Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:29, дипломная работа
Диплoмдық зepттeyдiң мaқcaты мeн мiндeтi. Құқықтық мeмлeкeттiң қaлыптacy жaғдaйындa мeмлeкeттiк aппapaттың қызмeтiндe aдaм құқықтapы мeн бocтaндықтapын қopғay қaғидacының icкe acыpылyын жaғымды тәжipибeнi aнықтay жәнe қapaмa-қaйшылықтapмeн кeмшiлiктepдi тaбy apқылы жүйeлi тaлдay. Жұмыстың міндеттері:
1. Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидаларын талдау;
2. Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттарды анықтау;
3. Адамның жеке бостандығымен қадір қасиетінің түсінігі мен түрлерін айқындау;
4. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын талдау;
5. Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарын талдау;
6. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жетілдіру жолдарын ашу;
7. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар.
Кіріспе
3
1
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
6
1.1
Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары
6
1.2
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар
17
2
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
23
2.1
Адамның жеке бостандығы мен қадір қасиетінің түсінігі мен түрлері
23
2.2
Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары
28
2.3
Адам мен азаматтың саяси құқықтары менбостандықтары
39
3
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері( механизмі)
58
3.1
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғудын жетілдіру жолдары
58
3.2
Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар
62
Қорытынды
77
Қолданылған әдебиеттер тізімі
80
Мұның өзі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық нормалар мен қағидаларын тиімді қолданылуын көптеген жағдайларда әлсіретеді. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтың қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс.
Адам құқықтары мен бостандықтары құқықтың ерекше саласы болып табылады. Өйткені оның құрамында адамзаттың ортақ өмір сүруіне қажетті құндылықтар: өмір сүру бостандықтары, жеке автономия және т.б. жинақталған. Бұл құндылықтар адам құқықтарында өзінің нормативті жағынан бекітілген және құқықтық құралдарымен институт арқылы қамтамасыз етілген. Қазақстан әлемдік реформа бағытымен дами отырып адам құқығын ең жоғары құндылық ретінде жариялады және бұл салада халықаралық стандарттарға сүйенеді. Бұл стандарттар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948); Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (1966); Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (1966);Құқықтар мен бостандықтарды қорғау жөніндегі Европалық конвенция (1950); және басқаларда бекітілген. Өкінішке орай еліміз жоғарыда аталған халықаралық құжаттарға қосылмаған.
ҚР адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.
Құқықтармен бостандықтарды жариялап қана қою жеткіліксіз, оларды іс жүзінде асыру өте күрделі міндет. Қоғам қазіргі кезде адам құқықтарының табиғи және біртұтастығын енді ғана сезініп, оларды қамтамасыз етуге және толық кепілдікке беруге қабілетсіз болып отыр. Бұл қайшылық күннен күнге әлеуметтік саладан айқын көрінуде. Сондықтан, адам құқықтарының теориясын және тәжірибесін жеке-жеке бөліп қараған дұрыс. Адам құқықтарын іс жүзінде асыру күрделі процедура. Қазіргі кезде еліміздің өмір сүру деңгейі жағынан төменгі сатыда тұрғаны ешкімге құпия емес. Сол себептен де халықаралық стандарттарға енетін кейбір әлеуметтік, экономикалық құқықтарды қамтамасыз ете алмай отырмыз.
Жеке тұлғаның құқықтарын
бұрын тоталитарлық режим бұзған
болса қазіргі кезде олар посткоммунистік
демократияның
Құқықтарды қамтамасыз етуде қоғамда болып жатқан катаклизмдар - әлеуметтік ахуалды нашарлатады, саяси тұрақсыздық, криминогендік жағдайдың шиленісуі, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм, нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі қиындықтар және өзге де факторлар кедергі жасайды. Адам құқықтарымен заңды мүдделері теңсіздіктермен әділетсіздіктердің көрінісі негізінде қыспаққа алынады. Дәлірек айтсақ, адам құқықтары мен бостандықтар институтының жүзеге асырылуына қажетті әлеуметтік орта қалыптаспаған. Құқық бар, ал құндылық жоқ заң бар, ал оның мақсаттары жүзеге асырылмайды.
Әлеуметтік құқықтардың кепілдігі нашарлаған. Жылдан жылға халықтың жоғары білім алу, медициналық көмекті пайдалану, демалу, тұрғын жаймен қамтамасыз етілуі құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері төмендеп барады. Бұл жағдай қоғамның «өте бай» және «өте кедей» санаттарының пайда болуымен шиеленісе түсуде. Қазіргі кездегі кезек күттірмес мәселенің бірі, демократиялық өзгерістер барысында Декларацияда, Конституцияда аталған құқықтарға өмірлік мазмұн беру. Әрине, оны жүзеге асыру өте күрделі іс, өйткені біздің мемлекетімізде барлық құқықты жоғары дәрежеде материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Заң жүзінде өмір сүрудің ең төменгі стандарттары белгіленбеген.
Ата заңымыздағы адам құқықтарымен бостандықтары жөніндегі тарау құқықтық жүйенің сәнін келтіріп тұр, тіптен демократиялық даудың бірден-бір көрінісі деуге болады. Бірақ ғалым-заңгерлер Конституцияның әдеби шығарма емес заңдылық құжат екеніне басты назар аударады. Оның мазмұны халықаралық-құқықтық актілердегі адам құқықтарын әдемі сөздермен белгілеу емес. Конституция мемлекеттің өзінің әдет-ғұрыптарына және салт-саналарына сүйену керек. Оның нормалары адамға өркениетті әлемнің өлшемдері бойынша өмір сүруге мүмкіндік беруі керек. Құқықтық мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау функциясын жүзеге асыру үшін процедура мен механизмдермен және институттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл механизмдер процедуралар және институттар әр кезде өзгерісте, қозғалыста болады яғни олар қоғамдық жағдайлардың өзгеруіне қарай икемделіп отыруы керек.
Әдетте тәжірибеде адам құқықтарын қорғаудың алуан түрлі органдар жүйесі мен процедуралары қорғау механизмін қалыптастырады.Бұл механизмдерсіз құқықтық мемлекет өмір сүре алмайды: Конституциялық соттар (Испания, Италия, Ресей, Германия); Конституциялық Кеңес (Франция); Жоғарғы сот (АҚШ); Мемлекеттік Кеңес (Италия); Әкімшілік соттар, жалпы юрисдикциялық соттар, омбудсмандар (Франция, Польша, Ұлы Британия); медиатр-делдал (Франция) – міне адам құқықтарын және олардың бостандықтарын қамтамасыз ететін кейбір механизмдер осындай.
1948 жылдың желтоқсанында
адам құқықтарының жалпыға
Қазақстан Республикасында адамдар мен азаматтардың Конституция мен заңдарда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз еті тиіс мемлекеттік институттар құрылады және жұмыс істейді.
Адамның құқығы мен бостандығын
қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі
маңызды мемлекеттік
Конституцияда Қазақстан Республикасының Президенті – адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі деп жазылған (40-бап, 2-тармақ). Президенттің қызметіне кірісер сәтінде халыққа беретін антында мынадай сөздер бар: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге салтанатты түрде ант етемін» (42-бап, 1-тармақ). Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша Парламент мәжілісіне қарауға Үкімет енгізетін құқық қорғаушылық заң жобаларына Президенттің бастамашылығы Президенттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Үкімет арқылы Президент бастамашы болған кейбір заңдарды айтуға болады.
Қазақстан Республикасының
шағын кәсіпкерлікті
Ол Президенттің тиісті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызмет принциптерінен айқын көрінеді. Президенттің Жарлығы бойынша:
а) мемлекет мүддесі алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдығы; ә) жалпыға ортақтық, яғни, мемлекеттік қызметке кіруге барлық азаматтардың тең құқылығы; б) қоғамдық пікірді ескеру мен жариялылық мемлекеттік қызметтің маңызды принциптері болып табылады. Жоғарыда көрінгендей, мұнда мемлекеттік органдар қызметінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және қорғауды көздейтіндей принциптер қарастырылған. Бұл принциптер Президенттің құқық қорғау органдарының қызметіне сәйкес мәртебесін белгілейтін жарлықтарында нақтыланады. Мысалы, Президенттің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығында, бұл органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық және өзге әрекеттердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығы жазылған.
Президент, сондай-ақ адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айтқанда, Президент республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті және өзге де атақтар береді. Президент ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды.
Президент тыйым салуды, сондай-ақ Парламенттің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын заңдар қабылдамауы үшін пайдаланады. Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, азаматарының қауіпсіздігіне ерекше қатер төнген жағдайда Президент қалыптасқан жағдайға орай шаралар қабылдауға құқықты.Президент Қазақстанның бүкіл аумағына және оның жекелеген аймақтарына төтенше жағдай енгізіп, Қарулы Күшті қолдана алады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанынан
Парламент те адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауға кепілдік беретін маңызды мемлекеттік институттардың бірі. Парламент мұны, негізінен, заң шығару қызметі арқылы жүзеге асырады, онда Парламенттің конституциялық өкілеттігі айқын көрінген. Парламент жеке тұлғалардың құқықтық субьектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке тұлғалардың жауаптылығына қатысты негізгі принциптер мен нормаларды; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен қызметінің негіздерін белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші заңдар шығарады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың негізгі салалары Парламент қабылдайтын заңдар арқылы реттеледі.
Сот, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұйымдастыру мен қорғауға ықпал ететін органдар болып табылады.
Адамның құқықтары мен
бостандықтарына кепілдік беретін
маңызды Қазақстан
Күзет қызметінің негізгі міндеттері:
1) жеке адамдардың
өмірі мен денсаулығын
2) жеке және заңды
тұлғалардың мүлкін құқыққа
Қазақстан Республикасында
адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерін
қорғаудың маңызды және жаңа институты
Омбудсмен институты болып
Мемлекеттік-құқықтық мағынада
қарағанда омбудсмен
Информация о работе Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғаудың ерекшеліктері