Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.

ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать)

   3.Алушының өз банкі арқыдлы  жасаған өкімі бойынша.

    Аккридитивпен есеп айырысудың  есебі активтік 1070-«Аккредитивдгі ақша» шотында жұргізіледі.

  1. Аккредитивке қаражат есептеу:

   А) меншікті қаражаттар есебінен  Д-т 1050 К-т 1040,1010

   Б) банк несиелері есебінен    Д-т 1070 К-т 3010

  2. Өнімдер мен қызметтер үшін жеткізушілердің, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу Д-т 4110 К-т 1070

  3. Ағымдағы жал бойынша берешекті аккредитивпен жабу Д-т 3397 К-т 1070

   4. Пайдаланылмаған аккредитив қаражаттары сол үшін аударым жасалған шотты қалпына келтіреді Д-т 1050, 1040, 3010 К-т 1070

    Акредитив келесі түрлері ашылады:

    Жабылатын (депонеттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

    Жабылатын (депонентелген аккредиттивтелген) аккредитивті ашқан кезде банк эмитент  орындаушы баннке акредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылытын) оның билігіне беріп, ал өзінің міндеттеесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келісіеді.

    Қайтарып  алынатын аккредитивті банк – эмитент  бенефициармен алдын – ала  келіспей-ақ (мысалға, келісім шартта қаралған жағдайды сақтамаған жайдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк – эмитентарқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгертумен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

    Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмтитентін барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң. түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

    Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

    Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

    Трансферабелъдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіңдігін қарастыратын аккредитив.

    Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу төртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасыңдағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және накты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетгі құжаттар мен шарттары болуы кажет.

    Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анықболуы  керек, яғни кайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану төсілі де анықболғаны жөн: үсынған заматта "өленетін немесе бөліп-бөліптөлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

    Аккредитив  бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы жөне аккредитивтің барлық шарттарының орыңдалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынща төлеу жүзеге асырылмайды.

    Бенефициар  банкісі аккредитив бойынша каржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдаддық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдык ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

    Бенефициар  банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шаттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделмегенін, ондағы бенефициардың қолы мен белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.

    Егер  аккредитивтің шарттарында уәкілтетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

    Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды  қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы көлік  құжаттарының нөмірі тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау - өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот – тізбесін төлеуге теруге болмайды.

    Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот – тізбесінің қабылданғанын білдіретін қол хат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасына және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін  банк эмитентке жіберіледі.

    Аккредитивті  қолма-қол ақша түрінде төлеуге  рұқсат етілмейді.

    Егер  аккредитивтің шоттарымен уәкілетті  сатып алушының акцепті көзделген  болса, онда аталған тұлғарлар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесеаккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

    Аккредитив  есебінен төлеу үшін, акцептелінген  шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауар-көлік құжаттарынада (накладнойында) өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

    Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөніндегі атқарушы банк банк эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктепайдалнылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк – эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кеметіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

    Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Банк несиелері» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1070 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 4030) кредиттеледі де, 1070 «Аккредитивтердегі ақша қаражаттары» шоты дебеттеледі

  Жабдықтаушылар  шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша және ол "Жабдықтаушылармен және мердігерлерменесеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040, 1050, 3010 шоттарының дебеттеріңде және 1070 шоттың кредитіңде көрсетіледі.

   Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7440 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.

   1070 "Чек кітапшаларындагы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

   Чек кітапшасы бойынша депоненттел  ген сомасы беріл ген кезде 1070 дебеттеліп; 1030, 1040,3010 шоттары кредиттеледі.

   Кітапшалардағы  чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа түлғаларға беру кезінде 1260 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін түлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 4160 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 4160 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі.

  1070 "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

  1/1060 "Басқа да банк шоттыңдағы ақша қаражаттары" шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қорытынды. 

      «Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу» тақырыбын қысқаша қорытындылап өтейін:     

       Сонымен, Ақша қаражатын сақтау  заңды және жеке тұлғалар арасында  есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері: теңгемен, шетелдік валюталармен жүргізілетін есеп айырысу шоттарын ағымдық және корреспонденциялық шоттарын ашатынын білдік.Ал, корреспонденциялық шоттар – банктің және банктік емес қаржылық мекемелердің қаржылық шоттары. Олардың ашылуы мен жүргізілуі ұлттық банктің  нормативтік актілерімен белгіленеді.Ағымдағы есеп айырысу шоттары – заңды тұлғалардың банктік шоттары.

        Ақша қаражатын есепке алу  міндеттері ақша қаражаттарының  сақталуын және олардың  мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуын бақылауды қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақытымен құжаттау, есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау, талдамалық есепке алуды толық және дұрыс жүргізу,ақша қаражатын толық және нақты түгендеу шараларын жүргізу, төлем оперрацияларын банк арқылы  ақша қаржысын аудару болып табылады.

          Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

          Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

          Қазакстан Республикасының аймағында  ақшаны (төлеу мен аударуды жүзеге  асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерән пайдаланады.

          Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.Сонымен бірге, жалпы есеп айырысу қолма-қол ақшамен және нақты ақшамен,аударылып отыратын ақшамен жүргізілуі мүмкін. Егер есеп айырысу нысандарына жеке-жеке тоқталып кететін болсақ олар:

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу