Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.

ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать)

   Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталықжәне  арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

   Ақша  қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

   Ақша  қаражаттарының және құнды қағаздардың  артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030,1070, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.

   Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды  қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

    1260 шоты дебеттеліп, 1030,1070,1010,1020 шоттары кредиттеледі.

   Егер  де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп,1251 шоты дебеттеледі, яғни 2940 шоты жабылады.

   Егер  де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 2940 кредитінен 7440 шоттың дебетіне есептен шығарылады. 
 

 

                       3.1  Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау,

                                   ақшалай қаражатты түгендеу. 

           Ақшалай қаражат козғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына болуын қамтамасыз ету; бухгпалтерлік шоттарда көрсетілген мәлеметтердің шүбасыз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

         Ақшалай қаражатты онай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік  белгілері жоқ және олар айырбасталады.  Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың  есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай  қаражатты күзетуге рұксат алу  мүмкіндігіне тікелей байланысты. Акшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындау тиіс:

  • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
  • қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығың есептеу;
  • касса тек қажетті қалдықты сақтау;
  • кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
  • ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
  • түсімді бақылау.
  • ақшалай шығындардарды бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есеп шоттардығы ақшалай қаражатты бақылау.
  • кассалық қалдықты салыстыру.
  • есептіқ (валюталық) шоттарды салыстыру.

          Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

         Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін ( бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытыңдысы бухгалтерлік есептің мәлеметтермен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытыңдысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

         Акт ұйым кассасында тұрған  ақшалай құжаттардың, ақшаның  бар-жоғын түгендеу нәтижелерін  көрсету үшін колданылады. Комиссия  ұйым кассасындағы тұрған ақшалай  құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамға қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттарының сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады.Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсыған материалдарға жауапты ( қолма-қол ақшаны, ақшалай құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

          Түгендеуді өткізгенде мыналарды  тексеру қажет: кассирмен толық  материалдық жауапкершіліқ туралы  шарт жасалды ма немесе «  Кассирдің міндетемесі» алынды  ма, кассаның жарақтаңдырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма»?

          Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге  мөлшерінде артық шығу табылды,  бұл жағдайда кірістік кассалық  ордер жазылады және олар мынандай  жазбалармен рәсімделеді.

         1020 «Кассадағы ұлттық валютағы қолма-қол ақша» шот дебеті

    6280«Негізгі  емес қызметтен түскен басқа  да табыс»  150  теңге 

    Егер  кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге  кем шығу табылса, мұндай жағдайда:

    -анықталған  кем шығу сомасына шығындық  кассалық ордер жазылады

    1430 «Кем  шығу, құндылықты бүлдіру» шот  дебеті

    1020 «Кассадағы  ұлттық валютадағы қолма-қол ақша»  шот кредиті  5000 тенге - кем шығу кассир есебіне қойылды

    1251 «Материалдық  зиянның орнын толтыру бойынша  есеп айырысулар» шот дебеті

    1430 «Кем  шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті   5000 теңге - кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)

    1020 «Кассадағы  ұлттық қолма-қол ақша» шот  дебеті

    1251 «Материалдық  зиянның орнын толтыру бойынша  есеп айырысулар» шот кредиті.        

               

         

        1.   Құнды қағаздар
 

    Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпорация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазға ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болашақ өтілуіне байланысты. Құнды қағаздың бағасының қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғүрлым көп түсірсе, инвестордың алтын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығарған отырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Соңдықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып отыру акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.

      Түптеп келгенде, құнды қағаз саудасынан эмитентке де, сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы, өйткені, құнды қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек.

    Құнды қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі жоне оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ.

    Құнды қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, оған түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады. Сол сияқты бұл іске дилердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдан айырмасы дилер жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер.

    Үкімет  облигацияларын шығаратын Қаржы  министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.

    Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары  акционерлік қоғамға айналып  жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелеңдіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорыңдарынатікелей өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) одан гөрі тиімдірек, оның қызметкерлері коньюнктураның қүйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағүрлым арзанға сатып алуы мүмкін.

    Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие берумен ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасьш көтеруде құнды қағаздың маңызы зор.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша құнды қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.

    Құнды қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы кұнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.

    Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізеді. Өйткені құнды қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол фактордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

    Құнды қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық құрал -акциялар мен мемлекеттік  құнды қағаздар.

    Құнды қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

    Біріншіден, құнды қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.

    Екіншіден, құнды қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын кұжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.

    Үшіншіден, құнды қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар.

    Төртіншіден, құнды қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

    Сонымен қатар құнды қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

       Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы кағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

    Атаулы  баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу