Ақшаның пайда болуы және мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.

Содержание

КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1.Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
1.2.Ақша қызметтері және функциялары
ІІ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақша айналымы және ақша жүйесі.
2.2 Ақша айналыс заңы.
2.3.Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері.
ІІІ АШҚАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
3.1. Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi
3.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
VІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
4.1 Банктің валюта-айырбас есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Ақшаның пайда болуы курстық жұмыс.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

    Екiншiден, әр адамның еңбектегi, яғни қоғамдық өнiмдегi үлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. Себебi адамның қоғамдық еңбектегi үлесiн жалақы ретiнде алғанда ақша төлем құралы қызметiн атқарғаны.

    Үшiншiден, айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшылықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкiл тауарлар тұтыну кұндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады  да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құннын тұлғасы ретiнде ақша қарсы тұрады.

    Тауарлар  дүниесiнiң тауар және ақша болып  екiге бөлiнуi оның тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың iшкi қарама-карсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткенi, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының  бiреудiң қажетiн өтеуге керек болғандығы. Бұл бiр жағынан, ал екiншi жағынан оның құнының бар екендiгi дәлелденгенi. 
Сатылған құн ендi ақша түрiнде тауар өндiрушiнiң қолына түседi. Сөйтiп, тауар өндiрушiге түскен ақшаның мөлшерiне карай өз өндiрiсiне басқа кез келген қажеттi тұтыну құнын алуға мүмкiндiк туады.

    Қорыта  айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша - тауардың жалпы  эквивалентi болуы тауар өндiрiсiнiң  ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы  кездейсоқ жағдайдан нақтылы  және үнемi қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуiне жол ашты.

    Тауар өндiрiсiнiң тарихи даму барысында  ақшаның ролiн  әр түрлi тауарлар атқарды. Әрбiр тауарлы өндiрiс  тауардың жалпы эквивалентiн пайдаланды. Қоғамдық еңбектiң   бiрiншi iрi белiнуi нәтижесiнде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас кұралы ретiнде малды қолданды.  Оның нақты түрi жергілiктi  жердiң жаратылысына  байланысты  әр  түрлi  болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквивалентi 
ролiн   жылкы,   өгiз   немесе   кой   атқарса,   шел   және   шөлейт жерлерде  -        түйе   қысы   ұзақ   тундрада бұғы атқарды. Ақшаның   айырбас   кұралы   қызметiн   мал   атқаруы   әр   халықтардың   ауыз   әдебиетiнде   сақталғаны   соншалық,   кейiн металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы,   латын   сөзi   "пекус"   "мал",   ал  "пекуня" -  "ақша"; үндiлердiң   ақша   өлшемi   "рупия" "рупа" - "мал"   деген сөзден шыққан.

    Қазiргi кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздiң шығу тарихы да мал  атауымен байланысты көрiнедi, өйткенi ескi герман тiлiнде меншiгiнде көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.

    Кейiнiрек  қолөнер кәсiбi дами бастаған кезде  әр түрлi 
халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетiн аңдардың терiсi болған. Ертедегi скандинавтар мөлшерi әр түрлi тауарларды сатып алғанда оларды түлкi, сусар, бұлғын терiлерiне айырбастаған. Сiбiр халықтары айырбаста бұлғынның терiсiн қолданса, ал құндыздың терiсi 
Солтүстiк Америкада жүрген. Сондай-ақ терi ақшаларын 
Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегiн мекендеген  халықтар кең пайдаланған. Ертедегi Русьте сусар терiсi айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күмiс 5450 рубль және терiден жасалған 7000 рубль болған екен [31;2.].

    Ал  теңiздердiң жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретiнде  теңiзден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан  жасалған әшекей  бұйымдарының бiраз  атаулары сақталған. Солардың iшiнде  ең көп тарағаны ақшыл сары түстi, үлкендiгi түймедей - 
каури деп аталатыны. Әшекей ретiнде жiпке тiзғен каури Үндiстанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретiнде жүрген. Ал Америка үндiстерi кабыршақ ақшаны терiден тiгiлген белбеуге өрнек немесе 
аңдар мен құстардың бейнесiн салып қолданған.

    Қабыршақ  ақша материалының ең бiр орнықты  формасы болып келдi. Себебi XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезiне дейiн Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында  қабыршақ ақшаның үш түрi: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.

    Юлий  Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде  кұлдарды пайдаланған. Мысалы, бiр құл  үш сыйырға, алты бұзауға, он екi қойға  теңгерiлген.

    Қолөнер кәсiбiнiң жетiлуi ақша эквивалентiн де жетiлдiрдi. Оңай бөлiнетiн, бiр-бiрiне оңай бiрiгетiн, ұзақ сақталатын және бiртектес эквивалент тауарлар, яғни өсiмдiк 27,5%-ке жоғары. Әлемдегi соғыстан кейiн екiншi рет алты құрамы жоғарылаған жалғыз валюта осы кеңестiк руслиа.  Осыған сәйкес оның шетел валюталарына қарағандағы  бағамы өзгердi: 1 АҚШ доллары 0,9 сомға тең (бұрынғысы 4 сомға), 1 фунт стерлинг - 2 сом 52 тиынға (бұрынғысы 11 сом 20 тиынға) және с.с.

    Сөйтiп,   рубльдiң   жаңа  алтын   құрамы  рубльмен көрсетiлген    алтынның    ресми   әлемдiк  бағасын    тауарлар бағасымен  теңестiрiп,   сыртқы  сауда  мен  мемлекеттiк  бюджеттiң арасындағы күрделi қайта есеп айырысу қажеттiлiгін  жойды. 
 
 
 
 

     VІ Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу 

     Коммерциялық  банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бұндай тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валют-асында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

     Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем  кұралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралык төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті  жағдайы төлеуші немесе сатып  алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық операция бұл шетел валютасында деноминацияла-натын немесе ондағы есепті талап ететін операция.

     Осындай айырбастарды жүргізу үшін валютальщ  нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.

     Валютаны  айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру  ісі ны-санында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

     •    байланыстың   электронды   құралын   кеңінен   қолдану   және олар   бойынша  есеп  айырысуларды   жүзеге   асыруда   шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;

     • операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;

     •   валюталық   операциялар   техникасы   сәйкестендірілген,   есеп айырысулар    банктің    корреспонденттік    есепшоты    арқылы жүргізіледі;

     •   валюталық және  несиелік  тәуекелді  сақтандыру  мақсатында валюталық  операциялардың кең көлемде дамуы;

     •   алып-сатарлык және төрелік операциялар  коммерциялық мәмілемен    байланысты    валюталық   операциялардан    біршама асып  түседі;   олардың   қатысушыларының   саны   бірден   өсті және  олардың құрамына  банктер мен ұлтаралық корпора-циялардан (YAK) басқа занды және жеке тұлғалар да жатады;

     •  тұрақты   экономикалық  жағдайларға  тәуелсіз   өздерінің   бир-жалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның түрақсыздығы.

     Атқарымдық  көзқарас тұрғысынан валюталық нарық  келесілерді

     қамтиды:

     •    халықаралық есеп айырысулардың  уақытылы жүзеге асырылуы;

     •    валюталык және несиелік тәуекелді сақтандыру;

     •    әлемдік   валюталық   несиелік   және   қаржылық   нарықтардың  өзара байланысы;

     •   банк,  кәсіпорын,  мемлекеттің  валюталық резервтерінің әрта-раптандырылуы (диверсификациясы);

     •    валюталық бағамды реттеу;

     •    қатысушылардың валюталық багам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы;

     •    экомиканы   мемлекеттік   реттеуге   бағытталған   валюталық саясатты жүргізу.

     Институционалдық  көзкарас тұрғысынан валюталық нарық -бұл банктердің, брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе ұлтаралық корпорациялардың (ҮАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер жасайды.

     Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан  Республикасының резидент және бейрезидент  тұлғалары жатады.

     Валюталық реттеулердің объектілері валюталық  құндылықтар-мен жүргізілетін операциялар  болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем қүжатта-ры, қарыздық міндеттеме, қымбат металдар) жатады.

     Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал козғалысымен байланысты опера-циялар жатады.

     Шетел валютасында банктік операциялар  жүргізуге лицензия-ларды Үлттық банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге кұқы бар:

     •    шетел валютасындағы каражаттарды занды және жеке тұлғалар-дың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға;

     •    банктер   мен   ұйымдарға   шетел   валютасында   несие   және қарыздарды тарту және ұсыну;

     •    заңды   және  жеке  тұлғалардан   шетел   валютасындағы   төлем  кұжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

     •    валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;

     •    шетел   мемлекеттерінің   банктерімен   корреспонденттік   қаты-настарды белгілеу;

     •    өз клиенттеріне шетел валютасында  кассалық қызмет көрсету;

     •    шетел валютасында саудалық және саудалық емес операция-лар бойынша  есеп айырысуды жүзеге асыру;

     •    халықаралық  банктік  тәжірибегс  сәйкес  басқа  да  операцияларды  жүзеге асыру.

     Валюталық операцияларды жүзеге асыруга құкық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халықаралық банктік есеп айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.

     2000 жылдың сәуірінен бастап ¥лттық банк теңгенің еркін қалқымалы бағамын белгіледі. Ол ¥лттық банк қатысуынсыз валюталық нарыкта сұраныс және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай жагдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

     •    Қазақстан  Республикасының аумағында  жүргізілетін  валюта-лық    операциялардың    жүргізілу    тәртібі    мен    қағидаларын анықтайтын  нормативтік  құқықтық актілерді  шығару,  валюталық   операциялар   субьектінің   құкықтары   мен   міндеттері, валюталық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік;

     •    валюта  заңдылықтарының  орындалуын   бақылау   (валюталык бақылау);

     •    валюталық нарық, жүргізілген валюталық  операциялар көлемін және құрылымының жағдайын талдау.

     Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Респу-бликасының Ұлттық банкі келесі негізгі әдістсрді қолданады:

     •    валюталық операциялар объектілері меи субъектілерін, валюталық операциялар субъектілерінің құқықтары   мен міндеттерін, жіктелуін,    валюталық    құндылықтармен    айналысу    тәртібін белгілеуді    анықтайтын    валюталық    операцияларды    жүргізу тәртібін белгілеу;

     •    сипатына,    субъектісіне,    объектісіне,    көлеміне    байланысты белгілі валюталық операцияларды  жүргізуге шектеу енгізу;

     •    шетел валютасын паидаланатын қызметтерді лицензиялау;

     •    валюталық операцияларды тіркеу;

     •    валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;

     •    валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;

     •    валюталық реттеу  мәселелері  бойынша халықаралык  байланыс.   (Қазақстан   1992   жылдың  ортасыиан   бастап   халыкара-лық   валюта   қорының   (ХВҚ)   мүшесі   болып   табылады,   ал 1996  жылдың   16   шілдесінен   бастап   ХВҚ  келісім   баптарының VIII бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған,  ягни  ағымдағы   валюталык  операциялар  бойынша шектеулер енгізбеу).

Информация о работе Ақшаның пайда болуы және мәні