Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Инфляция мәселесі нәтижелі зерттеу жұмыстарын, маңызды шаралар қажет ететін күрделі экономикалық құбылыс. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын орындау барысында инфляция мәселесін талқылау, ақша айналысын тұрақтандыру жолдарын анықтау, шетел тәжірибелерін қолдану аса маңызды жұмыс болып отыр.
Кіріспе
3
1
Инфляцияға теориялық сипаттама
5
1.1
Инфляцияның жалпы түсінігі
5
1.2
Инфляцияның түрлері және даму механизмі
6
1.3
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
12
2
Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляция жағдайын талдау
15
2.1
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар
15
2.2
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
17
2.3
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
20
3
Инфляциямен күресті жетілдіру бағыттары
23
3.1
Шетел мемлекеттерінің инфляциямен күресу үлгілерінің артықшылықтары
23
3.2
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолдары.
25
Қорытынды
28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
30
«1981-1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляцияны тудыруы мүмкін екендігі де кімнің қалайына жаға қойсын», – бұл біздің еліміздің президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.
Қысқа мерзімді инфляцияны төмендетудің мүмкіндігі аз, ал ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік болмайды.
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы
ресурстарын құнсыздандырады
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.
Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түсінеді, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемалары да шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және тағы басқалары.
Қорыта келгенде, инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
2 Қазақстан
Республикасындағы инфляция
2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процеске әсер ететін факторлар
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне 30-шы жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік, қорғанысқа кететін үлкен шығындар, Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі, баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы жатады. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол береді.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады
Ақша, тауарды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуімен ғана емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
Инфляция қалыптасуының, оның қатарында ең басты баға өсуінің инфляциялық себептері мыналар:
Біріншіден, мемлекеттік
шығыстар мен кірістердің тепе-
Екіншіден, осындай жолмен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде оптималды нарық.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы, мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ револьвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестің төмендеуіне әкеліп соқтырады».
Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем беретін құбылыс ретінде сипат алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Бізде инфляцияға негіз боларлық себеп-салдар жеткілікті. Экспортқа шығарылатын тауар бағасының жоғары болуы, банк жүйесінің сыртқы және ішкі активтерінің өсуі, сұраныстың артуы мемлекетіміздің инфляцияға ұшырауына апарады.
Қазақстандағы инфляцияның болжамдық деңгейінен асып кетуінің негізі ретінде сыртқы факторлар саналады. Бұл – қазақстандық экспорттың негізі болып отырған мұнай мен металлға деген дүниежүзілік бағаның жоғары болуы.
Инфляцияға ішкі факторлар да әсерін тигізеді: еңбекақы, зейнетақы, степендияның жоғарылауына бағытталған бюджеттен алынған әлеуметтік төлемдер; энергожеткізгіштер, қызметтер мен жеміс-көкөніске деген бағаның жоғарылауы.
Сарапшылардың ойынша, тұрғын халықтың нақты қаржылық кірісі тез қарқынмен өсе түсуде, бұған тауарлар мен қызмет көрсетудің ілесетін түрі көрінбейді. Осыған орай, қазіргі кезде тауар-қаржы қатынастарының сәйкессіздігі орын алып отыр. Тауар ауқымы қаржыдан аз болғандықтан да инфляция қысымы күшейе түспек. Тауар-қаржы қатынастарының сәйкессіздігіне әсер ететін жайттар жеткілікті. Олардың ең бастылары – тұрғылықты халықтың кірісінің, мұнай бағасының және коммерциялық банктердің сырттан келетін қаржысының өсуі.
Мұнай бағасының көтерілуін халықаралық деңгейдегі беделді сараптамалық агенттіктер сан саққа жүгіртеді. Тереңіне бойлай алмайтын сыңайлы. Сондай агенттіктердің бірі мұнай бағасының жоғары күйде қалуы «қара алтын» қоры мол Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан сияты елдердің асығы алшысынан тұра беруіне қолайлы жағдай туғызады деп есептейді.
Мұнайдан түсетін қаржының еселенуі, өз кезегінде, тікелей болмаса да, қаржының сырттан ағылуына себепші болады. Қолайлы сәтті пайдаланған банкілердің несиелік әлеуеті өсіп, инвесторлар оларға сеніммен қарап, қазақ еліне қыруар қаржы салуға тәуекел етеді. Бұл жерде отандық қаржыгерлердің біліктілік деңгейінің жоғары екеніне назар аударған жөн. Олар өз тарапынан өркениетті елдерде қалыптасқан жоғары рентабельділікке қол жеткізіп келеді. Өз кезегінде төлем қабілетінің жоғары деңгейі де инвесторларды бей-жай қалдырмайды. Қазіргідей халықаралық нарықта қолайлы баға коньюктурасы қалыптасып отырғанда, олардың мүддесіне де нұқсан келмейтіндігін аңғару қиын емес.
Елдегі ірі компаниялар да негізгі капиталға инвестиция құюды күрт арттыра түсті. Инвесторлар иелік етіп отырғаны да экономиканың өрісі кеңеюіне игі септігін тигізуде. Ірі компаниялар сыртқы нарыққа дербес шығуды үрдіске айналдыра бастады. Бұл ретте еурооблигацияларды тиімділікпен орнатуға, акцияларды шығаруға ерекше мән берілуде.
Бір мәселе, билік тарапынан тұрғын халықтың әл-ауқатын жақсаруға бағытталып әлеуметтік салаға құйылатын қаржыға тіреліп тұр. Қисапсыз қаржы инфляцияның өсуіне әкеліп соғады.
Сонымен, жоғарыдағы бөлімді қорытындылай келе, инфляцияға әсер ететін факторлар келесідей жіктеледі: ішкі және сыртқы факторлар. Ішкі факторларға: еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақының жоғарылауына бағытталған бюджеттен алынған әлеуметтік төлемдер; энергожеткізгіштер, қызметтер мен жеміс-көкөніске деген бағаның жоғарылауы жатады. Ал экспортқа шығарылатын тауар бағасының жоғары болуы, банк жүйесінің сыртқы және ішкі активтерінің өсуі, сұраныстың артуы мемлекетімізді инфляцияға ұшырататын сыртқы факторлар болып табылады.
2.2 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайына баға беру
2010 жылғы қаңтардағы инфляция жылдық бағалауда 7,3 пайызды құрады.
2010 жылғы қаңтардағы инфляция жылдық бағалауда 7,3 %-ды құрады. Бұл туралы 2009 жылдың қорытындысы және қаржы нарығындағы ахуал туралы журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында Қазқстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
«2009 жылы инфляция деңгейі 6,2 % болғаны белгілі. Ал 2010 жылғы қаңтарда ай есебіндегі инфляция 1,4 %-ды құрады. Біздің есептеуімізше, қаңтардағы инфляция басым жағдайда тарифтердің өсуі есебінен орын алып отыр. Егер тарифтерде өзгерістер болмаса, инфляция осы айға 0,7 %-ды құрайтын еді. Яғни, тариф көтерілуі инфляция деңгейіне айтарлықтай әсер етті. Ескере кететін жайт, 2009 жылғы қаңтарда еліміздегі инфляция деңгейі ең төменгі көрсеткіште болып, 0,3 пайызды құраған еді», деді Г. Марченко.Оның айтуынша, 2010 жылғы қаңтардағы жылдық инфляция 7,3 пайызды құрап, көрсеткіш болжанған параметр шеңберінде қалыптасқан. Ұлттық Банк мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар айында азық -түлік тауарларының бағасы 1,1 %-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,3 %-ға және ақылы қызмет көрсету 2,8 пайыз жоғарылаған. Ал ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 3,4 %-ға, оның ішінде суық су 9,7 %-ға, электр энергиясы 9 %-ға, кәріз 5,8 %-ға қымбаттаған. Сол секілді байланыс қызметі – 8,3 %, оның ішінде телефон және факсимильді байланыс қызметі 11,1 %-ға, құқықтық қызмет көрсету 6 %-ға қымбаттаған. 2010 жылғы қаңтарда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 101,4 % құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларының баға индексі – 101,1 %, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 100,3 % және ақылы қызметтер – 102,8 %.
2008-2010 жылдың қаңтарына дейінгі инфляция деңгейі сурет түрінде көрсетілген (Сурет 3).
Сурет 3 – 2008-2010 жылдың қаңтарына дейінгі инфляция деңгейі
Ағымдағы жылдың қаңтарында 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда азық -түлік тауарларында жемістер мен көкіністер – 2,9 %, қант – 1,9 %, қой еті, сүт өнімдері, жұмыртқа – әрбірі 1,7 %, алкогольсіз сусындар – 1,1 %, бағасында едәуір өсуі байқалды. Бидай ұны – 2,5 %, күріш – 1,4 %, нан – 0,5 % бағасында төмендеуі орын алды. Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде дәрі-дәрмектер – 1,0 %-ға, дизельдік отын – 0,3 %-ға, киім және аяқ киім – 0,5 %-ға, үй тұрмысына қажетті заттар – 0,4%-ға қымбаттаған. Бензин 2,0%-ға арзандаған. Ақылы қызметтер құрамында суық су – 9,7%, электр энергиясы – 9,0 %, байланыс – 8,3 %, құқықтық қызметтер – 6,0 %-ға, кәріз – 5,8 %, орталықтан жылыту – 2,6 %, ыстық су – 1,7 % бағасы едәуір деңгейде өскен.
Өткен жылдың желтоқсанына қарағанда % ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі сурет түрінде көрсетілген.(Сурет 4)
2010 жылғы қаңтарда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,3 %-ды құрады және 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,4 пайыздық көрсеткішке төмендеді. Азық -түлік тауарларының бағасы 3,9 %-ға жоғарылады (2009 жылдың сәйкес кезеңінде 9,3 %), азық-түлік емес тауарлары – 9,4 % (4,5 %) және ақылы қызметтер – 10,1 % (12,1 %).Өңірлік бөлігінде 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Ақмола мен Атырау (әрбірі 2,9 %), Павлодар (2,4 %), Ақтөбе (2,0 %), Алматы мен Қызылорда (әрбірі 1,5 %) облыстарында және қалыптасты.
Сурет 4 – 2010 жылғы қаңтарындағы инфляция деңгейі және ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі
2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 2010 жылғы қаңтардағы өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі сурет түрінде көрсетілген (Сурет 5).
Сурет 5 – 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 2010 жылғы қаңтардағы өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатын талдау
Жедел мәліметтерге сәйкес жалпы ішкі өнім көлемі 2009 жылы қаңтар-маусым айларының аралығында ағымдағы бағалармен 6446,3 млрд. теңге құрады. Нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2008 жылы осы кезенімен салыстырғанда 2,3 % құрады. ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірісінің үлесі 39 %, қызметтер үлесі – 61,3 % болды.
Негізгі капиталға жасалған инвестициялар көлемі 2009 жылы қаңтар-кыркүйек айларының аралығында 3025,6 млрд. теңге құрады, бұл көрсеткіш былтырға жылдың осы кезендегі көрсеткіштерден 2,2 % көп.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары