Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялық қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. Стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұл ғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Кіріспе 3
І. Инвестициялық саясат пен басқарудың жалпы теориялық негіздері 5
1.1. Инвестициялық саясаттың мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі 5
1.2. Қазақстанда инвестияциялық саясаттың қалыптасуы 8
1.3. Шетелдердегі инвестициялық саясаттың тәжірибесі 14
ІІ. Қазақстанның инвестициялық саясаты 17
2.1. Мемлекеттің инвестициялық заңнамалары 17
2.2. Кәсіпорындағы инвестициялық өзектілікті талдау 20
2.3. Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау 23
ІІІ. Инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері
және оны шешу жолдары 27
3.1. Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер 27
3.2. Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары 28
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
Шетелдік капиталды қатыстыра отырып жеке мен әлемдік практика негізінде жобаларды өткізу мен келісу процесі заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу жөнінде белсенді жұмыс атқаруға мүмкіндік берді. Бұдан алынған тәжірибе жер қойнаулары мен минералдық шикізатты өндеу туралы Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ кейінірек қабылданып, шетелдік инвестордың құқықтық мәтебесін айқындап берген заңнамалық актілерді пайдаланылды.
Осылайша бұл кезең
Қазақстан Республикасында
Инвестициялық
заңдар дамуының екінші кезеңі. Қазақстан
Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанында
"Шетелдік инвестициялар туралы"
Заңның қабылдауымен байланысты. Бұл
кезеңде мұнай-газ секторында шетелдік
инвестициялар тарту мен
Инвестициялық заңдардың дамуы мен жетілуіне, үшінші кезеңнің басталуына 1997 жылы ҚР-ның "Тікелей инвестицияларды мемлкеттік қолдау туралы" Заңының қабылдануы себеп болды.
2003 жылды ҚР-ның "Инвестициялар туралы" заңы қабылданды. Оның негізгі жетістігі инвестициялар мен шетелдік және ұлттық инвестицияларға ортақ құқықтық тәртіп орнатуға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды біріктіру болады. Айта кететін бір жай, ол осы Заңда ұлттық инвесторлардың құқықтық дәрежесін шетелдік инвесторлардың деңгейіне көтерудің орнына, керісінше , шетел инвесторларының құқықтық дәрежесі сол күйінде қалып, ал, шетел инвесторларының құқықтық жағдайларының төмендегенін көрсетеді.[4, 12]
Шетелдік инвестициялар
мен тікелей инвестициялар
Мұнай өндіруші
кәсіпорындағы әлеуметтік-
Іс жүзінде
қолданылатын нарықтық тетіктердің
елеулі кемшілігі – көмірсутектегі
ресурстарды кешенді түрде
Сонымен, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардағы әлеуметтік-экономикалық жайғдайларды толыққанды құқықтық жүйемен қамтамасыз ету жалпы инвестициялық процестің жан-жақты, еліміз үшін тиімді дамуының кепілі, алғышарты. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мемлекетіміздің бірегей, салмақты, инвестицияларды тиімді пайдалануға бағытталған саясатынсыз мүмкін емес. Бұндай саясат жүйелі заңнама негізінде ғана мүмкін болады.
Тікелей инвестицияларды мемлкеттік қолдаудың мақсаты - тауарлар өндіруді жедел дамыту, экономиканың белді секторларында жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін қолайлы инвестициялық хал-ахуал тудыру болып табылады.
Қазақстан экономикасының түйіні - мұнайгаз кешені. Қазақстанның "Стратегия - 2030" бағдарламасында энергетикалық ресурстарға және оларды тиімді пайдалануға приоритеттік мән беріледі. Мұнай ұлттық министрлігі экономиканың болашақтағы дамуын анықтайды және анықтап береді. Қабылданған стратегияға сай мұнайгаз секторы елдің экономикалық өркендеуінің негізі болып жақын болашақтағы белсенді қызметіне ұйытқы болуы тиіс. Соңғы жылдары мұнайгаз кешені шетелдік компаниялардың қатысуымен сипатталуда, мұның өзі көмірсутектік ресурстарды қолдану стратегиясының жетілген технологиямен ұзақ мерзімдік инвестицияларды іске тарту, экспорттық құбырларды құру, энергетикалық инфрақұрылымды жасаумен жүзеге асырылуын бейнелейді.[8, 5]</h4>
Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорындарына салынған инвестициялар республикадағы экономикалық өрлеудің қуатты тетігі болды. Қазір мұнай мен газды барлауға және өндіруге жұмсалатын инвестициялар көлемі Қазақстанның минералдық-шикізат секторына салынатын барлық инвестициялардың шамамен 74,5 пайызын құрайды.
Қазақстан көптеген дүниежүзілік ірі және орташа компаниялардың назарын аударып отыр. Олардың арасында "Шеврон", "Бритиш Петролеум", "Шелл", "Мобил", "Тоталь", "Статойл", "Аджип", "Бритиш газ" сияқты алыптар бар. Мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі ең ірі жобалардың бірі - дүние жүзіндегі ірі-ірі жеті мұнай компаниясын біріктіретін "ҚазақстанКаспийШельф" консорцииумы да ерекше.
Шетелдік мұнай компанияларының ішінде Теңіз алып кен орны бойынша өзара шартқа алғаш қойған "Шеврон" болды. Соңғы 4 жылда "Шеврон" Қазақстан экономикасына 700 млн. долларға жуық инвестиция салды, олар негізінен кен өндіру мен өндеу жөніндегі қуаттардың деңгейін көтеруге, сондай-ақ жұмыскерлердің де, қоршаған ортаның да қауіпсіздігін арттыруға арналды.
Жоғарыда келтіріліп отырған мұнайға инвестиция салушы ірі-ірі компаниялар іс қимылдарының әлеуметтік салаларына тоқтасақ, олардың жүйелі, белгілі бір жоспардың негізінде іске асырылып жатқанын атап өту керек. Мысалы, мұнай-газ саласындағы инвестициялардың әлеуметтік мәнділігі 2003 жылы Қазақстан Республикасы мен "Шеврон" корпорациясы арасындағы келісімге сәйкес құрылған "Теңізшевройл" БК негізінде сараптасақ, бұл тарапта қыруар жұмыс атқарылғанын көреміз. ТШР "Бонус Атырау", "Игілік" бағдарламаларын жүзеге асыру барысында әлеуметтік инфрақұрылымды өркендетуде көптген жұмыстар атқарды. Тек 2010 жылы ғана 147 мың доллар көлемінде атаулы көмек көрсетілді. 2011 жылы "Игілік" бағдарламасы шеңберінде Теңіз кен орны орналасқан аумақтағы Атырау мен Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыруға қыруар қаржы бөлінді. Облыстың 2012 жылының бюджетіне бұл мақсаттарға 8 млн.доллар бөлінген болатын.
"Шеврон" отандық мамандарды тарту жөнінде де белгілі бір саясат ұстануда. Соңғы 10 жылда олардың саны 22 пайызға өсті. Тағы бір маңызды нәрсе: басқару үрдісінде орта буындағы жергілікті кадрлар саны да үздіксіз өсіп келеді. Компания үміткерлер арасынан әзір кадрларды іріктеумен бірге өзі де ұлттық кадрларды даярлаумен және оқытумен байыпты шұғылдануда.
Нарықтық сипаттағы жаңа өндірістік құрылымдарды құруды көздейтін алғашқы келісімдік құжаттар екі жаққа да нәтижелі міндеттер мен мақсаттарын кең секторын қамтиды.
Осындай Қазақстан Республикасының басты міндеттері мынандай жағдайлармен байланысты шешілуі тиіс:
-дүниежүзілік мұнай державаларының тәжірибесін зерттеу;
-дайын және аралық өнімдерді өткізудің ішкі және дүниежүзілік нарықтарын маркетингтік зерттеу;
-өндірілген күкірт есебінен полимерлерді өндіру бойынша мекемелерді құру мүмкіндіктерін дәлелдеу.
Сол жылдары мемлекеттік органдар контракталық келісімдерді бекіту туралы, қаржылық, салықтық және басқа да жағдайлар туралы жеткілікті ақпараттарды иеленбеді және жұмысты ұйымдастыру барысы мен тәсілдерін реттеуші заңдық база болмады.[9,120]
Сондықтан, ҚР-нда мынандай заңдар бекітіліп, өз күшіне енді: "Мемлекеттік мекеме туралы", "Шаруашылықтық серіктестіктер туралы", "Еркін экономикалық зоналар туралы", "Мұнай туралы", 1995 жылы маусымда Қазақстанда мұнай саласын жекешелендірудің алғашқы қадамы жасалды, яғни "Южнефтегаз", "Ақтөбемұнайгаз" және "Шымкентнефтеоргейнтез" (ШНОС) АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сатуға тендер жарияланды. 1996 жылы "Харрикейн Хайдрокарбонс" канадалық компаниямен келісімге қол қойылды. Келісімге сай, пакеттің жалпы құны - 120 млн. АҚШ долларын құрап, 3 тараумен төленді.
Инвестициялық бағдарламаның ұзақтығы - 6 жыл, инвестиция көлемі -280 млн. АҚШ доллары.
Екінші жекешелендірілген мекеме -Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1996 жылы шілдеде ШНОС - тың 85 пайызы акциясы Витол Мұнай компаниясына 60 млн. АҚШ долларға сатылып, 5 жыл ұзақтығындағы инвестициялық бағдарлама 150 млн. АҚШ долларын құраған.
1997 жылы мұнай саласының тарихындағы тағы бір жекешелендіру процесі аяқталды. Қазақстан үкіметі Қытай ұлттық мұнай компаниясымен арадағы "Актөбемұнайгаз" АҚ акциясының 60 пайызын сату туралы келісімге қол қойды.
1997 жылы Қазақстанның жалпы өндіру көлемінің 23 пайызы құраған 20 бірлескен кәсіпорын тіркелді. Қол қойылған келісімдер бойынша шетел компаниялары арқылы 40 млрд АҚШ долларға инвестицияланды.
1999 жылы мұнай операцияларын жүргізу сферасына қатысты құжаттардың жаңа пакетіне қол қойылды соның ішінде маңыздылары: "Қазақстанкаспийшельф" және "ИмпексКаспиан Лтд" компанияларынын арасындағы Каспий шельф бойынша құқықтарды қабылдау орындалды.
Шығыс Қазақстан - өндірістік потенциалы жағынан еліміздегі ең дамыған аймақтардың бірі. Жер асты қазбалары бойынша ол Ресей Федерациясының Урал өлкесімен тепе-тең дәрежеде. Бұл тұрғыдағы басты байлығы – көп кимпоненті полиметалдар кені. Облыс жерінің қойнауы олардан басқа олово, тантал, магний, никель және кобальт кендеріне тұнып тұр. Ал, көмірсутек түрлерінен таскөмір мен ыстық сланецтің, мұнайдың ірі қор орындары бар. Аймақта сондай-ақ цемент, шыны шлактарын, цеолит өндіруге қажетті шикізаттардың қомақты қорлары сақталған.
Облыста түсті металлургияның, машина жасаудың, тамақ өнеркәсібінің көптеген іргелі кәсіпорындары шоғырланған. Олардың әрбірінің өз өнімдерін тұтынушымен де, шикізаттарды, материалдарды, жинақтаушы детальдарды жеткізушімен де жағырапиялық іскер байланыстары берік әрі берекелі қалыптасып, нығайған.</h4>
Қазақстан Ресупбликасының
Үкіметі мен жергілікті үкімет органдары
бұл салалардағы ахуалды
Қазір облыс аумағында Бельгиядан, Ұлыбританиядан, Швейцариядан, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, АҚШ-тан келген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Олар кейбір жекелеген бағыттар бойынша өнім өндірудің инвестициялануын бастап та кетті.
Аймақ экономикасының базалық саласы түсті металлургия болып табылады. Ал, бұл бағытты ұстанған кәсіпорындар облыстағы жалпы өнеркәсіп өнімдері көлемінің жартысынан астамын шығарады. Негізінде Шығыс Қазақстан қорғасын, мырыш, мыс, алтын және күміс өндіру жөнінен республика бойынша басты орындардың біріне ие болса, титан, магний, тантал атом стансасы отынын бірден-бір, яғни жалғыз ғана шығарушы өңір.
2003-2009 жылдары
сала кәсіпорындарының негізгі
капиталына салынған
1-сурет. 2003-2009 жылдар аралығындағы
негізгі капиталға салынған инвестициялар,
млрд. теңге (kzdocs.docdat.com)
Жалпы алғанда, қазір облыста 150-ден аса ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Саланың тауар өнімдерін өндіру көлемі 2011 жылы 223,3 млрд тенгені құрап, 2010 жылғыдан 22,6 пайыз артқан. Ал, өндіріс ауқымының көлемі 2010 жылғы деңгейімен салыстырғанда 104,9, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 96,6 өндеу кәсіпорындарында 107,8 электр қуаттарын, газ бен су өндіру және тарату 102,8 пайызды құраған.
2012 жылғы бағам бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру өткен 2011 жылғыдан 8,7 пайыз көбеймек. өндіру көлемінің неғұрлым артуы өндеуші салада 9,4, тау-кен өнеркәсібінде 8,9 пайызды құрайды. Ал, электр қуаттарын, газ бен су өндіру мен тарату 4,3 пайыз артты.
Мұндай ілгерілеу, өрлеу, өркендеу сыртқы экономикалық байланыс, ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерін, орман және ағаш өндеу, машина жасау, құрылыс, энергетика, сауда салаларына, сондай-ақ авто-әуе-темір жол – су көліктері инфрақұрылымдарына да қатысты болғанын және бола да беретінін атап көрсеткен абзал.
2010-2012 жылдар облыс экономикасына инвестияцияның құйылған кезеңі ретінде сипатталады.
2011 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның көлемі 48,6 млрд. теңгені немесе 2010 жылғы деңгейімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. Ал, оның 2012 жылғы болжамды өсуі 116, 5 пайыз болып отыр. Жалпы инвестиция республикалық және жергілікті бюджеттердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың және шетел инвесторларының қаржы көздері есебінен құралып, олардың негізгі капиталдығы жинақтай алғандағы игерілу көлемі 2010 жылы 33744,2 млн. теңге болса, 2011 жылы ол 48649,7 млн. теңгеге жеткен, я ғни бұл жөніндегі көрсеткіш аталған мерзім ішінде ғана 152,8 пайызға артқан. Ал, 2012 жылы ол 533352,8 млн. теңгені құрайды, яғни пайыздық өсу деңгейі116,2 болды.[12,5]
Жалпы, облыста отандық және шетелдік инвестицияны тартудың айқын мүмкіндіктері баршылық. Соның ішінде өндеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылымдар нысандарының инвестиция енгізу жөніндегі келешегі кемелді саналады. өндірістік өнеркәсіптіњ жедел өсіп келе жатқан қарқыны 2012 жылы жаңа құрылыс – «Өскемен-Шар» теміржолын салудың неғұрлым қажеттелігін тудырды. Алтай Республикасымен және Монғолиямен сауда қарым-қатынасын дамыту үшін 2013 жылы «Риддер-Алтай Республикасы» автожолының құрылысын аяқтау және «Омбы – Майқапша ғай» жолының салынуы қолға алынды.
Енді бір айта кететін жайт – индустриялды-инновациялық дамудың Аймақтық бағдарламасына сәйкес инвестициялық құны 55 млрд. теңгемен бағаланатын жоба негізінде мені зор қыруар жұмыс қолға алыну үстінде. Ол жобаға индустриалды-инновациялық бағыттағы 52 инвестициялық ұсыныс енгізілген. Олардың бесеуі бірдей 2011 жылдың өзінде-ақ игеріліп, жүзеге асырылған. Соның ішінде үшеуі Қазақстан Республикасының даму институттарының есебінен қаржыландырылады.