Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялық қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. Стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұл ғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Кіріспе 3
І. Инвестициялық саясат пен басқарудың жалпы теориялық негіздері 5
1.1. Инвестициялық саясаттың мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі 5
1.2. Қазақстанда инвестияциялық саясаттың қалыптасуы 8
1.3. Шетелдердегі инвестициялық саясаттың тәжірибесі 14
ІІ. Қазақстанның инвестициялық саясаты 17
2.1. Мемлекеттің инвестициялық заңнамалары 17
2.2. Кәсіпорындағы инвестициялық өзектілікті талдау 20
2.3. Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау 23
ІІІ. Инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері
және оны шешу жолдары 27
3.1. Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер 27
3.2. Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары 28
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
</h2>
<h3>МАЗМҰНЫ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялық қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұл ғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұр ған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыру инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезенде инвестициялық процесті қай жағынан болмасын зерттеу, соның ішінде әлеуметтік салдарын талдау - өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.</h4>
Қазақстандағы инвестициялық процестің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды. Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал , еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың маңызы зор болатын.
<h4>Әрине, бұндай жағымды процесті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы кезде ондай мүмкіндіктер пайда болуда. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті экономикамызға инвестицияларды тарту маңызды мәселе болып қала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз қажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра беру қажет.
Қурстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы инвестициялық саясаттың жергілікті мәселелерімен және оның басқарылуын теориялық жағынан зерттеп, ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қарастыру керек:
-инвестициялық саясаттың мазмұнын, инвестицияларды мемлекеттік басқарылу жүйесін қарастыру;
- Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуын зерттеу;
- Штелдердегі инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстандағы инвестициялық заңнамаларын зерделеу;
- Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау;
- Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау;
- Қазақстанның инвестициялық
саясатын жетілдірудегі
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.</h4>
Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі: өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтық, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару салық жеңілдіктерін беру демеу қаражат бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру тиісті несие саясатын, баға белгіленімін амортизациялық саясат жүргізу нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.</h4> Қолайлы инвестициялық өзектілікті жасаудың арқасында жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтыру отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.[4, 45]
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, "Шетел инвестициялары туралы" Заң (1991ж); "Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі ереже" (1993 жыл); "Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы" ҚР Президентінің Жарлығы (1992 ж) тағы басқалар және жекелеген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет: жоспарлау; бағдарламалау; бюджетті дайындау; орындау.
Жоспарлау кезенінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуырдағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларын өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негіздеу қажет.
Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеруі қажет: бюджет орындалатын, микроэкономикалық жағдай; инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.
Егер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бюджеттік мекемелердің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтық қосымша шараларын қабылдау қажет.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспортық несиелер; инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек қаржылық және техникалық;
- инвестициялық тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) - елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер. Инвесициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие - дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Экономикалық жүйенің бір саласы ретіндегі инвестициялық процесс ішкі және сыртқы факторлардың күрделі өзара ықпалдастығы жағдайында жүреді. Өзінің ұзақтығы жөнінен инвестициялық процесс инвестициялық циклдың тууынан бастап, оның тиімділігінің алдын ала аталған көрсеткіштеріне жеткенге дейін созылады.
Инвестициялық қызмет – нәтижесіне көптеген факторлар әсер ететін күрделі, әрі уақыт пен кеңістікте үзіліссіз жүретін процесс. Сол себепті инвестициялық қызметті уақыттылық, функциялық және аумақтық бағыттағы жүйе ретінде қарастыру қажет.</h4>
Қазақстандағы
инвестициядық процестің
1. Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі шетел капиталын (инвестицияның барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі шетел капиталын (инвестицияның барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің біріне жатады. Ол Шығыс Европа мен ТМД елдерінің ішінде бұл салада Венгриядан кейін 5-ші орында тұр.
2. Инвестиция тартудан алдыңғы қатарда тұруына қарамастан сарапшылар Қазақстанға шетел капиталының келуі әлі де жеткіліксіз деп санайды. ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы елімізге келген шетел инвестицияларының көлемі 2 млрд. доллардай болып, жалпы инвестиция көлемінің 25%-н құрады. Ал, ұлттық өндірісіміздің капитал сиымдылығы тұрғысынан талдай отырып, халықаралық сарапшылар Қазақстанға жылына 10 млрд. доллардан астам инвестиция көлемі қажет деп есептейді.
Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан экономикасын демонополизациялау процесінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеу мен ынталандырудың нарықтық механизмдерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.
3. Келесі бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды тікелей инвестициялау процесіне негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания - 17 %; Италия -12,8 % . Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада, Нидерланды және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттердің үлесіне тек тікелей инвестициялардың 6 пайызы ғана келеді.[3, 123]
4. Республикаға тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі - мұнай-газ салаларында қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар (БК) мен негізгілерден бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспарлардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.
Одан да басқа
инвесторлар аймақтардың
Инвестициялық процестің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі-оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, 2003-2011 жылдар арасында Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 65,5 пайызы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өндеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4 пайызы ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек.
Экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет.
Мұнай-газ секторының дамуы шеңберінде 2015 жылдың аяғына дейін 18 ірі жоба жоспарланған, оның 9-ы салалық бағдарлама шеңберінде, 9-ы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылатын болады. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланып отырған жалпы көлемі 1 379,6 млрд. теңгені құрайды. Саланың ЖҚҚ-сы 2011 – 2015 жылдары 18 137,9 млрд. теңгені құрайды. Сала бойынша ЖҚҚ өсімі барлық кезең бойынша 19,9% құрайды.