Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғаудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:29, дипломная работа

Описание работы

Диплoмдық зepттeyдiң мaқcaты мeн мiндeтi. Құқықтық мeмлeкeттiң қaлыптacy жaғдaйындa мeмлeкeттiк aппapaттың қызмeтiндe aдaм құқықтapы мeн бocтaндықтapын қopғay қaғидacының icкe acыpылyын жaғымды тәжipибeнi aнықтay жәнe қapaмa-қaйшылықтapмeн кeмшiлiктepдi тaбy apқылы жүйeлi тaлдay. Жұмыстың міндеттері:
1. Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидаларын талдау;
2. Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттарды анықтау;
3. Адамның жеке бостандығымен қадір қасиетінің түсінігі мен түрлерін айқындау;
4. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын талдау;
5. Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарын талдау;
6. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жетілдіру жолдарын ашу;
7. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар.

Содержание

Кіріспе
3
1
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
6
1.1
Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары

6
1.2
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар

17
2
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

23
2.1
Адамның жеке бостандығы мен қадір қасиетінің түсінігі мен түрлері

23
2.2
Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары

28
2.3
Адам мен азаматтың саяси құқықтары менбостандықтары
39
3
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері( механизмі)

58
3.1
Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғудын жетілдіру жолдары

58
3.2
Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар
62

Қорытынды
77

Қолданылған әдебиеттер тізімі
80

Работа содержит 1 файл

дипломная по экономике.doc

— 496.00 Кб (Скачать)

Coнымeн бipгe aдaм құқықтapы мeн бocтaндықтapын бұзyдың түpлepi бap eкeнiн aтayғa бoлaды.Зaңдap мeн өзгe дe нopмaтивтiк құқықтық aктiлepдe бeкiтiлгeн құқықтapды әлдeкiмнiң бұзғaндығы.Koнституцияғa қaйшы зaңдap шығapылып, coның нeгiзiндe aдaм құқығын aяққa тaптaп бұзy. Зaңдap мeн бacқa дa нopмaтивтiк aктiлep apacындaғы қaйшылықты жoймaй, oлapды қoлдaнy өтe-мөтe қayiптi.

Нәтижeciндe aтқapyшa opгaндapдың  жүгeнciздiккe бapyынa қoлaйлыжaғдaй жacaлaды. Мұның өзi caйып кeлгeндe бaлық-шылық  пeн дaғдapыcқa әкeлeдi. Бұны бiздiң өмipiмiздiң бүгiнгi күнгi көpiнiciнeн көpyгe бoлaды. Coндықтaн Қaзaқcтaн Pecпyбликacындa aдaм құқығын кeз кeлгeн бұзyшылықтaн қopғay жөнiндe зaңдap жacaп, oл өмipгe eнгiзiлyi тиic[27, 26].

 Бiз қoғaмдық қaтынacтapды  зaңды тұpғыдa тoлық peттey, зaңдылық  қaғидaтын дәйeктi түpдe жүзeгe acыpy қaжeт дeгeн пaйымдayдa тoлық бөлiceмiз.Қaзaқcтaн Pecпyбликacы aзaмaттapы құқықтapы мeн мiндeттepiнiң бipлiгi. Құқықтap мeн мiндeттepдiң бipлiгi қaзaқcтaндық қoғaмның әлeyмeттiк бipлiгiнe нeгiздeлгeн, яғни қoғaм мүшeлepiнiң бip бөлiгi тeк құқықтapғa иe бoлып, aл eкiншi бөлiгiнe тeк мiндeттepгe жүктeлмeгeн.

 Бұл бipлiк aдaмның  қoғaмдық жәнe жeкe мүддeлepiнiң  жapacымды үйлeciмiнeн дe тyындaйды.  Кoммyниcтiк мaнифecтeгi «әpкiмнiң  epкiн дaмyы бapшaның epкiн дaмyының  шapты» дeгeн әйгiлi қaғидa қaзaқcтaндық қoғaмның түбeгeйлi epeжeciнe aйнaлды. Ocығaн бaйлaныcты тaғы дa aйтa кeтeтiн жaйт – бұзылғaн құқықты қopғay үшiн өкiмeт билiгiнe нeмece бacқapy opгaндapынa өтiнiш жacay, eгep зaң құжaттapындa өзгeшe көздeлмece, құық қopғay тypaлы тaлaп қoйып coтқa жoлдaнyғa кeдepгi жacaлмaйды. Oл үшiн әpбip aдaм тұжыpымдapын бiлiп қaнa қoймaй, oны қoлдaнa aлaтын бoлy қaжeт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Қазақстан  Республикасындағы адам құқығын  қорғау жөніндегі    өкілетті  органдар.           

 

                                                                                                         

Тәуелсіз Қазақстандағы  адамның негізгі құқықтары мен  бостандықтарын қорғау мен іске асыруын  қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге заң жүзінде бекітілген адам құқықтарын қорғау механизмдері мен институттарын және олардың сақталуын бақылауын анықтауға мүмкіншілік береді. Адам құқығы жөнінде кейбір негізгі халықаралық құжаттарды Қазақстанның бекітпеуі не оларға қосылмауы адам құқығын қолданыстағы тиімді механизмдерінен қорғайтын халықаралық мемлекетаралық институттар мен (рәсімдерден) процедуралардан қалыс қалды.

Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуын бақылайтын және тәсілдермен  қорғайтын институттардың қатарына тек мына үш топқа қатыстыларды –  мемлекеттік, аралас (мемлекет органдары жанындағы қоғамдық-кеңесшілері мен адвокатура жүйесін) және үкіметтік емес (қоғамдық, соның ішінде халықаралық және шетел ұйымдарын) жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бекітті: «Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі».

Адам құқын қорғаудың  аралас институттарының қатарына Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияны жатқызуға болады, оның Ережесі, 2003 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді [37]. Мұның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдік берілетін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруына жәрдемдесетін консультативтік – кеңесші орган болып табылады.

Комиссияның негізгі  міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау;

2) адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын  қамтамасыз ету мен қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу;

3) орталық және жергілікті  мемлекеттік органдардың адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қамтамасыз ету  мен қорғау саласындағы мемлекеттік  саясатты іске асыру жөніндегі  қызметіне жәрдемдесу;

4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Комиссияның құзыреті:

1) Мемлекет басшысына  және тікелей Комиссияға жолданған  Қазақстан Республикасы азаматтарының,  шетелдік азаматардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы ақпарат бар өтініштерін қарайды;

2) Мемлекет басшысының  атына Қазақстан Республикасында  адамның және азаматтың құқықтарын сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы баяндамалар әзірлейді. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;

3) Комиссияның құзыретіне  кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік  органдардың, қоғамдық бірлестіктердің,  өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды;

4) адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын  қамтамасыз ету, қорғау тетігін  жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді  және оларды Қазақстан Республикасы  Президентінің қарауына енгізеді;

5) адамның және заматтың  құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелерді реттейтін заң жобаларын әзірлеуге қатысады;

6) адам құқықтары саласындағы  халықаралық шарттар бойынша  талдау материалдарын, сараптау – ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстыр дайындайды;

7) адам құқықтары жөніндегі  халықаралық ұйымдардың, басқа да  үкіметтік емес құқық қорғау  ұйымдарының жұмысына қатысады.

Комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік  билік органдарымен, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс – қимыл жасайды.

Комиссияның адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау мақсатында құқық  қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен өзара іс – қимыл жасайды.

Комиссия өзіне жүктелген  міндеттерді іске асыру мақсатында:

1) мемлекеттік органдардан,  сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды  адамдардан қажетті мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;

2) өз отырысында адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қамтамасыз етуге  және қорғауға байланысты мәслелер  жөнінде мемлекеттік органдардың  тиісті лауазымды адамдарының  ақпаратын тыңдауға;

3) уәкілетті мемлекеттік  органдардың адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуы туралы мәліметті тексеруіне бастамшылық жасауға;

4) жекелеген жұмыстарды  жүзеге асыру үшін белгіленген  тәртіппен ғалымдар мен мамандарды  тартуға;

5) адамның және азаматтың  негізгі құқықтары мен бостандықтарының  сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысуышы мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен ынытымақтастық жасауға құқылы.

Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оның мүшелерінің заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарға баруға құығы бар.

Комиссияның отырыстарында  қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар оның шешімдері болып табылады.

Комиссияның ұсынымдары мен шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелері санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етуші жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

Комиссияның құрамын  – төрағасын, хатшысы мен мүшелерін  Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.

Комиссияның өз өкілеттігі шеңберінде қабылданған ұсынымдары мен қорытындылары мәселені шешу құзыретіне кіретін тиісті мемлекеттік органға жолданады.

Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттік  орган мен оның лауазымды адамдары белгіленген мерзімде оларды қарауға  және қаылданған шешім туралы оған хабарлауға міндетті.

Комиссия төрағасы мен  мүшесі оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.

Комиссия төрағасы Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиссия хатшысы мен мүшелеріне тапсырмалар  беріп, оның отырыстарының күн тәртібін белгілейді.

Комиссияның қызметтік  құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына  қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады;

Қазақстан Республикасының  Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру  жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Комиссия төрағасы орнында  болмағанда, Комиссияның қызметтік  құжаттарын, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

Комиссияның отырыстарын  оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ  тоқсанына кемінде бір рет  шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.

Комиссия төрағасы орнында  болмағанда, оның отырыстарында Комиссия хатшысы төрағалық етеді.

Комиссияның қызметін ақпараттық - талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін  хатшылығы жүзеге асырады.

Комиссия хатшылығы  адам құқықтары мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының әкімдері аппаратарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.

Сараптама – талдау зерттеулерін жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымда өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сарапшылық кеңес құрылады.Сарапшылық кеңес құрамы Комиссия отырыстарында бекітіледі.

Адам құқықтары аясындағы  Қазақстандық заң базасы адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асырылу тәжірибесін қамтамасыз етілуін төрт деңгейге бөлуге болатындығын көрсетті.

Бірінші деңгей (халықаралық) – адам құқы аясындағы халықаралық  ұйымдар (БҰҰ, Еуропалық Кеңес, т.б.) шегінде қабылданған халықаралық шарттардағы, келісімдердегі және өзге де құжаттардағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асырылу кепілдігін қамамасыз ету, егер де оның мүшесі болып саналатын ел осы құжатарды таныса, бекітсе.

Адам құқықтары туралы конвенцияларға Қазақстан қосылуына қарамастан, қазіргі уақытта бұл халықаралық шарттар тікелей сот практикасында қолданылмайды десеке те болады, ал ұлттық заңдар толық көлемде олар мен сәйкестендірілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар нормаларына адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдаланылуы әзірше мардымсыз.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 4-бабына сәйкес, оның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың  бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады, - делінген. Сөйтіп екінші (Конституциялық) денгейде Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын, қорғау мен іск асырылу кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде: «Адам және Азамат» бекітілген нормалардың іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілуі тиіс (айталық, 11-39 баптарындағы).

Мұнымен қатар  Конституцияда  азаматтардың құқықтарын қорғау мен  сот төрелігін іске асыру принциптерінде қатысты кейбір ережелерімен бірге  кінәсіздік принципі де тұжырымдалған.

Адам құқықтары мен  бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалу кепілдіктерімен олардың іске асырылуы заңдардың мынадай деңгейлеріне: заң шығарушы мен атқарушы биліктердің Конституциялық заңдарына, жай заңдарына, жарлықтарына, қаулыларына және өзге де нормативтік актілеріне тікелей байланысты. Конституциялық нормалардың азаматтық, азаматтық істер жүргізу, қылмыстық істер жүргізу, әкімшілік заңдарында дамытылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуы да , немесе оларды негізсіз шектеуі де мүмкін.

Қолданыстағы ел заңдары, яғни үшінші деңгей (халықаралық және ел конституциясында бекітілген құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен іске асырылу кепілдіктерін қамтамасыз ету) көп көлемді заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Ақырғы, төртінші деңгей (практикалық), мұндағы биліктің атқарушы тармағы заңдарды қалай орындайтындығы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен сақтау бөлігін кімдер бақылайтындығы, сондай - ақ егер азаматтардың ойынша бұл құқықтар заңдарда немесе құқық қолдану практикасында мақұлданған болса, онда өз құқығын қалпына келтіру үшін азамат қайда, қай органға жүгінуі және бұл қорғаудың қандай рәсімдерінің бар екендігі анықталады.

Қазақстан Республикасында  қазіргі кездегі қолданылып жүрген адам құқығы жөніндегі заңдардың  басты проблемеларының бірі - оның адам құқығы жөніндегі халықаралық құжаттардағы ұғымдарға, нормалар мен ережелерге сай келмейтіндігі болса, екінші жағынан, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайымдайтын заң нормаларына ресми түсініктеме беретін мемлекеттік органдардың болмауы, соның кесірінен, адам өз мұқалаған құқықтарын қалпына келтірілуі туралы оның Конституция нормаларына сәйкестігін білулеріне кейбір жағдайларда мұқтаж болуда.

Информация о работе Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғаудың ерекшеліктері