Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:37, реферат
Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің қатысуымен Атырау қаласы әкімінің есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Бәйімбетов, ҚР Парламентінің депутаттары С.Еңсегенов пен Б.Қонарбаев, қалалық мәслихат депутаттары, селолық округ әкімдері, еңбек ардагерлері, орта және шағын бизнес өкілдері, қаладағы мекеме-кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
1. 2009 жылдағы барлық меншік түріндегі өнеркәсіп кәсіпорындары.
2. 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту.
3. Қараша айындағы мәселелер.
4. Қаланың сәулеттік келбеті, құрылыс мәселелері.
5. Қаладағы өткір проблеманың бірі – балабақша.
6. Маңызды да күрделі мәселенің бірі – инфляция.
Осы жерде тоқтала кететін мәселе: біздің аулаларда спорттық шағын стадиондар мен балалар алаңы жоқтың қасы. Олардың орны паркингке айналған.
Осыны ескеріп, биылдан бастап спорттық және балалар алаңын салуды қолға аламыз. Таяу екі жылда қалада абаттандырылмаған, көріктендірілмеген бірде – бір аула қалмайды. Бұл да – үлкен жоба.
Жаңа айтқан паркинг мәселесі – қаладағы өзекті проблема. Үлкен ыждағатпен қарап, осы бағытта жол полициясымен бірге нақты нәтижеге бағытталған шаралар алынуы керек. Көше бойындағы кез келген жерге машина қоюға тыйым болсын.
Жарнама туралы. Бұл мәселе бізде әлі де ретке келмеген. Көшедегі жарнамалар эстетикалық талапқа сай емес. Терең мазмұны жоқ, әлем-жәлем суреттер ғана. Ал, шынында көрнекі ақпарат жас ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге, жақсылыққа дәріптейтін құралдың бірі. Бұл да назар аударатын тұс.
Келесі мәселе, көгалдандырудың біздің қала үшін мәні зор. Осы бағытта соңғы жылдары біраз шаруа атқарылып, қала жасыл желекке оранып келеді. Әлі де көп іс тындыруымыз керек. Мынаған назар аударамын: қазір жұмыстардың бәрі бюджет қаржысы есебінен жүргізілуде. Ал тұрғындар, мекемелер, бизнесмендер үлес қосып отырған жоқ деуге болады. Неге ортақ мүддеге салғырт қараймыз?
Сондықтан көктем шыға, әр мекеме, әр ұйым, әр бизнес объектісі, сауда орындары айналаларына ағаш отырғызуды қолға алуы керек. Қала әкімдігіне осыны жүзеге асыруды тапсырамын.
Қаланы көгалдандыру үшін 3-4 парк саламыз деген ойымызда бар. Қала әкімі, осы бағытта ұсыныстарыңызды әзірлеңіз.
Алдымызда экология мәселесі тұр. АНПЗ ауқымды жобаны іске асырып, қала түбінен Болашақ зауыты салынуда. Қоршаған ортаны қорғау – үлкен маңызды мәселе, осы проблемадан тыс қалмаңыз, бұл бағыттағы шараларды бірлесіп атқаратын боламыз.
Қаланың сәулеттік келбеті, құрылыс мәселелері.
Жаңа құрылыстар, пристройкалар қала сәулетіне сәйкес келмейді. Бұл туралы кезінде айтқанмын, қаланың көшелеріндегі бірінші қатардағы жапсырма құрылыстар сәулеттік талапқа сай келмей жатады, сондықтан оны өзім тікелей қадағалап отырғанмын. Соған қарамастан, келісілмеген құрылыстар салынған. Ал, оған рұқсат беріп отырған – Сіздер. Өздерің туған жерге қалай жандарың ашымайды. Айтқыза бермей, тәртіпке келтіріңдер. Болмаса, шешім қабылдаймын.
Енді әрбір салынатын құрылыстың келбеті менімен келісілетін болсын.
Бірінші кезекте, құрылыстың саны мен іске асыру мерзіміне ғана емес, сапасына баса назар аудару керек. Бұл бағытта айтылар нәрсе көп, бәрін жіпке тізіп жатпайын, Сіздердің тараптарыңыздан тиісті бақылаудың жоқ екені көрініп тұр. Осы мәселені қолға алып, бақылау жасаңыз.
Сонымен қатар, жер кезегінде тұрғандар көбейіп барады. Әділбек Исағалиұлы, жылына қанша жер беріп жатырсыз?
Жарығы, суы, газы берілмей жер учаскесін бермеңіз. Кезеңін көрсетіп, құрылысы салынбаған жер учаскелерін қайтарып алу жөніндегі тапсырмам бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірақ әлі толық инвентаризация болған жоқ. Оған қоса жер учаскелерінің мақсатты пайдаланылуына талдау жасап, 100 гектар жерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді осы жылы іске асырыңыз.
Тағы бір айта кететін жайт: Соңғы
жылда қанша пәтер беріп
Қаладағы өткір проблеманың бірі – балабақша.
Бұл менің тікелей қадағалауымда. Облыста кезекте 14 мың деп мәлімет бергенмен, шын мәнінде нақты іс жүзінде 11 мың бала бар. Былтырдың өзінде 6-ы пайдалануға беріліп, биыл жапсырмамен қоса 30 балабақша салынады. Осы мәселені екі жылда толықтай шешемін.
Маңызды да күрделі мәселенің бірі – инфляция.
Бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар орындалуда. Кәсіпкерлермен Меморандумдарға қол қойылып, ол да өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бағаны күнделікті бақылауда ұстап, қойылған жұмысты жалғастырыңдар. Себебі аудандардың бәрі күнделікті азық-түлікті осы жердегі қоймалардан алады. Ең басты күрделі мәселенің бірі осы.
Жұмыспен қамту да Елбасының басым назарда ұстап отырған тапсырмасы. Өткен жылы өз мүмкіндігімізді пайдаланып 26 мың жұмыс орнын аштық.
Биыл бұл қиындау болуы мүмкін. «Болашақ» жобасы аяқталып келеді. Осы жерден босайтын азаматтарға жаңа жұмыс орындарын іздеуге бүгіннен бастап кірісу керек. Бұл – қала әкімінің басты міндеті.
Одан басқа жаңа өндірістер, жұмыс орындарын ашудың барлық шараларын алу, шағын және орта бизнес құрылымдарына жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етіңіздер.
Осы айтылғандармен қатар өткен жылы қаланың әлеуметтік -экономикалық дамуында кейбір кемшіліктер де орын алды:
– ауыр қылмыс саны, мал ұрлығы, мектеп оқушыcы арасындағы қылмыс көбейген;
– ана мен сәби өлімі өсіп отыр (172, облыс бойынша – 57) және (23,5, облыс бойынша 18,7);
– туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (154,7, облыс бойынша – 123,6) және туберкулезден өлім көрсеткіші өскен (16,9, облыс бойынша 11,4).
Осының бәрі қала әкімдігі атқаратын жұмыстар. Өздеріңіз білесіздер, қала әкімінің жұмысқа кіріскеніне екі ай ғана уақыт болды. Баға беруге әлі ерте.
Мереке Отарұлы, менің берген тапсырмаларымның барлығы да орындауға болатын жұмыстар. Мүмкіндік жеткілікті.
Бүгінде атқарылып жатқан, жобаланған шаралардың мақсаты: Қазақстанның батыс қақпасы – Атырауды көрікті, қауіпсіз, тыныш, адамдардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған қалаға айналдыру. Халықтың тілегі де, уақыттың талабы да осы.
Атқарғанымыз көп, жоспарымыз да мол. Осы бағытта бірлесіп еңбек етейік.
Жиналысқа қатысушылар облыс әкімінің әр сөзін ұйып тыңдап, көтеріңкі көрсеткіштермен қатар, кемшілік тұстарын айқындап, шындықты тура айтқан тұстарында қоштап қол шапалақтап та отырды. Бұл облыс басшысы мен қала, жалпы өлке тұрғындарының арасындағы ажырамас байланысты, ынтымақты, өзара сенімді білдірсе керек-ті.