Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:26, курсовая работа
Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.
КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1.Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
1.2.Ақша қызметтері және функциялары
ІІ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақша айналымы және ақша жүйесі.
2.2 Ақша айналыс заңы.
2.3.Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері.
ІІІ АШҚАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
3.1. Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi
3.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
VІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
4.1 Банктің валюта-айырбас есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Валюталық реттеудің негізін құраушы жүйе валюталық бақылау болып табылады. Валюталык бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикаснның резидент және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде заңдылыктарды сактауын қамтамасыз ету. Валюталық бакылаудың негізгі бағыттары:
• заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталык операциялар-дың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен куәліктердің болуы;
• шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкес-тігін тексеру;
• валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп берудің толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталык
қатынастарды реттеу кезінде негізгі
рөлді арнайы валюталык заңдылықтар
атқарады. Қазақстан Республикасында
валюталық реттеудің негізгі
органы республиканың заңдылыктарына
сәйкес валюталык реттеудің
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесідей валюта-лык шектеулер қолданылады:
• резиденттер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық төлемдер тек қазақстандық валютада жүргізілуі керек, тек ¥лттық банктің нормативтік құкықтық актілерінде, салық және кеден зандылықтарында көрсетілген жағдайлардан басқа;
• банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкілетті емес банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға болмайды;
• қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарында міндетті түрде есептелуі керек.
Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасы Президенті
халықаралық міндеттемелерді
4.1 Банктің валюта-айырбас есебі
Қолма-қол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті банк банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. Айырбас орындарын ашу кезінде Ұлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.
Айырбас орындары валюталық айырбас операцияларының келесі түрлерін жүзеге асыра алады:
•
колма-қол шетел валютасын
•
шетел валютасындағы төлем
• қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассолау үшін қабылдау;
• шын екендігіне күмән тудыратын шетел мелекеттерінің ақша белгілерін және шетел валютасындағы толем құжаттарын сараптаудан өткізу үшін қабылдау;
• банктердегі жеке тұлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін қызмет ететін қолма-қол шетел валютасын қабылдау және оларды беру;
• бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;
• шетел мемлекетінің төлемсіз акша белгісін сол шетел мемле-кетінің төлемді ақша белгісіне айырбастау.
Уәкілетті
банк айырбас орнында валюта-
Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі негізінде бекітілген сатып алу, сату бағамы және кросс-бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын бір жолғы сатып алу тіркеу журналына тіркеледі (11-қосымша). 200 және одан жоғары АҚШ долларындағы сомадағы шетел валютасын сатып алу және сату кезінде міндетті түрде қатаң есептеме бланкі-сінде аныктама-сертификат (12-қосымша) толтырылады. Айта кететін жәйт, клиент өтініші бойынша анықтама-сертификаты алынған және сатылған шетел валютасындағы сомаға байланыссыз жазы-лады. Анықтама-сертификатының бір бланкісінде тек бір валюта-айырбас операциясы ғана жазылуы мүмкін.
Анықтама-сертификат жеке тұлғаның қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алғандығын растау үшін қызмет етеді, сондай-ақ жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасын-дағы төлем құжатгарын шетке шығару үшін негіз болып табылады.
Айырбас орнының жұмысы басталғанға дейін банк айырбас орнының кассирін қолма-қол теңге және шетел валютасымен, соны-мен бірге валюта-айырбастау операциясын ресімдеу үші қажетті төлем қүжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етеді. Әрбір айырбас орындарына банк бір күн ішіндегі жүмысты қамтамасыз ететін колма-қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орнының жұмысы бойынша міндетті тұлға қолы қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді (13-қосымша).
Авансты қолма-қол теңге және шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын-да аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептелген валютаның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазылады. Қолма-қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтырылады. Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкассатор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтарды банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі (айырбас орнының инкассаторы немесе кассирі) толтырады.
Шығыс ордерлерінің бірінші данасы банк кассирінде калады. Екінші данасы авансты бергеннен кейін есепте операцияны көрсету үшін банк бухгалтериясына жіберіледі, үшіншісі - айырбас орнына жіберіледі, онда кассир күн құжаттарына тіркеп, одан кейін операциялық күн соңында банк бухғалтериясына өткізіледі. Күнде-лікті алынған, сатылған, сатып алынған және өткізілген валюта бойынша айырбас орнының қызметкері аванстық есеп-қисап жасайды (14-қосымша).
Қолма-қол
шетел валютасын төлем құжатын
сатып-алу және сату бойынша операцияны
жүргізу кезінде айырбас
Егер Ұлттық банк қандай да бір шетел валютасын пайдалануға шек қойған жағдайдан басқа уақытта айырбас орындары шетел валютасын олардың күны және шығарылған жылы бойынша сатып алуға, сату немесе айырбастауға қандай да бір шек қоюға құқылы.
Ескі банкноттарды сатып алу, айырбастау және ұсақтау тек уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады. Ескі банкноттарды жаңа банкнотқа айырбастау бойынша комиссиялық сыйақы өз еркімен қойылады, бірақ айырбасқа ұсынылатын соманың екі пайызынан аспау керек.
Ескі разрядына олардың шын екендігіне күмән тудырмайтын өзінің толық өлшемінің және белгісінің (олардың атауын көрсететін жазбаша және сандық) 70% пайызын сақтаған және шамалы банкноттар жатады, сонымен бірге келесілер де жатады:
- бүлінген, бөлек жазулары, дақтары, мөр іздері алғашқы түсін жоғалтқан банкноттар;
- бір банкнотқа жататын жыртылған және жабыстырылған, бұрыштары, жиектері жоғалған, тесіктері бар банкноттар; тозған банкноттар.
Жоғарыда көрсетілген зақымдануға сәйкес сатып алуға, сатуға және айырбастауға жатпайтын банкноттар иесінің келісімімен уәкілетті банк инкассоға алуға қүқылы. Шетел валютасындағы төлем кұжаттарымен қолма-қол шетел валютасын инкассоға қабылдау бойынша операциялар түбіртек берілетін клиент өтініші негізінде жүзеге асырылады. Инкассоға қабылданған валюта уәкілетті банк өз бетінше белгіленген, төмен жөнелтіліп топтамасын қалыптастыру үшін қажетті соманы жинақтау бойынша эминтент-банктерге (шетел банктері) жіберіледі.
Уәкілетті банктер ескі банкноттарды айырбастаудан эмитент-банктердің (шетел банктері) бас тартуы мүмкін екендігін клиенттер-ге ескерту қажет. Бүл жағдайда уәкілетті банктер клиентерге сәйкес растама құжаттарын үсынулары қажет. Уәкілеті банк инкассоланған шетел валютасы үшін шыгындарды өтегеннен кейін ақша сомасын қолма-қол шетел валютасында немесе теңгеде төленуі мүмкін немесе заңдылыктарға сәйкес банктік шотқа аударылуы мүмкін.
Шетел мемлекетінің төлемсіз акша белгісін төлемге айырбас-тауға болады, сонымен қатар айырбас орнының кассирі осы операцияны айырбас тізілімі арқылы жүзеге асырады. Шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісіне сәйкес шетел банкіне инкассо үшін жіберіледі.
Егер айырбас орнының. кассиріне ұсынылған шетел ақша белгілері олардың шын екендігіне күмән тудырылса немесе жа-санды екендігі анықталса клиентке қайтарылмайды, оларды сараптаудан өткізуге алып калады. Егер олардың шын екендігі анықталса, онда клиентке қайтарылуы немесе теңгедегі балама кұны төленуі немесе сәйкес сома клиенттің банктегі шотына есептелуі мүмкін. Жарамсыз деп танылған шетел мемлекетінің акша белгісі немесе шетел валютасындағы телем қүжаттары клиентке қайтарылмайды және ішкі істер органына тапсырылады.
Айырбас орындарының барлық операциялары банктің бухгалтерлік есебінде қай күні жасалды, сол күні көрсетілуі қажет. Айырбас орындарында жүргізілетін қолма-қол шетел валюталарын сатып алу және сату операциялары белгіленген нысан бойынша (15-қосымша) сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімі журналында операцияны жүргізу кезінде көрсетіледі.
Тізілім журналында жөңдеулер мен басқа да өзгертулер жасауға болмайды. Қате мәліметтерді сызып тастау кажет және кассирдің колымен куәландырылған түзету жазбасы жасалады.
Тізілім журналы 30 парақтан кем болмау қажет. Журналды нөмірлеп, шнурлап, занды тұлғаның және Үлттық банктің филиалы-ның мөрімен бекіту қажет және уәкілетті банк басқарушысы мен бас бухгалтердің қолымен және Үлттық банк филиалының басшысы немесе басшының орынбасарының қолымен расталуы керек. Уәкілетті банктер үш жүмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық банк филиалына тізілім журналының болжалды аяқталу мерзімі туралы және жаңа тізілім журналының ресімделуі үшін өтініш жасау керек. Уәкілетті банктер бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық банк филиалына келесі күннен ресімделуі үшін тізілім журналының аяқталуы туралы және оны сақтау мерзімі туралы белгі жасайтын аяқталған тізілім журналын ұсынуға міндетті. Аяқталған тізілім журналы уәкілетті банктерде олардың аяқталган күнінен бастап 5 жыл ішінде сақталады.
Уәкілетті банктердің айырбас орындары тізілім журналын электронды түрде жүргізуге құқылы. Бағдарламалык қамтамасыз ету талаптарын және журналды жүргізу тәртібін Ұлттық банк бекітеді.
Валюта-айырбас
операциясының аналитикалық есебі
әрбір колма-қол шетел