Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:09, реферат
Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкiм ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешiрiп, осы күнге ақша болып жеттi. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды.
Кiрiспе .......................................................................……………........3
1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
1. Ақшаның эволюциясы...............………...........................................2-6
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.................7-11
3. Ақшаның қажеттілігі және мәні......................................……….....12-17
2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
2.1 Ақшаның металдық теориясы..........................................................18-19
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...................................................20-21
2.3 Ақшаның сандық теориясы........................................................22-23
2.4 Ақшаның монетаристік теориясы..............................................24-25
2.5 Ақшаның кейнсиандық теориясы .................................................26
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.....................27-31
Қорытынды ....................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер .................................................…………….33
Осыған байланысты К . Маркс былай дейдi : ақшаларды жоя отырып , бiз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкiн немесе ең төменгі сатыға оралар едiк. Қанша дегенмен коммунизм - ол , қиял сондықтан да ақша болған, олар бар және бола бередi.
Ақша тауардан дами отыры , тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бiрдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .
Жалпыға бiрдей эквивалент рөлi тарихи түрде алтынға бекiтiлген . Алтынның басқа таурлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды . Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген ” .
Алтын жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр . Бiрiншеден ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “ патша арағында” ( 2/3 тұзды және 1/3 азот ) қышқылында ерид. Екiншiден ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынға кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады . Алтынды тұтынуға жылдан жылға қүшейуде. Ол әр түрлi салаларда пайдалыналады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар күйiнде кездеседi.
Ресей XIX ғасырдың 20 – жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды . Өткен ғасырдың 40- жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсiндегi үлесi 40 % - құрады.
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi. Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның iшiнде 60 – сы жұмыс iстеп тұр және олардың жылдық өнiмi 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерiдi ғана құрамайды, сонымен бiрге электронды – есептеуiш және компьютерлiк техникалды, түнгi механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылыда.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым – қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады.
Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.
Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен, малдың бағасын астықпен, машинамен, шаймен немесе басқа заттармен өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.
Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер (жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар, айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік салымдар, яғни банктегі , түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен , жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі.
Ғалым – эканомистердiң алтынның ақшалай тауар ретiнде ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейiк. Құнның жалпы формасынан немесе ақшалай формасына қайтiп келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма – қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма – қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi
негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар
айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп
отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның
жаңа тауар сатып алу үшiн
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма – қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Банк жүйесiн реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi. Осыған байланысты 1992 – 1993 ж.ж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс алып жатыр. АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы : қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
1.3. Ақшаның қажеттілігі және мәні
Қазіргі кезде әлемдік экономикада ақшаның шығуының негізгі екі: рационалдық және эволюциялық теориясы бар.
Рационалдық теорияға сай ақша тауарларды айырбастау үшін пайдаланылатын арнайы құрал ретінде ойлап табылған, адамдар арасындағы уағдаластықтың нәтижесін білдіреді.
Бұл теорияны ұстанушылар
К.Гэлбрейт, К.Р.Макконнел, С.Л.Брю, П.Самуэльсон
және т.б. белгілі американдық
Ақшаның заманауи түрлері (қағаз, электронды) қолданылатын қазіргі бұл теория барынша нанымды және тартымды көрінеді. Алада ол ақшаның табиғатын түсінудегі біршама құрияларды ашпайды. Бірақ мұны рационалдық теорияны ұстанатындардың өзі де жоққа шығармайды.
Екінші теорияны К.Маркс ұсынған. Ол ақшаның «... ең қарабайыр, ең жай айырбастау нысанынан оның ғажайып – ақша нысанына дейінгі» шығуын қадағалай түссе оның құпиялылығыжойылатынын айтқан.
К.Маркс ақшаның пайда болуының эволюциялық теориясын құнның еңбек теориясымен өзара байланыстырған, бұдан шығатын қорытынды, тауар құн оны әзірлеуге жұмсалған абстрактілі еңбектің санымен өлшенетініне көз жеткізуге болады.
Бүгінгі күні басым отандық ғалымдар ақшаның шығуының дәл осы эволюциялық теориясына ден қойып отыр. Эволюциялық теорияға сай ақшаның даму тарихының негізгі кезеңдері қандай?
Бірінші кезең – құнның жай немесе кездейсоқ нысаны.
Ақшаның шығуы алғашқы тұрмыстық қауым адамдарының белгілі бір артық азық – түліктері пайда болғанда басқа қажетті азық – түліктерге айырбастауға болатын яғни, кездейсоқ сипатқа ие: бір тауар оған қарсы бір тауарға өзінің құнын білдірген б.з.д 7-8 мыңжылдықтарға жатады. Маркс бұл нысанның тауар құны көрінісінің екі полюсі бар екеніне негіздей отырып бастарқы көзқарас бойынша қарапайым еместігін жазды.
Бірінші полюсте – өз құнын білдіретін тауар, белсенді рөл атқаратын тауар; екінші полюсте – Бірінші тауардың құнын білдіруге арналған материалға қызмет ететін тауар, ол пассивті рөл атқарады және баламалы өнім нысанында болады. Осылайша, салыстырмалы және баламалы нысандар – тауар құнын білдіретін екі полюс.
Екінші кезең –құның толық немесе кең қамтылған нысаны.
Еңбек бөлінісі адам игіліктерін
өндірудегі түрлерін бірден кеңейткен
олардың өндірістік күшінің дамуымен
қатар еңбек өнімдерін
Мал шаруашылығы мен егіншілікпен
айналысатын тайпалардың
Үшінші кезең – құнның жалпыға бірдей нысаны.
Айырбастау операциялары көлемінің ұлғаюына және айырбасталатын тауарлардың әр алуандылығына орай «тауарға – тауар» деген қағида бойынша табиғи түрде айырбастау барынша қиындай түсті, серіктестерін іздеуге деген уақытты жоғалтуға немесе егер тез бұзылатын тауар жатып қалса тікелей залалға ұшыратты.
Кейбір сатушылар тауардың бүліну қаупінен сақтанып немесе оны қажетсіз болғанымен кейіннен қажеттісіне айырбастау үшін жанталаса өтімді тауарға айырбастаған деп топшылауға болады. Осылайша, алғашқы «тауар» ақшаның рөлін атқарған өтімдітауар делдалдар бөлінген. Өтімді тауарларды делдал ретінде көп мәрте қолдану оларды бұрынғыдан да өтімді ете түскен, сондықтан басқа тауарларға айырбасталған тауарлардың үйлесімі тұрақты сипатқа ие болған. Бұл « тауар баламалардың» дүниеге келуі туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді, олардың тауарлық ақша ретіндегі рөлі мен функциялары нығая түсті.