Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.

Содержание

Кіріспе
3
1
Инфляцияға теориялық сипаттама
5
1.1
Инфляцияның жалпы түсінігі
5
1.2
Инфляцияның түрлері және даму механизмі
6
1.3
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
12
2
Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау

15
2.1
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар

15
2.2
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
17
2.3
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
20
3
Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
23
3.1
Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

23
3.2
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары.

25

Қорытынды
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30

Работа содержит 1 файл

Справедливое устройство общества.docx

— 448.17 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Инфляцияға теориялық  сипаттама

5

1.1

Инфляцияның жалпы түсінігі

5

1.2

Инфляцияның түрлері  және даму механизмі

    6

1.3

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

   12

2

Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау

 

15   

2.1

Қазақстан Республикасындағы  инфляциялық процеске әсер ететін факторлар

 

   15

2.2

Қазақстан Республикасының  инфляциялық жағдайына баға беру

   17

2.3

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау

   20

3

Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары

   23

3.1

Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары

 

   23

3.2

Қазақстан Республикасындағы  ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін  жетілдіру жолдары.

 

   25

 

Қорытынды

   28

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

30


 

 

Кіріспе

 

 

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы инфляциялық  үрдістерді реттеу ұстанымдары».

Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу  жұмыстарын, маңызды шаралар қажет  ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану  аса маңызды жұмыс болып отыр. 

«Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолдарында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы  нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру»

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері алғашқы  жылдары экономика қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының  алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде.

Инфляция – экономиканың ажырамас бөлігі бола отырып, мемлекеттің  экономикалық әрекеттерінде басты  рольдердің біріне ие.

Инфляция – ақша жүйесінің  дағдарысты жай-күйі. Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феномені деп қарастыруға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Курстық жұмыстың зерттеу  пәні – мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса,  инфляциялық процестерді анықтау, инфляцияның мәнін ашып, оған қарсы қолданылатын шараларды көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі ретінде Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, жүргізілетін шаралар топтамасы, инфляциялық процестердің көрсеткіштері алынған.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының  заңдары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық  ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар, нормативті актілер қолданылды.

1    бөлім. Инфляцияға теориялық сипаттама берілген.

2 бөлім. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайына талдау жасалынады.

3   бөлім. Инфляциямен күресті жетілдіру жолдары қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның түрлері талдау және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-  Инфляцияға теориялық сипаттама беру;

- Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляциялық жағдайды талдау;

- Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттарын анықтау.

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инфляцияға  теориялық сипаттама

 

 

1.1 Инфляцияның  жалпы түсінігі

  

Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды  макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция  (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың  белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған, қажетті ақша көлемі   алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз ақша  байлықтың  тек белгісі ғана.  Қағаз  ақша  қазына сақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап,  оларды көтеріп жібереді.

Экономикалық құбылыс  ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Жоғарыда айтылып кеткендей, оның пайда болуын негізінен, ақшаның  пайда болуымен, қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкады 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз долларының (гринбектердің) тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ, Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаршылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады. Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.  Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымының оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. 

Сонымен, қорыта айтқанда көпфакторлы процесс ретінде  инфляция – бұл ақша айналысы заңының  бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың  көрінісі болып табылады.

 

 

1.2 Инфляцияның  түрлері және даму механизмі

 

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі  деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы  инфляция деңгейін төмендетеді.

Макроэкономикалық үлгілерде  инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:

 

                                            Рдо – Рдө

                                       π = ————  × 100 %                                                       (1)

                                      Рдө

 

Мұндағы, π – инфляция деңгейі;

                  Рдо – ағымдағы кезеңдегі бағаның орташа деңгейі;

        Рдө – базистік кезеңдегі бағаның орташа деңгейі.

 

Орташа баға деңгейі  баға индексінің көмегімен анықталады. Кей жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (СРІ) қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі:

 

 

 

 

                                              СРІо – СРІө

                                          π = ——————                                                            (2)

                                          СРІө

 

Мұндағы, СРІо – ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі;

        СРІө – базистік кезеңдегі тұтыну бағасының индексі.

 

Егер, инфляция деңгейі  көрсеткішінің мәні теріс таңбалы (π > 0) болса, онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция – ол елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі үрдісі.

Инфляцияны қалыптасуы, өтуі, анықталуы, қарқыны және т.б. себептерімен байланысты келесі түрде жіктейді:

Бағаның еркіндігі дәрежесі бойынша:

  • ашық инфляция – еркін (бақылау орнатылмаған) бағаның деңгейінің көтерілуі үрдісі;
  • қысымға түскен – үкіметтің баға мен табысты уақытша тұрақтандыру мақсатында, бағаға бақылау орнатуы кезіндегі инфляция.

Инфляцияның өту қарқыны бойынша:

    • сырғымалы – инфляцияның қарқыны жылына 10 %-ға дейін (π < 10 );
    • өршімелі – жылына 10 %-дан 200 %-ға дейін(10 ≤ π < 200 );
    • гиперинфляция – жылына 200%-дан артық (π ≥ 200).

Инфляцияның пайда болу тегіне байланысты:

  • сұраныс инфляциясы – артық жиынтық сұраныс салдарынан пайда болған инфляция;
  • шығындар инфляциясы – жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан пайда болған инфляция.

Инфляцияның байқалуы дәрежесіне байланысты:

  • болжанған инфляция – экономикалық агенттердің алдын-ала болжаған  деңгейінде (күтіп отырған қарқынмен) өтетін инфляция;
  • болжанбаған инфляция – экономикалық агенттер күтпеген қарқынмен өтетін инфляция.

Бағаның өсу қарқынына  экономиканың қаншалықты нәтижелі бейімделуіне байланысты:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары