Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:37, реферат
Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің қатысуымен Атырау қаласы әкімінің есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ.Бәйімбетов, ҚР Парламентінің депутаттары С.Еңсегенов пен Б.Қонарбаев, қалалық мәслихат депутаттары, селолық округ әкімдері, еңбек ардагерлері, орта және шағын бизнес өкілдері, қаладағы мекеме-кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
1. 2009 жылдағы барлық меншік түріндегі өнеркәсіп кәсіпорындары.
2. 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту.
3. Қараша айындағы мәселелер.
4. Қаланың сәулеттік келбеті, құрылыс мәселелері.
5. Қаладағы өткір проблеманың бірі – балабақша.
6. Маңызды да күрделі мәселенің бірі – инфляция.
Жоспарлы флюротексеруден 102 604 адам, яғни, 99,2% пайыз қамтылды.
Қазір қалада 32 мектепке дейінгі балалар мекемесі бар. Жалпы білім беру мектептерінің жанында 33 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Онда тәрбиеленетін балалар саны – 8059. Өткен жылы балалар мекемесімен қамту – 48% пайызды құрады.
Мектепке дейінгі балалар гимназиясының, №6, №8, №30 бала бақшалардың канализация және жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 5 балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2009 жылы бірыңғай ұлттық
Жазғы демалыс кезеңінде қала бойынша 36609 бала сауықтыру лагерлерінде демалып, 99,7% пайызды құрады.
Қала мектептері 31-і асханамен, 13-і буфетпен қамтамасыз етілген.
Мектептерден шалғайда тұратын 572 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылды. Аз қамтылған және көп балалы отбастарына, жетім, жартылай жетімдерге – жалпы саны 4363 балаға 7 млн 798 мың теңге бөлініп, 540 оқушыға мектеп құралдары сатылып алынды. Сондай-ақ ұлттық «Атамекен» палатасынан, облыс әкімдігінен, қала әкімдігінен, қалалық білім бөлімінен, «Жерлес» қоғамдық бірлестігінен, «Атырау-Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мектепке дейінгі балалар мекемесінен, жергілікті жеке кәсіпкерлерден барлығы 313 балаға демеушілік көрсетілді.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2009 жылы 2 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, қаладағы 7 мектеп, 1 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. «Аджип компаниясының демеушілігімен №3 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде.
Қаланың мәдениет саласында 42 мекеме, оның ішінде 1 Мәдениет үйі, 15 клуб пен клубтық мекемелер, 2 орталықтандырылған кітапхана жүйесі жұмыс жасайды. 17 халық шығармашылығы ұжымдары өз жұмыстарын жемісті жүргізуде. Кітапханалардың кітап қоры – 199 838 дана. Оқырмандар саны күннен күнге көбеюде: қалада -1300, ауылдық жерлерде – 514 адамға көбейді.
2009 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қалада 80-ге тарта әр түрлі деңгейдегі жарыстар өткізілді.
Өткен жыл Атырау үшін – спорттық жетістіктердің жемісті жылы болды. Қала тарихында алғаш рет кәсіпқой футбол, волейбол, баскетбол клубтары Қазақстан кубогын жеңіп алды. Спорттың басқа түрлерінен де жастарымыз әлемдік деңгейдегі жүлделерге ие болды.
Нұрсая шағын ауданында 800 орындық мұз айдыны іске қосылды. Сонымен бірге, Авангард ықшам ауданындағы №1 және тұрғын үй қалашығындағы №2 олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар-жасөспірімдер спорт-мектебі үшін екі спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Өткен жылы қалада барлық қызмет желісі бойынша 2431 қылмыс тіркелді. Ауыр қылмыс 569 болып, 2008 жылдың деңгейінен 7,9% пайызға көбейіп отыр.
Төтенше жағдайлар қызметі бойынша 279 өрт оқиғасы орын алып, бұл 2008 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,9% пайызға азайғанын көрсетті. Өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, шығын көлемі 27 млн 739 мың теңгені құрады.
Қала бойынша 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осының салдарынан 38 адам қаза тауып, 73 адам жарақаттанды.
Ауыр жағдайдың алдын-алып, мұқият бақылау жүргізудің тиімді шарасы – бейнекамералар орнату. Қазір облыс орталығында 37 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жайық өзені жағалауына 17 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 11 388 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қылмыс – 189, құқық бұзушылық саны – 11 199. Бұлардан жалпы 95 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 56 млн 500 мың теңге өндірілді.
Облыс әкімі
Бергей
Рысқалиевтің Атырау қаласы әкімінің
есеп беру
жиналысында сөйлеген сөзі.
2009 жылды шығарып салып, 2010 жылды қарқынды бастап кеттік. Өткен жылдың қиындығы аз болған жоқ. Елбасының тапсырмаларын бағдар қылып, қажырлы еңбектің арқасында осы қиындықтарды жеңе білдік. Соның ішінде, Атырау облысында ауқымды жобалар іске асып, бүкіл ел экономикасына серпін берді.
Жақсы жетістіктеріміз бар. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша Атырау – республикада алдыңғы қатарда.
Билік пен халықтың бірлескен қимылының жемісі деп есептеймін бұны.
Биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы алдымызға тың міндеттер қойып, асу биіктерге жетелеп отыр. Бұған дейін барлық аудандарды аралап шықтым. Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жөнінде аудандар басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Өңіріміздің даму үрдісінде Атырау қаласының алар орны ерекше.
Ол – бүкіл өңіріміздің айнасы. Қалаға қарап, алыс-жақын жерлерден келгендердің жалпы облыс туралы ұғымы қалыптасады. Атырау бүгінде тек республика емес, күллі әлемге әйгілі. Демек, облыс орталығының экономикасы, әлеуметтік жүйесі, халқының тұрмыс-тіршілігі, қаланың инфрақұрылымы, сыртқы келбеті – барлығы да биік мәртебесіне лайық болуы тиіс. Қаланың проблемалары ешқашан назарымнан тыс қалған емес.
Нәтиже бар. Соңғы жылдары облыс орталығы қаншама көркейгенін көзбен көріп отырмыз. Шын мәнінде қазіргі заманғы инфраструктурасы бар, келбеті келіскен қалаға айналды. Бірақ бұнымен шектеліп қалуға болмайды.
Сондықтан, облыс орталығын одан әрі дамытып, халқының әл-ауқатын көтерудің пәрменді шаралары алынуда.
Жылда облыс бойынша атқарылып жатырған жобалардың 70 пайызы қалаға тиесілі.
Былтыр әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарының құрылысына облыстық бюджеттен 26 млрд. теңге бөлінсе, биыл да тап осындай қаржының жұмыстары қаралып отыр.
Бұл дегеніміз облыс орталығында салынатын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары, балабақшалар, газ, су, электрэнергия, канализация, сумен жабдықтау желісі, коммуналдық шаруашылық жүйесі, жол, көпір, тұрғын үй құрылысы, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары, басқа да көптеген әлеуметтік объектілер.
Өздеріңіз білесіздер, ел экономикасындағы құбылыстарға қарамастан, облыстың даму бюджеті жылдан-жылға өсіп келеді. Экономиканы құраушы барлық салада үлкен көрсеткіштерге қол жеткіздік. Миллиондаған тонна мұнай, миллиардтаған текше метр газ өндірілді.
Ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнестің көрсеткіштері есепті кезеңде кеміген жоқ. 27 мың адамды жұмысқа орналастырдық.
Қазынамызды сырттан келіп ешкім толтырып беріп жатқан жоқ. Ол Президенттің өңірді тікелей қолдауы, сіз бен біздің атқарып жатырған ортақ ісіміздің, табанды тірлік пен тегеурінді әрекетіміздің нәтижесі.
Осы орайда, бүкіл қала халқына рахмет айтамын.
Қала жетістіктері туралы әкім өзі айтып кетті, естідіңіздер. Оларға тоқталмай-ақ қояйын. Қалада біраз мәселе шешілді. Ең бастысы, атыраулық тұрғындардың қарапайым тұрмысқа қажеттілерін жақсарту үшін біраз шаруа атқарылды. Оның бәрі көз алдарыңызда.
Қазір жылдан-жылға қала халқы көбеюде. Бұдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Жаңа ықшам аудандар, поселкелер, көшелер, аулалар қосылуда. Мыңдаған шетелдіктер жұмыс жасап жатыр, қаншама қонақтар келіп, кетуде.
Бұның барлығы қаланың жұмысын одан әрі жандандыруды, ұтымды ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты облыс орталығында шешілуі тиіс міндеттер жетерлік.
Ең алдымен, қаладағы қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмысы тиісті деңгейде емес. Түсінікті, бюджеттің қаражатын игеріп, жұмыс атқару әркімнің қолынан келеді. Себебі бұл бағытта қаланың көріктендіру, тазалығы, көгалдандыру, абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту – барлығын тек бюджеттің қаражатына жасап отырмыз. Ал ірі кәсіпорындар мен компаниялар, шағын және орта бизнес өкілдерінің көмегін көріп отырған жоқпын. Өзім қалада жұмыс жасаған кезде осы бағытта үлкен жоспар, іс-шаралар кешенін құрып, жүзеге асыруды үлгере алмай кеткенмін. Үш жыл бойы Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаевқа айтып келдім. Сізге де бастап тапсырдым, әлі жұмысты көріп тұрған жоқпын. Ол дегеніміз не? Бірінші кезекте: әрбір кәсіпорын өзінің территориясын таза ұстап, ағаш отырғызу, өз мекемесінің сыртқы сәулеттік келбетін әдемілеп, айналасын жарықтандыру керек. Бүгінгі күні оны ешкім қолына алғысы келмейді. Мысал келтіретін қалада компаниялар бар ғой. Біз артық ештеңе сұрап отырған жоқпыз, өз айналаңды тәртіпке келтіру керектігін айтып отырмыз. Осы жұмысты аяғына жеткізетін уақыт жетті, іс-шара қолданыңыз.
Бұл жағдай өзгеріссіз қала бермек емес. Бір тәртіпке келтіру керек.
Мысалы, қаладағы су желілерінің 90 пайызы ауыстырылды. Бірақ жер-жерде жарылып, су кету фактілері көп. Бұл жұмыстарға кезінде тиісті бақылаудың болмауынан сапасы ескерілмеген. Енді жылдың аяғына дейін осы бағыттағы жұмыстарды ретке келтіріп, сапасын сәйкестендіруді тапсырамын.
Сонымен қатар енді тәртіпке келтіретін – жылу жүйелері. Көше бойындағы «Теплосеттің» жылу құбырлары ескі, тозған. Жер-жерді бұрқырап шығып жатқан бу. Өткен жылы 500-ге жуық авария тіркелген.
Ал осы теплопункттен шыққан жылудың әр үйге барғанша жылыту деңгейі басқа. Одан басқа үйлердегі жылу мен оның бағасы тіптен өзге. Бұл – бөлек әңгіме. Мен тарифтерді көтеруге келісім бергенде, көрсетілетін қызмет те сол бағаға сәйкес болуын қатаң ескерткенмін. Баға өсті, ал жылу сол күйінде. Бұлай болмайды, шешу керек мәселені. Бұл – қала әкімшілігінің басты міндеті.
Облыс бойынша электр жүйесін толықтай жаңарттық. Ал қаланың электрмен қамту желілері 90 пайызы – «Атырау Жарықтікі». Қазір көшедегі бағандарды қараңыз, бірінің үстіне бірі жалғанған 4 қатарлы, баяғы кездегі ағаш бағандар. Сым темірлері салбырап, үзілейін деп әрең тұр.
Сондықтан осы компаниялармен бірлесіп
жұмыс жасау қажет. Атырау-Жарық
қаладағы бағаналарды, сымдарын қазіргі
сәулеттік талапқа келтіру
Келесі, тазалық мәселесі. Барын бар деп айту керек: қаланың басым бөлігі тазарды, бұрынғыдай бей – берекетсіз шашылған қоқыс жоқ. Бірақ әлі де кейбір үйлердің аулалары, қалтарыстары, сырт жақтағы көшелер, қала маңындағы ықшам аудандардың, қала сыртының, қаладан шыға беріс жолдардың тазалығы талапқа сай емес.
Ерік – Мостовой каналы қоқыс төгетін жерге айналған. Сіздердің шашқандарыңызды біздер бюджеттен қаржы шығарып тазалаймыз. Бұл дұрыс емес. Даладан ешкім қоқыс әкелмейді, төгетін – сол жердегі тұрғындар. Қашан мәдениетті боламыз? Осыны қарайтын қала әкімдігі, құқық қорғау органдары не бұқаралық ақпарат құралы қайда?
Қай участок таза емес, қоқысқа толы, соны күнде теледидар мен газетке шығарыңдар. Тазалықты бұзушы тұрғындарды атап-атап көрсетіңіздер. СЭС- неге барып айыппұл салмайды. Осыны қарап жатырған адам бар ма? Тазалық мәдениетіне, санитарлық гигиенаға үйретіп жатырған не бір ұйым, не бір БАҚ бар ма?
Одан басқа ірі сауда орындары бір тәртіпке келді. Дегенмен, сырты-бүтін, іші-түтін. Көз боямай, ішкі тазалықты тәртіпке келтіру қажет. Санитарлық талаптарға сай болуы тиіс.
2 жылдан бері айтып келемін, жалпы ірі сауда базарларын қаланың сыртына шығару керек. Уақыт беріңіздер, 1 жыл ма, жыл жарым ба, осы мерзімде көшіп болатын болсын. Біз жер бөліп, инфрақұрылымын салып беруге көмектесеміз.
Кеше автовокзал ашылды, бюджеттің қаржысына бүкіл территориясының бәрін асфальт төсеп, ағаш отырғызып, жарықтандырып, бәрін жасап бердік. Бірақ тәртіпке келмейді. Айналасы шашылған қоқыс, темір жол вокзалы өте лас. Қаланың қақпасы саналатын бұл нысандар ең бірінші кезекте тап-таза, әдемі, көз тартар көрікті ғимарат болуы керек. Осыны да қолға алыңыз.
Тағы бір өзекті мәселе – жертөлелердің жағдайы. Қазір қалада 150 подвалда су бар. Әділбек Исағалиұлы, Сіз жыл сайын 20-сы, 15-і, 10-ы қалды деп басқаша баяндайсыз. Әлде жағдайдан хабарсызсыз ба? Осыны қалай түсінуге болады?
Кезінде қалаға басшылық еткенімде қаржы тауып, 400-ге тарта подвалды құрғаттырдым. Тұрғындардың жеке меншігіне көшкен үйлерге бюджет қаржысын сала алмаймыз, бірақ бұдан шығатын жолды табуға болады. Оның да шешімін көрсеттім. Осы жертөлелерді тазарту туралы бірнеше рет тапсырма бергенмен, нәтиже жоқ. Бұл – сіздердің тараптарыңыздан құлшыныс жоқтығының белгісі. Шешілмейтін мәселе жоқ, оған тереңірек үңіліп, жұмыстану керек. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды бітіріңіз.
Осы жерде айта кету керек, КСК-лардың жұмысы мүлде байқалмайды. Қала әкімдігі мен КСК-ның байланысы, өзара бірлескен әрекеті туралы нақты іс-шаралар керек. Одан басқа да, сіздер бірігіп атқаратын жұмыс жетерлік. Аулалардың тазалығы, үйлерді күтіп ұстау, балалар алаңын жасақтау, жоқ дегенде сол аулаларда тұрған контейнерлерге де жауаптысыздар. Себебі, олар бюджет қаржысына сатып алынған мүліктер. Біріншіден, тұрғындар өз үйлерінің жағдайына жауапты, себебі, КСК-ны өздері сайлап, тарифін өздері бекітті. Алайда, олар КСК жұмысын бақыламайды. Сұрау жоқ, демек, КСК-ның жұмысы да жоқ. Жиналған ақша қайда, не мақсатқа кетіп жатыр, белгісіз. Қазірден бастап осыны қолға алыңыздар.
Қала бойынша тозығы жеткен, құлатуды керек ететін үйлер бар. Биыл осы мәселені шешеміз, нақты іс-шаралар қабылдаймыз. Осы үйлердің тұрғындарын көшіруге 600 пәтер керек екен. Оны да шешеміз.
Одан әрі абаттандыру туралы. Соңғы жылдары көшелер, аулалар жаңартылып, қаланың басым бөлігі жарықтандырылды. Бірталай реттеліп қалды. Жаңа даңғыл мен көшелер іске қосылды. Биыл қаланың барлық көшелерін әдемі тастармен жабамыз. Бұл – қаланың көркін арттыратын және өте тиімді, ұтымды, ауқымды жоба. Бізде су, канализация, жылу жүйелерін, тағы басқа желілер тарту үшін жол әбден жасалғаннан кейін бұзып жатады. Сондықтан тас төсеуде гильза тастап кету керек. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қаланың асфальт төселген жолдарын кесіп-кесіп, астаң-кестеңін шығарды. Қазірден бастап ойлануы керек.