Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:09, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.
Кiрiспе .......................................................................……………........3
1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
1. Ақшаның эволюциясы...............………...........................................2-6
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.................7-11
3. Ақшаның қажеттілігі және мәні......................................……….....12-17
2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
2.1 Ақшаның металдық теориясы..........................................................18-19
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...................................................20-21
2.3 Ақшаның сандық теориясы........................................................22-23
2.4 Ақшаның монетаристік теориясы..............................................24-25
2.5 Ақшаның кейнсиандық теориясы .................................................26
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.....................27-31
Қорытынды ....................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер .................................................…………….33
2.5. Ақшаның кейнсиандық теориясы
Ақшаның кейнсиандық теориясына келер болсақ, ол алдыңғы теорияларға қарағанда өзгешелеу. Негізін салған: Кейнс. Кейнстің көзқарасы бойынша ақша өтімдіктің жоғары бағалануына тәуелді болады.
Кейнс ақшаны сақтаудың 3 түрін анықтады:
1) трансакциалық
2) алыпсатарлық
3) сақтандыру
Трансакциалық. Бұл жерде шаруашылық субъект өзінің қаражаттарының бір бөлігін қолма – қол ақша түрінде сақтайды және бұл ақшаны күнделікті шығындарына жұмсайды.
Алыпсатарлық. Бұл жерде
шаруашылық субъект ақшасын белгілі
бір өзі пайда табатын
Сақтандыру. Трансакциалық
әдіске ұқсас. Бұл жерде шаруашылық
субъект инвестициялық
Кейнсшілдік – экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу қажеттігін жақтайтын экономикалық саясат. Дж. Кейнс – қатаң баға белгіленіп монополияландырылған экономиканың заңдылықтарын тұңғыш зерттеуші. Ол нарық тетіктерінің құдіретті емес екендігін‚ жұмысқ жарамды халықтың жұмыспен толық қамтылмауы және өндірістік қуаттардың жұмыс істеуі жағдайында тепе-теңдіктің (тепе-тең шаманың) орнатылуы мүмкін екенін көрсетті. Ол және оның ізбасарлары дағдарыстар және сылбыр шаруашылық жағдаяты (конъюнктурасы) кезеңдерінде орнықты экономика өсуді және жоғары деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ағылшын үкіметіне экспансиялық қаржы саясатын (мемлекеттік шығысты ұлғайтып‚ салықтарды төмендету) және несие-ақша саясатын (айналыстағы ақша санын көбейту) жүргізуді ұсынды. Оның пікірінше‚ мемлекет жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін жою мақсатында‚ экономика саясатқа араласып‚ оны жүргізуге‚ сұранымның жалпы шамасына ықпал етуге тиіс. Идеяның мәнісі сұранымның көлемін ұлғайта отырып‚ жұмыссыздықтың көбеюін жоюға‚ ал оны қысқарта отырып‚ инфляцияның өсуін болдырмауға болады дегенге саяды.
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның
тауар айырбаста процесiнен
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн
идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды.
Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға
айырбасталғанына дейiн орындалады,
сонымен құнның тауар формасынан
ақша формасына айналуы үшiн
Тауар бағасын өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн
тауардың құны , оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында
алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның
өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен
анықталуы мүмкiн емес. Бағаның
орнына ақшалар кез-келген тауарлар
санын сатып алу мүмкiндiгi бар.
Сатып алу қасиетiмен
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск фунциясына (31,1 г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы ашық болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалды.
Қазiргi уақытта алтын
тауарға тiкелей
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып , өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн , басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы
қызметiн негiзiнен
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл , несие және
қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын)
байланысты емес деген сөз емес.
Бұл байланыс несие ақшалардың алтын
нарығында жасырын айналыс
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Қанша дегенменен бiр ақша бiрлiгi бiр – несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса , одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес . Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi . Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн .
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса , онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына , борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде , ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметiн толық емес нақты (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның
қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен
ол оларменберiк байланысты екенi анық.
Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет
етуiнiң дамуы резервтiк қор
құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерiнiң
Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса , одан қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажеттiлiгi атқарады. Өзара өтелетiн төлемдер сомасы айналыс үшiн ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бiр бөлiмде борыштық мiндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтiн болса, онда бұл өзiмен бiрге басқа да төлемсiздiк тiзбесiн тудырады ( қарыз бойынша мерзiмi өткен берешек, бюджеттi төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т – А – Т айналымының екi актiлерге Т – А және А – Т айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдық формацияға
дейiнгiлер үшiн байлықты “таза
қазына” формасында жинақтау, яғни
ақшаның қарапайым қорлануы тән
келедi. Бұл экономикалық дамуға
ешқандай да ықпал еткен жоқ,
себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан
тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм
тұсында бұл қазыналар
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек , қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .
Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын реттегiш ролiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1-шi қаңтарда ҚР-сы Ұлттық Банкiсiндегi монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн. теңге құрады.
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi: