Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:09, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.
Кiрiспе .......................................................................……………........3
1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
1. Ақшаның эволюциясы...............………...........................................2-6
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.................7-11
3. Ақшаның қажеттілігі және мәні......................................……….....12-17
2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
2.1 Ақшаның металдық теориясы..........................................................18-19
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...................................................20-21
2.3 Ақшаның сандық теориясы........................................................22-23
2.4 Ақшаның монетаристік теориясы..............................................24-25
2.5 Ақшаның кейнсиандық теориясы .................................................26
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.....................27-31
Қорытынды ....................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер .................................................…………….33
Ақшаның металдық теориясының
екінші метаморфозасы бірінші
Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын монета стандартын халықаралық айналымда енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі М.Хальперии және француз экономисі оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.
70 жылдардың басында Бреттон-
Сонымен, ҒТП-тің, өндірістің, тауар айналымының дамуымен металл айналысының ауқымы XX ғасырда тар болып шықты және металл жүйесінің ішінде кредитте негізделген, сапалы жаңа төлем әдістері мен айналыс формалары пісіп-жетіле бастады.
2.2. Ақшаның номиналистік теориясы
Ақшаның номиналистік теориясы
құл иеленушілік құрылыс
Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс,екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.
Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын жоққа шығара отырып, оларды тек қана техникалық айырбас құралы ретінде таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық билеттер) болуға тиіс деген пікірде болды.
Неміс экономисі Г. Кнаптың 1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік теориясы» деген еңбегінде номинализм теориясы айқын көрініс тапқан. Оның негізгі пікірлері мынадай болған:
Г. Кнаптың ақшаның мемлекеттік теориясының қателгі мынада болды: біріншіден, ақша құқықтық категория емес ол экономикалық категорияға жатады; екіншіден, металл ақшалардың өзінің құндары болады, яғни оны мемлекет белгілей алмайды, ал қағаз ақшалардың құндарының өзін де мемлекет белгілемейді, ол объективті экономикалық зандармен негізделеді; үшіншіден, ақшаның негізгі қызметі төлем құралы емес, яғни құн өлшемі құралы болып табылады.
Австрияның экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.
1929—1933 жылдары экономикалық
дағдарыс тұсында номинализм
әрі қарай дами түсіп, алтын
стандартынан бас тартуды
Кнап теориясының қателігі,
оның металл ақшалар икемсіз, олардың
икемділігіне тек қана банкноталарды
шығару арқылы қол жеткізуге болады
деген пікірінен байқалады. Кейнс
номинализмінің түпкілікті мақсаты
— алтын монета стандартын алып
тастау, қағаз ақша айналысына өту
және экономиканы инфляциялық
Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші теорияға жатады. Атақты американ экономисі П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.
Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен бас тарту, ақшаның баға масштабын білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз есептік бірлік ретінде болуы.
2.3. Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.
Мұндай пікірді алғаш рет XVI ғ. француз ғалымы Ж. Боден айтқан болатын. Ол Батыс Еуропадағы тауарлардың қымбат болуын бағалы металдардың көп келуімен түсіндірді. Бұл пікірді XVII ғ. Ш.Л.Монтеське, Д. Юм, Дж. Милль, сияқты ғалымдар қолдай отырып, олар айналыстағы ақша саны мен олардың құндарының арасындағы өзгерістердің, пропорционалдығы туралы айтқан болатын.
XVIII ғасырдағы ақшаның
сандық теориясының
XX ғасырдың басына таман
батыс экономикалық
Трансакциондық нұсқасын (ағылш. transaction — мәміле), американ экономисі И. Фишер жасады. Оның нұсқасы мынадай «айырбас тендеумен» көрсетіледі:
мұндағы,
— айналыстағы ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— тауарлардың орташа бағасы;
— сатылған тауарлардың саны.
Ақшаның сандық теориясын жасауда И. Фишер аталған тендеуді пайдалану барысында бірқатар кемшіліктер жіберді. Ол Ү — ақшаның айналыс жылдамдығы мен Q — сатылған тауарлар көлемі қысқа мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, немесе ақшаның айналыс жылдамдығы ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал өнідіріс көлемі де өспеуі мүмкін, себебі неоклассикалық көзқарас бойынша ресурстардың барлығы толық өндірісте қамтылады деген пікір білдірді.
Кейінен Ү мен Q талдаудан алып тастап, М — ақшаның санымен Р — тауардың бағасы арасындағы байланысты ғана ақшаның сандық теориясының негізіне жатқызады.
Ақшаның сандық теориясының Кембриджік нұсқасы А. Маршал, А. Пигу, Д. Робертсон сияқты ағылшын экономистерінің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің нұсқаларының негізіне ақшаның санын емес, шаруашылық субъектілердегі олардың қорлануын жатқызды.
Кембриджік нұсқаның негізгі қағидаты формуламен бейнеленеді:
мұндағы,
—ақшаның саны;
— ақшаның айналысы жылдамдығы;
— баға деңгейі;
— ақырғы өнімге жататын тауарлардың заттай көлемі;
- ақша нысаны сақталатын жылдық табыстың бір бөлігі.
Кембридждік нұсқа өзінің мәні жағынан айырбас теңдеуіне ұқсас болып табылады. Себебі, k — шамасы ақшаның айналыс жылдамдығына кері шама (k = 1/Ү). Екі нұсқаның бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер И.Фишер ақша айналысының жылдамдығының айналым факторларының өзгеріссіздігімен байланыстырса, ал ағылшын экономистері оны психологиямен, яғни айналымға қатысушылардың әдеттерімен байланыстырады. Бірақ екі нұсқаның қорытынды пікірлері бірдей, ақша санының өзгерісі бұл бағаның өзгерісінің салдары еместігін көрсетеді.
К. Маркс ақшаның сандық
теориясы өкілдерінің мынадай
20-30 жылдары ақшаның сандық
теориясының тұрақсыздығы
Бірақ 1960-1980 жылдары ақшаның сандық теориясы саяси экономиядағы неоклассикалық ағымдардың бірі — монтеризм түрінде қайта туады.
Ақшаның мұндай теориясына сәйкес ақшаның саны шаруашылық конънктурадағы негізгі фактор болып табылады, себебі айналыстағы ақша массасы мен жалпы ұлттық өнім шамасы арасында тікелей байланыс болады.
2.4. Ақшаның монетаристік теориясы
Монетаристік теория 50 жылдардың
ортасында АҚШ-та «чикаго мектебі»
ретінде қалыптасып, оның негізін
қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша
кездейсоқ тауарлы шарушылық
нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері)
мен баға белгілеудің іс-әрекетіне
негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа
байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары
шаруашылық «үдерістерге мемелекеттің
араласуының қажеттігі туралы»
кейнстік тұжырымдардың қарсыластары
болып табылады. Олар кейнсшілердің
ұсынған сұранысты
Монетаризм 70 жылдары үкіметтік
ұйымдардың оны стагфляциямен күресте
пайдаланғандықтан кеңінен
Монтеризмнің бірнеше бағыттары мен өкілдері (К. Бруннер, А. Мельцер, Д. Лейдлер және т.б.) болғанымен де М. Фридменнің мынадай тұжырымдары кеңінен тарайды:
Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік идеяларды тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті.
Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр.
Монетаризм, ақша сұранысы қызметін экономиканы сараптау барысында ақша табысы мен баға деңгейі сияқты шамаларды анықтау үшін маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қарастырады. Аталған жағдай тауарлар мен қызметтердің сұранысына назар аударуға мәжбүр етеді.
Монетаристердің пікірінше, өсімін бақылауда ұстауды қажет ететін ақшаның массасына банктен тыс ақша, мерзімді және таоап етілмелі депозиттер кіреді.
Монетарлық саясатты ұстанған кезде – М.Фридменше – қаржы органдары бақылау мүмкіншілігі бар параметрлерді қарау қажет. Бақылау мүмкіншілігі бар әр түрлі параметрлер ішінде ақша ауыстыру курсы, әр түрлі көрсеткіштермен тапсырылатын баға деңгейі мен айналымдаға жалпы ақша көлемі ең тартымды болып табылады.