды қиындатып жібереді

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары